Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты и мониторингы ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.06 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні

әлеуметтік стандарт - Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтердің және ақшалай төлемдердің көлемі, тұрмыс сапаларының көрсеткіші. Әлеуметтік стандарттар өмір деңгейі және сапасы туралы қоғамның түсінігін, қоғам талаптар түрінде көрсетілген осы түсініктердің жиынтығын, өмір стандартын немесе әлеуметтік стандартты анықтайды. Әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қызметтерді көрсетудің белгілі сандық және сапалық параметрлерін сипаттайды.

Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесінің объективті қажеттілігі әлеуметтік стандарттар механизмі келесі тиімділіктермен шартталған

  • практикада қолданылатын әлеуметтік стандарттар әлеуметтік дамудың бағытын береді және белгілі мақсатты бағдарға сәйкес әлеуметтік дамудың нақты деңгейін бағалауға мүмкіндік жасайды.

  • әлеуметтік стандарттар қоғамдық сектор ұйымдарымен өндірілетін әлеуметтік-мәнді қызметтерге бағалар ретінде қолданылуы мүмкін.

  • Әлеуметтік стандарттар жүйесі бюджетке шығыс міндеттемелерін орындауға, қажетті рерурстардағы тұтуншылықты негіздеуге және бюджеттік шығыстар тиімділіктер мен аумақтың бюджеттік қамсыздандырылуын бағалауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік стандарттар жүйесі арқылы берілген әлеуметтік қызметтерді көрсетудің нормативтік деңгейі , бюджеттік жүйенің барлық деңгейі бойынша шығыстарды бөлу тәртібі мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктеріне сәйкесуі және халықтың тиісті ресурстарға қолжетімділігін (мүмкіншілігін) қамтамасыз ете отырып, басқарманың әр түрлі деңгейіндегі бюджетті бағалау үшін негізді қалыптастыруы тиіс

  1. Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.

Жалпы, “статистика деген не” деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, статистика-ежелден келе жатқан қоғамдық ғылым. Басқа ғылымдарға қарағанда ерекшелігі- бұл нақты ғылым емес, өйткені статистика қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып келешекке болжау жасайды, мәліметтерді жинағанның өзінде де толық қамтылмауы мүмкін. Алайда статистика шындыққа жақын көрсеткіштерді іздестіреді.

Статистика — мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді.

Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.

Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда,бір жағынан,жалпы заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп,дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан,нарықтық экономикадағы жаңа құбылыстарды,процестерді дұрыс бағалап,экономикалық теорияны одан әрі дамытады.Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория,философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді:математика (жоғары математика,ықтималдықтар теориясы және т.б.); салық экономика (қаржы,банк ісін ұйымдастыру,ауылшаруашылық экономикасы,өнеркәсіп экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих,әлеуметтану,саясаттану,демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.

Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен , өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды . Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]