Еңбек даулары
Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңдарды қолдану мәселелері жөніндегі, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктері.
Еңбек даулары екі сатыда – тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында сайланады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
Қорытынды.
Сонымен, еңбек құқығы күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құырылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек туралы заңнамалар да Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексіне, жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынасын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасы бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық заңдар алдында басымдылығы бар және егер оны қолднау үшін Қазақстан Республикасының заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халықаралық ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың қағыһидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметтейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Е.Баянов "Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері", Алматы,2003 жыл
Қ.И.Оспанов "Құқық негіздері"
С.Д. Баққұлов "Құқық негіздері"
