Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
O_1240_K_TMPzhZh_4_KURS_GMI_2014_zh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать
  1. Кесте - Әдiспен бояуға бақылау кезінде бұрамдықты берiлiсте тістердің байланысу нормалары

Байланысу дақ

Байланысқан дақтардың өлшемдері (кемiнде ) %, дәлдiктiң дәрежесiмен берiлу үшiн

5

6

7

8

9

Тiстiң биiктiгi бойынша...

Тiстiң ұзындығы бойынша...

60

75

60

70

60

65

50

50

30

35

Ескерту. Байланыстың шамасы салыстырмалы өлшемдері дақтың (пайызбен) ұзындығы бойынша-шеткi нүктелермен іздерін жанасумен арасындағы қашықтық; жұмыс тiстiң биiктiгi барлық ұзындықтығына жұмысшы тістің биіктігіне оның барлық ұзындығына жанасу аймақтары орташа қатынасымен анықталады.

Әдебиет: 1нег. [158-185 ], 2 нег. [287-298 ].

Бақылау сұрақтары

1. Бұрамдықты берiлiс қандай элементтерден тұрады?

2. Бұрамдықты берiлiстердi көп жағдайларда неден құрастыру басталады ?

3. Бұрамдықты берiлiстi құрастыруда кезінде нені қамтамасыз ету керек?

4. Бұрамдықты берiлiсте өстердiң айқастыру бұрышын тексеру қандай бейне-мен іске асады?

5. Бұрамдықты және бұрамдықты доңғалақтың iлiнісінде бүйiр саңылауын қандай бейнемен анықтайды?

10 - Дәріс. Сырғанау мойынтіректерді жинау

Машиналарда кездесетін барлық сырғанау мойынтіректері бүтін төлкелер немесе үйкеліске қарсы қорытпалар құйылған корпустар, тұғырлар немесе табандардағы тесіктер түріндегі ажырамайтын және корпустарын үйкеліске қарсы қорытпамен құятын астары бар және астары жоқ ажырайтын бөліктерге бөлінеді. Ажырамайтын сырғанау мойынтіректерін құрастыруға төлкені корпусқа тығу, бұралып кетуін тоқтату және білік бойынша тесіктер салу жатады. Нығыздаудан кейін төлкенің ішкі диаметрі кішіреюі мүмкін, сондықтан оны білік бойынша немесе калибрмен тексеру қажет, егер сызбада көрсетілген қуыстар сақталмаса, төлкені қырнауышпен қырып немесе ұңғымен тесу керек. Көп тіректі біліктердің мойынтіректерінің толық өстестігіне қол жеткізу үшін төлкелерді біріктіріп күшейту керек.

Астардың ішкі диаметрі білік мойнының диаметрінен көлемі білік мойнының диаметріне, оның салмағына және айналу санына байланысты өлшенетін май қуысының көлеміндей үлкенірек болу керек. Әдетте білік мойнының қуысы диаметрінің 0,0018 ÷ 0,0025 тең.

Ажыратылмайтын сырғанау мойынтіректерін жинау втулканы корпусқа пресстеп, оның бұрылуын тоқтату арқасында және саңылаулардың білік бойына дұрыс орналасу арқасында іске асады. Пресстегеннен кейін втулканың ішкі диаметрі азаюы мүмкін, сондықтан оны білік бойынша немесе калибрмен тексеріп, сызбамен қарастырылған саңылаулар жасалынбаған жағдайда втулканы шабрлеу немесе қашау құралымен жүріп өту керек. Көп тіректі біліктердің мойынтіректерінің бір осьте орналасуы үшін втулкалардың ортақ жазылмалығын қамтамасыз ету керек.

Қосымшаның ішкі диаметрі білік мойыншасының диаметрінен майлы саңылау көлеміндей үлкен болуы керек, ал оның көлемі өз ретінде біліктің мойыншасына, оның массасына және айналым санына байланысты өзгереді.

Әдетте майлы саңылау білік мойыншасының диаметрінің 0,0018÷0,0025-не тең.

Ажыратылмайтын сырғанау мойынтіректерін құрастыруға қойылатын

негізгі талаптар:

1) Көп жақты төлкелерді нығыздауға болмайды;

2) Қола төлкелерді және сызықтық кеңеюінің коэффициенті корпустық бөлшек коэффициентінен үлкен басқа материалдардан жасалған төлкелерді нығыздау кезінде корпустық бөлшектің қызуына жол бермеу керек. Бұл корпустық бөлшегімен қыздырылған төлке оның ішінде кеңейе алмайтын-дығынан, қалдық өзгеріске ұшырап, әлсіз күйінде қалатындығынан туындайды;

3) Төлке сопақ болса, оның орташа диаметрін перпендикуляр бағытта төрт нүктедегі өлшемдермен, екі-үш көлденең қималарда тексеру керек. Егер орташа диаметрі бастапқыда көрсетілгенге сай келсе және сопақтығы нығыздауға кедергі келтіретіндей үлкен болмаса, төлкені тығындауға болады;

4) Бірнеше тіректері бар білікті құрастыру кезінде, ең алдымен, тіреуіш мойынтіректері бар іргетас табанына нық орналастыру қажет;

5) Трансмиссиялық білік тіреуіші бар тұрынтақтың жоғарғы бөлігін төлкенің екі жағынан да шеңбер бойынша қуыстарды тегістей отырып, анкерлік бұрандамалармен созады. Қуыстар қуыс бұрғымен тексеріледі;

6) Білік пен төлкелер арасындағы шекті қуыстар шектер мен орналастыру кестесі бойынша анықталады;

7) Егер қуыс бұрғымен тексеру қуыстардың тегіс еместігін көрсетсе, төлкелердің ең кіші қуыстар орналасқан жерлеріндегі төменгі бөлігін фальшбіліктің бояуға жағылу беті төлкелердің ұзындығы және ені бойынша тегіс болуын қадағалай отырып, қырнауышпен қырады. Мұндай жағдайда жанасу нүктесін алаңның 80% - ке дейін жеткізеді;

8) Бір жақтаудағы ажырамайтын сырғанау мойынтіректері бар мойын-тіректік түйіндерді құрастыру кезінде мойынтіректердің тесіктерінің өстестігін міндетті түрде тексеру қажет;

9) Мойынтіректік түйіндерді толық пысықтауды графит ұнтағының қоспасы бар қою жақпа майды қолдану арқылы жүзеге асыру керек;

Ажырайтын сырғанау мойынтіректерін құрастыру кезінде қойылатын негізгі талаптар

  1. Білік астарлары бар мойынтірек тіректерін тіреуіштерін іргетасқа орналастырудың шекті дәлдігі.

  2. Барлық астарларды мұқият өлшеу, бұл кезде табылған барлық сызбадан ауытқуларды анықтау және жою.

  3. Диаметрі үлкен (150 ÷ 250 мм) транмиссиялық біліктердің мойынтірек-тердің треуіштерін жеке, біліксіз және астарсыз (биіктігі бойынша – нивелирмен, жоспарда - теодолитпен) орнатқан жөн.

  4. Тіреуіштердің орнатылған және іргетасты бұрандамалармен бекітілген тіректерді тек астарлар төселгеннен кейін, олардың тіреуіш ұяшықтарының бетіндегі бояуына жанасуын алдын ала тексергеннен кейін бетон ерітіндісімен құяды. Жанасу беті мұндай жағдайда 75-80% -тен кем болмау керек. Біліктің барлық астарларға жанасуы «бояуға» тексеріледі. Біліктің астарларға жанасу нүктелері астарлардың барлық бетінің 75% - тен кем болмау керек.

  5. Жоғарғы астар мен білік мойны арасындағы қуысты дұрыс орналастыру. Қуысты қалыңдығы шекті қуыстан 1 мм үлкен қорғасын пластинкалармен тексереді. Қорғасын тілімшелер (екеу) білік мойнына (галтельдерге жақынырақ) орналастырады.

  6. Білік пен астар өстерінің ауытқуы орнатылған қуысқа шектің 0,5 - тен аспау керек.

7. Білік галтелінің радиусы астар галтелінің радиусынан әрқашан кішірек болуы керек.

Саңылаулардың рұқсат етілетін көлемі 6 кестеде белгіленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]