Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.71 Кб
Скачать
  1. Екінші реттік сукцессия –

Екінші реттік Сукцессия негізінен адамның іс-әрекеттерімен тікелей байланысты (мысалы, өрторман ағаштарын кесу, т.б.). Әсер ететін факторларға байланысты Сукцессияны орыс ғалымы В.Н. Сукачев (1880 – 1967) 2 түрге бөледі. Эндогендік Сукцессия бастапқы биогеоценоздың өз ішінде пайда болады. Бұл кезде биогеоценоздың құрамындағы организмдердің тіршілік әрекеті тікелей сол биогеоценоздағы өсімдік жамылғысының өзгеруіне байланысты. Экзогендік Сукцессия қоршаған ортада болып жататын сыртқы себептер мен адамның іс-әрекетінен туындайды. Сукцессия кезінде бір фитоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессиялық қатар деп атайды.

  1. Конвергенция дегеніміз не? Мысал келтір

Эволюцияда дивергенцияға қарама-қарсы үдеріс - конвергенция (бірігу). Бұл - әр алуан ағзалардың бірдей тіршілік ортасының бірдей тіршілік жағдайларына көшкен кездегі ұқсас белгілерінің дамуы. Жалпы дене құрылысындағы, сондай-ақ жеке мүшелердің құрылысындағы ұқсастық конвергенция нәтижесі болып табылады. Мұндай мүшелер аналогиялық (ұқсас) мүшелер деп аталады. Олардың құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас, бірақ шығу тегі әр түрлі болады. Мысалы, өте шапшаң қозғалып, сулы ортада тіршілік ететін әр түрлі ағзалардың жүзбеқанаттары және дене пішінінің сүйір болуы. Акула (шеміршекті балықтар), ихтиозавр және мозазавр (теңіз және тұщы су жорғалаушылары), бүкіл сүйекті балықтар (су түбінде өмірсүретіндерінен басқа), сондай-ақ киттер мен дельфиндердің де (сүткоректілер) дене құрылысы осындай.

Конвергенцияның айқын да нақтылы мысалы - қанат. Әр алуан жүйелеу тобының ұшатын өкілдерінің қанаттары мүлде басқа-басқа мүшелерге және дене бөліктеріне негізделген. Мәселен, бунақденелілердің (көбелектер, қоңыздар және т. б.) қанаты - дене жабынының катпары. Құстарда - қуатты қауырсындары бар алдыңғы аяқ. Жорғалаушыларда (птеродактили) және сүткоректілерде (жарғанаттар және ұшарлар) - тері қатпары; қанатты кесірткелерде - алдыңғы аяғы мен денесін, ұшарда - алдыңғы аяғы мен артқы аяғын және жарғанатта - алдыңғы аяғы мен құйрығын жалғастырады.

Өсімдіктерде қылтан және тікен конверсияға мысал бола алады. Бір жағдайда жапырақ түр өзгерістері - тікен түрінде (кактус, жантақ), екінші жағдайда - өркен (долана), осындай түзілістер жемістерде (сасықмеңдуана, шоңайна) түрінде кездеседі

  1. Биоценоз дегеніміз?

Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардыңөсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарларөсімдіктерсаңырауқұлақтармикроорганизмдержиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.

Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз —биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады.