Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни ,м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Немістің шығыстанушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонга дейінгі мәдениетпен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фарабиді кереметтеп, ұлы тұлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы,социология мен этиканы, медецина мен психиологияны, философиямен құқықты зерттеді. Оған «Муаллим ассана»- «екінші ұстаз» деген атақ берілген. Әл-Фараби шың мәнінде әлмдік дәрежедегі ғалым болды, ол өзінің шығармаларында араб,парсы, грек, үнді мәдениетімен түрік мәдениетінің жетістіктері бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты «Китаб аль-музык аль-кабир» атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше назар аударады. Ол ғылымды, білімді жаңғыртушы болды, бұл оның «Ғылымды топтау туралы сөз» деген еңбегінде қамтылды. Әл-фараби саяси философиямен этикаға ерекше мән берді, өйткені солардың арқасында шын мәніндегі батыққа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы, надан адасқан қалаға қарсы қояды, ақниетті адамдар өтірік айту, алдап арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында анық көрініс тапқан. Фарабидің қолжазблары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидің осы еңбектрі арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Сина, Омар Хайям, Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи және өзге ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты.

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Испиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Оның өмірі мен қызметі Яссы немесе Түркістан қаласымен тығыз байланыста болды. Оның «Диуани хикмет» атты кітабы сақталған. Яссауи түркі суфизмнің көшбасшысы. «Диуан-и хикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шариатты, тариатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән бреді. «Шариат»- ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі. «Тарихат»- суфизм идеясы, «Хакихат»-құдайға құлшылық ету, бірігу. «Мағрифат»-дінді танып білу. Ол «хикметте» Алланың атын түрітер бұрын өзінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктғердің жаңа ислам дық өркениетке көшкен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұмсады.Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика,медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол ОртаАзия мен Иран қалаларындаболып, атақты астроном, математик ӘбуНасрМансурибнИрактан дәрісалды. ӘбуРайханәл-Бируни парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерінмеңгергеноқымысты. 995 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырғанҮргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақОрта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»(1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 104850 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.Қазақ даласы-Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы, Түркілердің рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз-Сыр бойында Әл Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмуд Қашқари Әл Фараби Орталық Азияда түркінің Плотонындай рөл атқарды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі»-Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың бізге жеткен ең тұңғыш забырлық шығармасы. М.Қашқаридің қалған түркі тілдерінің «Диуани лұғат ат түрк» сөздігі-11ғ түркінің ең алғаш энцеклопедиясы (Н.Ә.Назарбаев)Ол түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы , энциклопидист-ғалым, атақты, «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы. Қарахандар ақсүйегінің ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауеренахрды жаулаушы Боғыр ханның немересі, белгілі қолбасшы Барсханның әмірі болған.Оның туған, өлген жылдары туралы нақты мәлімет жоқ. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол пунктағы жазбаларда ештеңе айтылмайды. Бірақ Махмудтың туған жылы 11ғасырдың басы болса керек, өйткені «Диуана лұғат ат-түрік хижра есебімен 464 жылдың бесінші айының алғашқы күнінде жазыла бастаған, 466жылдың алтыншы айының 10 да аяқтаған.Ол 11 ғасырда өзінің ұлы мұрасы «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Осыдан екі ғасыр өткен соң, 1266 жылдың тамыз айында «Диуани лұғат ат-түрік еңбегінің түпнұсқасынан бір сериялық кісі көшіріп алды.

Көшіруші былай деп жазады:

«Әуелі Сава, кейін Шаш қаласының тұрғыны Мұхаммед бин Әубәкір ибн Әбілфатих осы кітапты түп нұсқасынан көшіріп, 664жылы 27-қазанда бітіреді. «Диуани лұғат ат-түрік» автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің айтуы бойынша ол, бұл кітаптан бұрын да түрік тілдерінің синтаксистік жүйесі жайында «Джавахир аннахви фи лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің синтаксистік жүйесінің негіздері) деген ғылыми трактат жазған» алайда бұл еңбегі сақталған.

Бұл кітаптың түп нұсқасы сақталмаған. Тек А.Әбілфатихтің 1266жылы жасаған көшірмесі 1914 жылы Стамбул базарындағы ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Стамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. 3томнан, 8кітаптан тұратын еңбекте 6800түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Мұнда түркі тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығының зерделеу, айтылу, жазылу заңдылықтарын қолдану аясында қатысты айрықша белгілерін зерттеу ғылымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйт пен 262 мақал-мәтелдегі пайдаланды.

Неміс оқымыстысы М.Хартман: «Диуани лұғат ат-түрік» халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған»,- дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған Ж.Баласағұнның «Құдатғу білік» сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген сопылық поэзия үлгілерін М.Қашқаридің еңбегін табуға болады.

Қашқари өз сөздігінде 29тайпаның этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, суреттеген. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында мәселен Ескендір Зұлқайнар жорығы туралы құнды мәліметтер келтіреді. Кітапты түзеуде Бағдат қаласында бірнеше жылын сарп еткен 1072-1078 жылдары жазып бітеді.

Бұл кітап 1997-1998 ж қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген-А.Қ.Егеубаев.

Ал ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Онда Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Барсхан, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шараларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. ЮНЕСКО 2008жылы ғұлама ғалымның туғанына 1000жыл толуына орай «Махмут Қашқари жылы деп жарияланды.

«Қазақ халқының тарихи тұлғалар» (1-кітап) бұл кітабын М.Қашқари 8 кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен Әліптен бастадым,-дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза кітабы» деп атаған. Екінші кітабы-«Сәлім кітабы», яғни құрамында «Харфи шит» деп аталатын «әліп (а), уау (у), шай(й)» әріптері болмаған сөздер. Осылай бөліп сегіз кітап қылып терген бұл еңбекте үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық көрсету, адами қарым-қатынастар, жалпы тәрбие мен әдепке байланысты көп айтылған. Мәселен, «Үлкенді сыйласа, құт болар», «Беттің көркі мен көріксіздігіне қарама, адамның біліміне, имандылығына мән бер», деген өсиеттер келтірілген.

Бұл еңбекте төрт түлікке байланысты атаулар ішіндегі ең көп кездесетін сөздер-жылқыға, оның жасына, түріне, түсіне байланысты. Мысалы жылқыға қатысты Қашқари сөздігіндегі 266 сөздің 99 қазіргі қазақ тілінде қолдануда екен.

Мәнет Бейсенова филология ғылымдарының кандидаты, түріктанушы.

М.Қашқаридің еңбегінде географиялық нысандарға байланысты-110, 40түрлі халық пен тайпалар туралы мағлұматтар бар. Мысалы Сырдария өзені, Сайрам, Сығанақ Карнан, Ситкун, Фараб, Карачун т.б. қалалар болды,

М.Қашқаридің алғаш рет «қырық» сөзінің этимологиясын анықтап берді. Оның піікрінше қырық сөздің мағынасы кез келген қоршаған аумақ және пайдаланушы адамның «» салынған жайылымы ретінде қарастырылады. Тағыда бұл еңбекте мақал мәтелдер көптеп кездеседі. Мысалы адамның ақылды болуына байланысты: «Айламен арыстанды ұстауға болады, күшпен тышқанды ұстай алмайсың». Отан, ел, туған жерге байланысты: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол».Еуропада М.Қашқаридің еңбегі туралы алғашқы хабарлардың бірі 1904 жылы Венгр академиясының лингвистикалық жинағын да жарияланды. М.Қашқари еңбегі шын мәнінде зерттеу нысанына айналған уақыт-оның үш томдық түп нұсқасының 1915-1917 ж Стамбұлдағы Ахмет Ридгат баспасынан шыққан кез. «Диуани лұғат ат-түрік» түрік тіліне 1939-1941 жылдары аударылды. Ал 1960 жылдары өзбек тілінде бірінші том, 1963 жылы екінші том жарық көрді.

Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн 11 ғасыр. Ойшыл ақын, мемлекет қайраткері, «Құтты білік» дастанының авторы. Бүкіл түркі халқына ортақ ұлы тұлға, ойшыл ақын, Жүсіп Хас Қажып «Құтты білік» атты өлмес еңбегінің атауына енген «құт» сөзі ерекше рөлге ие Ежелгі түркілердің пайымы бойынша құт дегеніміз-қандай да бір билік күші емес, ол киелі сипатқа ие «рухани» күш.

«Құтты білік» мемлекетті бақару ғылымы. Ол түркі тілінде жазылған тұңғыш саяси еңбек Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлеміне «Құтадғу білік дастанының Орхон-Енесей» жазбаларымен тамырластығы және 14-15ғасырлардағы Қазақ жырауларының үрдісімен классикалық қазақ әдебиетіне өз үлесін қосты. «Құтты біліктің» 3-нұсқасы бар: Веналық нұсқа (1439ж), Каирлық нұсқа (1895ж), және Наманган нұсқасы (1913ж). Ежелгі жазба ескерткішін зерттеген Н.Сауранбаев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, І.Жанпейісов, Ә.Құрымжанов, Ә.Ибатов, М.Таманов, Ж. Бектұров, М.Қалақаев, С.Аманжолов, Б.Әбілқасымов, М.Исаев, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдар үлес қосты. «Құтты білікте» ерекше мән беріп, жазылған аса маңызды мәселелердің бірі,адамдардың бір-бірін құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы, сөз етілді. «Құтты білік» түрік тілінің өте бай тіл екендігін дәлелдеуге тырысқан, тұңғыш шығарма. Садри Махсуди Ырсал 1878-1970-57 айтуы бойынша «Құтты білік» ежелгі ұйғырлардан қалған құнды еңбек. «Құтадуғу білік» 1069-1070 жылдары хижра бойынша 462 жылы Жүсіп Баласағұн аттты түркі Қашқар қаласында жазған. Азиз Нарынбаевтын айтуы бойынша атақты ұйғыр ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұн шамамен 1018-1086 жылы Қырғызтан Республикасының Баласағұн қаласында туған. Ол Қашқарда туған өзінің «Құтадғу білік» поэмасын 50жас шамасында жазған. Кейбір ғалымдар Жүсіп сондай-ақ саясат туралы кітап, энцеклопедиялық кітап деген шығармалар жазған дейді. Құтты біліктің ономастикалық кеңістігін ғалым С.Иманбердиева зерттеді. А.Балитова, «Құтты біілктегі» этностық атаулардың екі түрін берген: 1этноним мағынасын айқын беретін термин-орта Азия халықтары, тайпалардың атауы және Орта Азиядан тыс мекендеген халықтар. 2 поэмада әлі этноним болмаған кейін терминдік қасиетке ие болған атау. «Құтты білікті» зерттеген Б.Б. Радлов болған.

Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институттының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1932 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук Каласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.

Ибн Сина.Иранның белгілі ғалымы философ, дәрігер, математик Абуали Хусейн ибн Абдолла Ибн Сина (Авицена), қамари жыл санағы бойынша 370 - 428 жылдары өмір сүрген. Ол шейх әл-Раис деген лақаппен танымал Авицена Бухарада дүниеге келген, әкесі Абдолла Балхта туып-өскен. Авицена бала кезінде Құран, әдебиет, фикх және үнді арифметикасын үйренген, 10 жасында Құранды толық жатқа білді. Ибн Сина Ислам өркениеті гүлденген кезіндегі медицина саласындағы ең әйгілі ғалымдарың бірі. Медицина саласындағы оның "Заң" кітабы ең манызды мұраларға жатады. Өткен кезеңдегі медициналық кітабтардың ешбіреуінде мәселе осынша толық баяндалмаған. Сол себепті аталмыш кітап аударылған соң Батыс ғалымдарының назарын аударып, медициналық университеттерінде оқулық ретінде қолданылады. Еуропалық дәрігерлердің көбісі үшін Галеннің жазбаларын түсіну оңай болмады. Сондықтан латын тілдес дәрігерлер Галеннің жазбаларын түсіну үшін Ибн Синаның "Заң" еңбегінен көмек алатын болды. Өйткені Ибн Сина "Заң" кітабында Галеннің пікірлерін жақсы көрсеткен. Осы себептен "Заң" еңбегінің аударламаларының көбісі 16-шы ғасырда жасалды.

Ұзақ уақыт бойы Ибн Синаның Горган, Рей және Хамедан қалаларына сапар жасаған кезінде жазылған еңбегі медициналық жүйені бір тәртіпке келтіріп, реттеген. Ибн Синаның аталмыш еңбегі 5 кітаптан тұрады. Бірінші кітапта Ибн Сина адамның дене құрылысы, аурулардың түрі, денсаулық және дәрі-дәрмектерді сипаттайды. Бұл кітап 1905 жылы француз және 1930 жылы ағылшын тілдеріне аударылды."Заңның" екінші кітабында дәрілік өсімдіктер сипатталған. Кітаптің италия тіліне жасалған аудармасы 1593 жылы жарық көрді.Үшінші кітап адамның әр мүшесінің ауруларына арналған.Төртінші кітап дене қызуы, аурулардың алғашқы белгілері, хирургия және сынық туралы мәтінді ұсынды.Бесінші кітапта Абу Али Сина дәрілер мен оларды дайындау туралы айтады.

Сонымен қатар Ибн Синанын "Заң" еңбегінде оның тәжірибелері туралы да жазылған.

Жалпы айтқанда Ибн Синаның "Заң" еңбегінде медицина ғылымының негіздері, әртүрлі ауру мен оларды емдеу жолдарымен қатар гректер мен арабтар медицинасынан өз кезіне дейінгі барлық мәліметтерді бір жерде жинаған. Ол физиология туралы мәліметтерін Галеннің теориясына сүйеніп баяндаған. Сонымен қатар дәрі-дәрмек және дәрілік өсімдіктер туралы бөлімін Грекияның белгілі фармацевті негіздерінше жазған. Ибн Сина дәрігер әртүрлі аурулар, атап айтқанда тері, кеуде және жүйке аурулары туралы жазды. "Заң" еңбегіндегі Ибн Сина әдістерінің басқалардан ерекшеліктерінің бірі оның дәрі дайындау тәжірибесіне сүйенуі болды. Ол дәрілерге байланысты маңызды бөлімінде бірнеше ереже баяндайды. Соларға сәйкес, дәрілерді дайындап, оларды пайдалану үшін тәжірибе әдісін пайдалану қажет. Ибн Сина медицина саласында "Заң" еңбегінен басқа бірнеше кітап жазды. Ол медицина негіздерін (теориясы мен практикасы) біртұтас көрсету үшін "Ибн Сина тәртібі" деп аталған кесте ойлап тапты. "Ибн Сина тәртібі" 13 17 ғасырлар арасында бірнеше рет латын тіліне аударылды.

Ирандық дәрігер әрі зерттеуші Велаяти "Заң" еңбегіндегі "Ибн Сина кестесін" өлең түрінде шығарды. Ибн Сина жүрек ауруларына қолданатын дәрілерді де сипаттайды. Ибн Синаның еңбектері көзі тірісінде де және қайтыс болған соң да халық арасында қолдауға ие болып, таралуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]