- •1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •12. Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •15. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің себептері мен алғышарттары.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •50. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •58.Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз
- •60. Әлихан Бөкейханов - қазақ халқының қолбасшысы
- •61. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •69.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •72.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74. Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
50. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
1886 жылдың 2-маусымындағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже. III Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді.Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын, көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский және Жаркент уездерінен тұрды.1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны – мал шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына «мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауға» құқық бере отырып (253-бап), номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол XX ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың жүргізілуімен аяқталды. 1886 жылғы Ереженің отаршылдықбағыты салық жүйесінен де өз көрінісін тапты. Ол 1867 жылғы Уақытша ереженің баптарын қайталады; әр түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейтті. Мысалы, шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инстанциясы – бітістіруші судья, облыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды. 1891 жылдың 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже. Өңдеуші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір жол желілерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы табының қалыптасуы – осының бәрі жинақтап алғанда әлеуметтік-экономикалық факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып, Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті.Ерекше Комитеттің пікірі бойынша, «бірінші алғашқы ереженің» барлық өзгерістері «оның уақытша сипатын жоюға» және оны жүзеге асыру барысында «іс жүзінде кездестірілген» алауыздық атаулыны неғұрлым «дәл редакциялау» арқылы жоюға, сондай-ақ «империяның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолайлы келуі мүмкін негіздерде» басқару және сот жүйесін дамытуға, толықтыруға тиіс болды. Ұсынылып отырған «Ереже» капитализмнің «кеңейе» дамуына байланысты өзгерістерді ескеру негізінде Қазақстандағы Ресей әскериәкімшілік өкіметін орнықтыру үрдісін аяқтауға тиіс болды. Сонымен, 1891 жылдың 25 наурызындағы патша жарлығын Қазақстанның әр түрлі тілде сөйлейтін халқының өмірін қайта құруға нысаналы түрде жасалған әрекет деп қарау керек. Жаңа реформаны қабылдау уақыты империя халқының саяси белсенділігінің жандануымен, азаттық қозғалысының өрістеуімен ерекшеленді. Облыстарды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: патшаның қалауы бойынша арнаулы «патша жарлығымен» тағайындалатын және босатылатын, далалық генерал-губернаторына бағынатын Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының Бас басқармалары құрылды. 1891 жылғы ережеде далалық облыстардағы сот құрылысына елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ең алдымен онда «Уақытша ереженің» көшпелілерді де, отырықшыларды да Ресейдің ішкі губернияларының селолық тұрғындарына теңестіру туралы бабы нығайтылды.Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қатты өзгертуіне себеп болған негізгі міндет ислам шариғатын уағыздаушы билерді және құқықтық жүйені ығыстырып шығару, олар ондаған ғасырлар бойы пайдаланып келген жеңілдіктерді жою болды. Жаңа ереже билер сотын жойып, халық соты деген жалпы атаумен құқықтық құрылыстың жаңа құрылымын енгізді.Жалпы алғанда 1886–1891 жылдардағы Ереже XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдаяттарын көрсете отырып, XIX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ басталған жаңалықтардың жалғасы және аяқтаушы кезеңі болды.Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
