- •5В050400 – «Журналистика» мамандығы
- •5В050400 - «Журналистика» мамандығы
- •І. Продюсер және экран мәдениеті
- •1.1 Продюсерлік қызметтің журналистикадағы орны
- •1.2 Продюсерлік қызметтің құқықтық реттелуі
- •2. Серік аббас-шах – продюсер
- •2.1 Серік Аббас-Шахтың «Хабар» агенттігіндегі продюсерлік қызметі
- •2.2 Серік Аббас-Шахтың продюсерлік шығармашылығы («Ұят болмасын», «Жетпіс жеті күн», «Таң қалмаңыз» бағдарламалары негізінде)
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.2 Продюсерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Продюсердің құқықтық жағдайы көптеген заңдармен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен, бірінші кезекте азаматтық заңдармен, себебі продюсер қызметі кәсіпкерлік жұмыс болғандықтан Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексінің 2-тарауына сәйкес реттеледі де жүйелі түрде табыс табуға негізделеді.
Аудиодыбысты саладағы бұл қызметтің ерекшелігі екі негізгі актіде айқындалған. Біріншісі - Қазақстан Республикасының кинемотографиясын қолдау деп аталса (№26, 22 тамыз, 1996 ж.), екіншісі - Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және оған теңгерілетін құқықтар деп аталатын (№53 9 шілде, 1993 ж.) заң.
Мынаны еске алу керек продюсердің құқықтық мәртебесі туралы мәселелер басқалармен салыстырсақ Қазақстанда тәжірибеге жақында ғана енгізілді. Ал Кеңес дәуіріндегі кинемотография туралы Заңдар авторлық құқықты тек қана кинофильм шығаратын мекемелерге ғана берілді (СССР-дің Азаматтық кодексі).
Бұдан мынаны байқау қиын емес, яғни 1992 жылға дейін киноөндіру мәселесі және құқығы кинопроцесімен айналысатын арнайы мекемелерге ғана берілді.
Оның үстіне ондай мекемелердің бәрі мемлекеттік болды. Жоспарлы экономика кезінде басқа жағдай болуы мүмкін емес еді. Ал енді нарықтық дамуына байланысты мемлекет киноөндірісіндегі бір орталықтан басқарылатын монополияны жоғалтты, сонан соң киноөндірісіндегі мемлекеттік мекемелермен бірге, экран өнімін өндіретін жекеше мекемелер де пайда бола бастады. Кинобизнесте заңды тұлғалардан басқа жеке мекемелер де пайда болды.
Қазақстан Кинемотографистер Одағында киноөндірісін ұйымдастырушылар пайда болды. Қазақстанның азаматтық Заңдарына байланысты 1991 жылдың 31 мамырында «Кино теле, видеофильм даярлаушы» деген ұғым пайда болды, бірақ оның ұйымдастыру – құқықтық көрсетілмеді, сонда да кинодаярлаушы болып, аудио-визуалды өнімдерді даярлаушы болып, азаматтық құқықтың кез келген субъектісі бола алады, сондай-ақ жеке тұлғалар (азамат), заңды тұлғалар бола алады деп көрсетілген.
Одан екі жыл кейін шыққан «Авторлық құқық пен оған теңгерілген құқықтар» туалы Республика Заңында «Аудиовизуальді өндірісті даярлаушы» ұғымының және терминінің мағынасын ашып, «Жеке тұлға немесе заңды тұлға егер өзіне оны өндіру мен жасау бастамасы мен жауапкершілігін алса, кинодаярлаушы бола алады» деп көрсетілген (4-тарау). Аталған тиісті заңға сәйкес, аудиовизуальді өнім өндірушілер лицензия алуы шарт емес делінген, демек рұқсат алу міндетті емес, немесе қосымша бір формалдықты сақтаудың қажеті жоқ, сондықтан кез келген фильм жасауды қолға алып, бастама көтере алады. Екінші оқылымның жазылуына қарай мынандай заңды сұрақ туындайды. Ол сұрақ аудиовизуальды өнім даярлаушыдан оны даярлау барысында қандай жауапкершілік талап етіледі және ол жөнінде кімнің алдында жауап береді? Басқа елдердің заңдарында бұған нақты жауап берілген, ал біздің республиканың заңында аудиовизуальды өнім өндірушілер өз өнімін аяқтау керек деп қана атап өтілген.
Ең соңында, 1996 жылы қабылданған «Мемлекеттік қолдау туралы» Заңда «фильм продюсері» деген ұғымға түсінік беріледі. Біраздан бері қолданылып келе жатқан продюсер термині содан кейін барып заңдастырылды. Осы Заңның 3-тарауында продюсерді «Продюсер дегеніміз кино өндіретін, қаржыландыратын, фильмді прокатқа беретін тұлға» деп көрсетіледі.
Екі түрлі анықтауды салыстырып көрейік, аудиовизуальды шығармашы дайындаушы авторлық құқық туралы Заңның түсіндірілуінше және мемлекеттік қолдау туралы заңға сәйкес екеуін салыстырып көруімізге болады. Сол ұғым туралы нысанды екі түрлі түсіндіреді, біреуінде фильм десе, біреуінде аудиовизуальды шығарма. «Аталған Заңның 4-тармағына сәйкес – бір-біріне кадрлар арқылы байланысқан тіркелген сериялардан тұратын туынды, олар көрермендер мен тыңдаушыға арналған туындылар, олар белгілі бір техникалық құрылғылар арқылы берілетін шығарманың түрі» деп» – түсініктеме берілген. «Аудиовизуальды шығарма кинемотографиялық туындыларға жатады, соған ұқсас кинемотографиялық (теле – және видеофильмдер, слайдфильмдер және соған ұқсас фильмдер» - деп анықтама берілген. Ал «фильм дегеніміз атлған Заңның 3-тармағына сәйкес – бұл көркем, деректі-хронокалды, ғылыми көпшілік, оқулық, анимациялық, телефизиялық немесе көркемдік ойлаудан, кинопленка арқылы бейнеленетін, бір-бірімен кадрлар арқылы байланысқан, техникалық құралдар арқылы қабылданатын аудиовизуальды туынды» деп анықтама беріледі. Осы екі анықтамада түрлі-түрлі айтылғанына қарай, фильм термині мен аудиовизуальды шығарма екеуі де ұқсас, екеуі туралы құқықтық режим де бірдей екені туралы анық айтылған.
Екі заң да даярлаушы мен продюсер болып жеке тұлға мен заңды тұлғалар бола береді. Жеке тұлғалардың мүмкіндігі пайда болған соң аудиовизуальды өндірісті жүргізе беретін, осы саладағы кәсіпкерлікті жүргізуге мүмкіндік алды, себебі заңда көрсетілген жеке тұлға дегеніміз жеке азамат болып табылады, сонымен қатар жеке тұлға дегеніміз заңдастырлыса заңды тұлға болып санала береді, сол еңбекті кино өндірісімен айналысуға құқығы болып табылады. Бірақ мұндай тұлғалар туралы құқықтық мәртебе анық емес, міндеттері де анық көрсетілмеген.
Продюсер мен даярлаушы екі заңдағы анықтамадаөзіне жауапкершілік пен міндет алады, бірінші кезекте қаржыландыруды, прокатты, өндірісті өз мойнына алып, атқаратын тұлға болып табылады да, ал екіншісі өндірісті даярлаушы адам болып шығады. Енді осы тұлға туралы анықтама бірдей ме, осыған тоқталайық. Себебі бір аудиовизуальды өнімді жасау үшін бірнеше продюсер қатысады және олардың міндеттері де бірдей емес. Біреуі қаржыны жұмсаумен шұғылданса, екіншісі техникалық және шығармашылық кадрларды іріктеумен айналысады, түсірілім тобын іріктейді, ол біреуі ұжымның орындаушылық рөлін бөліп беріп отырады (көп елде осы, маман орындаушы продюсер болып табылады), ал төртіншісі кино өндірісінің бүкіл шаруашылық жағын ұйымдастырады, әрі атқарады және ол пленка сатып алады, павлионды арендаға алады, түсіретін және жарық беретін құралдарды сатып алады, пленканы шығаратын лабараторияны жабдықтайды т.б.
Бұл міндеттерді кез келген адам, яғни жеке тұлға атқара алмайды, себебі бұл аталған жұмыстар кәсіпкерлікке жатады, сондықтан авторлық келісім-шарттар жасау керек, авторлық құқық пен азаматтық құқық алу керек, онсыз авторлық заңдылықтың ешбір өзгешелігі болмайды.
Сонымен кинемотографияны қолдау заңындағы жеке тұлға туралы анықтама айқын болмай шығады.
Демек, продюсерлердің арасындағы байланыс ұйымдастырушылық сипатта емес, келісім-шартқа негізделген жұмыс болып табылады. Аталған заңдарды негізге алып қарасақ, кез келген продюсер даярлаушы болып шығады. Мұның нәтижесі айтарлықтай болып табылады.
Көптеген елде продюсер оған теңестірілген құқықты пайдаланады, өйткені олар тек кәсіпкер ғана емес, шығармашылық қызметкер де болып табылады, сонымен қатар хабар тарататын, фонограмма даярлайтын қызметкер болып табылады. Мұндай заңдар тек қана 1992 – 1993 жылы болған, ал қазіргі заңдар даярлаушыларды продюсерге теңгерілетін құқыққа қоспайды. [11.29]
Продюсердің құқықтық жағдайының басты проблемаларының бірі – қазіргі заңдардың оның атқаратын қызметін толық жасамауында, жолға қоймауында болып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, продюсердің айқандаушы белгілеріне кино, аудиовизуальды қойымылмдарды қоюға деген жауапкершілік пен оны қоюға деген бастамашылығы, қаржыға, прокатқа және оны өндіруге деген жауапкершіліки қана көрсетілген. Қазіргі әрекет етіп жатқан Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 4 қазанда қабылданған №67 қаулысы осы аталған алқылықтың орнын толтыруға үлес қосып, продюсердің біліктілік сипаттамасын жасаған, теледидарлық және радио-бағдарлама жасаудағы құқықтық міндеттерін белгілейді.
Осы аталған құжатқа сәйкес продюсердің міндеттеріне мыналар кіреді:
Өз қаржысы немесе спонсорлердің қаржысын тарту арқылы қаржымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Ұсынылған жобалардың мақсатқа сай келетіндігін, оның идеялық-көркемдік мағынасын, снодай-ақ оның өзін-өзі ақтайтындығы мен табыс әкелетіндігін қамтамасыз ету;
Жобаны талдауды және оны іске асыруды ұйымдастыру, оны іске асырудың әдістері мен жолдарын айқындау;
Жобаны іске асыру үшін кадр таңдау ісіне қатысу, және оларды тиімді салаларға орналастыру;
Жобадағы барлық оған тиесілі қызметтерді үйлестіру;
Жобаны іске асыру үшін жұмыс комплекстерін ұйымдастыру және оларды тиісті құралдармен қамтамасыз ету;
Жобаны енгізу мен оаған даярлық кезінде материалдық және қаржылық қорларды тиімді пайдалану, оларды үнемдеу режимдерін жарату жолдарын қадағалау;
Іске асыратын жоба туралы барлық отандық және шетелдік кітаптарды оқу және талдап шығу;
Жарамдылық компанияның жұмысын жүргізу үшін оны ұйымдастыру, оны талданған жобаны іске асыруға тиімді пайдалану, бұқаралық ақпарат құралдарында жобаға қатысты материалдарды жарнамалау, оларды музыкамен түрлі-түсті көріністермен, мәтінмен жабдықтау.
Продюсер мынаны білу керек: аудиовизуалды саладағы арнайы заңдар мен нормативтік – актілерді, коммерциялық және коммерциялық қызметтің регламентін, менеджмент пенмаркетингті, шығармашылық процесті ұйымдастыру, аудиовизуальды өндірісті, шығармаларды жасау технологиясын, осы саладағы техникалық құралдарды, өндірісті ұйымдастыру мен оның экономикасын білу, еңбекті ұйымдастыру мен оны басқару тәсілдерін білу, есептеу техникасы құралдарын білу, коммуникация мен байланысын білу, жарнамалық компанияның әдісі мен оны жүргізу ісін білу, аудиовизуальды өндірістің отандық және шетелдік озық тәжірибесін білу және меңгеру, еңбек қатынастары заңдарының негізін білу, еңбекті қорғау заңдары мен нормаларын білу және жетік меңгеру.
Білімділік сипаттамасынан мыналар анық байқалады, олар тек қана продюсердің қызметінің ғана реттейді – олар жеке тұлғалар мен продюсерлік компанияның жұмысына жауапты қызметкерлердің қызметін реттеуге негізделген, бірақ осы жеке тұлғаларға қойылатын талаптар заңды тұлғаларға келгенде қолданылатындығы туралы бір де бір сөз жоқ. Бірақ Қазақстанның кинемотография туралы заңдарында продюсер болып тек қана жеке азаматтар ғана емес, ұйымдар да продюсерлікпен айналыса алады деп көрсетілген, сондықтан олардың осы кезге дейін біліктілік сипаттамасы жасалмаған.
Продюсер кинемотографиядағы өте күрделі, әрі сан-сапалы жұмыс. Бір жағынан бұл кәсіпкер, сондықтан фильм жасаудың барлық қаржылық, техникалық жағынан ұйымдастырушы кәсіп түрі, екінші жағынан түсірілімнің барлық жауапкершілігін өз мағынасына алатын мамандық. Продюсер өндіріспен және оның шаруашылық қызметімен тікелей айналысатын, жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін, егер түсірілім сәтсіз болса (ол үнемі сәтті бола бермейді) оны қайтаратын, даяр аудиовизуальды шығарманы тиімді іске асыратын мамандық иесі болып табылады.
Қазіргі кезде продюсердің құқықтық жағдайы Қазақстан заңында кәсіпкер ретінде енді-енді заңдастырылу үстінде.
Оның бір белгісі мына бір дәлел болып табылады, Қазақстандық экономикалық қызметтің жіктемесінде продюсер «Коммерциялық және техникалық және де басқа қызмет түрлерімен айналысушы және басқа да топтарға қатысатын тұлға» деп көрсетілген.
Екінші жағынан қарағанда, продюсер қызметі тек қана шаруашылық қызметпен шектелмейді, дәл осы продюсер сценарийдің авторын бекітеді. Сондай-ақ композиторды, режиссерді, орындаушы топтың мүшелерін белгілеп, олармен фильм жасау үшін келісімшартқа тұратын мамандық иесі болып табылады.
Бұл сала продюсердің құқықтық жағдайының тағы бір ерекшелігінің түрі болып саналады, ол аңда оның аудиовизуальды туындыны басқаруы туралы ешнәрсе айтылмаған, ол бұл құқықты оның авторларымен келісімшартқа тұру арқылы шешеді.
Жоғарыда айтылып өткендей аудиовизуальды саладағы авторлық заңдар 1992 жылы түбірімен өзгеріске ұшырағаны белгілі. Одақтас Республикалардың ең соңғы азаматтық заңдылықтары күшіне енген соң авторлық құқық фильм өндіретін, шығаратын мекемеге емес, фильмнің түсірілімінқамтамасыз ететін авторларға – сценарий авторына, режиссер-оюшыға, музыкалық шығарма авторына, осы аудиовизуальды туындыға арнап музыка жазған авторға берілетін болды. Әрине, фильм шығармашылық қызметтің жемісі болып табылады. Сондықтан жағарыда аталған қыметкерлерге ғана емес, аудиовизуальды туындыны шығаруға қатысатын барлық тұлғаларға берілетін болды, оның ішінде роман авторларына, яғни сценарийге негіз болған көркем шығарма авторына, сонымен қатар фильм жасауға қатысқан оператор-қоюшыға, суретші-қоюшыға да авторлық құқықберілетін болды. Бұл авторлар фильмнің барлығына автор бола алмайды. Бірақ әрқайсысы өзі қатысқан, істеп шыққан, атқарған саласына автор болып, оның құқығын иелене алады.
Қаншалықты құқық туралы Заңның күші бойынша шығармашылық қызметтің нәтжесі, оның ішінде қолдану мен оны қолданылуына рұқсат беру құқығы берілсе де, авторлардың өзінде де мынандай сұрақ туындайтыны даусыз. Себебі, кімнің шығармашылық еңбегі арқылы шығарма, туынды пайда болады, міне, осының бәріне продюсерге құқық берілуі керек, барлық фильм оның басшылығымен жасалынуы керек, аудиовизуальды туындыны жасаушылар, авторлық құқық туралы келісімшарт жасауға берілуі керек!
Продюсердің авторлармен келісім-шарт жасау үлгісі, Қазақстан заңының 13-тарауының 2-тармағында ос шығарманың автоларымен келісімшарт жасау құқығы, оның ішінде аудиовизуальды шығарманың ерекше құқығы, оның ішінде жасау, өндіру, тарату, ашық қолдану (көпшілікке қолдану), бәрінің назарына ұсыну үшін кабель арқылы тарату, эфирге шығару немесе басқа да кез келген көпшілікке тарату ісі, сондай-ақ оны субтитрлеу және аудару (дубляж жасау), егер келісім шартта қаралмаса, бәрі де продюсерге жүктеледі.
Аталған құқық аудиовизуальды туындының авторлық құқының мерзімі өткенше күшін жоғалтпайды. Аудиовизуальды туындыны даярлаушы осы туындыны қалай қолданам десе де, өзі біледі, өзінің есімін көрсетем десе де өзі біледі.
Продюсер мен авторлар арасындағы қарым-қатынас, оның ішінде аудиовизуальды өнімге салынған кез келген үлес авторлық келісімшартпен реттеледі, бірақ осы келісімшарт туралы жазылған сипаттама үлгісі қолданылуыға келмейді, сондықтан продюсерге жасаушылардың осы тобымен келісімшарт жасау барысында ерекше абайлауға, сақтануға тура келеді.
Қазақстанның кинемотография туралы Заңының 432 тарауының 1-тармағына сәйкес келісімшарт жасаушы тараптар барлық келісімшарт түрлерін орындауға жетіскенде ғана қабылданған болып есептеледі.
Осы жалпы норма (өлшем) бойынша бір-ақ шарт аталды, екі жақ келісім туралы келісімшарт жасауы керек, бұл келісімшарттың негізгі нысаны. Қалған аталған шарттарарнайы норма ретінде анық көрсетілген, олар азаматтық құқықтың келісімшарт бойынша жеке топтарды реттейді, немесе екі тараптың қалауына қарай түзіледі.
Қазақстанның жоғарыда аталған Заңының 32-тарауында мынаны талап етер, «авторлық келісімшарттар қарапайым жазба үлгіде жасалу керек». Бұдан тыс ауызша келісімшарт жасау мерзімді баспасөздегі қолданылатын келісішарттарға тән болып келеді, бұның аудиовизуальды салаға қатысы жоқ.
Осы аталған заңның 31-тарауының 1-тармағында тікелей атап өтілгендей бұл авторлық келісімшартты түзуде де қолданылады. Авторлық келісімшартта мыналар қарастырылуы қажет: шығанманы қолдану тәсілдері (нақты құқық, осы келісімшарт арқылы орындалатын құқық), мерзімі мен аумағы, құқық берілетін аймақ, сыйлық беру мөлшері көрсетілуі керек, ол өнімді орындаудың әрбір түрі сайын берілуі керек, оны беру мерзімі қысқасы келісімшарттарының барлығы орындалуы керек.
Қазақстанның авторлық құқық туралы Заңының 2-тарауының 13-тармағында жоғарыда айтылғандай аудиовизульды саладағы авторлық келісімшарттың нұсқаулығы берілген. [12.44]
Продюсер мыналарға ерекше назар аударуы керекол фильм авторларымен келісімшарт түзу кезіндегі авторлық құқықтың екі нысанына назар аударуы керек, ол тфильмнің өзі туралы келісім шарт және авторлардың тікелей салған үлесі – әдеби немесе режиссерлық сценарий болып табылады және музыкалық шығармаларға ерекше назар аудару жұмыстары. Ұжымдық және жеке шығармашылық қызмет бір ғана келісімшартта көрсетілуі мүмкін, бірақ жағдай әр түрлі болуы мүмкін (орындалу тәсілдері, мерзімі, аумағы т.б.)
Автор мен прлдюсер авторлық-құқықтың келісімшартта тұрмай, еңбек туралы келісім шарт жасау керек болса басқаша жағдай туындайды.
Аудиовизуальды өнімдердің режимі немесе оған қойылған салымдар (авторлар үшін аталған аңының 4-тарауының 13-тармағына сәйкес) қызметтік өнімдердің бұрыннан бар мәртебесібұрынғыға қарағанда принципті түрде ажыратылады.
Аталған заңның 14-тармағына сәйкес өнімге деген авторлық құқық, қызметтік міндеттерді орындау барысындағы авторлық құқық, әлде жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жасалған авторлық құқық (яғни қызметтік өнім) қызметін өнімнің авторына тиісті болады, бірақ қызметік өнімдердіорындау кезіндегі құқық еңбек қатынасында тұратын тұлғаға тиісті болады, егер келісімшартта автор мен олардың арасында басқаша жағдай қарастырылмаса ғана аталған тұлғаға тиесілі болады.
Авторлық қарым-қатыастан автор мен продюсер арасындағы келісімшартты бұзудың айырмашылығы, продюсерге айтарлықтай залал әкелмейді, себебі ол өнімді қолдану мүмкіндігінен айыру сияқты шарадай қиын тимейді.
Продюер автормен қарым-қатынас жасаған кезде аталған Заңның 15-тарауына сәйкес бірқатар мәселелер туындайтынын да ескеру керек, бұл жеке заттың емес (мүліктік емес) құндылық болып табылады, бұл шығарманың жеке авторына қатысты болып келеді, сондықтан автормен келісіп, оның рұқсатымн аталған туындыны пайдалану керек, оны өз атымен немесе лақап атауменберуге болады, өйткені автордың оны халыққа таратуға да, таратпауға да құқы бар, пікір алуға да құқылышығарманы қорғау құқығы да берулген, түрлі кемсітуден де қорғауға ақысы бар, автордың атына, намысына нұқсан келген жағдайда одан қорғанудың да құқықтықнегізі бар. Пікір білдіру құқығы бойынша автор бұрынға жасаған келісімшарттарын бұзуға да құқы бар, сөйтіп оны халыққа таратпауға құқылы, егер авторға әр түрлі нұқсан, шығын келетін болса, пайда келтіретін шартты қосып, қайтадан келісімшартқа тұруға да құқылы екені ескерілуі керек. Мұндай жағдайда бұрын келісым шартқа тұрған кездегі берілген шығарманыңтүпнұсқалық нұсқаларын қайтарып алуға құқылы. Мүліктік емес құқық оның зат мүліктік құқығына қатысты емес және шығармашы қолданған құқық бойынша оның құқығы сақталады.
Одан басқа, автордың пайдасын қорғау мақсатында және шығармашылықтың еркіндік конституциялық құқығын қамтамасыз ету үшн продюсердің көптеген шектеулері бар, ол авторлық келісімшар кезінде қолданылатын шектеулер. Бұл аталған Заңның 31-тармағында қарастырылған, бұл заң авторлық келісімшартпен берілген құқық, бұл құқық мынандай жағдайда толық немесе жартылай жартылай басқаларға берілуге болады, егер бұл келісімшартта көрсетілген болса, солай болады, авторлық келісімшарттың нысаны шығарманы пайдалануға, қолдануға құқық бермейді, егер автор бұл шығарманы аталған тапсырыс бойынша болашақ шығармасында пайдалануына шектеу қояды, онда ол жарамсыз болып табылады.
