Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.71 Кб
Скачать

2.Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір

Эволюция- қайтымсыз процесс екендігін кезінде Ч. Дарвин «Тіпті тіршілік еткен ортасы қайтадан  бұрынғыдай болып қайталанғанмен жойылған түр  еш уақытта  қайта қалпына келмейді»- деп жазды.

Дельфиннің, киттің ескектерінің ішкі  құрылысында сүтқоректілерге тән 5 саусақты аяқтың негізгі белгілері сақталған. Мутацияның нәтижесінде, популяцияның гендік қоры ылғи жаңарып отыратындықтан еш уақытта өткен

ұрпақтың гендік қорын қайталамайды. Әйтеуір, бір кезде қарапайым қосмекенділерден  бауырымен жорғалаушылар пайда болса, бауырымен жор-

ғалаушылардан қайтадан қосмекенділер шықпайды.

Өсімдіктердің Қырымда өсетін мәңгі жасыл бұташық-кірпішөпті мысалға алайық. Оның сабағында жылтыр қалың жапырақтары бар. Кірпішөптер ертеректе құрғақшылыққа бейімделіп, жапырақтары суды көп буландырмас үшін жойылған. Қайтадан ылғалды ортаға ауысқанда жапырақтарының орнына жапырақ пішінді бұтақтар пайда болған.

Эволюцияның бір қалыпты еместігі.

Жүздеген миллион жылдар бойы жер бетінде ешқандай өзгеріссіз тіршілік етіп жатқан организмдер де бар, оған қылышқұйрық, саусаққанатты балықтар, гаттерия жатады. Бұларды екінші  сөзбен “тірі қазбалар” дейді.

3.Мимикрияға, оның мысалдары.

 Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарлардатабиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келеді. Мысалы: тарақанның дене пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы коңызынан аумайды; теңіз атбас балығы мен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға ұқсауы, т.б. еліктеуіш реңдер жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.

4.Сукцессияның соңғы сатысы – климакстың ерекшеліктері.

Алғашқы сукцессия, сол сияқты қайталанған сукцессияда да қоршаған ортаның флорасы мен фаунасы- кездейсоқ таралу және миграция нәтижесінде сукцессияға енетін өсімдіктер мен жануарлардың типін анықтайтын негізгі фактор болып саналады.

Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, өздігінен қалпына келетін тұрақты, шегіне жеткен бірлестік-климаксты деп аталады. Климакс (грекше - саты) – осы орта жағдайларында экожүйе дамуының соңғы тұрақты жағдайы. «Климакс» терминін ғылымға 1916 жылы Ф.Клементс енгізген.

Тіршілік орнында түрлердің әртүрлі популяцияларының пайда болуы мен жойылуының белгілі бір реттілікпен жүретін маусымдық емес және заңды процесі- экологиялық сукцессия деп аталады.

5.Табиғи сұрыпталудың түрлерін ата.

1) Қоршаған орта жағдайларының біртіндеп өзгеруі кезінде байқалады. Жеке даралардағы бір белгі ғана бастапқы қалыпты жағдайдан ауытқиды да даралардың фенотипі өзгереді. Осылайша жаңа популяция п.б. Ол өз кезегінде жаңа түрлердің пайда болуларына жол ашады. М: антибиотикттерге төзімді бактерия лардың штамдары сұрыпталады және т.б. Сұрыпталудың бір түрін алғаш рет Дарвин сипаттап жазды.

2)Тұрақтандырушы сүрыпталу

Ұзақ уақыт бойы өзгермеген орта жағдайларында байқалады.Мұндай сұрыптау организмнің Фенотиптік белгілері орта жағдайларына сәйкес келсе және бәсекелес организмдер болмаған жағдайларда жүреді, яғни қалыпты жағдайдан өзгеше өзгерістерді жойып жібереді. Сұрыпталудың бұл түрін 1946 ж Шмальгаузен сипаттап жазды.

3)Дизруптивті сұрыпталу

Сұрыпталудың бұл түрі орта жағдайларына кенеттен күрт өзгеруі кезінде байқалады. Ағылшынша дизрупт- бөліп тастау деген ұғымды білдіреді. Папуляциядағы генотип топтардың бір-бірінен артықшылығы болмайды бұл кезде бірнеше белгінің қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады да түр жекелеген топтарға, жекелеген топтар жеке дараларға бөлінеді.Сұрыптаудың бұл түрі өсімдіктерде жиі кездеседі.

4)Жыныстық сұрыпталу

Шағылысу алдында жануарлардың еркектерінің арасындағы ұрғашы үшін активті таласу немесе ұрғашылардың еркектерді таңдап үйірге түсуі нәтижесінде екінші жыныстық белгілердің сұрыпталуы жыныстық сұрыпталу делінеді.Табиғи сұрыптауының жекеленген түрі ретінде Дарвин жыныстық сұрыптауды өз алдына бөліп көрсетті сұрыптаудың бұл түрі . Жануарлар арасында айқын байқалды Мыс: Құстардың қораздарының көбеюі үшін бәсекеге түсуі бұл кезде жыныстық деморфизм басты роль атқарады әрі организмнің мінез-құлқы да өзгереді (этиология).

5)Жеке сұрыптау дегеніміз – бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.

6)Топтық сұраптау – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын түрлердің ортақ белгілерінің сұрыпталуы.