Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.71 Кб
Скачать
  1. Сақиналы құрттардың эволюциясы.

  2. Көбею формасын таңдаумен байланысты сұрыпталу. Жыныстық сұрыпталу Шағылысу алдында жануарлардың еркектерінің арасындағы ұрғашы үшін активті таласу немесе ұрғашылардың еркектерді таңдап үйірге түсуі нәтижесінде екінші жыныстық белгілердің сұрыпталуы жыныстық сұрыпталу делінеді.Табиғи сұрыптауының жекеленген түрі ретінде Дарвин жыныстық сұрыптауды өз алдына бөліп көрсетті сұрыптаудың бұл түрі . Жануарлар арасында айқын байқалды Мыс: Құстардың қораздарының көбеюі үшін бәсекеге түсуі бұл кезде жыныстық деморфизм басты роль атқарады әрі организмнің мінез-құлқы да өзгереді (этиология).

  3. Жасырушы (криптикалық) реңге мысал келтір- жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоянтиінсасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді.

  4. Мутациялық өзгергіштіктің түрлері. дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи және қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз елі. Сондықтан әр түрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия ғалымы Г де Фриз өзінің «Мутациялық теория » деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есек шөптің белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және бұл ауытқуардың тұқым қуалайтындығын байқады. Г де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ..Олар: 1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы 2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі 3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы 4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта – пайдалы да, зиянды да болатындығы 5. бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы. Бірақта Г де Фриздің қателік жақтары да жоқ емес. Ол табиғи сұрыптау мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды.Яғни ол мутациядан кейін бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. Шын мәнінде мутация тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізі болып есептеді ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады. Мутациялар әр түрлі бағытта жүзеге асады. Олардың көпшілігі организмнің тіршілік қабілетін кемітіп жібереді. Кейде өлімге душар етеді, оны летальді мутация деп атайды. Жалпы мутацияны эволюциялық процесстің алғашқы материалдық негізі деп есептеу керек. Бірақ жеке мутациялар түрді өзгерте алмайды. Мутация жыныс жасушаларындағы және хромосома аппаратындағы өзгерістеріне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Мутацияның типтері. Мутациялық процестің өзін секірмелі түрде, яғни кенеттен пайда болатын және индукциялық деп бөледі. . Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қышқылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинақталатын стронций, т.б.) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді. Мутациялық процесті табиғи жағдайда кенеттен пайда болатын секірмелі және мутагендік факторлармен арнайы әсер етуден пайда болған индукциялық деп екіге бөлуге болады. Мутацияның мұндай түрі организмде тұқым қуалайтын өзгергіштікті қолдан жасауға мүмкіндік туғызды. Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс клеткаларындағы) және сомалық (дене клеткаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс клеткаларында болатын мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жынысты жолмен көбейетін организмдерде айтарлықтай рөл атқармайды. Себебі дене клеткаларында пайда болатын өзгеріс ұрпаққа берілмейді. Жыныссыз жолмен көбейетін организмде бұл жағдай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр ауруының себептерін білуде маңызы зор. Қазіргі кезде қалыпты клеткалардың обыр клеткаларына айналуы сомалық мутация арқылы жүретіндігі туралы көптеген ғылыми деректер бар.

  5. Гомологты органдар, оларға мысал келтір( гр, сәйкестілік) шығу тегі мен құрылысы бірдей ұрық бастамасынан дамыған әр түрлі жануар мен өсімдік мүшесі

  6. Биологиялық прогресс- Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды. Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады. Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.

  7. 25 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Эволюцияның элементарлы факторлары - Дарвин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып дамытылуда.Мутатциялар мен комбинациялар өзгергіштері туралы ілімді терең талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне экспериментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік толқындарын жатқызуға болады.Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұл процестер бір-біріне азды-көпті ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік толқыны немесе популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағдайларда жыл маусымдарына байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшерінің өзгеруінен ормандағы өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылық себепші болып табылады. Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер мен генотиптер концентрациясын мүлде кездейсоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал басқалары да кездейсоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан артқан кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көтеріледі. Мутациялық процесс тәрізді популяциялық толқындар да кездейсоқ бағытсыз тұқым қуалайтын материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.Оқшаулану да, яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір жаққа бағыттай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің концентрациясын арттырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілікке бейімдейді.Табиғи сұрыпталудан жаңа популяциялар, сондай-ақ одан әрі түр тармақтары мен түлер пайда болады.

  1. Генофонд дегеніміз не? Популяциялардың биологиялық формаларын жасына, жынысына (еркек, ұрғашы, гермафродит, партеногенездік особьтар) қарап, сондай-ақ функциялық, фазалық және маусымдық формалар түрінде көрсетуге болады. Жануарлардың әр түрлі топтарында биологиялық формалардың пайда болуының түрліше жолының мысалдары жоғарыдағы түр ішіндегі қарым-қатынастарды талдауда берілген.

Популяцияда генетикалық топтардың болуы түрдің көбею сипатына байланысты. Жыныстық жолмен көбейетін түрлердің популяциялары биотиптерге бөлінеді. Б и о т и п дегеніміз генотипі бірдей особьтардын, тобы. Популяциядағы биотиптер саны неғұрлым кеп болса, соғүрлым онда полиморфизм айқын керіністі болады, себебі айқаспалы ұрықтанатын особьтардың будандары гетерозиготты болып келеді.

Өзін-өзі ұрықтандыратын формалардағы популяция да әр түрлі биотиптерден құралады, бірақ мұның қүрамындағы организмдер гомозиготты болады; бұлар тек бір түрлі гаметалар түзеді. Сондықтан өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің популяциясын-да таза линиялар дамиды. Бүл терминді генетикаға енгізген В. Иогансен. Бір гомозиготты особьтан ербіген, үдайы өздігінен тозаңданатын индивидуумдардың жиынтығы таза линия делінеді.

Бұршақ, бидай, арпа, сұлы сияқты өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді зерттеу, бұл түрлердің көбі таза линиялардан тұратындығын көрсетті. Бұлардың сыртқы белгілері үқсас болуы мүм-кін, бірақ физиологиялық қасиеттерінде (ерте пісетін, қысқа тө-зімділік, ауруға шалдықпаушылық т. с. с.) айырмашылықтар болады.

Сөйтіп әрбір популяцияның өзіне тән күрделі құрылымы болады, оны мына схема түрінде көрсетуге келеді:

Популяцияның құрылымы

Особьтардың бірлесіп тіршілік ететін түрлері :

  • Биологиялық формалар

  • Генотиптік топтар

  • Жеке тіршілік қалпы

  • Семьялар

  • Колониялар

  • Үйірлер (кулигалар)

  • Топтар

  • Уақытша шоғырлар

Жасына қарай:

  • Жыныстық

  • Функциялық

  • Фазалық

  • Маусымдық

  • Биотиптер

  • Таза линиялар