- •© Қ.И. Сәтбаев атындағы
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •1.2 Пән тұралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны.
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
- •1 Сурет. Іргетастың осьтерін белгілеу сұлбасы
- •2 Сурет - Іргетасқа технологиялық жабдықты орнату тәсілдері
- •3 Сурет. Жабдықты іргетасқа бекіту тәсілдері
- •19 Сурет Индикатормен күшін тарту бекітетін бөлшек
- •26 Сурет. Цилиндрлi тiстi берiлiстi сапалы (а )
- •27 Сурет. Конусты тiстi берiлiстiң iлiніс элементтерi
- •29 Сурет Корпуста конусты тiстi берiлiстi редуктордың тесіктерінің осьтерінің орналасуын бақылау әдiстерi
- •41 Сурет. Тексеруді орындаумен бұрамдықты редуктор корпусының
- •32 Сурет Бұрамдықты берілісте бүйірлі саңылау (а) және (ә) оны бақылау сұлбасы
- •Кесте - Бұрамдықты берiлiс бiлiктi модулда 1ден 30мм дейін ось аралығындағы шектiк шақтамалы ауытқулары, мкм,
- •Кесте - Әдiспен бояуға бақылау кезінде бұрамдықты берiлiсте тістердің байланысу нормалары
- •6 Кесте - Ажыратылатын сырғанау мойынтірегінің жоғарғы астары мен білік мойыншасы арасындағы рұқсат етілетін саңылау көлемі, мм
- •38 Сурет. Фланецтермен құбырларды қосу
- •2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспарлары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтар жоспары (сөж).
- •2.7 Өзiндік бақылау тест тапсырмалары
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
29 Сурет Корпуста конусты тiстi берiлiстi редуктордың тесіктерінің осьтерінің орналасуын бақылау әдiстерi
Конусты тісті берілісті тісті доңғалақтардың бір қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, берілген мәнге дейін тісті доңғалақтың арасындағы бүйір саңылауды реттеу қажет. Берілісті құрастыруға шақтамалы өлшем бүйір саңылаудың жұмыс сызбаларында немесе технологиялық картада беріледі.
Орташа дәлдікті беріліс үшін бүйірлі саңылау 0,08 ден 0,2 мм дейін тербеледі. Егер берілістің конструкциясы доңғалақтарға еркін шақтамалы болса, онда бүйір саңылауды сүңгішпен тексереді. Үлкен (10 мм ден аса) модульдарда доңғалақты берілісте саңылауды қорғасынды сым көмегімен тексереді, сонымен қатар цилиндрлі тісті беріліс сияқты бүйір саңылауды бақылау кезінде жасайды. Бүйір саңылауларды жоғары дәлдікті берілістерде индикатор көмегімен тексереді.
Треуішті соңында корпусқа бекітеді, ал оның аяғын тісті доңғалақтың бір тісімен байланыстырады (екінші тісті доңғалақты бекітеді). Доңғалақты тербетуде, индикатор жебенің (стрелки) ауытқуымен бүйір саңылаудың санды мәнін цилиндрлі тісті беріліс сияқты бүйір саңылауды бақылау кезіндегідей анықтайды.
Конусты берілістерде, қолжетерлік қиындау, бүйір саңылауды, цилиндрлі тісті беріліс сияқты тексереді. Конусты тісті берілістерді құрастыру кезінде бүйір саңылауды, тісті доңғалақты осьтің бойлай ығысумен; доңғалақтарды ығыстыру кезінде төбесіне шартты конустың саңылауы азаяды, ал оны басқа жаққа ығыстыру кезінде саңылау ұлғаяды.
Құрастыруды бақылау
Конусты берілісте бүйiр саңылау реттелгеннен кейін, құрастыру спасын бояуға тексередi. Ол үшін жұқа қабатты бояуды екі тіске әрбір тісті берілістен, және тістерді олардың арасындағы таза тістердің саны көбiрек болу мүмкiндігін таңдауға тырысады. Бояуды жүргізген соң тісті доңғалақтарды жұмыс бағыты берілісіне айналдырады және бояудың дағынан (байланыстың дағы) берілістің құрастыру сапасын анықтайды.
Берілістердің қалыпты жұмыс істеу үшiн доңғалақтардың жағдайын реттеу керек, байланыстың аймағы жұқа тістердің шетіне жақын болу керек, өйткені бұл жақтары деформациялық жүктемелерге оңай беріледі және тістері тез қосымша жұмыс iстейдi. Байланыстың дағы тiстiң бүйiр бетiнде орналасу керек, оның жұқа шетіне жақын, бiрақ оған жетпеу керек. Байланыс дақты дұрыс құрастыруда (биiктiк және ұзындық бойынша) тiстiң кемiнде 70% ауданын қамыту керек. Бақылауға салыстыру үшiн мұндай дақты құрастыруға құрастырма сызбада немесе технологиялық картада көрсету керек.
Әдебиет: 2 нег. [287-298], 1 қос. [158-167]
Бақылау сұрақтары
1.Қандай технологиялық операциялар цилиндрлi тiстi берiлiстердi құрастыруда технологиялық процесс қосады?
2.Тiстi берiлiсте бүйiр саңылау қандай бейнемен анықталады?
3.Тiстi берiлiстi бояуға тексерудi процедурасы қандай?
4. Конусты тiстi берiлiстер қандай жағдайларда қолданылады?
5. Конусты тiстi берiлiсте тiстi доңғалақтардың нормальды жұмыс істеу үшiн не қамтамасыз етілу керек?
6.Конусты берілісте осьтік бағытта доңғалақтардың жағдайын қалай реттеуге болады?
9- Дәріс. Бұрамдықты берілістерді жинау
Көпшілік жағдайларда бұрамдықты берiлiстердi құрастыру суық немесе ыстық күйдегi күпшекке тiстi тәждi (баспақтаумен) орналастыру басталады.
Содан соң саңылауларды және бұрандамаларға немесе ұстатқыштарды бұрғылайды, саңылауды бұрағаннан кейін олардың өздiгiнен бұрап алуын нүктелейді. Тiстi тәждерді күпшекке бекіту бұрандамалар көмегімен орындалады, яғни цилиндрлi тiстi доңғалақтарды тісті тәждерді бұрандама-лармен бекіту сияқты болады. Тоқтатқыштарды орнатудан кейін бұрамдықты доңғалақты радиалды соғуына тексереді. Бiлiкке бұрамдықты доңғалақты орнату және оны тексеру, цилиндрлі тісті берілістерді білікке жинақтау кезінде жүргізіледі. Бұрамдықты берiлiстi құрастыру кезінде әсіресе бұрамдықты және бұрамдықты доңғалақтың дұрыс ілінісін қамтамасыз ету. Бұл үшiн, олардың өстерiнiң айқастыру бұрышы және орта аралық қашықтық сызбалар талаптарына сәйкесті болу қажетті. Бұрамдықты дөңгелектің орташа жазықтығы бұранданың осіне сәйкес, ал ілінісудегі шеткі саңылау – техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан корпусқа бұранда мен бұрамдықты дөңгелекті орнаспастан бұрын, саңылаулардың ось аралық қашықтығын тексеру керек.
Ось аралық қашықтығын арнайы корпусқа орнатылатын құралбіліктерді 1 және 2 көмегімен тексереді (41, а сурет). Микрометрлік саңылау өлшеуішпен 3 құралбіліктер арасындағы қашықтықты өлшейді.
А = Н + ( D + d )/2.
Қиылысу осьтерінің бұрышын тексеру келесідей орындайды (41, ә сурет). Корпусқа бұранда мен бұрамдалық дөңгелектің орнына 1 және 2 оправки (жиекқұрсаудың) біреуін орнатып, оның біреуіне 5 индикаторы бар 4 рычагты кигізеді. Рычагты индикатордың аяғы корпустың қарама-қарсы жақтарынан шығып тұратын 1 жиекқұрсаудың бетіндегі m және n нүктелеріне тиіп тұратындай етіп орналастырады. Егер осы нүктелерде индикатордың көрсет-кіштері бірдей болса, демек біліктер 90°- пен қиылысады.
Бұрамдықты доңғалақты орнату кезінде білікке призмалық кілтекке (ступицу) - күпшекті доңғалақты кернегішті төлкелермен қысады немесе екі жағынан сомындармен бекітеді. Бірінші жағдайда остьтік жайғасуды реттеу әр түрлі қалыңдықты компенсаторлы сақиналар көмегімен айқындалады, ал екінші жағдайда – остьтік бағытта сомындардың ығысуы болып табылады.
Сериялы дайындау кезінде тісті доңғалақтарды бейметалдардан жасайды, яғни тісті тәжді ортадан тепкіш арнайы пішіндерде құяды, шойынды күпшекті ішкі жағына орналастырады. Диаметрі үлкен емес бұрамдықты доңғалақтарды тісті тәждерді күпшегіне бұрамалармен бекітеді. Егер доңғалақтың құрсауын жасау үшін пластикалық массаларды қолданса, оны күпшекпен бұрандама-лармен қосады, тәжді металды дискілермен арасында жайғастырумен.
Бұрамдықты берілістерге келесі техникалық талаптар сай келу керек:
- бұрамдықты дөңгелек тістерінің қадамы мен пішіні бұрамдықпен сәйкес келуі қажет;.
- бұрамдық тістерінің ұзындығы, бұрамдық доңғалақ тісінің ұзындығы 2/3 құрауы қажет;
- бұрамдықты доңғалақтың радиалды және шетжақтаулы соққысы беріліс нақтылығымен сәйкес келуі қажет;
- орталық аралық қашықтық есептік өлшемдермен сәйкес келіп, шектен шықпағаны жөн, нақтылықты қажет етеді;
- біліктердің осьтері корпуста тесіктері осьтермен қатынасы бойынша орналасуы бір біріне 900 бұрышпен сәйкес болу керек;
- бұрамдықтың өлі жүрісі, яғни соңғы бұралу бұрышы қозғалмайтын кезде бұрамдықты доңғалақта, берілістің дәлдігі сәйкес болу керек;
- тексеру кезінде беріліс жатық және шусыз жұмыс істеу керек;
- жүк астында берілісті сынау уақытысында, мойынтіректердің қыздыру температурасы 50...60°С жоғарламау керек.
Бұрамдықты берiлiстердi құрастыру
Көпшілік жағдайларда бұрамдықты берiлiстердi құрастыру суық немесе ыстық күйдегi күпшекке тiстi тәждi (баспақтаумен) орналастыру басталады.
Содан соң саңылауларды және бұрандамаларға немесе ұстатқыштарды бұрғылайды, саңылауды бұрағаннан кейін олардың өздiгiнен бұрап алуын нүктелейді. Тiстi тәждерді күпшекке бекіту бұрандамалар көмегімен орындалады, яғни цилиндрлi тiстi доңғалақтарын тісті тәждерді бұрандамалармен бекіту сияқты. Тоқтатқыштарды орнатудан кейін бұрамдықты доңғалақты радиалды соғуына тексереді. Бiлiкке бұрамдықты доңғалақты орнату және оны тексеру, цилиндрлі тісті берілістерді білікке жинақтау кезінде жүргізіледі.
Бұрамдықты берiлiстi құрастыру кезінде әсіресе бұрамдықты және бұрамдықты доңғалақтың дұрыс ілінісін қамтамасыз ету. Бұл үшiн, олардың өстерiнiң айқастыру бұрышы және орта аралық қашықтық сызбалар талаптарына сәйкесті болу қажетті. Бұрамдықты дөңгелектің орташа жазықтығы бұранданың осіне сәйкес, ал ілінісудегі шеткі саңылау – техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан корпусқа бұранда мен бұрамдықты дөңгелекті орнаспастан бұрын, саңылаулардың ось аралық қашықтығын тексеру керек.
Ось аралық қашықтығын арнайы корпусқа орнатылатын құралбіліктерді 1 және 2 көмегімен тексереді (30,а сурет). Микрометрлік саңылауөлшеуішпен 3 құралбіліктер арасындағы қашықтықты өлшейді.
А = Н + ( D + d )/2.
Қиылысу осьтерінің бұрышын тексеруді келесідей орындайды (30-сур, б). Корпусқа бұранда мен бұрамдалық дөңгелектің орнына 1 және 2 оправкалардың біреуін орнатып, оның біреуіне 5 индикаторы бар 4 рычагты кигізеді. Рычагты индикатордың аяғы корпустың қарама-қарсы жақтарынан шығып тұратын 1 оправканың бетіндегі m және n нүктелеріне тиіп тұратындай етіп орналастырады. Егер осы нүктелерде индикатордың көрсеткіштері бірдей болса, демек біліктер 90°-пен қиылысады деген сөз.
а – ось аралық қашықтық; ә - өстердi айқастыру бұрыштары;
1, 2 – арнайы құралбіліктер (оправкалар); 3 – микроөлшегiш нутромер;
4 – рычаг; 5 – индикатор; D, d – құралбіліктердің диаметрлерi;
Н - құралбіліктер арасындағы қашықтық; m, n – бақылаудың нүктесi
