
- •1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •12. Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.
- •13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •15. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (vі-XII ғғ.).
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •30. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •35. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің себептері мен алғышарттары.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •45.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •50. 1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •56. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •57.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •58.Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз
- •60. Әлихан Бөкейханов - қазақ халқының қолбасшысы
- •61. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •62.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •63. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •64. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •68. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •69.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •72.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
- •73.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •74. Хх ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
- •75. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •77. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •80. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз.
- •81.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •89.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •93. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып, ғылым мен мәдениетте, әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар түркі ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді. Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді. Арыс өзенінің Әмударияға құятын жеріне жақын орналасқан Отырар қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады. Ортағасырларда Отырарда қыпшақтар, қаңлы, қоңырат сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді. Қыпшақ тілінде Әл Фарабидің толық есімі – Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн ұзлағ Тарахани, мұндағы «тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркіхалықтарынан шыққандығын бірлесе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағынасын да білдіреді. Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы», «Әріптестер кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де тамаша ақын болатын. Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын. Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып отырады. «Құтты білік» - Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды маржандарының бірі. Оны ақын қартайған шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл шығыс бөлігінің әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады. «Құтты білік» 6520 бәйіттен құралған, қосымша 124 бәйіті бар, Бәйіт – ұйқасқа құрылған екі тармақтан тұратын өлең. Кіріспесінде поэманың боғрахан тілінде түркі сөздерімен жазылғаны, араб, тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болғанымен, түркі тіліндегі даналарға белгілі алғаш кітап екені айтылған. Шығарманың басты идеясы – патша - әкімдерді де, қарапайым халықты да әділ, дұрыс өмір сүруге үйрету. «Құтты білік» бірінен бірі туындайтын төрт құрамдас бөліктен құралған. Біріншісі: әміршісі идеалды әділ және шыншыл болуы керек. Шыншылдық үлгісі ретінде Күнтуды патша келтірілген. Екінші бөлімі: әмірші мен оның айналасындығылар елдің ішінде әділдік, бақыт пен байлық болуы үшін қызмет етуге ұмытылуы тиіс. Бақытты өмір үлгісі ретінде Айтолды уәзірдің өмірі келтірілген. Үшінші бөлімінде: қоғамда әділдік пен бақытпен бірге ақыл мен білім болуы тиіс. Білім мен ақыл үлгісі ретінде уәзір ұлы Өгділміш айтылады. Және соңғы бөлімінде – адамның әр нәрсенің де шегін біліп, уақытында өзін тоқтатуы керектігі айтылған. Мұндай қарапайымдылық үлгісі ретінде Оғдұрмыш дәуріш берілген. Махмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі тарихшы. Ол көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- «Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға көне және ортағасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы мәлімет береді. Махмұт Қашқари көне түркі тілін ғылыми тұрғыда зерттеп, оның жергілікті ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырған, ауыз әдбиеті үлгілерін жинаған алғашқы тілші ғалым, философ, саяхатшы, этнограф. Махмұт Қашқар қаласында білім алған, сондықтан оны басқа Шығыс ғалымдары Қашқарлық Махмұт ретінде атаған. Ол Қашқар қаласымен ғана шектеліп қалмай, Самарқанд, Бұқара, Нишапур, Мерв пен Бағдатта білім алуды жалғастырды. Ол өзінің сөздігіне қажетті материалдар жинақтау үшін көптеген түркі рулары мен тайпаларының тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерін, тарихы мен дәстүрі, этнографиясын зерттеді. Осы мақсатпен Қашқар, Жетісу, Хорезм, Мәуереннахр жерлеріне саяхат жасады, тіпті түркілер Аттила (Еділ) жорығынан кейін қалып қойған Рим жеріне дейін барды, филологиялық мәліметтердің құнды қазынасын жиыстырып, өзі құрастырған сөздігіне өңдеп енгізді. «Диуани лұғат ат-түрк» - барлық түркі тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте бар-жоғы 6000 сөз берілген, бұл сөздер түркі тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті. Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті нұсқаулары, екі жүзден астам өлеңдер, қысқаша новеллалар, мақалдар мен мәтелдер көне түркі тілінің қалпы туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол кезеңдегі сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау принциптері туралы тың мәліметтерге бай. Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті бойынша әлемге әйгілі алғаш хрестоматия болып табылады. «Диуани лұғат ат-түрк» ортағасырлық түркі халықтары ой-санасының ғажайып ескерткіші, біздің көшпенді бабаларымыздың мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды қызына. Қожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер, сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған. Нақты туған жылы белгісіз. Аңыз бойынша Ахметтің рухани жетекшісі мен тәрбиешісі әйгілі шейх арыстан-баб. Ұстазы қайтыс болған соң, Ахмет Яссауи Бұқараға көшіп кетеді. Онда әйгілі шейх Қожа Жүсіп Хамаданидан дәріс алып, өзі де діндардар ұстазы болып, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болады. Бірқатар уақыт бойы Бұқара сопылары қоғамының басшысы болады, бірақ сенімі оны Ясы қаласына әкеледі. Ол мұнда діндарлық қызметін кеңінен жүргізеді. Ясы қаласы 16ғ. бастап Түркістан болып аталған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүткіл мұсылман әлеміне кең тарады. Оны қарапайым адамдар қадір тұтқаны соншалық, оның қайырымды болуға, сараңдық пен екі жүзділікке қарсы дәрушілік философиясын құрған өлеңдері дала халықтары арасында кеңінен танымал басқа да жерлерге таратты. «Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды, осы уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын. Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік, адамгершілікке шақыруы арқылы әділдіктен үлкен ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз қыпшақ тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары төртеу, біріншісі – шаригат деп аталатын ислам заңдары мен дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі – марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін танудың қажеттілігі, төртіншісі –хақиқат, құдайды идеалды тану мен оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу. Аңыз бойынша, құдайға шын сенген адамға бұл дүниеде ұзақ өмір сүрудің керегі жоқ, сондықтан, Қожа Ахмет 63 жасқа жеткен соң мешіт жанындағы жерасты қылуетке түсіп, өмірінің қалған уақыт сонда өткізеді. Жер астында Мұхаммед әулиенің нағыз шәкірті тағы да 63 жыл өмір сүрді деседі. Жерасты қызмет жанында оның көптеген шәкірттері, сонымен бірге отбасыда бірге өмір сүрген. 1116 ж. өлген соң, ол әулие ретінде, арнайы тұрғызылған мавзолейге барлық сән- салтанатымен көміледі, кейініректе бұл жер мұсылмандардың зиярат ететін қасиетті жеріне айналды. 14 ғасырда монғол шапқыншылығынан кейінгі қираған қалалар қалпына келтіріле бастады, соның ішінде Ясы қаласы да, онда жерлеген Қожа Ахметтің қызы Гауһар мен күйеу баласы Әли Қожа, Баба-Араб мешіті және басқа да көптеген ортағасырлық ескерткіштер қайта жаңғырды. Қожа Ахмет кесенесі зиярат етушілерінің көптеген сыйлары мен таратуларының арқасында сол уақыттың ең бай кесенелерінің біріне айналды. Әмір Темір (Темірлан) бұл киелі жерлерді өзінше қастерледі. 1395ж. Тоқтамысты жеңген соң, жеңіс құрметіне ескірген Ахмет Яссауи кесенесінің орнына үлкен ғажайып мемориалды кешен тұрғызады. Бұл ескерткіш әлі күнге дейін біздерді ортағасырлық архитектураның ғажайып туындысы ретінде тамсандырып келеді. Ғұлама ақын; адамдарды рухани тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке, қанағаттыққа, БАСҚА ДАНА ҚҰНДЫЛЫҚҚТАРҒА БАСТАҒАН.
19. Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз. Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген.
Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол "сегіз" деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады.
Наймандардың батыс жағында - Ертіс бойын мекендеген Қаңлылар елі мен Сарыарқа даласындағы Қыпшақ хандығы бірлестігі, солтүстігінде - Енисей қырғыздары мен Хакастар, шығысында - Шығыс Моңғолияда көшіп жүрген Керей хандығы, ал оңтүстігінде отырықшы Ұйғырлар болды.
Керейттер ұлысы. Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.
Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.
Осы қатынас Шыңғысхан тұсында да жалғасын табады. Шыңғысханның Монғолдардың ханы тағына келуін Тоғрул ханның Керейлері қолдайды, одан соң Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымды қайтадан тартып алуға Темучиннің ар-намысын үшін Меркіттерге қарсы 1719 жылғы жорыққа бірге қатысады (Тоғрул-Жамуха-Темучин одағы). Бұл жорыққа қосылуға Керейлер 20 мың атты әскер жіберген. 1198 жылы Шыңғысханмен бірігіп, татарларды талқандайды, 1201 жылы Темучинмен ашық тайталасқа шыққан Жамуханың Алақай-бұлақ одағын күйретеді. 1203 жылы тағы да Темучинмен бірлесіп, Наймандар еліне жорыққа қатысып, Найман елінің батыс қанатына соққы береді. Бұл жорықтар Шыңғысханның ұлы империясының құрылуына Керей мемлекетінің қосқан орасан зор үлесін көрсетеді.
Алайда 1203 жылы осы «екі алыптың» шайқасында Тоғрул хан жеңіліп, оның халқы Шыңғысхан әскерлерінің жартысын құрады. Бұлар Абақ Керейлер болса, Шыңғысханға мойын ұсынғысы келмеген Керейлер Орта Азия мен Батыс Қазақстан жерлеріне жеткен. Соның ішінде Орта Азиядағы Керейлерді қазір Ашамайлы Керейлер деп атайды. Ашамайлы Керейлер Қазақ халқымен бірге Қарақалпақ халқының және Өзбек халқының құрамында кездеседі. Олар бұл аталған халықтар құрамында негізінен Керей деп емес «Ашамайлы» руы деп аталады. Ал батыс Қазақстан жеріне жеткен Керейлер қазір Кіші жүздің құрамында. Бұл ру қазір Керейіт (Кіші жүз Керейлері) деп аталады. Керейіттердің және оның ішіндегі аталарының Торғай, Орал бойын мекендеген бір бөлігі Башқұрт және Ноғай халықтарының құрамында кездеседі.
Тарихта 12 ғ. соңында Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол меркіттер мен татарларды талқандағаннан кейін, сөйтіп 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Қалған наймандар Күшлік бастауымен Алтайға, керейттер мен меркіттерге қосылады. 1211 жылы Күшлік пен онымен одақ құрған хандар Жетісудағы Қарақытай мемлекетін жояды. Шыңғысхан әскерлері көп кешікпей оларды өкшелеп, Қарақытай мемлекетін де, одан әрі Хорезмшах елін де жаулап алды.
Сонымен, бұл аталған кезеңдегі, қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттері 10-13 ғасырларда қазақ халқының этногенетикалық процестеріне үлес қосқаны созсіз. Сондықтан бұл кезең тарихта қазіргі Қазақ халқының қалыптасу кезеңі оретінде танылады да аталған елдер алғашқы мемлекеттіліктің көріністері ретінде анықталады. Қыпшақ-Керей дәуірі Шыңғысханның жорықтарымен аяқталып, енді Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге – Алтын Орда-Ақ Орда кезеңіне аяқ басады. Бұл кезең Шыңғысханның көшпенді империясы иемденген қазақ халқының жерінде «Жошы Ұлысы» және «Шағатай ұлысы» деп аталған мемлекеттердің құрылуынан басталады.