Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих-все ответы-Әбілқайыр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
365.18 Кб
Скачать

13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

Этносаяси тарихы:Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары.X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.IX ғасырдың аяғы 11ғасырдың басындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтары-иналдар.Оларды атабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген. Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіпЕділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

14. Қыпшақтардың этносаяси тарихы (IX-XI ғғ.)Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетіледі (кюсше,цзюше).Толық мәліметтер 760 жылы ежелгі түрік жазуларында кездеседі (кибчак,қыпчақ).Орыс жылнамашылары (XI-XIIIғ.) -половецтер,сорочиндер; венгрлер-палоцылар,кундар;Батыс Еуропа саяхатшылары (XIIIғ)- командар,кумандар деп атаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.Қыпшақр этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезенге бөлеміз:1)VII-VIIIғғ. VIIҒғң ортасында Алтайдың солт.мен Ертісті жайлаган қыпшақр қимақ бірлестігінің негізін құрды. 2)VIII-XII. VIII ғда қыпшақр этнос болып қалыптасып,Алтайдан Ертіске,Оңт. Орал тауларынан Еділге қоныстанды.Үш этносаяси бірлестіктер -қимақ,қыпшақ, құмандар қимақ мемлекетінің билігінде болды.3)XI-XIII ғғ.Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. XI Басы қимақ қағанаты құлаган сон әскери- саяси басымдық қыпшық тайпасының қолына көшті.Қыпшақтар оғыздарды Сырдың төменгі же орта ағысына,Арал,Каспи маңы далаларынан ығыстырды.XI ғғ.2 Ширегі «Оғыздар даласынын» орнына «Дешті Қыпшақ» атауы пайда болды. XI ғ ортасы- қыпшақтар Еділден өтіп,1054 жылы орыс жерін одан әрі Дунай өзеніне дейінгі аралықта қоныстанды.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында 2-ге бөлінді: Батыс Қыпшақ половецр даласы тайпа. Шығыс Қыпшақ Дешті Қыпшақ даласы, тайпа Қыпшақң кең даласы.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет. Мемлекет басшысы Хан. Ханнан кейінгі;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет.Мемлекет басшысы Хан. Ханнан кейінгі;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Негізгі тайпалары-оғыз,қимақ,қарлұқ,жілік т.б.негізгі тайпа Елбөрі Хандар елбөрілерден сайланды.Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

15.Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы,әлеуметк экономқ дамуы,мәдени өркендеуі.Қарахан сөзі 10ғ аяғынан бастап, олардың Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен мұсылман деректерінде пайда болған. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау 10-12 ғасырда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған. Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Қарахан мемлекетінің негізін салушылардың бірі Сатұқ Боғра хан Білге Күл Қадыр ханның немересі. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның інісі мұсаға көшті, ол 960ж. Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. 942 ж. дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Талас, Сырдария, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның орталығы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы, Әли Арслан хан( Мұса ханның баласы) мен Хасан Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы) арасындағы өзара күреске толы. XІғ. 30ж. мемлекет екіге бөлінді: Жетісу же Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы Баласағұн болды. Мауараннахр жері Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Бұхар қаласы, кейіннен Самарқанд болды. Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан оның ханы дәстүр бойынша қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056жылы Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15жыл (1059-1074жж)Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл ме Бограхан Харунның қолында болады. Құдыретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) селжұқтар Мәуренахрға шексіз билік жүргізіп келе жатқан болатын, бірақ бұл кез Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған болатын. ХІІғ ортасында қаптаған Қарақытай Жетісу мен Баласұғынды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алды. Сөйтіп құдыретті Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.Қарахандарда X-XIIғ сәулет өнері дамыды: Бабаджа Хатун, Айша Бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мазарлары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түрік тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады:Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» шығармасы,М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» шығармасы. Қарахандықтар кезеңі саяси эканомикалық, әлеуметтік, мәдени өнер жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.«Құтадағу білік»- «Қайырымды білім» поэмасы болып табылды. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатұқ Боғра ханға арнап Баласағұнның тұрғыны Жүсіп Хас Хаджиб жазды. «Құтадағу Білік» 6320 теттен тұрады және 24 беттің қосымшасы бар. Бұл тек әдеп морал трактаты ғана емес, терең филосифиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің мінез құлық ережелерін суреттейді. Білім билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған.Ал М.Қашғаридің «Диауани лұғат ат түрікінде» тарихи мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Түркі тілдерінің сөздігі» -XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін этникалық құндылықтары мен мінез құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған.Қарахан мемлектіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери мұралық жүйе болды. Хандар өзіне елді жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Бұдан басқа Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаган. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстыңнығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]