Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серік Абас Шах – продюсер17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.23 Кб
Скачать

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жолдыхожаев Бекұлан

Серік Аббас-Шах – продюсер

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050400 – «Журналистика» мамандығы

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қызметте қолдау үшін (қажет кезінде)

«Қорғауға жіберілді»

__________________

кафедра меңгерушісі

филол.ғ.к., доцент қ.а. Исаева Ж.И.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Серік Аббас-Шах – продюсер

5В050400 - «Журналистика» мамандығы

Орындаған Жолдыхожаев Б.

Ғылыми жетекшісі,

филол.ғ.к., доцент Сердәлі Б.

Т үркістан 2015

Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................

3

І

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ПРОДЮСЕР ЖӘНЕ ЭКРАН МӘДЕНИЕТІ ..................................

5

1.1

Продюсерлік қызметтің журналистикадағы орны .............................

1.2

Продюсерлік қызметтің құқықтық реттелуі .......................................

ІІ

СЕРІК АББАС-ШАХ – ПРОДЮСЕР ...............................................

2.1

Серік Аббас-Шахтың «Хабар» агенттігіндегі

продюсерлік қызметі ..............................................................................

2.2

Серік Аббас-Шахтың продюсерлік шығармашылығы («Ұят болмасын», «Жетпіс жеті күн», «Таң қалмаңыз»

бағдарламалары негізінде) ....................................................................

Қорытынды ...........................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Дипломдық жұмыс «Серік Аббас-Шах – продюсер» деп аталады. Қазіргі уақытта ақпарат құралдары мен мәдениет пен өнердің барлық саласында жаңа сала болып табылатын продюсерлік мамандық пен оның атқаратын қызметін білу өзекті мәселе болып табылады, өйткені Серік Аббас-Шах және оның әріптестері бастаған продюсерлік қызмет қазіргі кезеңде өзінің қалыптасу, даму, жетілу кезеңін бастан кешіруде.

Диплом жұмысында алғашқы әрі бірегей продюсер болып табылатын Серік Аббас-Шахтың өмірі мен қызметіне тоқтала отырып, жалпы продюсерліктің қыр-сыры, оның Қазақстанда дамуы, продюсерлік қызметті жақсарту, жетілдіру мақсатында кейбір идеялар ұсынылады.

Продюсерлік арқылы теледидар мен аудиовизуальды хабарды Қазақстанда одан әрі дамыту қазіргі кезеңде болашағы зор мәселе болып отыр, себебі, продюсерлік қызмет аясы кеңіп, олардың саны артуда. Бұл мынандай себепке байланысты болып отыр, өйткені Кеңестер үкіметі кезеңіндегі баспасөз цензурасынан құтылған теледидар мен өнер, мәдениет саласы еркіндік алып, продюсер қызметінің маңыздылығын мой ындап отыр. Барлық теледидар мен басқа да аудиовизуальды технологияда оның дамуы мен көркемдік сапасы продюсер қызметіне тікелей байланысты.

«Серік Аббас-Шахтың продюсерлік қызметі мен шығармашылығы» деп аталатын диплом жұмысын таңдауымыздың себебі мынада, себебі, дипломшыны теледидар мен аудиовизуальды хабарлардың негізі болып табылатын продюсер қызметі қызықтырды, әсіресе, қазақ теледидарындағы продюсерлік қызметті ерте бастаған, жаңадан түрлі елге қызықты әрі маңызы бар хабарларды ұйымдастырушы Серік Аббас-Шахтың продюсер болып қалыптасу жолы, хабарлар жүргізудің қызықты да қиын жолы арнайы зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Диплом жұмысының дереккөздері ретінде тақырыпты игеруге қажетті «Авторлық құқық және сабақтастық құқықтар туралы Қазақстан Ремпубликасы Заңының ресми мәтіні», қазақ журналистикасының негізін қалаушы ғалым Тауман Амандосовтың «Журналистиканың теориясы мен практикасы» еңбегі («Мектеп» баспасы, 1978 жыл), М.Қ.Барманқұловтың еңбектері, түрлі сөздіктер сілтеме келтіру арқылы пайдаланылды.

Дипломның мақсаты, міндеттері. Сондықтан диплом жұмысын жазу барысында тақырыпты теру үшін алдымыздағы төмендегідей мақсат-міндеттер қойдық, олар мыналар:

  • Продюсер қызметінің этимологиясын (шығу тегін, ақиқатын) айқындау;

  • Продюсер мамандығының режиссермен, оператормен, актерлармен және де басқа техникалық қызметкерлермен арақатынасын айқындау;

  • Продюсер қызметінің телехабарлар мен аудиовидео және видеовизуальды хабарлар ұйымдастырудағы ролін айқындап, міндеттері мен әдіс-тәсілдерін талдау;

  • Серік Аббас-Шахтың продюсер ретіндегі алғашқы бастамалары мен еңбек жолын зерттеп, оны оқырмандарға жеткізу;

  • Серік Аббас-Шах шығармашылығының шарықтау шегі «болып табылатын» 77 күн бағдарламасының құндылықтары мен идеясын, көркемдік ерекшеліктерінің қыр-сырын ашу;

  • Серік Аббас-Шахтың «Хабар» агенттігіндегі еңбек жолы мен шығармашылық жетістіктеріне талдау жасап, оның қыр-сырын ашу;

Зерттелу нысаны. Диплом жұмысының зерттеу нысаны – теледидар мен аудиовизуальды хабарларды ұйымдастырушы продюсерлердің бірі Серік Аббас-Шахтың өмірі мен қызметіне арналады.

Серік Аббас-Шахтың продюсер ретіндегі «Ұят болмасын», «Таң қалмаңыз» сияқты бағдарламаларының продюсерлік шеберліктің дамуындағы өзіндік орнын айқындау.

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Соңғы онжылдықта отандық аудио-визуальды саланың дамуына көптеген қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық факторлар ықпал етті. Оның ішінде: шығармашылық және экономикалық процестерді демократияландыру мен бір орталықтан басқару жүйесінің жойылуы, экономикалық ұйымдастыру мен шығармашылық процестердің құқықтық формаларының сан түрлілігі, цензуралық шектеулердің көпшілігінің алынып тасталуы, мемлекеттің репертуар саясатына араласпауы, шаруашылық жүргізудің тәуелсіздігі, мекеменің өндірістік тұрмыстық қызметінің негізгі салаларын жоспарлаудағы еркіндік сияқты мәселелер бар. Бұдан басқа мекемелердің мемлекеттен алынып, жекешелендірілуі сияқты мәселелер де бар. Сонымен бірге жекеше видеоұйымдар мен киноның, теледидардың шығуы да бар, мұның бәрі аудио-визальды саланың дамуына алып келеді. Сондай-ақ аудио-визуальды саладағы шет елдік өнімдердің келуі де артып кетті, мұның өзі Қазақстан азаматтарының эстетикалық және жанрлық жағынан көзқарасын өзгертуге себеп болды. Бұл бәсекелестікті күрт арттыруды, оның ішінде қазақстандық аудио-визуальды өнімді өндірушілер мен шетелдік аудио-визуалды өнім өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің артуына әкеп соқты. Осы жағдайлардың бірден әсер етуі аудио-визуальды саланың құрылымдық ерекшеліктеріне де әсер етті, ал бұл жағдай осы саладағы өнімнің қысқаруына, отандық өнімнің прокаты мен өндірілуінің қысқаруына алып келді, «үй кинотеатрының» рөлі артты, себебі теле, видео, интернет өнімдері бірігіп кетті, бұл көрерменнің жанрлық өзгеруіне әкелді, бағдарламаның қызғылықты түрлері белең алды, бұлардың көбі шет елден келген өнімдер болды. [1.15]

Осы жағдайлардың себебінен аудио-визуальды саланың қаржыландырылуы мен бюджеттен қамтамасыз етілуі күрт қысқаруға ұшырады, ал бұл жағдай осы кезге дейін аудио-визуальды өнім өндіруде басымдыққа ие болып келе жатқан мемлекеттік мекемелердің құлдырауына әкелді, бұл экран өнімін және оны тарату ісін қайта қарауды және оның жүйесін қайта құрудың қажеттігін тудырды. Сонымен аудио-визуальды өнім өндірудің барлық құрылымдық ұйымдары қарама-қайшылықта, жүйесіз, бірақ жаңаға қарай, жаңа нарықтық жағдайға қарай бейімделе бастады: аудио-визуальды саланың инфрақұрылымындағы жүздеген жаңа әрі жекеше ұйымдар пайда болды, бұлар аудио-визуальды өнім өндірушілермен қарым-қатынасқа түсе бастады, жаңа ұйымдастыру экономикалық схеманың туындауына себеп болды.

Бұл процесте кәсіпкерлер негізгі шешуші тұлғаға айналды, міне, осылар, өнер мен мәдениет саласындағы шешуші тұлғалар продюссер деп аталады, бұл бұрын отандық кинематография мен теледидар мекемелерінде белгісіз мамандық еді.

«Қазақстан Республикасының кинематографиясын мемлекеттік қорғау туралы» 1996 жылғы №126 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «фильмді өндіретін әрі прокаттайтын, оның қаржыландырылуын мойнына алатын тұлға продюссер болып табылады» - делінген.

Табиғи және адами қорларды өндіретін басқа кәсіпкерлерден продюссердің айырмашылығы – жалғыз өзі жеке интеллектуальды жаңа меншік тудыру мақсатында драматургтың, композитордың, режиссердің, оператордың, әр түрлі мамандықтағы суретшінің, әртістердің, техникалық қызметкердің және басқа да қызметкерлердің қызметін бір өзі ұштастыра атқаратындығында.

Кино және теленарықтың белсенді өкілі болғандықтан ол аудио-визуальды өнім өндіруші ретінде, нарықтық байланысты қалыптастырушы ретінде продюссер жеке әрекет жасайды. Оның барлық қатерлері мен тәуекелділігін өз мойнына алып, жауапкершілігін мойнына алып фильмді түсіреді, бағдарламасын жасайды, сюжетін құрады және т.б. да істерін атқарады.

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және оны алмастыратын құықтар» атты Заңына сәйкес аудио-визуальды шығарманы жасау, қайта өндіру, тарату және шығарманы көпшілік алдында орындау құқықтарын береді. Продюссер өзіне тек қана жобаны даярлау бастамашылығын, жауапкершілігін алып қана қоймайды, шығарманы жасауға да тікелей қатысады.

Күрделі технологиялық процестердің құпияларын меңгере отырып, продюссер көрерменге шығарманы әдеби негізде жеткізіп қана қоймайды, ол шығарманы жасаушы ретінде де қалыптасады, әрбір қатысушы өз партиясын орындайтындай етіп үлкен орындаушылық ұжымның дирижері қызметін де атқарады. Жоғары шығармашылық нәтижелер, міндетті түрде оны жасаушыларға қарыздар болады, сондықтан продюссерден бастап оның табыс түсіруіне талпынады. [2.20]

Сценаридің көркемдік дәрежесіне қатесіз баға бере білу, түсіру тобының негізгі шығармашылық құрамын таңдау, өндірістің тәсілдерін даярлау, фильмнің прокатын талдау, қойылатын жобаның сатылары мен кезеңдерін көре білу, кино көрілімін және фильмнің даяр лентасын құрастыру, жетекші дарынымен теленарық пен кино жөнінде хабардар болу және басқа да істер продюссердің кәсіби сапасын білдіреді.

Продюссер мамандығы келесідей қызметтерді атқаруды көздейді: түсірілімнің шығармашылық және техникалық процесін қамтамасыз ету, киноның қалың көпшілікке жетуін және оларды қанағаттандыруын қамтамасыз ету, фильмді түсіруге кеткен шығынның толық қайтарылуын қамтамасыз ету, кино түсіруге кететін қаржы көздерін табу, оны орнымен жұмсауды қамтамасыз ету, көркемдік, көрермендік дәрежесін сараптамадан өткізуді қамтамасыз ету, фильмнің прокаты мен өндіріс тактикасының тиімді жолдарын қамтамасыз ету. Тіпті продюссер міндетінің ұзын-ырғағы одан сайын мынаны көрсетеді, өзін продюссерлікке арнаған адамның жан-жақты әрі арнаулы білімінің деңгейінің жоғары болуы қажет.

Ұсынылып отырған диплом жұмысында тек қана Аббас-Шахтың продюссерлік шеберлігі ғана емес, Қазақстандағы продюссерліктің пайда болу, өсу, әдістемелік қырларына талдау жасау үшін көптеген авторлық ұжымның еңбектері, аудио-визуальды өнім өндіруден тәжірибесі бар продюссерлердің тәжірибесі пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы мынадай талаптарды қояды, аудио-визуалды саладағы продюссерлер даярлаудың мемлекеттік стандарттық жобасында көрсетілген талаптар жан-жақты баяндалуымен етекшеленеді.

Сондықтан аталған диплом жұмысының архитектоникасын сипаттай келе, мұнда аудио-визуальды мәдениет пен оның қазіргі өмірінің рөлі, продюссерліктің кәсіпкерлік қызметіне, аудио-визуальды саланы дамытудың экономикалық-ұйымдастыру мәселелеріне, өндірістік жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелеріне, қаржыландыру мен шаруашылық механизмдеріне талдау жасалынады. Өзіндік ерекшелігі бар мәселелер қарастырылады, оған продюссердің кәсіби шеберлігі мен білімділігі кіреді, нарықты қалыптастыру мен аудио-визуальды өнімдерді ұйымдастыру жолдары, мәдени жобаларды продюссерлеу технологиясы кіреді. Теориялық материалдардың бейнелерінде Аббас-Шах пен сол сияқты көптеген продюссерлердің тәжірибесі сипатталады. Кейбір тарауларда анықтамалық-әдістемелік материалдар беріледі. Диплом жұмысының соңында продюссерлік салада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар беріледі.

Практикалық маңыздылығы. Қазақ теледидары мен аудиовизуальды хабарлар саласындағы продюсерлікті, оның ішінде, Серік Аббас-Шах шығармашылығы негізінде продюсерліктің дамуы, әдіс-тәсілдерін зарттеу – өте маңызды тақырып болып табылады. Сондықтан диплом жұмысында қарастырылған мәселелерді теледидар қызметкерлері, жас продюсерлер, магистрлер мен ізденушілер пайдаланылып, тәжірибеде қолданылуына болады.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ теледидарындағы продюсерлікті және Серік Аббас-Шахтың продюсерлік еңбек жолы мен шығармашылығына талдау жасау барысында С.Аббас-Шахтың өз еңбектерімен салыстыру әдісі, тарихи – салыстырмалы әдіс, сипаттау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.