- •Группа кейбір 3-4 сұрақты таба алмадық апай консультацияга келгенде 1-2 сурактын жауабын берем деді бізге, тусінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз с/н Нұрбек, Нұртас, Айжамал
- •1.Отбасымен әлеуметтік жұмыс тобына неше маман кіруі тиіс. Олар қандай кәсіби сипатқа ие болуы тиіс
- •2. Жағдайсыз отбасылармен әлеуметтік жұмыс
- •3. Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болуы керек
- •5. Отбасындағы девиантты мінез құлық үлгілері
- •6. Кәмелетке толмағандарға арналған сеним телефоны- 8-7292-30-20-10
- •2014 Жыл қорытындысы бойынша аймақ аумағындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және қылмыстық жағдай және оларды алдын – алу жөніндегі шаралар туралы
- •7. Мугедек баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмыс
- •5 Жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиешілерін жалдау жөніндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;
- •8. Қандай жағдайларда бала әлеуметтік көмек ала алады
- •9. Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс тобына қандай мамандар кіреді
- •10. Әйел сұрақтарының дамуы әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары
- •12. Отбасы терапиясының технологиясы
- •13.Төтенше жағдайда қолданылатын отбасымен әлеуметтік жұмыс
- •14. От және бал. Әлеуметтік теория негіздемесі мен тәжірибесін құраушы
- •15. Отбасы және бал әлеуметтік жұмыста педагоиканың ролі
- •Апайдын айтуымен жазып отырмын; 49-сұрақ бірдей
- •54.Қай жаста бала өзін асырап алуға байланысты келісімін білдіре алады. 16 жас, 18 жас, 13 жас, 7 жас, 10 жас. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- •60.Отбасылық тәрбие үздіксіздікпен, тәрбиелік әсер етудің көпфакторлылығымен және қарама-қайшылығымен сипатталады. Онда көпқырлы болып келеді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе. Жауабыңызды негіздеңіз.
5 Жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиешілерін жалдау жөніндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;
үйде әлеуметтік көмек желілерін, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерін дамыту;
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдер үшін жетімханалар ашу, кейіннен осы балаларды балалар үйлеріне немесе арнаулы интернат үйлеріне орналастыру;
мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелері желісін дамыту;
өмірде қиын жағдайға душар болған адамдар үшін әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын құру және дамыту.
Мүгедектер үшін ұсынылатын өтемдік техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен қол жеткізілетін болады.
8. Қандай жағдайларда бала әлеуметтік көмек ала алады
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заң өз отбасында қатыгездік, қорлық және күштеуден зардап шеккендерге көмектесуі тиіс.
Заңнаманың жаңа ережелеріне сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазалар күшейді. Осылайша, денені ауыртқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де зорлық әрекеттерін жасау бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру ескерту жасауға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Егер бұрын тек айыппұлдар төлеу ғана әрекет етсе, ал қазір бас бостандығынан айыру сияқты жазалау түрі енгізілген.
Учаскелік полиция инспекторы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор ендігі жерде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қорғау нұсқамасын жазып, тапсыруға құқықтары бар.
Зардап шеккен баланы қорғау үшін сот ата-анасына жәбірленушімен бір үйде немесе бір пәтерде тұруға тыйым салуға құқылы, алайда оның басқа тұратын жері болған жағдайда.
Бұдан басқа, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер енді тұратын жеріне қарамастан тиісті көмек ала алады. Енгізілген түзетулерге сәйкес, қатыгездікпен қарау салдарынан зардап шеккен балаларға арнайы көмек көрсетілуі тиіс. Сот құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар белгілеуі мүмкін. Осылайша, балаға жаман қараған әкесіне немесе өгей әкесіне бір жылға дейін зардап шеккен баланы іздеу, ізіне түсу, бару, онымен ауызша, телефонмен сөйлесуге тыйым салуы мүмкін.
Ресми деректерге сәйкес, тек 2013 жылы елдегі дағадарыс орталықтарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 11 мыңнан астам әйел келіп жүгінген.
Осындай орталықтардың бірі Астана қаласында өткен жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеуде.
Астана қаласындағы «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупi салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 50 орынға шақталған. Орталықта әйелдер бір айдан жарты жылға дейін бола алады. Мұнда олар тамақпен қаматамасыз етіледі, медициналық көмек, заң кеңестерін, жұмысқа орналасуға, құжаттарын қалпына келтіруде көмек ала алады. Олардың орталықта болуы құпия болып саналады.
Дағдарыс орталығы мемлекет тарапынан әйелдердің қорғану және көмек алу құқықтарын іске асыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларын жақсартуға жәрдемдеседі. Осында әйелдерге кешенді әлеуметтік-оңалту көмегі көрсетіледі, олардың барынша толық және уақтылы әлеуметтік бейімделуі қамтамасыз етіледі.
