Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Srs_kukyk2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.9 Кб
Скачать

«Астана Медициналық Университеті» АҚ

Құқық негіздері және сот медицинасы кафедрасы.

Реферат Тақырыбы: Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселесін мемлекеттік-құқықтық реттеу

Орындаған:Смагулова А

Топ 103 ЖМ

Қабылдаған: Дюсенова.А.К.

Астана 2015 ж.

Ж О С П А Р:

І.Кіріспе

Еңбек құқығы және оның әдістері, жүйесі мен деректік негіздері

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Еңбек-құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік

  2. Еңбектік құқықтық қатынастар, Жеке еңбек шарты

  3. Еңбек даулары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердлің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.

Құықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық құатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдардан тұрады. Еңбек құқығының әдісі + еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығының әдістері құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері мынадай белгілермен:

  1. еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен;

  2. еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен;

  3. әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;

  4. жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелуі;

  5. еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.

Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының Жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.

Еңбек құқығының негізгі деректік көздеріне еңбек саласында қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылы 25 маусымда Женевада қаласында дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған «Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы» халықаралық Конвенция қабылданған. Осы конвенцияға 1999 жылы 20 шілдеде №444 заңмен Қазақстан Республикасы қосылды. Сондай-ақ Женева қаласында 1999 жылы 17 маусымда Халықаралық еңбек ұйымыБас конференциясының 87-сессиясында қабылданған «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы 182-ші Конвенция қабылданды.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда өабылданған №251-ІІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі». Кодекс Жалпы және ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]