Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_-_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
301.52 Кб
Скачать

64. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.

1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және

халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан ясыБөксейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының 6 облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару

жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы, жер мәселесі; земство туралы; халық ағарту ісі туралы; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; Бүкілресейлік мұсылман съезі туралы және Қазақ саяси партиясын құру туралы. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саями маңызы жағынан ұлттық автономия жер мәселесі мен құрылтай жиналысына дайындық мәселесі бірінші кезекте өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана. Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандитаттын 78 депутат деп сайлады. Олардың арасында қазақ газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық көсемдері Бөкейханов, Байтұрсынов, аймақтардан А. Ермеков, Х. Ғаппасов, Досмухамедовтар, М. Тынышбаев, М. Шоқай, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болды. Жалпы Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі Алаш қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.

1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды.. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті. Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды. Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді. Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті. 1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты. Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан.. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес. «Соғыс коммунизм» саясаты (1918 – 1921 ж. наурыз).Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек. «Соғыс коммунизм» саясатының шарттарына сәйкес азамат соғысының алғашқы екі жылында 1918-1919 жылдары жау басып алмаған және азат етілген Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік, батыс аудандарынан миллиондаған мал басы мен қаражат, азық-түлік, киім-кешек халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер национализациялау, конфискациялау сияқты айқай-шу ұрандары арқылы жүргізілді. Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның бесеуінде Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялардың тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштықтың болуы көптеген ауруларды туғызды. Емдеу орындарының жетіспеушілігінен аштыққа ұшырағандардың көпшілігі қаза тапты. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының мәліметтері бойынша 1921 ж. қараша айынан 1922 ж. шілдесіне дейін Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында аштықтың салдарынан 37, 657 адам өлген. 1921 ж. бүкіл Қазақ АКСР-і бойынша 128 мың бала ата-анасынан айырылып балалар үйіне орналастырылса, ал олардың саны 1922 ж. наурызына дейін 480 мыңға жеткен. Қазақстанның қуаңшылыққа, аштыққа ұшыраған губернияларында мал басы күрт азайды. Семей мен Орал губернияларында 1917 ж. 5 миллиондай мал болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды. Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]