Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты и мониторингы ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.06 Кб
Скачать

53Тегін медициналык комекке кандай кепілдік беріледі және оны кімдер пайдалана алады.Екеуи уксайды

 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) мыналар кіреді: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтиды; 3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек; 4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; 5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

 

 2. ТМККК тізбесі

 

3. Жедел медициналық көмек нысанындағы ТМККК тізбесі мыналарды қамтиды: 1) шұғыл айғақтары бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету; 2) науқастарды медициналық айғақтары бойынша медициналық ұйымдарға жеткізу; 3) бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету. 4. Санитариялық авиация нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды: 1) пациенттің тұратын жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету; 2) әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау. 5. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға МСАК, КДК түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды: 1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы; 2) MСАК маманының және (немесе) бейінді мамандардың медициналық айғақтары және жолдамасы бойынша 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға (бұдан әрі - әлеуметтік қорғалмаған топтар) көрсетілетін полимеразды тізбекті реакция негізінде диагностикалауды, иммунофенотиптелуді, компьютерлік және магнитті-резонансты томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулерді қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер; 3) медициналық қызметтер (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуіштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдаланып хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар (бұдан әрі - медициналық қызметтер); 4) медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапиялық емшаралар; 5) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тіс жұлуды қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа), қыздыру және химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломба салу; 6) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар: салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтану; тұрғындарды гигиеналық оқыту, отбасын, ана болуды, әке болуды  және балалықты қорғау; халыққа қауіпсіз сумен жабдықтау және ұтымды тамақтану жөнінде түсіндіру жұмыстары; 7) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттармен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету; 8) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау; 9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егуді жүргізу; 10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар. 6. Стационарлық көмек нысанында көрсетілетін ТМККК мыналарды қамтиды: 1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы; 2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер; 3) медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда) медициналық айғақтар бойынша дәрілік фармулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету; 4) медициналық айғақтар бойынша қан мен оның компоненттерінің препараттарымен қамтамасыз ету; 5) тиісті күтім жасауды және тамақтануды қамтамасыз ету; 6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; 7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі. 7. Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды: 1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы; 2) медициналық айғақтары бойынша бір күн ішінде 4-тен 8 сағатқа дейін медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда), дәрілік формулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету.

Тегін медициналык кызметті есепке алынгандар, Казакстанда азаматтыгы бар осындар тіркелген он сегіз жаска дейнгі кез келген азамат,мемлекеттік женілдікке ілінген азаматтар пайдалана алады

54. ҚР Үкіметтінің 2004 ж 15 желтоксандагы каулысымен комитет туралы ереже және оның кұрылымыбекітілді. Осы комитеттің негізгі міндеттері кандай. Қазакстанның кай аймактарына бөлімшелер ашылды. Жауабынызды негіздеп нактыланыз. Осы суракты өздеринде карап коріндерші дым таппадым

  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.       2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы    Үкіметінің         2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысымен      бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):       көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың(облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:       «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген 2-бағанда:       «Ақмола» деген жолдағы «3242» деген сандар «3390» деген сандармен ауыстырылсын;       «Ақтөбе» деген жолдағы «2468» деген сандар «2554» деген сандармен ауыстырылсын;       «Алматы» деген жолдағы «3976» деген сандар «4144» деген сандармен ауыстырылсын;       «Атырау» деген жолдағы «1569» деген сандар «1654» деген сандармен ауыстырылсын;       «Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «3997» деген сандар «4191» деген сандармен ауыстырылсын;       «Жамбыл» деген жолдағы «2651» деген сандар «2745» деген сандармен ауыстырылсын;       «Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2280» деген сандар «2406» деген сандармен ауыстырылсын;       «Қарағанды» деген жолдағы «3467 деген сандар» «3634» деген сандармен ауыстырылсын;       «Қостанай» деген жолдағы «3488» деген сандар «3642» деген сандармен ауыстырылсын;       «Қызылорда» деген жолдағы «1893» деген сандар «1994» деген сандармен ауыстырылсын;       «Маңғыстау» деген жолдағы «1225» деген сандар «1284» деген сандармен ауыстырылсын;       «Павлодар» деген жолдағы «2806» деген сандар «2926» деген сандармен ауыстырылсын;       «Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2667» деген сандар «2791» деген сандармен ауыстырылсын;       «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «4404» деген сандар «4570» деген сандармен ауыстырылсын;       «Алматы қаласы» деген жолдағы «1361» деген сандар «1485» деген сандармен ауыстырылсын;       «Астана қаласы» деген жолдағы «817» деген сандар «892» деген сандармен ауыстырылсын;       «Жиыны:» деген жолдағы «42311» деген сандар «44302» деген сандармен ауыстырылсын.       2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:       көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:       3-бағанда:       «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 4-жолдағы «11243» деген сандар «10728» деген сандармен ауыстырылсын;       «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 8-жолдағы «10724» деген сандар «9517» деген сандармен ауыстырылсын;       «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 11-жолдағы «4220» деген сандар «3951» деген сандармен ауыстырылсын.       3. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат):       көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:       «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:       «23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы       24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]