Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
O_1240_K_TMPzhZh_4_KURS_GMI_2014_zh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

1.9. Курстың саясаты мен процедурасы

Оқытушылардан студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатынаспаған күндерін қайта тапсыру талап етеді.

Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негізге алуы

2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары 6 кесте

Тақырып атауы

Дәріс

Лабора-ториялық жұмыс

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Жинақтау жұмыстары кезінде қолданы-латын жобалық және техникалық құжат-тама

2

3

3

2

Iргетастарды қабылдау

2

2

3

3

3

Жұмыс орынына машиналарды қондыру

2

3

3

4

Жүк көтеру құрылғылары

2

2

3

3

5

Құрастыру. Құрастыру операциялары

2

3

3

6

Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру

2

2

3

3

7

Бұрандалы қосылыстарды құрастыру

2

3

3

8

Цилиндрлi тiстi берiлiстердi құрастыру

2

2

3

3

9

Бұрамдықты берілістерді жинау

2

3

3

10

Сырғанау мойынтiректердi жинау

2

2

3

3

11

Сырғанау мойынтiректердің түйіндерін жинау.

2

2

3

3

12

Таспалы (ленталық ) конвейерлер мен нәрлендіргіштердің монтажы

2

3

3

13

Құбырлық жүйелер және оларды жинау.

2

2

3

3

14

Пайдалану жүйелері

2

3

3

15

Технологиялық жабдықты пайдалануға дайындық

2

1

3

3

Барлығы (сағаттар)

30

15

45

45

2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері

1-Дәріс. Монтажды жұмыстарда қолданылатын жобалы және техника-лық құжат

Өндірісті жобалау жұмыстары – жөндейтін және монтажды технологиялық өндірісті анықтайтын басты құжаттар. ӨЖЖ жұмыстарды қауіпсіз және көбінесе тиімді әдістермен жұмыс істеуді қарастырады, еңбек сыйымды-лығымен өздік бағасының төмендеуіне әсер етеді, жалғастыруын қысқартады және сапасын жоғарлатуды қарастырады. ӨЖЖ монтажға және технологиялық жөндеу құрылғылары өндіріспен өндіріледі және мамандандырылған өндірістер жолдауларымен генподрядты өндіріспен ақылдасып жөндеу немесе монтаждау өндірісінін бастығымын расталады.

ӨЖЖ жасауда басты шығарылатын өнімдер мыналар: құрылыс өндірісінін жобасы; өндірісті алаң мен кұрылыс алаңның басты жобасы; құрылыс сызулары; жинақталынған және кұрастырылған сызу кұралдары; құбыржолы және құрылғылардың жұмыс істейтін сызулары; объектінің және құрылғының жұмыс істеу уақыты анықталған.

ӨЖЖ құрамы мен құрылысы

ӨЖЖ технологиялық монтаж құрылғылары жалпы алаң бөліктерінен және бөлек объектінің монтажды құрылғылар бөліктерінен тұрады.

“Жалпы аудан ӨЖЖ” бөлімінде келесі сызбалар қарастырылады: құрлысбасжоспар уақытша ғимараттар көрсетілумен және көліктік коммуника-ция, монтажды сызбасы, блоктардың орналасу сызбасы жинау аудандарында, газ магистралінің сызбасы, жүккөтергіш механизмдерінің монтаж сызбалары, керек, жабдықтардың тізімі, құрал-сайман және қосымша материялдар, металлпрокат, құбыр және түсініктеме хатқа тапсырыс беру спецификациясы болу керек. Онда жабдықтар және іске қосу мерзімі туралы қысқаша сипаттамалар келтірілу керек.

ӨЖЖ жеке объектілерді монтаждау бөлімдеріне келесілер: жоспар және монтаждалу объектінің қималары және подъезді жолдар, монтажды блоктарға жабдықтарды бөлу сызбалары және монтаждық орындалу реті, жұмыс сызбалары блоктарды монтаждау және жинау үшін, монтажды және пісіру формулярлары, жұмыс өндірісінің локальді графигі және түсініктеме хат жатады. Онда жұмыс көлемі туралы нақтылы мәліметтер келтірілген, қабылданған жұмыс өндіріс технологиясының сипаты келтірілген. Жұмыс өндірісі үшін жеке қиын блоктар және желілерді жинау монтаждауда қосымша жабдықтарын техналогиялық карта құрастырылады.

Құрылыс монтажды өндірісті дайындау

Құрылыста өндірісті дайындауда бір жүйе қолданылады, ол бір-бірімен біріктірілген өндірісті дайындау іс-шаралары, технологиялық және жоспар экономикалық сипаты. Бұл жүйе құрылыс объектілерінің тапсырылуын қамтамасыз етеді. Құрлыс өндірісті дайындауда негізгі бағыттары болып табылатындар: құрылыс өндірісінің жалпы дайындалуы, құрылыс–монтажды ұйымдарды дайындау, құрылыс объектілерін дайындау. Жалпы дайын тапсырыс берушімен жобалық және құрылыс ұйымдарының қатысуымен жүргізіледі:

-құрылыс өндірісінің жоба дайындық (құрылыстың техника экономикалық және жобалаудың бастапқы берілгендерін дайындау жұмыстары атқарылады )

-құрылыстық жоба сметалық құжаттармен қамтамасыздандыру (құрылыс ұжымдарының жоба жұмыстары, сызбалар және сметалы құжаттарды дайындау); респективті жобалау (құрылыстың бес жылға күрделі жобалау және құрылыс өндірісінің тиімді өсіру іс-шаралары қарастырылады).

Құрылыс монтажды ұжымдарының дайындау процесінде өндірістік бағдарламалардың орындағанда бес жылдық жоспардың көрсеткіштері құралады, жылдық жоспарлар дайындалады; бар өндірістік базалық үлкейтілуін және жаңа өндірістік база салу сұрақтары шешіледі, іс-шаралар жоспарланады, іс-шаралар объектілердің уақытында қолданысқа берілуін қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің өсуіне , жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді.

Дайындық кезеңінің жұмыстары

Дайындық кезеңінің жұмыстары құрылыс алаңын игерумен және құрылыстың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарының технологиясын ұйымдастырумен байланысты.

Дайындау жұмыстары барлық құрылыс бөлімшелерін жұмыспен қамту үшін, жалпы құрылыс-жинақтау жұмыстарының тобымен байланысты.

Дайындау жұмыстарына кіреді:

  • Тапсырыс беруші тірек геодезиялық желісін құрады (жоғарғы белгілер, құрылғылардың негізгі осьтері, сонымен қатар констрфорстардың шегінен асырып, батареялардың ұзындық осінің белгілері, машина және кокс жағынан шеткі және ортаңғы пештердің осьтерінің белгілері);

  • Құрылыс алаңын тапсырыс берушінің тазалауы, құрылыс барысында қолданылмайтын ғимараттарды бұзу.

  • Жалпы алаңдық қоймалық шарушылықты құру (жаңаларды құру немесе бар қоймаларды жөндеу, тапсырыс берушінің механикаландырылған қоймалық шаруашылығын қабылдауға, сақтауға дайындау, және құрылғыны тексеру үшін қажетті алаңдарды ескеріп технологиялық құрылғыны жөндеуге беру);

  • Құрылыс алаңын инженерлік дайындау (аймақты жоспарлағанда бастапқы жұмыстар, подъезді теміржол, авто жолдарының, су және энергиямен жабдықтау құрылғысы);

  • Уақытша құрылыстардың, телефон байланысының және радио байланысын қондыру.

Өндірісті дайындау бойынша қажетті құжаттар

1. Жұмыстарды, металлқұрылымдарды, құбырларды, тетіктелген (детали-ровочных) сызбаларды жасау жобаларына тапсырыстар.

2. Жобалау-техникалық құжаттаманың сапасы бойынша ескертулер тізімі

3. Құрылғының, стандартты емес құрылғының және металлқұрылымдардың мәліметтері.

4. Басқару шеберханасында металлқұрылымдарын дайындауға қажетті металл алу ерекшелігі.

5. Тапсырыс беруші үшін құбырлардың, құбыр тетіктерінің, құбырлардың астына технологиялық тіректердің және басқа материалдарды жеткізу құбырларының, электродтардың, метиздардың, төсемелердің, бояу материал-дарының және басқа материалдардың мәліметтері.

6. Металлқұрамаларын және құбырлардың түйіндерінде дайындауға тапсырыс беру.

7. Негізгі және көмекші материалдардың барлық түрлеріне сұраным.

8. Жұмыс өндірісінің кестелері.

9. Жұмыс өндірісінің жобалары, технологиялық жазбалар, құбырлардың түйіндерінің тетіктелген сызбалары.

10. Қажетті жинақтау механизмдердің, бейімдемелер және құрылғылардың тізімі.

11. Жұмыс күшінің қажеттілігінің кестелері.

12. Объектіге жинақтау паспорты.

13. Жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманы енгізу тізімі.

14. Жұмысты дайындау бөлімімен жасалған құжаттаманы ескеру тізімі.

Қажетті монтажды механизмдер тізімі, құрал-саймандар тізімі; жұмыс күшіне қажетті графиктер; объектінің монтаждық құжаты; жоба сметалы және техникалық құжаттарды тіркеу журналы.

Құрал – шаруашылығы

Бригадаларды, жеке жұмысшыларды құралдармен, аспаптармен жабдықтау үшін әрбір жинақтау басқармасы құралдық шаруашылықпен қамтылған, оның құрамына кіруі қажет: жөндеу бөлігі бар орталық құралдық қоймалар, бөлімдік құралдық қоймалар, орын ауыстыратын құралдық шеберхана.

Жөндеу бөлімшесі бар орталық құрал қоймасы ереже бойынша, басқарманың өндірістік негізінде орналасады. Мұнда құралдың көшірмелері жасалады. Бұндай қоймалардың құрамына сақтау, келісу және топтарға біріктіруден басқа, кезеңдік тексерістерді өткізу, құралды техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жұмыстарын жұргізу қажет.

Жұмыстарды жеке ірі объектерде жүргізгендіктен және орталық құралдар қоймасынан алаңды айтарлықтай алыс болғанына байланысты бөлімшелік құрал қоймаларын құру қажет.

Құралды алуға кететін уақытты азайту үшін оны бригадалық жиынтыққа жинайды және ол бригадалық құралдық қоймаларды жинақтау алаңдарында сақталады.

Құрал қоймаларымен қашықтық алыс болғанда жылдам байланысты орнату үшін орнын ауыстыратын құрал шеберханасын ұйымдастыру қажет. Оның қызметі – құралды бөлімшелік және бригадалық құрал қоймаларына жеткізу, сондай ақ жұмыс орнында техникалық қызмет көрсету және құралды тексеру.

Құралдың топтық жиынтығы бригадирге беріледі және жинақтау алаңында арнайы жабдықта сақталады.

Жиынтық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құралдар мен аспаптардың тізімі жұмысты өндіру жобасымен анықталады. Бұл кезде еңбек сыйымдылығы жоғарырақ қолмен басқарылатын операциялар (кесінді байланыстарды құру және дайындау, пішіндік металлды және құбырларды кесу, құбырларда пісіру арқылы жүздерін алып тастау) механикаландырылады. Операцияларды механикаландыру кезінде еңбек өнімділігі айтарлықтай жоғарылауына, электр және пневматикалық қолмен басқарылатын машиналарды – гайковерт, бұрғылау және жону машиналары, аралар, дискті қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Қолмен басқарылатын машинаны таңдау нақты жұмыс шарттарымен шартталады. Жинақтау алаңдарында электр машиналардың оқшауламасы екі қабатты болады, аппараттарда, үлкен көлемдерде жұмыс істегенде – III класты электр қолмен басқарылатын машиналары (36 В) немесе пневматикалық қолдық машиналар, жинақтау жұмыстары көп болғанда – пневматикалық қозғалтқышпен қолдық машиналар. Қолмен басқарылатын машиналарды жұмысқа дайындау уақытын азайту үшін соңғылары жұмысшыларға толығымен жинақталған түрінде берілуі тиіс.

Қолды машиналардың қосылу түйіндері жұмыс орнынан жақын жерде болуы тиіс, қол машиналары мен олардың байланысу орындарының ара қашықтығы: 36 В электр және пневматикалық машиналарына 10 м және 220 В электр машиналарына 20 м.

Механика-жинақтау жұмыстарында арнайы жинақтау аспаптарын кеңінен қолданады: гидравликалық көтергіштер ДГО 20М, ДГО 50, ДГО 100, ДГО 200 жүк көтерімділігі сәйкесінше 20, 50, 100 және 200 т; бұрандалы көтергіш ДВ- 10 жүк көтерімділігі 10 т; тақтайшалы көтергіш ДР-5 жүк көтерімділігі 5 т; төсемелері арнайы жинақтаушы жүзі бар, типтері ПР-3, ПР- 5, ПР-10 жүк көтерімділіктері сәйкесінше 3, 5, 10 т; жүк арбалары қолмен басқарылады, максимал тарту күші 15 және 30 кН; мультипликатор кілттер KM, KM-70 және КМ-130; үш тығынжылды (трехплунжерный) қозғалтқышты сорғы НП-600; қол қозғалтқышты гидравликалық сорғы HP-450; тегершікті (шестеренчатый) сорғы НШ-40.

Жинақтаушылар қолданатын қол құралы негізгі үш топқа бөлінеді:

  • Кескін байланыстарды бекіту үшін құрал (сомын кілттері, монтажды кілттер және жинақтаушы-ұсталы бұрауыш);

  • Соқпалы жұмыс сітеуші құрал, кесуші, топсалы (балғалар, қашаулар және ұсталы крейцмейселдер, қырғыштар, тістеуіктер, металл кесуге арналған қайшы, егеулер және т.б.

Қол құралдары тозып немесе бұзылу кезінде ол үшін жауапты қол құралы алынады. Белгі қою және өлшеу құралдары жинақтау жұмыстарын жүргізу үшін тағайындалуы бойынша бірнеше түрге бөлінеді:

  • Белгі қою және ұзындық өлшеуге құрылғы (металл өлшеуіштер, сызықты метрлер және қоймалық метрлік, металл өлшеуіштер және штангенциркульдер)

  • Бұрыштарды өлшеу, белгі қою және тексеру құралы (бұрыштары жалпақ және бүйірлі, сызғыштар тексеруші бұрыштық, косинуспен бұрыш өлшегіштер);

  • Тетіктердің өлшемдерін өлшеуге арналған құрал (іш өлшеуіш, тереңдікөлшеу, штанген терең өлшеу);

  • Тегістілікті, түзусызықты, саңылаулардан ауып кетпеуін тексеру (тақталар, сызбаүлгілік сызғыштар және жұмыс беті кең, индикаторлар, деңгейлер); Бұранданы өлшеуге арналған құрал (бұрандалы үлгілер);

  • Белгілеуіш құрал және тіктеуіштер (сызбалар, циркуль, тіктеуіш,

Белгілеуіш және өлшеуіш құрал жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданады. Бұрышты сызғыштар, нониусты бұрыш өлшегіштер);

- бөлшектердің мөлшерін өлшейтін құрал (нутромерлер, тереңдік өлшегіш-тер, штанген тереңдік өлшегіштер);

- саңылауларды, горизонталды ауытқуын, түзу сызықтығын және жазықтығын тексеретін құрал (тақталар, кең жұмыстық бетті және лекальды сызғыштар, индикаторлар, құыс бұрғылар, деңгейлер); -бұранданы өлшейтін құрал (бұрандалы шаблондар); -белгілейтін құрал және тіктеуіштер (сызғыштар, циркульдер, кернелер, тіктеуіштер). Белгілейтін және өлшейтін құралды жұмыстың сапалы атқарылуын қамтамасыз ету үшін қолдану қажет.

Әдебиеттер: 4 нег. [6-13 ], 5нег. [187-191 ],

Бақылау сұрақтары

1.Негiзгi басшылыққа алынатын құжат қандай ұйымды және жинақтау жұмысшыларының технологиясын анықтайды?

2.Бөлiмдер қандай технологиялық жабдықты монтажға жұмыс өндiру жобасы тұрады?

3. Жұмыстар жинақтау жұмысшыларына объекттiң ортақ әзiрлеуi ?

5.Электр аспабының түрi неткен монтаждық алаңда қолданылуы керек?

2- Дәріс. Іргетастарды қабылдау

Жабдыққа iргетасты қабылдау дегеніміз - оның геометриялық өлшемдерiн жобалық тексеру мен сызба бойынша өлшемдерімен салыстыру болып табылады. Жоба бойынша оның маркасын салыстыру үшін, құрылыс лабораториясынан iргетастың нақты сапасын растайтын мәлiметi болу керек. Қабылдауда инженер-техникалық қызметкерлер немесе мамандандырылған бригадирлер өткiзедi. Құрылыс мекемесі жобалық нақты сызба және оның өлшемдері көрсетiлген iргетастың атқарушы сұлбасын ұсыну керек.

Тексеру үшiн аспаптар: рулетка (ұзындық өлшеуіш), сымды шек диаметрімен 0,3-0,5 мм, тіктегіштер, жонылған ағашты брус-сызғыш ұзындығымен 1,5-2 м.

Қабылдау алдында бүтiн және жақтаулы iргетастың кесiк бетiн қабырғаларды немесе нивелира арқылы геодезиялық қызметпен тасымал-данатын ғимараттың еден бiтелген реперді биiк белгiнi келтiредi.

Бойлай және көлденең іргетастың остеріне белгі (1 сурет) жүргізеді. Іргетастың беттеріне ось бойынша болатты шекті 5 іліп қояды. Ілмені аунақшаға 3 немесе қапсырмаларға, кронштейнге бекітілген, іргетастқа жақын орнатылған немесе бөлмедегі қабырғаларына ілмені орындайды. Шектерді 3 жүк 6 көмегімен тартады. Шектерді ілу үшін ігретастың периметрі бойынша 80...100см биіктікте орындайды, тосқауыл бұрыштан 25÷25мм тіреулерде, іргетастың арматурасына электр пісірумен ұстатылған. Үлкен емес іргетастарға шектерді ағашты брустарда немесе төсем астарда 150..200мм биіктікте іргетасты бетінен тартуға болады. Шектерден тіктегіштерді (отвесы) 4 түсіреді, іргетастың беттерімен бойлай және көлденең остердің орналасу дұрыстығы тексеріледі. Тиiстi тiк сызықтар немесе кертiктер реперлерде және қапсырма-ларда жасалады. Содан кейін тіктегіштерден рулетка көмегімен және жиналмалы метрмен бұрандамаларды іргетасқа құдықтардың осьтік өлшемдерін тексеруі жүргізеді.

Іргетастарда осьтер бояумен немесе кертпе қашаумен орындалады. Іргетастың тікбұрыштығын оның диагоналы бойынша түзу тартылған баумен тексереді. Өстердiң тiкбұрыштығы - катеттерi ұзына бойы және көлденең өстер бойынша орналасатын тiк төртбұрышты үшбұрыштардың гипотенузаларының теңдiгi бойынша бекiтiледi. Іргетастарда, механизмдер өстерi параллель орналасады. Осьтердің ара қашықтығын тексереді. Параллель еместiк 0,1 мм/м ден аспау керек. Құрылысты сызбада орта аралық қашықтықты, анкерлік құдықтардың өлшемдері және олардың орналасуын аса ықыласпен тексеру керек. Анкерлік құдықтардың тереңдігін қуысты саңылау арқылы немесе ойықтарға қыстыратын таңбаланған тақтайшаның ұзындығы бойынша тексередi. Есептеу барысында сүргiленген ағаш тақтайшасының сызғышынан iргетастың биiк белгiсiнiң төменгi шетi дәл келу тиiстi. Деңгей тақталанған немесе жатқызылған астар бойынша есепке алынуы қажет. Терең анкер құдықтарында (2,а сурет) бұл бастардың бұрылуын шектейтiн стопорлар өту үшін анкерлiк тақталардың тiркеме қағаздарының бiтелуiн, болттардың Т тәрізді сияқты бастарының саңылауын тексеру керек. Өптелі немесе ұңғымалы анкерлiк құдықтарда төменгі тiрек беттердің көлденеңдiгін және тақтаның тұтас болуын тексеру керек .

1- іргетас; 2 - репер осьтік және биіктік белгі; 3 – шектерді аспалау үшін аунақша; 4 - тіктегіш; 5- шек; 6 - жүк

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]