Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сценарий сокращенный вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.72 Mб
Скачать

«Гипогликемиялық команың диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары

Бағалау қадамдарын критерийлері

Жауап эталоны

Жақындарынан ауру анамнезі жиналуы. Барлық сұрақтар қойылды ма?

Жақындарынан ауру анамнезі толық жиналды

Физикальды тексеру (тері және шырышты қабат)

Қарап тексеру дұрыс жүргізілді

Анықталды: тері жабындылары қалыпты және ылғалды, ұстағанда суық.

Физикальды тексеруді дұрыс жүргізу – тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесін физикальды тексеру дұрыс жүргізілді: дем алысы жиі, беткей

Физикальды тексеруді дұрыс жүргізу – жүрек-қантамыр жүйесі

Жүректің салыстырмалы тұйықтықталу шекарасын анықтау. Жүрек тыңдау нүктелерін реттілігімен аускультация жүргізу

Артериальды қысымды, пульс жиілігін өлшеу

АҚ мен пульс анықтаудағы ережелерін сақтау

Неврологиялық статусды бағалау

Патологиялық рефлекстер: Бұлшықет тонусы және сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Шайнау бұлшықетінің тризмі.

Тыныс алғандағы иіс

Аузынан ацетон иісі жоқ

Болжама диагноз

Анамнезінде 1 типті қант диабеті бар,аяқ астынан физикалық күштеме кезінде есінен тануы және қарап тексергенде терісі ылғалды, патологиялық рефлекстер барын ескере отырып: Қант диабеті 1 типті, Гипогликемиялық кома.

Зерттеу жоспарын тағайындау

ЖҚА; ЖЗА;қанның электролиттерін анықтау;қанның рН, қант, креатинин, мочевина; зәрдегі ацетонды анықтау; гликемиялық профиль, ЭКГ.

Қанның рН анықтау

Қышқылды-сілтілі балансты анықтау үшін

Жалпы қан анализін интерпретациялау

ЖҚА: өзгеріссіз

Зәр анализін интерпретациялау

Зәрде глюкоза және ацетон жоқ

Биохимиялық қан анализі мен гликемияны интерпретациялау

Гипогликемия және гипонатриемия

Гликемиялық профильді интерпретациялау

Түскен кезде гипогликемия біртіндеп гликемия жоғарылауымен

Қанның рН интерпретациялау

қалыпты

ЭКГ интерпретациясы

Пароксизмальды емес жүрекшелік тахикардия. ЖСЖ 115 рет мин.

Комаларды ажырату диагностикасын жасау

Басқа комалармен ажырату: кетоацидоздық, гиперосмолярлы, лактатацидемиялық

Емдеу тактикасын анықтау

Гипогликемиямен күресу (глюкоза). Бас миының ісінуімен күрес. Инсулинотерапияны коррекциялау, әңгіме жүргізу және физикалық белсенділікті түзеу

Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру.

Негізделген болжама диагнозды ескере отырып, сонымен қатар гипогликемияны, гипонатриемияны, зәрдегі глюкозурия, кетонурия болмауына қарай отырып диагноз қойылды: Қант диабеті 1 тип, ауыр дәрежесі, декомпенсация. Гипогликемиялық кома.

Пациентпен тиімді қатынасты орнату және жедел көмек көрсету кезіндегі өзін-өзі басқаруы

Пациентпен оптимальды қарым қатынас орнатты. Толық өзін-өзі басқара алып, дағдыларды сенімді орындады

Медициналық симуляция сценарийі