Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серік Абас Шах – продюсер17.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.23 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда, «Серік Аббас-Шах – продюсер» деп аталатын диплом жұмысының қазақ журналистикасындағы өзіндік орны бар, қажетті жұмыс екендігін көрсетеді. Қазақ теледидары мен аудиовидео саласындағы продюсерлік мамандықтың дамуы мен өзіндік ерекшелігін зерттеу барысы журналистика мен өнердің, мәдениеттің бір саласы ретінде тек қана журналистика саласы үшін ғана емес, өнер мен мәдениет, кино өнері саласы үшін де өте маңызды екенін көрсетті.

  1. Диплом жұмысы продюсерліктің этимологиясы, даму тарихы, өзіндік ерекшеліктері, Серік Аббас-Шах пен оның әріптестері туралы көптеген материалдар негізінде талданды;

  2. Продюсерлік қызмет бүкіл теледидардың, киноның, өнер мен мәдениеттің саласындағы көптеген мамандықтармен, оның ішінде режисура мен актерлік өнермен, операторлықпен, суретшімен, диктормен және де басқа техникалық қызметкерлер саласымен тікелей байланысты екенін дәлелдейді;

  3. Серік Аббас-Шахтың өмірі мен продюсерлік қызметі егемендік алған жылдардан кейінгі ізденімпаздығы, жаңа хабарларды ұйымдастырушылық қабілетімен, тәуекелділігімен продюсерлік қызметтің негізін қалаушылардың бірі екендігін айғақтайды.

  4. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ал табиғатты адамсыз елестету мүмкін емес, сондықтан продюсерлік қызмет қоғам өмірімен тығыз байланысты бола отырып, оны бұқараға таратушы сала екенін танытады;

  5. Өзіндік сипатына қарай теледидар бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа, әрі ең жас, бірақ қоғаммен тығыз байланысты болатын ақпарат құралы болып табылады да, продюсер сол жаңалықтың ұйымдастырушысы, әрі ұйытқысы болып табылады.

Қорыта айтқанда, Серік Аббас-Шахтың продюсерлік қызметін болашақта да әр түрлі қырынан зерттеу қажет. Себебі, теледидар мен продюсерлік ақпараттық көздердің бірі ретінде және оны ұйымдастырушысы ретінде анық байқалады. Сондықтан Серік Аббас-Шах қазақ теледидары мен аудиовизуальды құралдардың дамуына продюсерлік көптеген жаңалықтар енгізген батыл да көреген, тапқыр, жаңашыл, білімпаз да білікті продюсер деуге осы диплом жұмысында қарастырылған, көтерілген, талданған материалдар негіз бола алады.

Диплом жұмысында қазақ теледидарындағы, кино өнеріндегі жаңа саланың бірі болып табылатын продюсерлік қызмет шығармашылықтың және техникалық қызметтің барлық саласымен байланысып жататын және оны ұйымдастыруды қажет ететін күрделі де қиын қызметтің түрі болып табылады, ал Серік Аббас-Шахтың продюсерлік қызметі осындай қиын да күрделі өнердің негізін салушылардың бірі ретінде әлі де талай ғылыми талдауларға, шығармашылық жұмыстарға арқау бола береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Авторлық құқық және сабақтастық – құқықтар туралы Қазақстан Республикасы Заңының ресми мәтіні. – Алматы, «Жеті жарғы», 1996, 88 б.

  2. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. - Алматы, «Мектеп», 1978, 272 б.

  3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев). – Алматы, «Ана тілі», 1998, 384 б.

  4. Бакенова Г.С. Телевидение Казахстана: вчера и сегондя. Учебное пособие. – Алматы, «Қазақ университеті», 2000, 79 б.

  5. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть. Учебное пособие. – Алматы, «Санат», 1997, 272 с.

  6. Барлыбаева С. Масс – медиа и цивилизация Востока. – Алматы, «Қазақ университеті», 2000, 186 б.

  7. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Оқу құралы. – Қарағанды, 1999, 15 б.

  8. Беглов С.И. Внешнеполитическая пропоганда. Очерк теории и практики. Учебное пособие – М., «Высшая школа», 1980, 366 с.

  9. Бидайбеков Е.Ы. Ақпараттану атаулары. Ағылшынша – орысша-қазақша атаулар. – алматы, 1998, 265 б.

  10. Богданов Н.Г., Вяземский Б.А. Журналист анықтамалығы. – Алматы, «Мектеп», 1971, 560 б.

  11. Вачнадзе г.Н. Всемирное телевидение. Новые средства массовой информации – их аудитория, техника, бизнес, политика. – Тбилиси, «Ганатлеба», 1989, 672 б.

  12. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник. СПб., Из-во. Михайлова В.А., 1999, 304 с.

  13. Интеллектуальная собственность: словарь-справочник/Под. Общ. Ред. А.Д.Корчагина. – М., «ИНФА-М», 1995, 112 с.

  14. Курьянов Е.И. Англо-Русский словарь по средствам массовой информации. – М., «Московская международная школа переводчиков», 1993, 320 с.

  15. Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы, 1998 ж, 520 с.

  16. Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы, 12 том, 1968-1978 жж.

  17. Қазақ ССР.: 4 томдық қысқаша энциклопедия. – Алматы, 1984-1989жж.

  18. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998, 509 б.

  19. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы, 1998, 509 .

  20. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Электроника, радиотехника және байланыс. – Алматы: «Рауан», 2000, 240 б.

  21. Кожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы, «Рауан», 1991,168 б.

70