Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.71 Кб
Скачать

Модификациялық өзгергіштік[өңдеу]

Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіш деп гендердіңхромосомалардыңгенотиптіңөзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады. Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген. Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге бөлген. Бір жартысын ауа райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Төжірибелердің қорытындысы мынадай болады. Парижде отырғызылған жер алмұртының бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып, жерге жабысып өседі. Ал осы екі географиялық аймақта өскен өсімдіктің тұқымын алып, бірдей үлескіге отырғызғанда, олардың фенотипі (сабағының биіктігі) ата-анасының фенотипінің өзгешелігіне қарамай, бірдей болады. Демек, бұл сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктің фенотипі өзгергенімен, оның генотипінің өзгермейтінін көрсетеді. Модификациялық өзгергіштіктің бір ерекшелігі осында.

Өздеріңе белгілі картоп өсімдігін алайық. Ол вегетативті жолмен көбейеді. Барлық өсімдіктердің генотипі бірдей. Бір үлескіде бір түйнектен өсіп шыққан картоптың барлығы бірдей бола ма? Көп есімдіктер бір-бірінен бойының биіктігі, түйнектерінің саны, т.б. қасиеттері жағынан әр түрлі болады. Бұл тұкымның себу мерзіміне, қоректік ортаға, тыңайткыштардың түріне, суғару уақытына байланысты. Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор — генотип. Бірақ белгілердің көріну дөрежесі сыртқы орта факторларына байланысты. Бір организмнің түрлі белгілерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру дәрежесі де әр түрлі болады.

Солтүстік облыста тұратын адамдар еліміздің оңтүстігіндегі демалыс орындарына барып тынығып, күнге қыздырынады. Тынығушылардың терісінің түсі қою қоныр, екіншісінікі — қола түсті қоңыр, үшіншісінікі — қызарып қана қояды. Бұл адам генотипінің меланин пигментін қанша мөлшерде синтездеуіне байланысты екеніне және организм белгілерінің қалыптасуына гендер мен сыртқы орта факторларының ортақ әсерінен болатынын көрсетеді.

Мысалы, жемшөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақтылы суарып, күтіп бақса, ірі қара мал сүтті мол береді. Осымен қатар оның еттілігі де артады, бірақ сүтінің майлылығы өзгермей, бір деңгейде қалады. Орта жағдайының өзгеруіне байланысты модификациялық өзгергіштіктің шегі де түрліше болады. Белгілердің модификациялық өзгергіштік шегін оның реакция мөлшері деп атайды. Бір белгілердің реакция мөлшері кең көлемді болады. Оларға сандық өлшейтін белгілер (бойының биіктігі, дәннің массасы, малдардың еттілігі, сүттілігі, т.б.) жатады. Екінші бір белгілер тар көлемде беріледі. Оларға сапалық белгілер (көздің түсі, адам алақанының, қолының суреті, өсімдіктердің тұқымы мен гүлінің түсі) жатады. Модификациялық өзгергіштік өсіп, дамып келе жаткан организмдегі ферментативті реакцияға орта факторларының әсер етіп, олардын жүру бағытын өзгертуінен туады.

Модификациялық өзгергіштіктің ерекше түріне ұзақ модификациялану жатады. Бұл өзгергіштік сырткы ортаның факторлары өсерінен бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалайды. Мысалы, колорад қоңызының қуыршағына жоғары немесе төмен температурамен әсер еткенде, ересек қоңыздардың денесінің бояуының түсі өзгереді. Бұл белгі бірнеше ұрпақ сақталып, кейіннен бастапқы түсіне қайтадан оралады. Ол температурамен өңделген аналық коңыздан ғана беріледі, аталықтан берілмейді. Ұзақ модификациялану белгілердің цитоплазмалық жолмен тұқым қуалайтынын көрсетеді.

Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтары практикада кеңінен қолданылады. Жылыжайда өсірілген өсімдіктерге қосымша жарық беру арқылы оның өнімділігін арттыруға болады. Ірі қара малдарды күтудің, азықтандырудың мөлшерін сақтау арқылы олардан мол сүт, ет алуға болады. Сонымен генотиптін өзгеруіне байланыссыз, тек сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштік модификациялық өзгергіштік деп аталады.[1]

  1. Филогенездің біріншілік формалары: Филетикалық эволюция және дивергенция.

  2. Рудиментті мүшелер.

  3. Идиоадаптация - , мысал келтіріңізИдиоадаптацияда араморфоздағыдай жалпы бейімделік емес, жеке бейімділік пайда болады. Мұнда құрылыс дәрежесі жоғары көтерілмейді және зат алмасу интенсентивтілігі де артпайды, көбіне организімнің екінші дәрежелі мүшелеріне ғана өзгеріс енеді. Алайда құрылыс дәрежесі жөнінен ата-тегіндей бола тұрса да, организм идиоадаптация нәтижесінде бейімделген болады.

  1. Үркіткіш реңге мысал келтір. сақтандырушы (үркітуші) рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылансона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.

22 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Рептилиялардың эволюциясы.

  2. Девиация, оның эволюциялық маңызы. Филэмбриогенез теориясының негізгі жағдайы—эволюциялық өзгерістер онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты деп тану. Ересек организмдердің белгілерінің филогениялық өзгерістері жануардың не өсімдіктің жеке дамуының әр түрлі фазаларында — бастапқы, орта және соңғы фазаларында болады. Осыған байланысты филогениялық өзгерістердің мынадай үш негізгі жолы (модус) болады: 1) анаболия, 2) девиация және 3) архаллаксис.

  1. Өсімдіктер мен жануарлар онтогенезі арасындағы айырмашылық қандай?

  2. Араморфоз - Араморфоз универсалды сипаттағы өзгерістер мұның нәтижесінде жануарлармен өсімдіктердің құрылыстары жоғары сатыға көтеріліп одан әрі прогресті өзгеріс тууына мүмкіншілік жасайды. Ароморфоздар жек оргондардың жетілу жолымен ғана емес , бүкіл организімнің жетілу арқылы да жүзеге асады. Бұл процесте функциялық және құрылымдық терең өзгеріс болып соның нәтижесінде ортаның негізгі жағдайына сәйкес жаңа және өте көлемді жетік бейімділіктер пайда болады: Бұл организмен ортаның арасындағы байланысты көлемдендіреді ортаның оның одан әрі икемделуіне мүмкіндік береді.

Омыртқалардың тіршілік әрекетінің энергиясын арттырған жүрегінің эволюциялық ароморфоз жолымен филогениялық дамуға айқын болады. Балықтардың жүрегі екі камералы олардың венаны әуелі бөлінбейтін құлақшаға барады, одан кейін қарыншасына өтеді, қарыншадан қолқаға одан әрі желбезек қан тамырларына барып оттегіне байып барлық денеге тарайды. Амфибиялардың құлақшасы екі камераға бөлінген оның оң жақ жартысы веналық сол жағы артериялық болады. Бұлардың төменгі сатыдағы формаларында оң және сол құлақшасы екіге толып бөлінген.Құйрықсыз амфибиялардың құлақшаларының аралығында перде тақ бір тесік арқылы қарыншамен қатысты болады. Жүректің құрылысы осындай болуына байланысты оның қарыншасына барған вена және артерия қаны толық араласпайды.Қаның араласуына қарыншаның кабырғасындағы ет перденің күрделі системасы және қарыншаның күшті жиырыуы бөгет болады. Қарынша жиырлғанда қолқаға әуелі вена қаны енеді, одан өкпе артериясымен өкпеге барып оттегіне байиды. Қолқаға баратын қаның екінші бөлігі – аралас қан: бұл қолқаға доғасы арқылы вегетативтік органдарға тарайды. Ақырында қаның үшінші бөлімі –артериялық таза қан; бұл ұйқы артериясы арқылы басқа барады.

Сөйтіп омыртқалылардың жүрегінің зволюциялық белгі бағытта араморфоз жолымен жүріп отырады.

  1. Қозғаушы сұрыпталудың механизмі - Ұзақ уақыт бойы өзгермеген орта жағдайларында байқалады.Мұндай сұрыптау организмнің Фенотиптік белгілері орта жағдайларына сәйкес келсе және бәсекелес организмдер болмаған жағдайларда жүреді, яғни қалыпты жағдайдан өзгеше өзгерістерді жойып жібереді. Сұрыпталудың бұл түрін 1946 ж Шмальгаузен сипаттап жазды.

  1. Индивидуальды сұрыпталу - бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.

23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Насекомдардың эволюциясы.

  2. Әр түрлі топтардағы (бір клетклылар, көп клеткалылар, жануарлар, өсімдіктер) онтогенез ерекшеліктері

  3. Неотения дегеніміз не? Оның эволюциялық маңызы. Эволюция процесінде эмбриондық дамудың бүрынғы жолынан жеке органдарда ғана әр түрлі ауытқу болып қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады. Көбіне дамудың ақырғы фазаларын бастапкы фазалар немесе аралық фазалар ығыстырып шығып, онтогенез уақытынан бұрын аяқталып қалғандай болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі атқарады. Осындай «үзіліп калған» онтогенез неотения делінеді. Неотениялар жануарларда да, әсімдіктерде де болады.Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық, даму дәуірінің өзінде-ақ балиғатқа толып өсіп-өну кабілет пайда болады.

  4. Дегенерация -(лат. degenero – біртіндеп жойылу) – табиғаттағы тірі организмдердің эволюциялық даму бағытының бірі. Кейінгі кезде дегенерацияны катагенез және регресс деп те атап жүр. Табиғаттағы кейбір түрлердің көбейіп, таралу аймағының ауқымды болуы – сол түрлердің құрылымдық деңгейінің қарапайымдала түсуіне әкеліп соғады. Жалпы дегенерация биологиялық прогреске жол ашады. Бұл көп жағдайда паразитті немесе бір орында бекініп тіршілік ететін түрлерге тән. Мысалы, паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамыры, жапырақтары болмағандықтан, фотосинтез процесі жүрмейді. Мұндай өсімдік түрлері тек өздері бірге тіршілік ететін иесінің есебінен өсіп, көбейеді. Паразитті тіршілік ететін таспа құрттардың (өгіз және шошқа цепендері) сезім, ас қорыту мүшелері жойылған, ал жүйке жүйесіқарапайымдала түскен, оның есесіне өзіне ғана тән сорғыштары, тісшелері, бекитін қармақшалары, т.б. жақсы дамыған. Сол мүшелері арқылы олар өз иесінің ішегіне бекініп тіршілік етеді. Мұндай құрттардың жыныс мүшелері өте жақсы дамыған. Мысалы, өгіз цепені өзінің 18 – 20 жылдық тіршілік ету кезеңінде 11 млрд-қа жуық жұмыртқа береді. Соның нәтижесінде олар табиғатта кеңінен таралып, өз түрін сақтап қалады. Дегенерация нәтижесінде организмдердің дербес дамуында жеке ұлпалардың және мүшелердің құрылым деңгейі қарапайымдала түседі. Мысалы, бақаның дернәсілінің (шөмішбалықтың) құйрығы бірте-бірте жойылып, ересек бақаға айналады;

  5. Аралық формалар, оларға мысал келтір.

  6. Индивидуальды сұрыпталу - бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.

24 ЕМТИХАН БИЛЕТІ