- •«Әлеуметтік жұмыстағы стандарттау мен мониторингтеу» пәні бойынша емтихан жауаптары
- •Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
- •Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
- •Әлеуметтік стандарттаудың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз
- •Қр Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
- •Әлеуметтік стандарттар: түсінігі мен мәні
- •Стандарттар мен мониторингті дайындаудағы статистиканың рөлін айқындаңыз.
- •Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
- •Мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •Әлеуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз.
- •Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз
- •Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •Әлеуметтік индикаторлар мен әлеуметтік шараларды түсіндіріңіз
- •Әлеуметтік индикатор түсінігі
- •Әлеуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз
- •Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз.
- •18. Мониторингтің түрлері және жүргізу техникасына сипаттама беріңіз.
- •19. Мониторингтің атқаратын қызметтері мен принциптеріне анықтама беріңіз
- •20. «Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде
- •25.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
- •28.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз
- •29.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз
- •31.Әлеуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар
- •32.Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз
- •33.Әлеуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз
- •36. Әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз
- •39. Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз
- •40. Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз
- •41. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты. Арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдағы қабылдау, ауыстыру, бітіру талаптарыеа сипаттама беріп жауабыңызды нақтылаңыз.
- •48.Әлеуметтік камсыздандырудын негізгі концепциясы кандай.Әлеуметтік камсыздандыру, сапаны баскару, әлеуметтік кызмет көрсетуді стандартизациялаудың халыкаралык улгісіне сипаттама берініз.
- •50.Халыкаралык әлеуметтік стандарттаур жуйесі мен олардын аткаратын кызметі кандай.Артыкшылыктары мен кемшіліктері неде.Өз жауабынызды негізденіз
- •51.Казакстанда әлеуметтік стандарттауды кабылдау мен жургізу мәні кандай.КАй денгейде іске асырылып жатыр.Жауабынызды дамушы мемлекеттермен салыстыра отырып кесте турінде ұсынуга болады.
- •53Тегін медициналык комекке кандай кепілдік беріледі және оны кімдер пайдалана алады.Екеуи уксайды
- •55. Қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл күйін мониторингтеу калай жүргізіледі және негізгі максаты кандай. Қазакстан аумағында салыстыра отырып жауабынызды кесте турынде келтіруге болады.
- •57. Социологиялык мониторинг,әлеуметтік мониторинг, статистикалык мониторинг аныкткма бере отырып айырмашылыктарын көрсетініз.
- •58.Халыктын денсаулыгын мониторингтеу дегеіміз не және ол калай іске асады.Қр медициналык стандарттарынын мәні неде .Жауабынызды корытындыланыз.
- •59. Халыктын денсаулык жағдайын сипаттаудағы қр бойынша статистикалык көрсеткіштер жуйесіне токталыныз.
50.Халыкаралык әлеуметтік стандарттаур жуйесі мен олардын аткаратын кызметі кандай.Артыкшылыктары мен кемшіліктері неде.Өз жауабынызды негізденіз
Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың бастыпринциптері мен атқаратын қызметі ретінде мыналарды атауға болады:
Реттеу функциясы. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.
Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.
Ресурстарды үнемдеу функциясы - материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.
Арақатынасқа байланысты функциясы - ақпараттың (компьютерлік, спутниктік, ж.б.) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып, адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық, экономикалықбайланыстарды нығайту үшін қажет.
Цивилизациялау (қоғамдық даму) функциясы - адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту. Мысалы, адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни өркениет (цивилизация) деңгейін көрсетеді.
Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.
Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы - стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтың міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.[1]
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
• салалық стандарттар (ССТ);
• техникалық жағдайлар (ТЖ);
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
