
- •1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •12. Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •15. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің себептері мен алғышарттары.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •50. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •58.Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз
- •60. Әлихан Бөкейханов - қазақ халқының қолбасшысы
- •61. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •69.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •72.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74. Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
82.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.
83.Қр мемлекеттік рәміздері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы1992ж желтоқсан айында. Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992ж қабылданды. елтаңба – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Бірінші әнұран 1992ж желтоқсан айында қабылданды. 2006ж қабылданған әнұран «Менің Қазақстаным» сөзі авторы Жұмекен Нәжмеденов Нұрсұлтан Назарбаев әні Шәмші Қалдаяқов. Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. 2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.