Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серік Абас Шах – продюсер17.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.23 Кб
Скачать

2. Серік аббас-шах – продюсер

2.1 Серік Аббас-Шахтың «Хабар» агенттігіндегі продюсерлік қызметі

Бүгінде белгілі продюсер Серік Аббас-Шах (Серік Аббасов) Жамбыл телевизиясын құруға деген “ыстық ықыласпен”, “үлкен міндет” арқалап, “патриоттық сезім” жетегімен келгенін түсіндіріп, мақтанышпен (міңгірлеп) жауап берген. Кезінде өзі кім екенін білмейтін біреулердің “іс- әрекетіне” өкпелеп, (болашақ оңтүстік астанаға деген махаббатыма қарамастан) туған ауылына жақын қалаға (бөріне қол сілтеп) кетіп қалады. Бірақ, шып мәнінде басты себегі ол да емес еді... Екінші курста кино деген “дертке” шалдығып, Түлкібастың баурайына адасып келіп қалған (кинорежиссер) Эльдар Рязановтың, інісі немесе (киномайталман) Никита Михалковтың бауыры сияқты сезіне бастайды. «Тағдыр тәлкегі немесе...» «қызметтік хикаяның» қазақша нұсқасын (кинорежиссер ретінде) түсірмесе дүние қирап, қазақ өнері жетімсіреп тұратындай күндіз-түні армандап- қиялдап, зорға жеткен оқуын (КазГУ-ді) тастауды да ойлаған сөттер болды (Мөскеуге кету үшін). Обалы не керек, жыл сайын ол сияқты мыңдаған қиялилардың бетін қайтарып, “шалқасынан (етпетінен) құлатып” жататын Мәскеуге де, ВГИК-ке де өкпе жоқ. Себебі, ойының бәрі бос арман түрінде ғана қалды да, “сегіз қырлы” Шукшин көке (Ш.Айманов, Т.Теменов және т.б.) секілді Кеңестер Одағының астанасындағы Кинооқуға бара алған жоқ. Бірақ, ол секілді, киноның иісі мұрнына бармайтын (кеудесіне қиял толып қалса да) қайдағы бір студентті (өзін бірінші рет көрсе де) ВГИК жанындағы Жоғары режиссерлар (сценаристер) курсына жібермек болған “Қазақфильмнің” сол кездегі басшысы (кинорежиссер-шенеунік) Сламбек Тәукеловке өте риза. Өмірбаянымның жамбылдық (әулиеаталық) кезеңі де ол үшін өте ыстық. Телевизияның бүкіл кухнясын осында үйренді. Жастар жөнінде және әлеуметтік- саяси тақырыптарда тұрақты тікелей эфирлер ұйымдастыратын. Ойын-сауық (музыка) жанрын да ұмытқан жоқ. Тараздық көгілдір экранның үлкен мүмкіндігін жергілікті дүлдүл майталмандармен қатар, өнерге икемі бар мектеп оқушылары да жақсы пайдаланды. Олардың арасында (кейін) өз өнерін кәсіпке айналдырғандары да жоқ емес: Мейрамбек беспаевтың, Құрмаш Маханның, Досымжан Таңатаровтың, “Бүркіттің” (ол кезде әлі ешкім “ТАҢ ҚАЛМАған” “балапан” Айбек) есімдері қазір республика жұртшылығына танымал болды.

Облтелерадиокомпания басшылары (Ә.Жақсыбеков (марқұм), Е.Әлімжанов, Д.Мәмбеталин) оның барлық эксперименттеріне мүмкіндік берді. Өрескел “балалық тентектіктеріне” (келіспеген кезде бағдарламаны эфирден алып тастау, жергілікті парткөсемдерді сынау жөне т.б.) төзіп, айтқанынан қайтпайтын қызу қанды мінезімен санасты. Тек, (бір-ақ рет) 1986 жылға Алматы оқиғасы туралы циклді бағдарламалар жасайын деген ұсынысын (“Оны жамбылдықтар емес, алматылық тележурналистердің өздері түсіруі тиіс” — деп) орынды түрде қабылдамай тастады. Бұдан соң, жамбылдық жолдастары сыйлаған бейнекамераны құшақтап, өз еркімен екі-үш айға жұмыстан кетіп, өз ақшасына (айлық жалақысынан 103 есе артық соманы таныстарынан қарыз алып, Алматы мен Жамбылдың арасында қаңғып (тура мағынасында) жүріп), 7 бөлімнен тұратын “Желтоқсан жаңғырықтары” атты фильм-бағдарлама түсірді (өзі автор, өзі редактор, өзі режиссер, өзі ассистент, өзі телеоператор, өзі жарықшы, өзі жүргізуші болды). Кейінірек, жоғардағы қарызды қайтару үшін бір жылдан астам уақыт бойы бейнекамерамен той-тұмалақ түсіріп, “пысықтық” жасауына тура келді. Асанбай Асқаров (қоғам қайраткері, марқұм) Бішкекте абақтыда отырған кезде де циклді бағдарламалар жасап (газеттерде Ж.Сәтібеков, А.Бекбосын, Н.Муфтах (марқұм), ел ішінде үлкен резонанс туғызды. Бейнетаспа мен фото түсіруге тыйым салынған сот залында (“үш әріп” пен милицияның иегі астында) қауіпті болса да тығылып, бейнекамерамен көріністер түсіріп, талай-талай репортаждар жасады. Аталмыш жұмыстары үшін кейінірек, Қазақстан Журналистер Одағы (мамыр. 1992 ж.) мен Қазақстан Жастар Одағы (қараша. 1994 ж.) сыйлықтарын алғанында шын мәнінде риясыз қуанды. Мүмкін, сол сәттерде, тіршіліктегі басты мөселе басқа (мансап, билік, атақ, ақша) емес, ар-намыс екенін дәлелдеуге тырысқан (кімге, не үшін?) қиын да күрделі жұмыстарының нәтижесін көрген болар, мүмкін, сол кезде, сыйлықтың (лауреаттықтың) өзі де “саясат” пен таныс-тамырлыкқа тәуелді екенін сезбеген болар-, мүмкін, мен ол кезде “тұнығы лайланбаған” өте таза (ниетті, ойлы, жүректі, сезімді) пенде болған шығар деп ойлаймыз.

Сірә, үкіметке риясыз сенген басқа пенделер (зиялылар, зиялы еместер, жұрт, халық) сияқты, қатал нарықтың қатаң қыспағында ол да тығырыққа тіреліп, есі ауып қалған болуы керек. 1994-95-ші жылдары жеке телеарна ашпақшы болып, өз идеяларымен талай алматылық (саяси, іскер) қайраткерлердің “басын қатырды”. “Дәрменсізде арман көп, бірақ, арман азық па?”.

Оның ұсыныстары “сандырақ” көрінді ме, жоқ әлде провинциядан келген қайдағы бір журналистің (оның) жоспары “бос әңгіме” ретінде әсер етгі ме, онынан да түк шықпады (қазір кейбірі (көбісі) өкінетін де болу керек). 1997-ші жылы қаңтар айында жаңадан өз алдына телеарна болып эфирге шыққан “Хабар” агенттігі, арада көп ұзамай-ақ (оны) таңертеңгілік “Сәлем Қазақстан” бағдарламасына редактор етіп қабылдады.

Алғашында түрлі тақырыптар бойынша шағын сюжеттер дайындап жүрді. Ол кезде “Хабардың” жаңа шаңырағында жаңа ұжым, жаңа творчестволық атмосфера қалыптасып жатты. Қызметкерлердің бәрі де мейрам алдындағыдай (“тойдың боладысы қызық”) шат-шадыман, шабытты көңіл-күйде жұмыс істейтін. Телевизия саласында ірі өзгерістер келе жатқанын сезді. Жұрттың бәрі байқай бермейтін таңғы эфирде жүріп (ОРТ-ның “Доброе утросымен” көрермен үшін бәсекелесу өте қиын шаруа), үлкен бағдарламалар жасауды армандады. (Сол кезде) беделі дүркіреп тұрған Жаңалықтар қызметінің маңына бүкіл өндіріс (қажетті жағдай, техникалық жабдықталу, режиссура) шоғырланғандықтан, (аталмыш бөлімге қатысы жоқ) оның творчестволық жоспарлары бос қиял түрінде қалып қоятын секілді көрінді. Сөйтіп жүргенде... Басталды... Олардың компьютер арқылы өңдеп, “айналымға жіберген” 3 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік (З.Нұрқаділов, Ә.Қажыгелдин және Ә.Өмірзақованың бейнелерімен) “жаңа ақшалары” 1-ші сәуірдің таңғы эфирінде ақиқат ақпардай әсер еткен болу керек, редакцияға қоңырау шалушылар көбейіп кетті (Олардың көбі жаңа “купюрге өз суреттерін салғызған” премьер мен депутаттың әрекетіне қатты ашу-ыза білдіріп, тіпті митингіге шығамыз деп ескертіп те жатты). Онымен қоймай, дәл сол күні, ақпараттар қызметінің сұрауы бойынша әлгі материалды ықшамдап, кешкі жаңалықтарға да жеке сюжет ретінде салып жібереді. Шынын тайтсақ, режиссер Арман Қарабаев (т.ж: 10.12.1962. Қызыл дипломды инженер) екеуі әлгіндей “тентектігіміз” үшін жақсылап “таяқ жейтін” шығармыз деп күткен. Оларға дейін ресми үкіметті сынап-мінеуді (өткір тіл, ащы карикатурамен) негізінен биресми басылымдар ғана (орыс тілінде) шымшылап жүзеге асыратын. Елбасының қызы (Д.Назарбаева) басқарып отырған мемлекеттік кәсіпорында (“Хабар” агенттігі) үкімет бірге қаржыға жұмыс істеп, үкімет басшысын күлкіге айналдыруьг, ол кезде бір жағынан нар тәуекелдік әрекеті еді. Бірақ, Дариға Нұрсұлтанқызы олардың “хулигандығын” жазаламақ түгілі, қайта, “қызық идея екен” деп жылы лебіз танытты. Аталмыш мысал бізге түк те айтпауы мүмкін. Ал олар тап сол кезде, өздеріне қажет басшы (жетекші) тапқанын, өзі қызығып істей алатын жұмысқа араласқанын, өзіне ұнайтын ұжымда жүріп, қалаған творчестволық жоспарларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік алғанынтүміне бастайды. Ештеңенің мәңгілік болмайтынын сезсе де, өзі кездейсоқ тап болған романтикалық ертегінің ғұмыры мейлінше ұзақ болғанын шын көңілмен тіледі. [13.40]

Өмірбаянымен ешкімнен ұялмайтын, (тарихшы, әнші, саясатшы, депутат) Д.Назарбаеваға көп рақмет. Ол кісіге деген ыкыласы мен құрметіне жұрттың бәрі қосылу керек деген көкірек ойдан аулақпыз. Саясат жолы, ауыр жол. Саясаттың маңында мереке мен береке де, күрес пен тірес те аз кездеспейді. Және оның бәрі де, барлық уақытта тек әділ түрде өтеді деп ешкім байлам айта алмаса керек-ті. Ол кісінің саяси бәсекелестері арасында Аббас-Шахтың да жақын достары (жолдастары, таныстары) аз емес. Бұл аздай, оның ТВ-ға және жалпы журналистикаға қатысты кейбір пікірлері (ойлары, сөздері, тұжырымдары) мен істері (“ерекше” саясаткерлермен тығыз қарым-қатынасы) басшысының көзқарастары мен талаптарына мүлдем қарама-қайшы келіп жатса да, ол кісі оған ешқашан теріс оймен (күмәндана) қараған емес (сияқты). Дариға Нұрсұлтанқызы нағыз жігіттік мінез (ерлік, өрлік, қайсарлық қасиеттер) мен адал достықты құрметтей білетін адам (алғашқысына талай куә болдық) деп еске алады Серік Аббас-Шах.

Мұндай кісімен бірге ұзақ уақыт жұмыс істеу, қызықты да мәртебелі іс (деп ойлаймын). Кезінде “Президенттің қызы мемлекеттік телекомпанияны басқарғаны дұрыс емес”, - деп айып таққандар да аз болған жоқ. Қазақстандық электрондық ақпарат құралдары, қарқынды дамып жатқан ресейлік бәсекелестерінің алдында белдеспей жығылып жатқан шақта (90-шы жылдардың екінші жартысы), жоқ жерден техникалық-шығармашылық жағынан толық жабдықталған заманауи телеарна (“Хабар”) ашылды. Ал, оны уақыт талабына сай етіп іске қосып, сол арқылы еліміздегі телевизия тіршілігіне соңы серпіліс алып келген Дариға Нұрсұлтанқызының еңбегін мүлдем сызып тастағысы келетін кейбір сарапшылардың (таныстардың, достардың) пікірін құптай алмаймыз. Жақсының жақсысын айту керек, НҰРЫ тасысын дейді халық. Дариға Назарбаева өзіндік қолтаңбасымен (“Хабар” арқылы) қазақстандық телевизия мен (“Асар” арқылы) қазақстандық саясатқа өте үлкен өзгерістер әкелді. “Хабарға” ілесем деп жүріп, бәсеке арқасында “Хабардан” озуға тырыса бастаған басқа телеарналар қатары мен “Асардың” тынымсыз әрекеттерінен соң, ұйқысынан ояна бастаған “аю” партиялардың белсенді істері соны аңғартса керек. Бұл жерде Дариғаның плюстері аз емес сияқты. Оның, басқалардың ой-пікірін шыдамдылықпен тыңдай алатын, әр түрлі (қарама-қайшы) көзқарастардың талап-мүддесін (мүмкіндігінше) ескере алатын қасиеті, “Хабар” агенттігіндегі (басшылар мен қызметкерлердің арасындағы) бүкпесіз ашық (демократиялық) қарым-қатынастың заңды құбылыс ретінде қалыптасуына негіз жасады. Ал, жалпы телевизия маманы (және пенде) ретіндегі жеке көзқарасқа келсек: Дариға Нұрсұлтанқызының үлкен саясатқа белсене араласа бастағанына алғашында халық қуана қойған жоқ.

Кейінірек (2002-нің екінші жартысында), тіпті басты арнаны да (“Хабардың” өзін) тек кана мемлекеттік тілде жасаймыз деген ұмтылысына куә болдық.

Соңғысына қарсы шыққан екі адам болдық.Соның біреуі (екі тілде қатар балағаттасаңыздар да айтайын (жазайын) осы жолдардың авторы – дейді Серік Аббас-Шах. Телеарнадағы ана тіліміздің әр түрлі мәселесі үшін басшылармен үнемі пікір таластырып (“дауласып”) жүретін Аббас-шах Серіктің бұл пікірі үлкен бастықты да таңдандырса керек-ті… Өйткен себебі: Біріншіден “Хабар” әу бастан-ақ қос тілді арна болғандықтан, бұған дағдыланған ресми тілді көрерменді қатты өкпелетер еді. Екіншіден эфирдің тең жартысын қамтамасыз етіп келген (қазақша) бағдарламалар өндірісі мұншама жүкті көтере білуге дайын емес-ті (қазір 77 пайыздай дайынбыз. Бірақ…). Балағаттағандарға қосымша тағы түсіндірейік: Кез келген телеарнаның тәуліктік эфир көлемі 15-18 сағаттай болуы мүмкін. Оны жабу үшін көптеген бағдарламалар, деректі фильмдер, сериалдар қажет. Қазақша жобаларды мұншалықты көлемде көп және сапалы (назар аударыңыз: сапалы) жасау, сол тұста бірде-бір арнаның өз қолынан келмейді. Деректі фильмдер меи көркем фильмдер жоқтың қасы еді. Қазақша сериалдар жоқ (тіпті аталмыш кітапсымақ жазылып жатқан кезде де). Бұл үшін не істеу керек? Қазақша аударма фильмдерді, сериалдарды көбейту қажет… Бірақ, “Хабардың” дубляж (аударма) цехы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қарқынмен жұмыс істегеннің өзінде де тығырықтан шыға алмас едіқ. Өйткені, сапа кетіп, сан көбейер еді (Эфирдің аударма телесериалдарға деген зор тәбеті, оларды тез бітіруге, асығыстыққа, дауыс мөлшерін шектеуге әкеліп, өзіндік “әттеген-айларын сыйлап” жататынын “көгілдір экраннан” байқау қиын емес). Ресейде телевизиялық тәржімелеу ісі, кәсіби деңгейі үлкен бәсекеде қалыптасқан бизнеске айналғалы қашан!? Ал бізде ше тағы да сол мәскеулік телеарналарға көз салыңыз:

1. Бағдарлама өндірісімен бірнеше ондаган (ВИД,ОСТАНКИНО, СТВ, АТВ, RЕN ТV жөне т.б.) компаниялармен бірлесіп, жүздеген (әртүрлі) жеке студиялар айналысады.

2. Жыл сайын орыс тілінде жүздеген сериалдар мен кинолар түсіріледі (назар аударыңыз: орыс тілінде түсіріледі). Аталмыш өнімдерді дайын күйінде (аударып, көп уақыты мен орасан қаржысын шығындамай-ақ) жеңіл бағамен сатып алып, эфирін толтыра салатын ресми тілге бейім отандық арналардың жұмысы әлдеқайда жеңіл. Мұндай жағдайда (“қазан үстінен күн көретін”) олармен бәсекеге түсу, өте ауыр екендігін сезінген де боларсыз. Мәнсіз эфирден сән де кетеді, дөм де кетеді. Көрерменнің көбі теріс айналады. Аудитория ауқымы кемісе, демеушілер мен жарнама тапсырушылардың қабағы да бұзылары анық.

…Дариға Нұрсұлтанқызы кейінірек бір тілді телеарна жасау ойынан бас тартты. Нағыз себебін білмейміз; әлгі кедергілер шаршатты ма, жоқ әлде басқа нәрселер әсер етті ме, кім білсін?

Жоғарыда айтып (жазып) кеткендей, Д.Назарбаева көп жобалы (“көп балалы”) іскер адам (“Батыр ана”). “Тұңғышы ” Хабар” болғанмен, бір-біріне ілесіп өсіп келе жатқан жобалары (“балалары”) соңғы кезде ол кісінің басты назарына ие. Әсіресе, “кенжесі” (“Асар”)… Мен партия мүшесі емеспін. Жалпы, өнер-творчество адамдарының белгілі бір ағымның, топтың немесе партияның мүшесі болғанын онша қалаған емеспіз де... Бірақ, Дариға Нұрсұлтанқызының ”асарларына” шын пейіліммен көмектескім келді, көмектестім де.. Шындығында, ол кісі ешкімнің де жәрдемін аса қажет етпейтін және алдына тым биік әрі жауапты міндеттерді қорықпай қоя білетін жан. Қанша күрделі болса да, қанша ауыр болса да сол жұмыстарды шеше білді, жүгін қайыспастан көтере білді. Дариға мен оның командасының Қазақстан Президентін сайлау кезіндегі (күз. 2005 ж.) белсенді (нәтижелі) қызметі соның айғағы деп ойлауға болады. Бұл екінің бірі, егіздің сыңары алып жүре бермейтін нәрсе. Сондықтан, Д. Назарбаева “Хабардан” бойын аулақ салды деп, кежегені кері тартудан гөрі, салмақты саясатқа белсене араласқан бұрынғы лидерге жалтақтай бермей (текетірестің емес, творчествоның рахатын сезініп) жаңаша жұмыс істеуге көшу керек (сияқты).

Алғаш рет ҰТАА (Ұлттық Телевизиялық Ақпарат Агенттігі) болып аталып, “Қазақстан” телерадио корпорациясының ақпаратгар қызметі негізінде (1995 жылы 23 қазанда) дүниеге келген агенттік, бұл күнде еліміздің жетекші телеарнасы болып саналады. Сәуегейлердің айтуына қарағанда, казақ және орыс тілдерінде хабар тарататын аталмыш арнаны 13 миллионнан артық адам көре (тамашалай) алады. Компанияда жарты мыңнан астам (жақсы, тәуір) қызметкерлер іс жасайды. Оның үштен екісі агенттіктің алдыңғы қатарлы бөлігі болып саналатын

Ақпараттық Бағдарламалар Дирекциясында жұмыс атқарады. Эфир уақытының біраз (тәуір) бөлігін алатьін ақпараттық бағдарламаларды дайындауға (еліміздегі, ТМД-дағы) жиырмаға жуық (өз) тілші пунктеріміз белсене араласады. “Хабар” өзі дайындаған ақпараттармен қатар, (әріптестік бағдарламалар аясында) әлемнің алдыңғы қатарлы ақпарат агенттіктерінің өнімдерін тиімді пайдаланады. Жаңалықтарды (жүргізушілер): мамандығы Дана ойлы (музыкант) Нұржігіт (т.к: 22-наурыз) пен Арман(ы биік актер) Сейітмамыт (т.ж: 21.08.1974), Қымбат (сезімді философ) Хангелдина (т.к: 10-маусым) мен Қымбат (көңілді актриса) Досжан (т.к: 17-қазан), эфирдегі Светі жақсы (тарихшы) Коковинец (т.к: 11- қаңтар) пен пәк сезімді Галина (архитектор- құрылысшы) Пак (т.к: 11-наурыз), қиялы қалың Орман (бек филолог) Орынбеков (т.ж: 02.06.1973) пен (бас режиссер) М.Бидосовқа туыстық қатысы жоқ (саясаттанушы) Н. Бидосов (т.ж: 19.06.1979), Ай гүліне теңелген (филолог) Мүкей (т.к: 06-наурыз) мен “жеңісті күндерде жүздесе” алмаса да, “асарлатып” Аман келген (спортшы) Сейітханов (т.ж: 11.05.1969) және т.б. болмаса көзге елестету қиын (қиын түгі де жоқ). Телеақпарат майданында (Түркістанда туылса да, Алматыдағы зоопарктегі жолбарысқа жем бола жаздаған “Талдықорғанның “Ерен еңбекті” “Құрметгі Азаматы”) Тілеуқабыл Мыңжасаровтың (т.ж: 02.03.1952) ауыл тұрмысы (шаруашылығы) жайлы, (“ыстық нүктелерде” ысылып қайтқан) Григорий Беденконың (т.ж: 14.05.1969) ғылыми-әскери (экология) мәселелер төңірегіңдегі, соңдай-ақ, Мәжіліс - отырыстардагы сюжеттерде Жайна(п шығатын) Сламбекқызының (т.к: 12-қараша), (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері және) Бейсен(біде шабытты) Құранбектің (т.ж: 09.12.1971),тандаған тақырыбын терең игеретін Нұрлан (Абдуллин емес) Оқаұлының (т.ж:11.12.1978), барлық мәселені “қамырша илейтін” Сәкен (Сейфуллин емес) Әбдиевтің (т.ж: 12.01.1976), әр талдауы құнды Инна (үкілі) Сованың (т.к: 01-мамыр), стендаптарында көздері (сөздері) Сәуле шашатын Абдуллинаның (т.к: 02-қараша), зерттеу жанрында езін күйші Дина апасындай еркін сезінетін Төлекованың (т.к: 27- қараша), салмақты бағдарлама мен салмақты автокөлікті (тікелей) өзі жүргізе беретін Бибігүл Жексенбайдың (т.к: 02-желтоқсан) саяси-әлеуметтік тақырыптар туралы және Асқар ойлы Серғалиевтің (т.ж: 01.10.1970) қорғаныс пен қауіпсіздік (патриот- тық) жайлы, сондай-ақ, кейіпкерлерінің тағдырына Гүл нәріндей үңілетін Омарбекова (т.к: 06-ақпан) мен телевизиялық ақпарат майданында (өсіп-шындалып) Ер бол(ған) Мәулетханұлының (т.ж: 26.08.1974 ) “әлеуметгі — мәдениетгі” сюжетгерінсіз жаңалықтарды қабылдай алмайтын да шығармыз? Жақсы журналистерден (кейде) тәп-тәуір жетекші шығуы (әбден) мүмкін. Өздеріңізге (көздеріңізге) жақсы таныс Жайна Сламбекқызының Ақпараттық Багдарламалар Директоры кызмстііще болған бір жыл ішінде (2003-2004 ж.) аталмыш бөлімнің өздеріне қаншалықты қажетті басшы гапқанына анықтама бере алмаймыз, бірақ, әлгі уақыттың ішінде теле ақпараттық майданда (өзіндік) қолтаңбасы айқын байқалатын (өткір тілді, қайсар мінезді) майталман тілшінің орны (өте) қатты білініп қалғандай болды. Жалпы, бүгінгі тележурналистика бесаспаптықты (әмбебаптықты) талап етеді. Сондықтан, шығармашылық топтың жетекшісі — менеджердің міндетін, жазылған еңбекті қадағалауға тиісті редактор болса, сценаристіңжұмысын коса атқарып жатса, ТАҢ ҚАЛМАйтын болдық. Қазіргі кезде сценарий жаза алмайтын журналисті “Қызыл кітапқа” енгізу керек шығар. Тележүргізушіге оның шешендігі мен тақырыпты жақсы меңгергені (өте) аздық етеді. Ол (егер) адамдармен тілдесе алудың, сөйлесе (сөйлете) білудің мүмкіндіктерін түгел үйреніп, актерлік шеберліктің (сахналық сөйлеу машықтарының) барлық құпияларын толық игермесе, алдындағы мақсатына жетуі қиындау шаруа. Жаңалықтың (бүгінгі) жүргізушісі (дауысы жақсы, өзі әдемі) кешегі диктор емес. Әрине, жүргізушіден сұлу болу (жігіт болса — сымбатты, қыз (келіншек) болса, шырайлы, қылықты) талаптарын ешкім алып тастаған жоқ. “Хабардың” (жаңалықтардың) жүргізушісі өзі (ұйымдастыру жұмыстарын қолына алып) продюсер, өзі (ақпараттың қажеттілерін тандап, сосын оны талдап бере алатын) комментатор бола алады. Ал, корреспонденттер негізгі жұмыстарына қоса режиссерлықты (монтаж жасауды да) игеріп алғаны дұрыс. Телевизиялық құрал-жабдықтардың аса үлкен қарқынмен дамуы мен “тәйт-тәйттің” (цензураның) жоқтығы (аздығы) журналистердің оперативті жұмыстарын (кәсіби жағынан) одан әрі шыңдап, шеберлік жағынан байыта түсті. Көтерер жүгі жаңалықтағы шағын (1-2 минуттың) сюжеттің ішіне сыймаған салмақты (көкейкесті, проблемалы) тақырыптар (материалдар, репортаждар), “Жеті күн” ақпаратты-талдау телебағдарламасында жүргізуші- лердің (Айдос мырза Үкібаев (т.ж: 27.07.1975); Федор ағай Курепин (т.ж: 10.10.1970) және Зейін(ді журналист) Әліпбек (т.ж: 27.04.1973) үлкен түсініктемелеріне (сараптамаларына) өзек болады. [14.5]

Агенттік құрамындағы (“Хабар”, “ЕЛ арна”, “СаsріоNet”) үш арнаның барлық (негізгі) жұмыстары Бағдарламалар Дирекциясына шоғырланған (десек артық айтпаған болар едік). Оны Бағдарламалар Директоры басқарады. Дирекцияда арналардың (жылдық, маусымдық, айлық, апталық) хабар тарату тұжырымдамалары дайындалып, бекітіледі (өзгертіледі), телевизияның тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары жасалып, оның жүзеге асуы қадағаланып отырылады. “Хабар” агентгігінің құрылымы бойынша Бағдарламалардың өндіріс бөлімі (осы жолдардың авторы осында жұмыс істейді) мен дубляж цехы (тәржімелеу бөлімі) де жоғарыда аталған Дирекцияның құрамына кіреді. Біздің пікіріміз бойынша, соңғы екеуі Бағдарламалар Дирекциясынан енші алып, өз алдына бөлек отау құрса (Бағ. Дир. — тапсырыс беруші, ендіріс бөлімі мен дубляж цехы тапсырысты орындаушы), жұмыс тиімділігі анағұрлым артар еді. Мойындау керек, (“Хабар” мен “Қазақстан” арналарындағы) қазақ тіліндегі бағдарламалардың көбі (түгелге жуығы) тек мемлекеттік тапсырыспен ғана күн коріп отыр. Бұл жерде (шығарған өнімінің бәрі дерлік “тандай қақтыра” қоймаса да) қолға тиген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз арнасын ұлттық тележобалардың ұстаханасына айналдырғысы келетін “қазақстандықтардың” (экс-жетекшісі: Ғ. Доскен) ұмтылысына жылы лебіз білдірген дұрыс шығар?! Қазақ телевизиясының қара шаңырағындағы жұмыстарда ілгері жылжу байқалады. Айта кету керек, бюджеттің тұрақты қамқорлығы қазақ тілді (телеарналарға) телевизияға үлкен демеу болғанмен, аталмыш құбылыс кейбір өнім жасаушыларды “масылдық” күйге алып келетін қаупі де жоқ емес. Мұндайда тапсырыстың талабы бойынша(жоғарыға есеп беру керек қой) жобаның мағынасына зор мән беріледі де, телебағдарламаның формасы көлеңкеде қалып қоюы мүмкін. Қазақ тіліндегі тележобалардың арасындағы үлкен бәсекенің жоқтығы (“көрсең көр, көрмесең өзің біл”) шығармашылық топты көбінесе тоқырауға жетелейді, (тоқтаусыз) ізденімпаздыққа ұмтылдырмайды (ар жағын өзіңіз де білесіз). Жеке арналардағы хабар таратушылардың продюсерлерге қояр талабы мүлдем бөлек. Жоба (жұртқа) көрерменге түсінікті әрі қызықты (яғни кәсіби деңгейде) болуы керек. Әйтпесе, шыққан шығын өзін-өзі ақтамайды, жарнама берушілер жоламайды (ақша түспейді деген сөз). Кейбір коммерциялық (қалалық) телеарналардағы қазақша бағдарламалардың үлес салмағы көбінесе “саны мен сапасы ұрысып қалған” “тікелей эфирлер” мен “жоқтан гөрі жоғары” жаңалықтардың есебінен ғана толтырылып отырылады (қалған-құтқан “рухани шөліңізді” “қараңғы түнде тау қалғытып” көрсетілетін клип-концерттер есебінен қандыра беріңіз!).

Әйтсе де, “қазақшаны ұмытпауды” ұстаным етіп алған “Астана”, “Алматы” телеарналарының қазіргі әрекеттері көрермен көңіліне үлкен үміт отын жағатын секілді. Сондай-ақ, (бұл жерде басшылығы мемлекеттік тілде бір ауыз сөз түсінбейтін) “КТК-ның эфирлік кестесіндегі қазақша ақпаратгық бағдарламалардың ауқымын арттырған бас редактор Қадыржан Забихтың еңбегіне тоқтала кету керек.

Жалпы, қазақ тележобаларының нарық жағдайындағы ебетейсіздігіне, олардың сапасыздығы емес, жарнама берушілердің қазақ тіліндегі өнімдерге сұранысы жоқтығы себепкер. Өте жақсы бағдарлама өте қымбат үй сияқты. Құрылысына қанша (көп) қаржы құйсаңыз, нәтижесінде соған лайықты (әдемі) ғимарат аласыз. Ал, жарнама берушілер өз кезегінде (“кем несібелі”) қазақша бағдарламалардың рейтингі орыс бағдарламаларымен салыстырғанда (әлдеқайда) төмендігін алға тартады (Өз басым, сол рейтингіге 100 пайыз сене бермеймін. Ол негізінен қала тұрғындарының телеталғамын зерттейді. Қара көздері көп емес (орысшаға жақындау) Павлодар қаласы мен екі миллионнан астам (“қаймағын жоғалтпаған” қазақ тілді) тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысын қалай салыстыруға болады? Қалада күйеуі мен әйелі екі бөлмеде екі (арнаны) теледидарды қараса, оңтүстіктегі ауылда (бір үйдің ішіндегі) жалғыз теледидарды он бес адам тамашалауы әбден мүмкін). Қалай болғанда да, қазақша бағдарламалардың бәрі монополиялық (мемлекеттік қана) тапсырысқа кіріптар болып қалмауы үшін, оны өндіруге тәуелсіз студиялардың мүдделілігін арттыру қажет. (“31-ші арнадағы” Берік Уәлидің “Дода” ток-шоуын, “КТК- дағы “Шарайна”, “Ел-жұрт” бағдарламаларын (салыстырмалы түрде) сәтті жобалардың қатарына жатқызамын.) Ал, (біздегі) шығармашылық топтардың арасында мемлекеттік тілде өнім жасауға қызығушылық байқалғанмен, іс жүзінде онымен айналысып жатқан (жеке) студиялар жоқтың қасы (“Гала-ТВ” және т.б.). Телевизиялық өндіріспен шұғылдануды (нағыз) бизнеске айналдырғысы келген (“сарыауыз”) продюсер, (ең алдымен) қаржылық және заңдылық тұрғыда толық (немесе ішінара) тәуелсіздікке қол жеткізіп алу керек. Мұнсыз, ең мықты деген жоспар-мақсаттың өзі де қиял-ғажап ертегі болып қалады (көбінесе солай болып шығуда)... Біздің еліміздегі ГВ смасында (таза қазақ тілінде)“бірдеңе” жасаймын деп ұмтылған (арман- мақсатынан басқа ештеңесі жоқ “жалаңаяқ”) продюсерге қаржы орындарының ешқайсысы да несие беруге (кредит ұсынуға) тәуекел ете алмайды. Әзірге, қазақ продюсерлерінің жеткен жетістіктері, (белгілі бір жобаның кейбір бөліктеріне) демеуші табу ғана.

90-шы жылдардың ортасына қарай шаңырақ көтеріп, телевизия әлеміне сәби талпынысымен аяқ басқан “Хабардың” алғашқы және осы күнге дейін маңызын (басты орнын) ауыстырмай келе жатқан негізгі өнімдері - ақпараттар (болатын). Кейінірек кейбір шығармашылық бірлестіктермен бірлесе отырып, жеңіл және түрлі тақырыптағы жобаларды көрермен назарына ұсына бастады: “Метро” (жүргізушісі: Наталья Фрейман); “Септима” (жүргізушісі: Дана Нұржігіт); “Ні-Ғі фронт” (продюсері: Рүстем Әбдірашев); “Мисс Обояшка”, “Компью-бум” (режиссері: Арман Қарабаев); “Лучше быть богатым и счастливым” (“Гала-ТВ”); “Лучше быть с автомобилем” (“Гала-ТВ”); “Эксклюзив-мода” (жүргізушісі: ДинараЕгеубаева); “Время телезрителя” (идея авторы: Владимир Рерих); “Телекроссворд” (жүргізушісі: Бауыржан Жансейітов); “Рота, подъем” (жүргізушісі: Шолпан Жананова) және т.б. Айта кететін жайт, бұлардың басым көпшілігі (ойлап табылуы, жасалуы жагынан) орыс тілінде жүзеге асатын-ды, ал қазақшасы (егер болса) оны аудару жұмысынан аспайтын. Дәл осы кезеңдерде “Хабардың” “қолтығының астына” (бұл уақытқа дейін “Қазақстан-1” телеарнасында эфирге жатқан)

«Тамаша» ойын – сауық отауы (жетекшісі: Лұқпан Есен) мен «Айтыс» бағадарламасы (жетекшісі: Жүрсін Ерман ) келіп кірді.

Ал кәсіби телесынщының пікірі «қатырды немесе бүлдіріп кетті» деген субьективті көзқарастарының шеңберінде қалып қоймай, (тереңдетіп талдап) «жаманның неге жаман шыққанын», «Жақсының неге жақсы болғанын» сараптап түсіндіре білуімен және кемшіліктерді жай ғана тізе бермей, оны қалай жақсартудың жолын көрсете алуымен ерекшеленеді. Жай ғана мысал: (“Хабардағы”) “Ауылдың алты ауызы” атты (республикада бәсекелесі жоқ) этно-сазды бағдарлама өзінің танымдық тереңдігі мен режиссуралық шеберлігі жағынан өте жоғары деңгейде жасалған жоба деп санаймын (оны шетелдің ірі телеарналарында көрсетуге ұялмай ұсынуға болады). Бірақ, “алты ауызды” жан-жақты сараптаған салмақты талдау- мақаланы көзім шалған емес. Жеңістің 60 жылдығына арнап, 10 шақты көркем шағын фильмдер түсіріп көрсеттік. Ұлы Отан соғысының қасіретті жаңғырықтарын екі-үш минуттық көлемге сыйдыра білген (біздің) телевизиялық топ, өзінің шығармашылық мүмкіндігі жағынан Мәскеулік кино-майталмандармен терезесі тең екенін (тағы да) байқатты. Әншейінде, не болса соны жазатын “телесыншыларымыздың” көздері жұмылып, (құлақтары жабылып) бұл жолы тағы да үнсіз қалды. Ал, егер олардың жазу (сынау) саясаты “мынау — өзіміздің (жерлес, ниеттес, партиялас, дәмдес) адамдардың жұмысы, анау өзгелердің жұмысы” деген (есепшіл) өлшеммен айқындалатын болса, мұндай құбылыстың өте ұятты (әрі қауіпті) екенін ескерген жөн... “Төресі теріс би жаман”. Телевизия туралы материалдарды, телеарнаға жұмысқа кіре алмағандықтан ренжіп немесе (белгілі бір) телекомпаниядан жұмыстан кеткендіктен (“ішкен құдығына түкіріп”) өкпелеп жүрген пенделер емес, телевизия атты сиқырлы әлемді риясыз сезімімен (шын) сүйе алатын (таза жүректі, нағыз) тележанкүйер маман жазуы керек (деп ойлаймын).