Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).

1227 жылы Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылдандвы. Монғол әскерін Шыңғысханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Еуропаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілігін қыпшақтар құрайды. Сондықтан деректерде оның әскер қыпшақтық деп атады. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, Орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый елдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда (1236 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай Беркеге көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте бірте ыдырап, ақырында құлады. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әр алуанхалықтар мен тайпалардан құралды. 14 ғасырда моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кетті, ал Алтын Орданың ханы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен, белгілі шығыстанушы Л.Н.Гумилев атап көрсеткендей «Жеңген моңғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бұл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».

22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз. 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді. Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді. Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Осы кезде Асан Қайғы сияқты ойшыл, философ, ақындар мемлекет қайраткерлері болып ханның ақылшысы болған. Өзбек пен Жәнібек тұсында сауда мен қала салу істері жақсы дамыған. Орда бір шетінен Мысыр, Үндістан, Қытай,, бір шеті Батыс Еуропа елдерімен сауда қарым-қатынасын жасаған болатын. Оқу,білім өнер қатты дамыды. Жәнібек ханды орыс жылнамаларында «мейірімді»деп атаған. Жәнібектен кейін Алтын Ордадан бақ тайды деуге болады. Алдымен оның орнына туруға тиісті баласы Бердібек қастандықпен өлтіріліп,Бату династиясы аяқталды. Осы Жәнібек өлгеннен соң 1359жылдан 1380жылға дейін 21жылда Алтын Ордада 25хан ауысқан... Хан атануға құқығы болмаса да Мамай билікке таласып, хандықтың көп бөлігін өз ұлысына қаратып алады. Осының кезінде 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.

23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. Ақ Орда- монголдан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған алғашқы мемлекет. Бқл жерде монголдар жаулап алғанға дейінгі қыпшақтар одағының құрамына кіретін ежелден мекендеген түркі тілдес тайпалар сондай-ақ Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Қазақстан мен Алтайдың шығысы ж\е оңс-шығысынан көшіп келгендер қоныстанған.

Ақ Орда14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады.. 1227 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өлген соң, Ертіс өзенінің Дунай дариясына дейін созылған Жошы ұлысы (Қыпшақ ұлысы) оның ұлдарына енші ретінде бөлініп, батыс және шығыс бөлікке айырылды. Жошының Алтын Орда хандығы әскери негіздегі мемлекет еді. Сондықтан аумақтық қарулы күштердің бөлігіне бағынышты болды: Алтын Орданың барлық қарулы күштері "оң қол" және "сол қол" деп екі қанатқа бөлінді. Жошының орнын басқан мұрагері - Алтын Орданың ұлы ханы Батый қарулы күштердің оң қанатын тікелей өз қарамағына қалдырды, сол қанатын ағасы Орда-Ежен билігіне берді. Мемлекеттің батыс бөлігі - Еділ алқабымен және оның батысындағы жерлер, Қырым, Солтүстік Кавказ, Солтүстік Хорезм және осы өңірлерде мекендеген халықтар Батый ханмен Тоқай-Темірдің үлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Мемлекеттің шығыс бөлігі Алтай таулары мен Ертіс өзені мен Жайық (Орал) өзеніне дейін, Балқаш көлінен Сырдария алабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңір және оған іргелес жерлерді мекендеген халықтар Орда-Ежен мен оның төрт інісінің (Удор, Торқа-Темір, Шинкум, Синкум) үлесіне тиді де, бұл өңірде Ақ Орда хандығы кұрылды.ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағында өмір сүрген Ақ Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған "өз ұлысының тәуелсіз патшалары" болды. Осы Ақ Орда құрамына қосылған үйсін, қаңлы, қарлұқ, қыпшақ, т.б. тайпалар Батыс түрік (VІ-VІІІ ғ.ғ.) дәуірі мен түркеш, қарлұқ (VІІІ-Х) дәуірінде өз алдына халық болып қалыптаса бастаған қазақ халқының негізгі тұлғасы еді. Ол XI ғасырдан бастап XIII ғасырдың басына дейін кең байтақ қазақ даласына үстемдік еткен қыпшақ бірлестігіне еніп, қыпшақ елі атанған. ХШ ғ. басындағы Шыңғыс ханның жорығынан соң Жошы ұлысына еніп, ХІІІ ғ. екінші жартысында Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың негізгі халқы болды. Ақ Ордаға үстемдік еткен моңғол хандары мен билік басындағы шонжарлар аз санды адамдар еді. Олар жергілікті халықтың шаруашылық тұрмысы мен мәдениетіне ықпал жасай алған жоқ, қайта өздері ұзаққа бармай-ақ жергілікті халыққа сіңіп кетті. Сол заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, моңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари бұл жөнінде былай дейді: "Ертеде бұл мемлекет - қыпшақтар елі болған еді, ал оларды татарлар (моңғолдар) билеп алғаннан кейін қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (моңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып туыс болып кетті, жер олардың (моңғолдардың) табиғи және нәсілдік сипатып өзгертіп жіберді, олардың бәрі (бұлармен) бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті. Осыдан келіп моңғолдар қыпшақ жеріне мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде тұрып қалды".Ақ Орда хандығының аумағы - қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Оның халқы этникалық жағынан біріңғай түрік тілдес тайпалар мен халықтар қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшы, қарлұқ, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, маңғыт т.б. еді. Бұлардың әлеуметтік даму деңгейі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді және жратылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Мәдениеттік даму дәрежесі қарайлас, тілі түрік тілдердің бір тармағы қыпшақ тілі болған. Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіндегі алты арыс ел қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек (арғын), алшындар - Шыңғыс ханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ "алты сан алаш" деген атпен Жошы ұлысына енген. Жошы хан оларды үйсін Майқы би арқылы басқарған. Алты сан алаштың ол кездегі қоныстанған жері - Алтай мен Каспий теңізінің аралығы бір шеті Тобыл мен Сыр бойы, Жетісу өлкесі.

Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, БарақКүшейген кезі.Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.Жаңа дәуір.1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзінің бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар. Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі 14-15 ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарады. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]