- •Тақырыбы: циклопентанпергидрофенантрен туындылары. Карденолидтер. Кальциферолдар
- •1.1 Жүрек гликозидтері (карденолидтер, буфадиеналидтер)
- •Буфадиеналидтер
- •Алу жолдары
- •Химиялық құрылысы мен фармакологиялық активтігі арасындағы өзара байланыс
- •Қант бөлігінің фармакологиялық активтігіне әсері
- •Агликонға тән реакция
- •Жүрек гликозидтерінің тазалығын анықтау
- •Жүрек гликозидтерінің сандық мөлшерін анықтау
- •1.2. Циклогексанолэтиленгидриндан қосылыстары (д тобының витаминдері – стериндер)
- •Физикалық қасиеті
- •Талдау әдістері, өзі екендігін анықтау
- •Сандық мөлшерін анықтау
Химиялық құрылысы мен фармакологиялық активтігі арасындағы өзара байланыс
Фармакологиялық активтігі агликонға байланысты. Агликон структурасын аздап өзгертсе фармакологиялық әсері төмендейді немесе мүлдем жойылады. Жоғарыда айтқандай А/В, С/Д сақиналары цис конфигурацияда болғандықтан, оның тұрақтылығы төмен болады. Қышқылдың немесе жоғары температураның әсерінен орындықша формасынан қайықша формасына өтіп жартылай ацеталь түзіліп, фармакологиялық активтігі жойылады. Сілтінің әсерінен де жүрек гликозидтері инактивацияланады. Әсіресе сілтіге лактон сақинасы сезімтал, ол сілтінің әсерінен ашылып немесе қос байланыс α-β-жағдайдан β-γ-жағдайға ауысуы мүмкін, себебі С14 окси топ қос байланысқа қарай молекула аралық қосылады. Сонымен қатар лактон сақинасы Д сақинасына қарағанда 17β-жағдайда болуының маңызы зор.
α
Терапевтикалық қолдану үшін жүрек гликозидтерін пайдалану олардың активтілігі ғана емес, эффектісінің тез пайда болуының және әсерінің ұзақтылығының маңызы зор. Жүрек гликозидтері 2 топқа бөлінеді: полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты). Полярлы топқа – строфантин, конволлятоксин жатады, олар липидтерде аз еріп, асқазан-ішек трактысынан аз сіңіріледі, сондықтан оларды шаншуға қолданылады. Яғни олардың эффектісі 5-10 минуттан кейін, ал 25-30 минутта толық сіңіріледі. Әсер ету ұзақтығы 23 сағ, 2-3 күннен кейін толық жойылады. Полярлы гликозидтер бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан қолданғанда бүйрек ауыруы барларға беруге болмайды, себебі бүйректе кумуляцияланады.
Полярсыз гликозидтер (дигитоксин) – липидтерде оңай ериді, ол ішекте оңай сіңіріледі, плазма белоктарымен оңай байланысады. Өт арқылы шығады, бауырда кумуляцияланады. Әсері 2-4 сағатта беріледі, максимумы 8-12 сағ соң, әсер ету ұзақтығы 5 күн, 14-21 күнде мүлдем жойылады. Дигиталис тобы ұзақ кумуляцияланады, ал строфант тобы кумуляцияланбайды. Жедел жүрек талмаларында строфантин, коргликон қолданылады, ал ұзақ емдеуде дигиталис тобы қолданылады.
Қант бөлігінің фармакологиялық активтігіне әсері
Жүрек гликозидтерінің құрамында Д-глюкоза, метилпентоза, рамноза, дигитоксоза, дигиталоза, цимароза, олеандроза болады.
С3 жағдайындағы дезоксиқанттардың құрамында гидроксил тобы жоқ. Құрамында дезоксиқанттары бар гликозидтер реакцияға өте бейім, олар қышқылдармен оңай гидролизденеді. Қант бөлігі жүрекке әсер етпейді, олар агликонның улы әсерін төмендетеді, ерігіштігін ұлғайтады, клеткалық мембрана арқылы өтуін, белоктармен байланысуын реттейді. Қанттардың байланысу реті арқылы, гликозидтер әртүрлі жылдамдықпен әсер етеді. Ферментативті гидролиз кезінде агликоннан қанттың бөлінуі тек қышқылмен әсер ету арқылы жүреді.
Жүрек гликозидтерінің физикалық қасиеттері
Жүрек гликозидтерінің – қатты кристалды заттар, суда аз ериді, оптикалық активті
Жүрек гликозидтерінің химиялық қасиеттері
Реакцияға қабілеттілігі аз. Қант бөлігіне байланысты жүрек гликозидтері қышқылдармен тотығуға сезімталдығы аз. Лактон сақинасы болғандықтан сілтілердің әсеріне сезімтал. Метаболизм кезінде қант қалдықтарының біртіндеп бұзылуы және қанықпаған лактон сақиналарының қаныққан сақинаға айналуы жүреді, 20, 22-дегидро туындылары түзіледі (қос байланыс үзіледі).
Қанттары реакцияға қабілетсіз, тотықсыздындырғыш қасиет көрсетпейді, себебі жартылай ацетальды гидроксил тобы агликонмен байланысқан. Қантқа реакцияны тек қышқылдық гидролизден кейін жүргізуге болады. Егер гликозид гидролизге дейін Толленс, Феллинг реактивтерімен реакцияға түссе, онда бос жүрген қант қоспасы барын дәлелдейді, яғни гликозид ыдырауға ұшырағанын көрсетеді.
Гликозидтің ыдырауға ұшырағанын айналу бұрышының өзгергенінен де байқауға болады, яғни гликозидтер поляризацияланған сәулені оңға бұрады.
