- •1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •12. Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •15. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің себептері мен алғышарттары.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •50. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •58.Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз
- •60. Әлихан Бөкейханов - қазақ халқының қолбасшысы
- •61. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •69.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •72.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74. Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпеншайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
