Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.78 Кб
Скачать

14. От және бал. Әлеуметтік теория негіздемесі мен тәжірибесін құраушы

Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік,  материалдық және рухани ресурстардың  жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен,  ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасына жағымсыз әсер ететін  толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға  түсуде. Қазіргі таңда сапалы  білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.

  Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда.

  Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.

  Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық  жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік –демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары.  Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны  әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам  тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.

  Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін ол функцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институтытоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің  материалдық базасына үлкен зиян тигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.

15. Отбасы және бал әлеуметтік жұмыста педагоиканың ролі

 Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.

  Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының , педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.

Балларды әлеуметтік – педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі  тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету  және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.

  Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс  жасайды.

  Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы  бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.

  Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында  оны жойып отыру, адам бойындағы  олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.

  Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік  айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға   мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік – қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.

  Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен   ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.

16. С.И. Голодтың концепциясы

70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы, әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, зерттеді. Қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген. Отбасы психологиясында қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға теориялық талдау жасау арқылы ғылыми қағидаларға сипаттама жасалынды. Оларды отбасының қоғамдағы орны, атқарар қызметі, іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама беріліп, сипаттама жасалынған. Отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы айтып өткен. С.Голод, зерттеулерінде отбасы мүшелері арасында қысымның болу себептерін және отбасы қызметінің үш тобын қарастырады. Олар шаруашылық-экономикалық, генеративті-тәрбиелік, мәдени. Сонымен қатар отбасы қызметінің басқада түрлерін анықтаушылар бар. Отбасы проблемаларына арналған зерттеулердің көптігіне қарамай әлі отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған.

17. Қандай құүжаттарда жеке адамға қатысты жағдай жасалынады

Олар: Ата аналық құжаттар келісімі, азаматтық жағдай акті

18. Әлеуметтік жұмыстың қай түрінде маман клиентке мәселенің мәнін түсіндіріп оны шешудің түрлі нұсқалары кенес беру, диагностика , патронаж ұсынады

19. Г. Навайтис концепциясы

Психологиялық кеңес беру қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы. Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

-Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.

- Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

-Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

-Бақылау, тексеру, бағалау.

-Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу.

Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік. Психологаялық көмектің бағыттары. Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр. Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.  Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету. Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.  20. Отбасымен жұмыста құжаттарды талдауда «отбасы картасы» бар ол отбасы туралы жүйелі мағұлмат жинақтауға мүмкіндік береді.Жай картадан айырмашылығы оны жаңартып отыру міндетті емес. Осыған сараптама жасаңыз

21.Отбасы және балалармен жұмыста психологиялық әдістің маңыздылығы қандай

Отбасымен және балалармен жұмыста психологиялық әдіс бала мен ата- ананың арасында кері қарым қатынас орнағанда қолданылады, кері қарым қатынас деп отырғанымыз ата-ананың балаларына көңіл бөлмеі, жұмыс басты болуы, алкогольге салынып кетуі, баланы ұрып соғуы және баланың үйден қашып кетуі. Отбасындағы осындай келеңсіздіктерді алдын алу үшін, басқа қалыпты отбасылар қатарын қосу үшін психологиялық әдіс, отбасна ақпараттық кеңес беру нәтижелі болып келеді, Отбасында дені сау бала туылған жағдайда отбасы үлкен бақытқа бөленеді, қуанады. Егер бала ауры, болмаса толыққанды дамымай туса, бұл ата-ана үшін үлкен сынақ. Олар қорқыныш пен рухани ауыртпалық, кінә сезімі және агрессия сезінеді. Бұл үлкен дағдарыс, өмірдің құнсыздануы мен мағынасын жоғалтуға алып келуі мүмкін.

Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл күрделі әрі ауыр. Мамандардың айтуынша бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік танытуы, өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы керек

Баланың отбасына кеңес берудің мақсаты - баланың проблемаларын шешуде оған көмек көрсету және неғұрлым жағымды психикалық дамыту үшін отбасының жағдайлары мен мүмкіндіктерін өзектілендіру және оңтайландыру. Бұл мақсатқа мынадай міндеттерді жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады: 1) баланың отбасына оның психикалық дамуының тек әлсіз, бұзылған жақтарын ғана емес, күшті түстарын да ашып көрсету, оның ықтимал мүмкіндіктері мен ауытқуларды жоюдағы қуат қорына баса назар аударту, бірақ бала дамуының болашағына қатысты ата-ананың нені күтетінін шынайы нақтылап алу; 2) ата-анаға және отбасының барлык мүшелеріне бала проблемаларын шешудегі олардың өздерінің қолынан келетінін, күшін және мүмкіндіктерін көрсету: 3) баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны оқытуға тиісті жағдайлар қажет екенін

№2

22.Жастармен әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың қандай үлгісін қолданады

Жастармен әлеуметтік жұмыс үлгісінің мақсаты жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен әлеуметтік саланың салалық органдары жастардың қалыптасуы мен дамуына Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру үлгілерін дамыту Елімізде білімнің заңдылық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіруде 2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2004 жылы 12 қазанда білім және ғылым қызметкерлерінің Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 19 наурыздағы Жолдауында бала-бақшалар Жалпы білім беру саласында білім беру қызметінің жалпы Білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім Тәжірибелі жұмыс кадрларының қажеттілігі кәсіптік мектеп бітірушілерінің қызметке Білікті жұмысшы кадрларды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етудегі Кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2003-2015 жылдарда Қазақстан дамуының Жоғары білім беру саласында шектеулі бағыттағы мамандықтар дайындаудан Жоғары білімді мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс берудің жаңа Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2005 жылдан бастап, мемлекеттік білім Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында әлем халықтарының дәстүрі Биылдан (2005) бастап, 3000 қазақстандық азамат жыл сайын Жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерді белсендендіру Ғылым саласында Министрлік ғылыммен әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық дамытуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді Жастардың жағдайы мен дамуының тұрақтылығын арттырушы перспективті бағыттар Жастарды жұмыспен қамту мынаны көздейді: ● жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындар ● тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру; ● жасөспірімдер мен жастардың қайталама еңбек нарығын ұйымдастыру ● жастарды жұмыспен қамтуда (бірінші кезекте – жасөспірімдерді) Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ескерсек, жасөспірімдерді жұмыспен қамтудың үш Сонымен, жастар еңбек нарығындағы ең әлсіз топ. Жасөспірімдер - жастар мен әйелдерді жұмыспен қамтуға болатын шағын - жұмыс берушіні жұмысқа жастарды қабылдауын жүктейтін талаптары - жасөспірімдердің уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың тиімді және - жастар саясатын мен бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінетін қортындылай айтсақ тоталитарлық жүйенің «қылышынан қан тамып» тұрған заманда жастармен Сондықтан демократиялық ашық қоғам құруға бет алған бүгінгі Өткен жылдары жиналған тәжірибе көрсеткендей, отансүйгіштік, ұлтжандылық феномені, Әрине, қазіргі Қазақстан қоғамы көп ұлтты, көп дінді, Бұл сезім, өз кезегінде, біздің республикамызда жаңа азаматтық Сонымен мәселені жан-жақты қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындыны алға Сол сияқты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде отандық ерекшеліктерге Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі ● жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын ● жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында ● жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау; ● жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар ● жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау; ● Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен 1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне 2. Қоғамдағы жасөспірімнің өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай Алдағы уақытта жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі Қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын "Жастар таңдауы" ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың Сонымен, жастарды жұмыспен, тұрғын үймен қамту да шешімін Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру, Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі бағдарламалар 1) Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау. 2) Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту 3) Өңірлерде жастар саясатын іске асыру. 4) Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен 5) Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету. 6) Жас таланттарды дамыту мен қолдау. 7) Салауатты өмір салтын қалыптастыру. 8) Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау. 9) Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту. 10) Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту. 11) Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.

№2

23.Отбасындағы балалардың бейімделе алауының психологиялық құралдары қандай

Қазіргі біздің қоғамда біздің ойымызша қоғамға тек ата-анасы жоқ немесе ата-анасының біреуі жоқ балалар отбасына, басқа ортаға бейімделе алмайды деп ойлайтындар көп, бірақ қазіргі кезде ата-анасы бар, ата анасымен әңгімесі жараспайтын, ата-анасын тыңдамайтын осындай әрекеттерінен басқа ортаға да сыйыспайтын балалар да жетерлік. Бұндай балаларды отбасына басқа топтарға басқа қалыпты жағдайдағы балалар деңгейіне әкелетін арнайы мекемелер, арнайы мамандар және психологиялық құралдар бар. Бұндай балалармен жұмыс істеудін психологиялық ең тиімді құралдарының бірі психолог маманның ата-анамен бірігіп, балаға әсер ету. Қортындылай айтсақ отбасындағы балалардың бейімделе алуы туралы айтатын болсақ, бұл-бірінші кезекте баланың ата-анасымен еркін сөйлесе алуы, қалаған затын ата-анасынан қорықпай сұрай алуы, яғни ата-ананың балаға жақсы тәрбие бере алуы отбасына баланың бейімделуіне көмектесетін бірінші құралы болып табылады. Осындай нәтижеге жету үшін бірінші ата-анадан, достарынан, мектептегі мұгалімдерінен, туыстарынан ақпарат жинап алу керек, баланың басқа ортамен тіл табыса алмауының диагнозын анықтап, екінші кезекте баламен әңгімелесі арқылы көмектесу керек. яғни Отбасыны зерттеу: отбасының қызмет етуін зерттеу, оның жасырын ресурстарын анықтау, әлеуметтік ортасы туралы ақпарат жинау, ата ана мен бала қажеттіліктерін зерттеу.

Контакт онрнату, психологиялық қорғанысты жою бойынша жұмыс, әріптестікке мотивтеу.

Психологиялық көмек көрсету жолдарын бағалау.

Диагностика нәтижесіне байланысты жұмыс бағыттарын таңдау.

Психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізу

Алынған нәтижелер тиімділігін талдау.

№2

24.Болашақ жұбайлармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек па

Арне қазіргі таңда болашақ жұбайлармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. жастар үйленбестен бұрын болашақта дені сау мықты ұрпақ дүниеге әкелу үшін денсаулықтарын тексерту керек және де осыған байланысты « қалалық АХАТ бөлімдерінде психологтар жұмыс істейді. Олар некеге отыруға ниеттенген бозбала мен бойжеткенге отбасын құру, салауатты өмір салтын қалыптастыру тұрғысынан психологиялық кеңес берумен айналысады. Оларға жыныстық аурулардан сақтану мен емдеу жолдарын баяндап, дені сау бала туу үшін қажетті талаптарды түсіндіреді. Жастар өз денсаулықтарына көңіл бөлуі қажет. Әсіресе, жаңадан үйленген жас отбасы мүшелері мамандардан кеңес алып, болмаса қажетті зертханалық талдау тапсырса, ана мен бала өлімін азайтуға мүмкіндік туады деп ойлаймын», - дейді Райхан Қалиева.

Оның айтуынша, болашақ ананың денсаулығына бала кезден мән беру қажет.  «Бірінші кезекте ананың өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерту қажет. Ана болған кезінде ғана емес, жүктілікке дейін де. Тіпті, қыз баланың денсаулығы бала кезден бақылауда болуы керек. Анасы қызының психологиялық және физиологиялық дамуын үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Балалар дәрігерінен бастап, жасөспірімдер дәрігерлері, терапевт, хирург, акушер, гинеколог мамандардың бәрі әйелдің өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертсе ғана ана мен бала өлімін азайтуға болады деп ойлаймын. Өйткені, аналар жүктілік кезінде аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде ғана денсаулығына көңіл бөле бастайды. Көбісі зертханалық анализдер түгілі, жеке мамандардың қарауына мүлде бармайды. Ал, ол аурудың бәрі жүктілік кезінде шығады. Бізге көбінесе асқынған, созылмалы аурулармен келеді. Қазіргі таңда біз жүкті әйелдерге көп дәрі бермейміз. Өйткені, ол препараттардың бала ағзасына зиянды әсері болуы мүмкін. Сондықтан, әйел жүктілікке жоспарлы түрде баруы керек», - деді Р.Қалиева.  Маманның мәлімдеуінше, Алматыда биыл «шала» туған балалардың саны азайған. 2012 жылы қала бойынша 3047 бала, 2011 жылы 3074 бала мерзімінен бұрын дүниеге келген.  «Әрине, қалыпты жағдайда әйелдер мерзімінен бұрын босанбауы тиіс. Алайда, бізде салмағы 500 грамнан асқан балаларды аман алып қалуға мүмкіндік бар. Яғни, 22 аптасында әйелдер босана алады. Ол бұрынғыдай түсік емес, босанған болып саналады. Егер босанған жағдайда біз баласы мен анасын 3 деңгейлі перинаталдык орталық пен балалар хирургиясы орталығына жібереміз. Бұл мекемелерде «шала» немесе белгілі бір аурулармен туған балаларды аман алып қалуға мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтар бар», - деп қорытындылады Р.Қалиева. 

Барлық құқығы қорғалған.

BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Сонымен қатар болашақ жұбайларға жанұялық кеңес беру керек . Бұндай кеңес беру түрі адамның өзінің және басқасының, туысының жанұясындағы мәселелермен айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы және т.б. сұрақтар қарастырылады.

№2

25.Отбасылық терапияның негізгі құралдары мен әдіс-тәсілдері қандай

«Терапия» сөзі даңқының өсуі тек медицинамен әуестеніп қана қоюды емес, сондай – ақ, ғылыми зерттеулерде де көрініп отырғандай қоғамдық атмосфераның сапалы түрде өзгергенін айтады. Неке – отбасылық қатынастардың медициналық аспекті негізінде «отбасылық терапияға» көңіл аударуы, отбасында көлемді әлеуметтік контекстен өзара жеке тұлғалық үдерістерді түсінуден алшақтатады. Осының бәрі отбасындағы проблемаларды саясатсыздандыруға және осы шешімдерге байланысты қабылданатын әр түрлі әлеуметтік жұмыстардың көмегімен өзара жеке тұлғалық қарым-қатынастар, ішкі өзгерістер мен манипуляция жасау үшін, басқа әлеуметтік институттар арасында отбасы жағдайы өзгеретін отбасылық саясат мүддесінің өзгеруіне әкеледі.Шетелдегі әлеуметтік жұмыстар туралы сөз болғанда немесе солар туралы жазылғанда, әдетте Батыс Еуропа елдерін АҚШ, Канаданы сөз етеді.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:Қатынастарды айқындау және анықтау. "Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды  ұсынған);Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген. Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, "бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды. Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері  - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы болатын. Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.

Бағдарламалық отбасылық психотерапия. 

Бұл отбасылық психотерапияның әдісі "мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды. Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын "Жанұялық теория”  мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. 

Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де "жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды " деп айта кетеді. 

Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.  

№2

26.Отбасын жоспарлау және репродуктивтілік орталықтарының қызметтерінің негізгі бағыттары

Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады.  Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.  Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Комбинирленген оральді контрацепция.  а. Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі.   Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане - 35, микрогинон жатады;  Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады. Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б 

№2

27.К. Роджерс концепциясының негізгі идеясы –  адам – конструктивті натура және де оның таңдау құқығы бар болса, ол әрқашан даму жолын таңдайды. Мен-концепциясы «өзіндік құндылық» ұғымында орталық звено болып табылады. Осы концепцияға талдау жасаңыз.

«Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады [27. б.54]. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді [27. б.231]. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады. Әр тұлға ақиқатты өз субъективті қабылдауымен байланысты интерпритациялайды және оның ішкі әлемі толығымен тек оның өзіне ғана ашық. Тек субъективті тәжірибені түсіну адам мінез-құлқы түсінуде кілт болып табылады. Сол себепті адамның субъективті сезінулерін зерттеу психологиялық зерттеудің негізгі аспектісі болып табылады. Себебі, нақ осы сезінулер мінез-құлыққа жауапты, сонымсн қоса, мінез-құлыққа адамның болашағын қалай болжайтындығы әсер етеді. Л.Хьелл, Д.Зиглердің оқулығында осы мәселеге байланысты мынадай мысалдар келтіріледі: «Егер де жас әйел өзін ер азаматтармен қарым-қатынасқа түсе алмаймын деп есептесе, онда ол өткен шақ қиыншылығынан емес, болашақта болар сәтсіздіктен корқады. Ол бұл жағдайда өзінің ер адамды қызықтырмаймын деген өз-өзіне қойған болжауына бағынып тұр. Осындай теріс көзқарастан құтылу арқылы ол болашақта сексуалды сәттілікке қол жеткізер еді». Бұдан көретініміз, К.Роджерс тұлғаға байланысты «осы шақ — болашақ» контексіндегі иесяны ұстанады [27. б.546-551]. Тұлға дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде оның мотивациялық құрылысы негізге алынады [12. б.175]. Мотивацияның тұлға өміріндегі мәні жайлы сауал көптеген ғалымдарды толғандырған, солардың бірі болып Л.Маслоу есептелінеді. Ол адамның барлық қажеттеліктері туа біткен және олардың іскс асуы доминантты иерархиялық жүйеге сүйенеді деп ұсынған.

№2

28.Кеңістікті-аймақтық локализация бойынша отбасы патрилокалды, матрилокалды, унилокалды, эванкюлелокалды, неолокалды болып бөлінеді. Жас жұбайлар әкесінің үйінде өмір сүруге бел буған отбасы түрін қай типке жатқызуға болады. Отбасының осы түріне толықтай сипаттама беріңіз. Отбасы кеңістік - аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді. Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге түрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.

№2

29.Қызметтің осы түрінде кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардың іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Бұл кеңес берудің қандай түрі: топтық, бағдарламалық, тұлғалық, жеке? Жауабыңызды негіздеңіз.

Бұл кеңес берудің топтық түрі болып табылады. Топтық кеңес беру дегеніміз жоғарыда айтылғандай кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардың іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Ал кеңес беруге тоқталар болсақ, Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.

Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсңлдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші теенинг және басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.

Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы — әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:

1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;

2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.

Кеңес беру мақсатының қорытындысы — өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.

Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар:

1) жағдайдың өзін өзгерту;

2) жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту;

3) оның жағдайдан шығуы;

4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.

Қазіргі әлеуметтік қызметте кеңес берудің Дж. Иген моделі кеірек тараған. Дж. Иген кеңес беруді «мәселелердің менеджементі» ретінде, яғни мәселелерді басқарушы ретінде (нақ «шешім» емес, проблемалардың бәрі бірдей толығымен шешіле қоймауы мүмкін) қарастырып және кеңес алушыға көмек көрсетудің негізгісі үшеу болып табылатын 9 сатыға бөледі:

1) мәселелерді анықтау мен айқындау:

1.1. кеңес алушының өзінің тарихын мазмсұндауға көмектесу;

1.2. орнықтыру;

1.3. шоғырландыру;

2) мақсаттарды қалыптастыру:

2.1. жаңа көріністер мен мақсаттар жиынтығын жасау;

2.2. мақсаттарды бағалау;

2.3. нақты бір әрекеттер үшін мақсат таңдау;

3) әрекеттерді жүзеге асыру:

3.1. әрекеттердің стратегиясын жасау;

3.2. стратегияны таңдау;

3.3. стратегияны жүзеге асыру.

№2

30.Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі отбасы мүшелерінің материалдық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол отбасы мүшелерінің психосоматикалық денсаулығын сақтауға, қызметтің түрлі салаларына жұмсалатын физикалық күшті қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Отбасы қзінің шаруашылығын жүргізеді, өзіне тән бюджеті бар, тұтынушылық қызметін ұйымдастырады. Отбасының басқа қандай қызметтерін білесіздер. Сипаттама беріңіз.    Отбасы қызметі — құрылымдық ұйымдастыру және  дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі  сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына  да әсер етеді.

Отбасы  қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және  дене  жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ  өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы,  сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз  маңыздылығын жоя бастады, ал  уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне  психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл  тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың  отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік  тәжірибесін айқындайды.

   

№2

31.Бикарьералық отбасы отбасылық өмірдің кең тараған үлгісі болып табылатыны белгілі. Мұнда ерлі-зайыптылардың екеуі де кәсіби даму мақсатын алға тартады. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда бикарьералық отбасылар бар ма. Мұндай отбасылардың болашағы қандай.

Бикарьералық отбасы Қазақстанға да тән. Бикарьералық отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылардың екеуіде кәсіпкерлікпен айналысуы, яғни отбасындағы бала тәрбиелеп, отбасы шаруашылығын да жүрген әйелдің де кәсіпкерлікпен айналысуы, мұндай отбасының болашығы арине, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасқа, сенімділікке байланысты. Көптеген отбасындағы ер адам әйелінің кәсіпкерлікпен айналысуына қарсы мұның бір себебі ер адамның әйеліне деген сенімсіздігі, осындай сенімсіздікің пайда болуынан ерлі-зайыптылардың болашағы болмай ажырасып кетіп жатқандар да аз емес, бірақ ерлі зайыптылардын кәсіпкерлікпен айналып жарқын болашаққа жетіп, басқаларға үлгі болып жүргендері бар. Мұдай ерлі зайыптылар ретінде Жанболат пен Жазираны айтуға болады, олар қазіргі таңда шоу бизнеспен айналысады. Дегенімен отбасында ерлермен қатар әйелердер де кәсіпкерлікпен айналысуы кәсіпкерлік саласын арттырады себебі бизнестің басты қағидасы - табыс табу екені белгілі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласып отыруы дүниежүзі бойынша кең тараған құбылыс. Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты болатынын еліміздің тәжірибесі көрсетіп отыр. «Жауапкершілік арқылы үйлесімге ұмтылу» қағидасы әйелдер басқаратын кәсіпорындардың корпорациялық ұстанымын барынша дәл бейнелейді. Кәсіпкер әйелдер қоршаған ортамен, заңнамамен, қызметкерлермен, жергілікті тұрғындармен, сондай-ақ адамгершілік қағидаларымен үйлесім табуға ұмтылуды өздерінің басты мақсаты деп санайды.

№3

32.Қызметі бұзылған отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылады. Жеке және рухани даму жүзеге аспайды, маңызды отбасылық мәселелер айтылмайды, сонымен қатар, отбасылық рөлдердің деформациялануы мен отбасылық иерархия құрылымының бұзылу нәтижесінде  жанжалдарды конструктивті шешу тәжірибесі болмайды. Қазақстандағы қызметі бұзылған отбасылардың пайда болу себептерін атаңыз.

Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.

№3

33.Харчев өзінің «КСРО-дағы неке және отбасы» еңбегінде отбасының қосбірлікті мәртебесі алғашқы социологиялық концепциясын қалыптастырды: отбасы әлеуметтік институт және әлеуметтік топ ретінде және отбасы мен некені синоним ретінде түсінбеуіміз керек деп жазды. Осы көзқараспен келісесіз бе. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

№3

34.Мүмкіндігі шектеулі балалар өмірлік циклдың белгілі бір кезеңдеріне баяу жетеді. Ал кейде тіпті оған жетпейді де. Баланың туылған уақытында баладағы эмоционалдық үйрену, патологиялары туралы ақпарат алу қажет. Отбасының өмірлік циклының осы кезеңі туралы толығырақ айтып беріңіз.

Отбасында дені сау бала туылған жағдайда отбасы үлкен бақытқа бөленеді, қуанады. Егер бала ауры, болмаса толыққанды дамымай туса, бұл ата-ана үшін үлкен сынақ. Олар қорқыныш пен рухани ауыртпалық, кінә сезімі және агрессия сезінеді. Бұл үлкен дағдарыс, өмірдің құнсыздануы мен мағынасын жоғалтуға алып келуі мүмкін.

Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл күрделі әрі ауыр. Мамандардың айтуынша бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік танытуы, өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың туылу себептері ретінде есірткі, дәрі-дәрмек, ішімдік қолдану, сонымен қатар генетикалық фактор және табиғи апаттар салдарынан дене мүшесінен айырылуды ғалымдар бөліп көрсетеді. Соңғы уақытта біздің елімізде және шетелде физикалық және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар санының өсу қарқыны байқалып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 450 млн. адамда психикалық және физикалық дамуында ауытқушылықтары бар, бұл тұрғындардың оннан бір бөлігін, яғни 13%құрайды. Бұл мәлімет Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріммен нақтыланып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша бірқатар елдерде мүмкіндігі шектеулі балалар саны жалпы саннан 4,5% дан 17% дейін жетеді екен.

№3

35.Аристотельдің ойынша, әйелдер жұбайына толығымен бағынады. Әйелдер мен күң-еркектерді салыстыра отырып, ол күң-еркектердің қоғамдағы маңызды орны туралы айтады. Күңдер бостандыққа ие болуы мүмкін, ал әйелдер әрқашан бағынуы тиіс. Аристотельдің отбасы туралы концепциясын қай ғалым социологтар жалғастырды

№3

36.Қайта қалпына келтірудің әлеуметтік-экономикалық түрі бірнеше іс-шаралар кешенін құрайды, олар: тұрғын-үймен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі адамдардың осы қоғамның бір мүшесі екендігіне сенімдерін тудыруға мүмкіндік бретін іс-шараларды жүзеге асыру, мүгедектерге немесе отбасында мүгедек баласы бар отбасыларға материалдық қолдау көрсету, зейнетақы, жәрдемақы төлеу. Осындай қалпына келтіру іс-шаралары мүгедектерге қарастырылған ба.Толық талдау жасаңыз

Мүгедектердің мынандай құқықтары бар:

әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу

әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу

ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу

білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты

Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу

кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасы (оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 23,2 миллион теңге көзделген) және әкімнің шешімдерімен бекітілетін мүгедектерді ңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламалары жұмыс қолданылады.

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасына сәйкес:

мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуге 313,8 млн. теңге;

санаторлық-курорттық ем ұсынуға – 1098, 3 млн. теңге;

протездік-ортопедиялық көмек пен бұйымға – 1480, 6 млн. теіге;

тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 268, 4 млн. теңге;

сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 677, 8 млн. теңге көзделген.

Мүгедектерді оңалту – ағза функциялары бұзылғандық денсаулығы нашарларған тұрмыс тіршілегіндегі шектеулерді жоюға немесе барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шара. Мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейіімделуіне қол жеткізу оңалту мақсаты болып табылады.

Мүгедектері оңалту медициналық оңалтуды, кәсіби оңалтуды, әлеуметтік оңалтуды қамтиды. Медициналық ңалтуды қалпына келтіру терапиясынан,реконструктивті хирургиядан, протездеу мен ортезир тұарды. Мүгедектерді кәсіби оңалту кәсьи бағдардан, кәсіби білімнен, кәсіби-өндірістік бейімделу мен жұмысқа орналастырудан тұрады. әлеуметтік ортадағы бағдар мен әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу мүгедекті әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-б бұйрығымен Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі бекітілді.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (ЖОБ) – медициналық-әлеуметтік кмоиссияның шешімі негізінде әзірленген ағзаның бұзылған немесе жойылған функцияларын қалпына келтіруге, орнын толтыруға, мүгедектің белгілі бір қызмет түрін орындау қабілетінің орнын толтыруға бағытталған медициналық, кәсіби және басқа да оңалту шараларын іске асырудың жекелеген түрлерін, нысандарын, көлемдерін, мерзімдері мен тәртібін қамтитын мүгедектерге арналған оңтайлы оңалту іс-шаралар кешені.

Оңалтудың медициналық жағын денсаулық сақтау ұйамдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Мүгедектерді оңалтудың әлеуметтік бөлігін медициналық-әлеуметтік мекемелер (қарттарға, мүгедектерге арналған интернат-үйлері), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Оңалтудың медициналық бөлігі ойдағыдай өтіп жатса да, әлеуметтік бөлігі өте төмен деңгейде.

Егде адамдар арасында мүгедектердің санын азайту мақсатында дене, ақыл-есе, психикалық және сенсорлық ақаулардың пайда болуын болдырмауға және ақаудың тұрақты функционалдық шектеуге немесе мүгедектікке ауысуын болдырмауға бағытталған белсенді алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мен оңалтуды жүргізу әдістері жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалтуға арналған мамандандырылған медициналық оңалту орталықтарының ролін аумақтық әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтарының күндізгі бөлімшелері мен көпбейінді медициналық мекемелер (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар) орындайды.

.

№3

37.Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді. Кеңес берудің басқа қандай түрлерін білесіз. Оларға сипаттама беріңіз.

БІЛМИМІН БАРЫ ОСЫ

Кейбір әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық көзқарастар тұрғысында әлеуметтік жұмыс құзыреті шегінде әлеуметтік мәселелерді талдау

Объективті шектелген материалдық мүмкіндікті қажет ететін отбастарына: көп балалы отбастары,жас балалары (3 жасқа дейінгі)бар отбастары, балалары бар студент отбастары жатады. Нақты алғанда, олар (көпшілік жағдайда), босұындар мен қоныс аударғандардың отбасы, ер жетпеген балалары бар жұмыссыздар отбасы, девианттық отбастары ата-аналарының асырауында болады.

Қазіргі жағдайда тек әлеуметтік әлсіз отбастары (көп балалы,толық емес, мүгедектер отбасы және т.б.) ғана емес, бұрын жағдайлары жақсы болған отбастары да кедейшілік деңгейінде тұр. Отбасының келелі әлеуметтік проблемалары қоғамның күрт әлеуметтік –экономикалық жіктелуінен, миграция, халық, соның ішінде отбасы денсаулығының төмендеуінен, демографиялық жағдайдан, отбасының, әсіресе әйелдің дәстүрлі рөлінің негізді түрде өзгеруінен, жарымжан отбастары санының өсуінен, асыраушылық коэффициентінің көтерілуінен, отбасындағы зорлықтан, әлеуметтік жетімдік және ең бастысы мемлекеттік бюджеттің үнемі тапшылығынан көрінеді.

Әлеуметтік жұмыс отбасындағы осы мәселелерді шешуге ғана емес, сондай-ақ отбасының көптеген қоғамдық мәнді қызметтерін орындау үшін оның ішкі әлеуетін нығайтып, дамытып, қалпына келтіруге бағытталған.

Диагностикалық қызметті жүзеге асыру әлеуметтік қызметкердің, топтың, жіктің жеке адамның міндеттерін, оларға микроортаның әсер ету дәрежесі мен бағытын және әлеуметтік диагноз қоюды оқуды талап етеді.Болжаулық қызмет қоғамның барлық әлеуметтік инстиуттарының әлеуметтік жұмыс объектілеріне әсер етеуін программалау және бағдарлау осы объектілердің әлеуметтік тәртібінің белгілі моделін дайындау жолдарымен жүзеге асады.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметке сәйкес әлеуметтік қызметкер әр түрлі қызмет түрлерінде адамдардың мүддесі мен мұқтаждықтарын анықтауға және олармен жұмыс жүргізуге әр түрлі мекемелерді, ұйымдарды, қоғамдық, шығармашылық және басқа одақтарды, мәдени бос уақыт қызметінің және т.б. мамандарын жаттықтырушыларын, ұйымдастырушыларын тартады.

Психикалық қызмет барлық көмек қажет ететіндерге жеке тұлғалық қатынасты түзету және кеңес беруді, әлеуметтік дағдылану мен ақталуда көмек көрсетуді болжайды.

Әлеуметтік-медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде әлеуметтік қызметкер денсаулық сақтаудың алдын-алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға; бірінші медициналық көмек көрсету,тамақтану мәдениеті негіздерін, тазалық-гигиеналық нормаларды білуге, отбасы құру жұмыстарын ұйымдастыруға, репродуктивтік және жыныстық тәртіпке жауапкершілік қатынасын құруға, отбасы өміріне жастардың дайындалуына ықпал етуге, еңбек терапевін дамытуға, салауатты өмір салтының құрылуына себепші болуына міндетті.

№3

38Отбасында отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылып, жеке және рухани даму байқалмаса, отбасылық мәселелер анықталмаған отбасы отбасының қандай түріне жатқызылады. Аталған отбасы түрін суреттеп беріңіз.

Бұндай отбасы бұзылған отбасына жатады. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі

№3

39.Мектеп жасы кезінде мүмкіндігі шектеулі балалар өмірлік циклдың белгілі бір кезеңіне баяу жетеді. Отбасының өмірлік циклының осы кезеңінде баланы оқыту формасы, оның оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру туралы шешім қабылдау қажет. Осы кезеңге толық талдау жасаңыз.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.  Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті . Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.  Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады ; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен        беріліп         түсіндіріледі.  «Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.  Бұл термин көбіне « Сапалы білім барлығы үшін » түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.  Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады..

Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары         қолданылады.  Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.  Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.  Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:  - дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;  - дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.  - Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:  Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.         «Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек».  Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.  Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап , үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.  Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді . 

№3

40.Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік моделінде отбасылық қиындықтар сыртқы тәртіптің жағымсыз жағдайының нәтижесі болып табылады: соционмен, түрлі әлеуметтік қызметтердің көмегімен, отбасының өз күшімен сыртқы жағдайлардың жағымды өзгеруіне қол жеткізеді. Осы модель туралы толығырақ айтып беріңіз.