Еңбек-құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келіміс арқылы жүзеге асырылады. Келісім, салалық, аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт. ҚР-да әлеуметтік әріпмтестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келлісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру;
барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік әріптестік мынадай қағидаттарға негізделген:
тараптар өкілдерінің өкілеттігі
тараптардың тең құқықтығы
талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбегін таңдау еркіндігі
міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі және тараптардың оларды орындауға міндеттілігі
тараптардың мүдделерін құрметтеу
жауаптылық реттілігін реттеу.
Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде Әлеуметтік әріптестік
пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия қамтамасыз етеді.
Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше маңызға ие. Құықтық еңбек қатынастарының мынадай ерекше белгілері бар:
қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді;
қызметкердің еңбек ұйымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады;
қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті;
қызметкер кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Еңбек құықығы пәніне құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен тыңыз байланысты қатынастар да жатады. Осындай қатынастар қатарына мынадай қатынастарды жатқызуға болады:
жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;
ұйымдастыру-басчқару;
әлеуметтік-экономикалық;
өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру;
тәттіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына келтіру;
еңбек туралы заңнамалар сақталуын қадағалау мен бақылау;
еңбек дауларын қарау жөніндегі өатынастар.
Еңбектік құқықтық қатынастар. Жеке еңбек шарты
Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек фуекциясы бойынща жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік құқықтың актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек шарты жасау кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, 3 жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасау құқын шектей алмайды. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі анықиалған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар Еңбек Кодекіснің 32-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдармен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпппен жасайды.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актілерінің үзінді көшірмелері;
қызметкерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер, т.б.
