Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті VI-XII ғғ.

Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүнімен киіз жасап. Өз салты бойынша киізді жасап киіз үй жасаған. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Ұсталар металлдардан бұйым жасай білген. Айта кететін болсақ бағалы металлдан және жүн мен былғарыдан жасаған. Сонымен шебер қарзінке тоқыған. Түріктер бейбіт кездерде саудамен айналысқан. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын (жүннен жасалған бұйым, киіз, кілем, былғары, тондарын) басқа заттарға айырбастаған. Келісімнің өзіндік түрлері қарапайым айырбас немесе қытайдың жібегімен бағаланды, болмаса жүннен жасалған мата мен белгіленіп мөшерленген. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен.

Жазба деректер бойынша ерте орта ғасыр қалалары Оңтүстік Қазақстанда немесе Жетісуда көп болмаса да жеткілікті көрсетілген.Ең үлкен қалалар Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол өнер орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қол өнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды.

Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.

Түрік жазбаларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік мифологиясында Умай құдай анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас сәбилердің анасы болған.

Соған байланысты қасиетті жер мен сауда айтылады, бірақ аспан мен жердегі барлығы Тәңір еркімен орындалады.

Осы жоғарғы әлемдік құдай түріктердің хрис. Не исламды қабылдау кезінде сақталады.

Түрік көшпелілері ұстанған дін, шаманизмнің әлдебір формасында болды. Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз. Ол тәуірі культімен қатар жүріп отырды, бірақ онымен ешқашанда бірікпеген. Шаманизм негізінде, өсімдіктер мен жануарларға, сонымен қатар тау, өзен және көлдерге күш берген анимизм жатты.

Бұл наным-сенімдер, алғашқы түрі деректік көздердің жетіспеуінен белгісіз, біртіндеп басқа діндердің, әсіресе буддизмнің элементтерін қоса алады. Шаман бір мезетте екі рольді атқарады балгер немесе емші. Ол құдіретті сиқыршы бола алатын. Кей шамалар ауа-райын өзгертіп, жауын жаудырған.

Түрік хандары және олардың билеушілері әр-түрлі діндерге қатты назар аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған немесе әр-түрлі сенімдерді араластырған. Мысалы, Жібек жолы бойынша тағы бір дін манихейлік тараған. Ол ІІІ ғ. Иранда шығып, тез арада Италия мен Қытай аралығында тарады. Ол зорастризм мен христиандықтың синтезінен тұрды. Манихейлік, ең алдымен, отырықшы елдер арасына тарады.ҮІІ ғ. аяғында жаңа дін ислам пайда болды. Қазақстанның өңірінде көптеген христиан шіркеулері мешіттерге айналады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларына орнықты. Ұлы Жібек жолы сауда мен континенттерді жалғастырды. Бұл түрік халықтардың өміріне игі әсерін тигізуі, өйткені олар сол арқылы Евразияның ұлы отырықшы өркениеттерімен байланысты. Олар бақылап отырған және өздері белсене араласқан құрлық саудасы, теңіз саудасына маңызды толықтыру болды.

17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті. VІ-ХІІғғ оңтүстік же оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Отырар аты (Отырарбенд) 8 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.Біріншісіне:•Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне:•Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне:•Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка Қаялыққа, Дүнгене Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Қазақстанда, оның ішінде Торғай,Жыланшақ,кеңгір,Нұра,Жезді, Саруысу өзендірінің бойынан78қаланың орны табылған. Қазақстан қалаларының сәулті бұрынғы өткен заманның сәулет өнеірімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш құм, ағаш қолданылған. Сөйтіп орта ғаысда Қазақстан аумағында тек көшплі өркениет қана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдеиетте дамыды.Олар бір-бірін толықтырып отырды.Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Қалалар мен елді мекендердің қалыптасуы ҮІ-ҮІІ ғасырлардың өзінде Жетісу өлкесінде жоғары қарқынмен өсті. Оған біріншіден, қолайлы табиғи жағдайлар, өзен-көл молшылығы, сондай-ақ, Жетісудың Қытай, Иран және басқа да араб елдерін Соғдианамен, сондай-ақ, Үндістанмен, Византиямен өзара байланыстарын алтын көпір ретінде болуы ..... көп керуен жолдары дәлелдейді, үлкен мүмкіндіктер туады. ІХ ғасырдан бастап бұрыңғы кішігірім Баласағұн елді мекені өркендеп, уақыт өте келе астаналық қала мәртебесіне көтеріледі. Жетісудың аса ірі қаласы – саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталығы, Қазақстанның өте ежелгі қалаларының бірі – Тараз еді. Қала қарлұқтар мен қараханидтер тұсында (ІХ-ХІІ ғғ.) өркендеген. Таразды біраз шағын қалалар мен елді мекендер – Құлан, Мерке, Аспара, Хамкент, Жікіл және тағы басқалары қоршап жатқан. Ежелгі отырықшылық мәдениетінің аса маңызды аймақтарының бірі Оңтүстік Қазақстан болды, мұнда сол уақыттағы сауда және қолөнері дамыған Отырар (Фараб), Исфиджаб, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Жаркент сияқты ірі қалалар болған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда салынған барлық қалалардың феодалдық дәуірдегі қалаларға тән сипаттары болған. Бұл қалалардың сыртқы көрінісі феодалдық қоғамның құрылымын бейнелеген. Қалалар негізгі үш құрамдас бөліктерден тұрған: қамал, шахрстан және рабад. Қаланың орталығы қамал-қала мен аймақ қожасының мекені болған. Онда әміршінің сарайы, қамба-қоймалар мен ат қоралары орналасқан. Әміршіден басқа қамалда оның жақын туыстары мен қарауыл әскери қызметшілер тұрған. Шахрстанда немесе ішкі қалада шонжарлар мен көпестер, сондай-ақ, жоғары дін басшылары тұрақтанған. Мұнда сауда ғимараттары, қоймалар, мешіттер, моншалар мен басқа да құрылыстар болған. Қала экономикасының өсуіне және оның халқының артуына қарай қала тіршілігінің орталығы рабадқа (сыртқы қала) ауысқан. Үлкен қалаларда рабад шахрстанды барлық жағынан қоршап тұрған, кейде оның мұнаралары дуалдары болған. Онда тұратын халықтар әр түрлі болып келген. Бұлардың басым көпшілігі қолөнершілер, ұсақ нарық саудагерлері, егіншілер еді. Рабадта ғимараттар, сауда орталықтары (базарлар), керуен-сарайлар мен тұрғын үйлер орналасқан. Қазақстан аумағындағы қалалар үшін, әсіресе көшпенділермен байланыстың үлкен маңызы болды. Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж болса, ал егін шаруашылығының ауқымы көбінесе көшпенділер сұранысымен анықталды. Аймақтың өзгешілігі көшпенділердің егіншілік пен қолөнер кәсібіне ауысып, отырықшы халықтың қатарын үнемі толықтырып отырумен де ерекшеленеді. Феодализм жағдайында, қала өмірі шапшаң дамып, қала мен дала арасындағы сауданың ролі артқан тұста қала малшылар мен егіншілер арасында заттай (натуралды) айырбастың орталығы ретінде қоғамның ішкі байланысын қамтамасыз етті. Ежелгі ортағасырлық қалалар экономикасында қолөнер мен сауда ерекше рөл атқарды. Қаладағы қолөнердің жетекші салалары ретінде қыштан бұйым жасайтын өндірісті, шыны өнеркәсібін, металды өңдеу және балқытумен байланысты, мысалға, ұсталық, зергерлік кәсібін атауға болады. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды. Қазақстанның ежелгі орта ғасырдағы қалалар сипатын сауда анықтаған. Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары жөнінде дәлелдейді. Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер бұйымдары, ал Қытайдан – жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ, маталар, темір мен семсер шығарды. Аса маңызды керуен-сауда жолдарында керуен сарайлар орналасты, құдықтар болды. Өзендер арқылы көпірлер салынды. Қала мен дала арасындағы сауда барынша қыза түседі. Қала халқы жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар алды. ХІ-ХІІ ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай (натуралды) айырбасты ығыстырды. Исфиджабта, Отырар, Тараз бен Яссыда теңге сарайы жұмыс істей бастады. Айналымда өте әрқилы теңгелер болды, бірақ кең таралғаны дирхема еді. Қала халқының өсуі ауыл шаруашылығы тауарлылығының артуын талап етті, осыған байланысты қолдан суландыру жүйесі жетілдірілді. Бау-бақшамен айналысу, жүзім өсіру, диқаншылық, үйдегі мал шаруашылығы қалалықтардың шаруашылығында маңызды рөл атқарды. Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын моңғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелу себебі – егіншілік пен қала мәдениетінің күрт құлдырауы мен шаруашылықта экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы үлесінің артуы болды. ХІҮ ғасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік билеуші топтарының бағыты күшейе түсті, олар бұл елдерде өз биліктерін құру үшін күрес жүргізді, бұл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір себебі болды. Олардың қираған орындарында – Қазақстан аумағында Көк орда, Монғолстан, Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер пайда болды. Өте ұзақ уақыт ширегіндегі Қазақстан экономикасы дамуын қысқаша қорытындылай отырып, келесі жағдайды атап өтуге болады: тас ғасырының дәуірі адамзат тарихында ұзаққа созылды бұл тұста оның шаруашылық әрекетінің негізі – еңбек құралдарының көмегімен қоршаған табиғи ортаның өнімдерін пайдалану бағыты іс жүзінде өзгермеді. Алғашқы қауымдық құрылыс экономикасының одан ары дамуы жоғары қарқын ала бастады, әрі ол егін және мал шаруашылығының, үйдегі қолөнер кәсібінің, тау-кен ісі мен металлургия нышандарының пайда болуына, Қазақстанның әр түрлі аймақтары арасында шаруашылық және айырбас қатынастарының қалыптасуына алып келді. Сөйтіп, өндіруші шаруашылықтың кезеңі басталды. Табынды мал шаруашылығы, суғармалы егіншілік қарқынды түрде дами бастайды, қалалар өркендеп, сауда мен көптеген қолөнер кәсіпшілігі түрлерінің орталығына айналады, металлургия мен құрылыс ісі жетілдіріледі, ақша жүйесі нығая түседі. Қазақстан экономикасы тұтастай алғанда, жақсы дамыған экстенсивті көп түрлі мал шаруашылығымен қатар жоғары деңгейдегі егіншілік мәдениеті қалыптасқан кешенді сипат алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]