- •3.Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы. Өзгергіштік және табиғи сұрыпталу –эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталудың формалары.
- •4.Табиғи сұрыпталудың әсерін тәжірибеде зерттеу.
- •5.Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
- •6.Эволюцияның синтездік теориясының (эст) негізгі ережелері (постулаттары)
- •9.Гендер дрейфі. «Негізін салушу» қағидаты. «Бөтелке мойын» қағидаты.
- •10.Қарапайым эволюциялық бірлік және қарапайым эволюциялық құбылыс туралы түсінік.
6.Эволюцияның синтездік теориясының (эст) негізгі ережелері (постулаттары)
ЭСТ – генетика мен дарвинизм секілді түрлі дисциплиналардың синтезі болып табылатын қазіргі заманғы эволюциялық теория. ЭСТ палеонтология, систематика, молекулярлы биология және т.б ғылымдарға сүйенеді.
1) Эволюцияның бағыты, оның қозғаушы күштеріне байланысты: тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
2) Тіршілік үшін күрес – организмдердің өз ара және қоршаған ортамен ара қатынасы, сонымен бірге ұрпақ қалдыру мүмкіндігі.
3) Табиғи сұрыпталу – эволюциялық процестің бағытталған факторы, эволюцияның қозғаушы күші. Бейімделген дарабастардың тірі қалып және ұрпақ қалдыратын, сонымен бірге бейімделмегендердің жойылуы барысындағы процестің нәтижесі, яғни генотиптердің дифференциалды тірі қалу, көбеюі және дифференциалды жойылуы. Табиғи сұрыпталу кездейсоқ және ұсақ мутациялардың селекциясына негізделген.
4) Табиғи сұрыпталудың объектісі - онтогенез барысындағы дарабастың фенотипі.
5) Фенотип генотиппен негізделеді. Осыған байланысты табиғи сұрыпталудың нәтижесінде генотиптердің дифференциальды көбеюі байқалады.
6) Популяциялардағы алғашқы өзгергіштік қарапайым эволюциялық факторлардың әсеріне қатысты: мутациялық процесс, популяциялық толқындар, оқшаулану, табиғи сұрыпталу және т.б.
7) Қарапайым эволюциялық процесстер эволюцияның қозғаушы күштері (тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және қарапайым эволюциялық факторлардан тұрады.
8) Қарапайым эволюциялық материал - мутациялар. Мутациялық өзгергіштік кездейсоқ сипатта жүреді.
9) Қарапайым эволюциялық бірлік - популяция.
10) Қарапайым бейімделушілік құбылыс – популяцияның бейімділігін жоғарылататын, генетикалық келісілген белгілердің пайда болуы.
11) Қарапайым эволюциялық құбылыс – популяцияның генотиптік құрамының тұрақты өзгеруі (мысалы, аллельдер жиілігінің өзгеруі).
12) Эволюция белгілі табиғи-географиялық орталарда іске асырылады - биогеоценоздарда.
рі табиғатқа қатысты алғанда эволюция қарапайымнан күрделі түрлердің пайда болуын көрсетеді. Ол қалай жүреді. Табиғатта мақсатты қалай түзілу өте ме? Кездей соқтықтың ролі қандай? Даму көзі болып не есептеледі:
Ламарк айтқандай мүшелердің жаттығуы ма;
көбірек бейімделгендердің өмір сүру үшін күресі ме (Дарвин бойынша табиғи сұрыптау);
өзара көмек жасау мүмкіндігі (П.А.Кропоткин);
табиғи катастрофалар: кометалар, температура өзгерісі т.б. (Кювье)?
Генетика Ламарк көзқарасын жоққа шығарды. (Вейсман тәжрибесі, тышқан кұйрығын кесу).
Ч.Дарвин (1809-1882) Бигль кораблімен дүниежүзілік саяхаты кезінде түрлердің өзгермелігі жайлы көп материал жинады. Табиғи сұрыптау жайлы түсінік (көгершін, тышқан өсірді).
1778 жылы Т.Мальтус «Трактат о народонаселении» деген еңбегінде, егер халық саны тоқтаусыз өсе берсе, ешбір бөгетсіз, неге соқтыратынына тоқ-талды. Дарвин оның тұжырымын табиғатқа көшірді. Жоғары репродук-тивті өсу потенциалына қарамай популяция саны салыстырмалы түрде тұрақты болады. Популяция ішінде конкуренция интенсивті болғанда, өмір сүру мүмкіндігін туғызатын кез келген өзгеріс даралықтардың көбеюін ұрпақ қалдыру мүмкіндігін арттырады.
Келесі эволюция теориясының негізін геолог Ч.Лойльдің (1797-1875) униформизм принципі қалады. Мардымсыз болу өзгерістер бір бағытта ұзақ уақыт жүра үлкен өзгерістерге әкеледі дейді. Миллиондаған жылдар бойы жүрген аз өзгерістер жаңа түрлердің шығуына әкеледі.
Дарвинді органикалық дүние эволюциясы туралы ойға итерген Оңтүстік Америкада қазбадан табылған жалқау аң қаңқасы болды. Ол қазіргі кезде кездесетін жалқау аңнан көп үлкен болды.
Ч.Дарвин 1839 жылы эволюция теориясын шығарды. 1859 жылы «Түрлердің табиғи сұрыптау нәтежесінде п/б» еңбегі. Дарвин гипотезасы 3 бақылау, 2 тұжырымға сүйенді.
Б.1. Популяция құрамына енетін дарақтардың репродіктивтік потенциалы жоғары.
Б.2. Әрбір популяцияның дарақтар саны мөлшермен тұрақты.
Б.3.Барлық популяцияда өзгергіштік бар.
Т.1. Көптеген дарақтар жойылып, ұрпақ қалдыра алмайды. Популяцияда өмір сүру үшін күрес жүреді..
Т.2. өмір сүру үшін күресте өмір жағжайларына жақсы бейімделген дарақ-тар «репродуктивті потенциалы» жоғарлап бейімделмеген дарақтарға қарағанда көп ұрпақ қалдырады. 2 тұжырым эволюция механизмі болатын табиғи сұрыптау туралы гипотезаға сүйеледі.
Дарвин гипотезасын көптеген ілімдер қолдайды (палентология, генетика).
Генетиканың ілім ретінде дамуынан кейін эволюция механизмі екі бөлімнен тұрады деп қарастырылды:
Генетикалық деңгейдегі кездейсоқ мутациялыр олардың көбірек қолайлыла-рының тұқым қуалады және оларды тасушылардың өмір сүріп ұрпақ қалдыр-уы.
Мутация жаңа белгі п/б тіршілік үшін күрес табиғи сұрыптау.
Дарвин концепциясын әлі дәлелдеуді тілейтін гипотеза қатарына жатқызамыз.
7.Мутациялық процесс – қарапайым эволюциялық фактор. Мутациялық процестің эволюциялық процесі ең алдымен табиғи популяцияның жоғарғы гетерогенділік дәрежесін үнемі ұстап тұруымен – табиғи сұрыпталуымен сипатталады. Мутациялық процесс элементарлы эволюциялық материалды жеткізуші фактор болып табылады.
Элементарлы эволюциялық бірлік ретінде популяцияны сипаттауда маңызды және тұрақты жақтарының бірі “тіршілік толқыны”, популяциялық толқын құбылысы, популяцияны құратын дарақтар санының тербелісі. Популяциялық ағым – популяцияның негізгі қасиеті. Эволюцияның өз бетінше жүретін факторы ретінде жалпы эвлюциялық маңызы бар.
Периодтық немесе апериодтық сандар тербелісі тірі организмдердің барлығына тән. Осындай флуктуациялардың – нақты принципі әртүрлі болуы мүмкін және ортаның биотикалық, сол сияқты абиотикалық факторларының әсеріне жатады.
Үнемі тербеліс жағдайының болуы ересек жасқа дейін жеткен организмдердің бірдей емес жағдайда болуына әкеледі. Табиғаттағы дарақтар өлімінің негізгі жағдайларын (элиминация) қарастырайық. Тіршілік ағымының әсері эволюциялық фактор ретінде дарақтардың кездейсоқ жойылуы таңдамалы болғандықтан бізді ең алдымен таңдамалы өлім (элиминация) қызықтырады. Таңдамалы жойылу және тірі қалу негізгі элементарлы фактор- табиғи сұрыпталудың әсеріне байланысты. Эволюция деген терминнің өзін популяция гендері жиілігінің өзгеруі деп түсіну керек. Осыған орай популяцияның гендер жиілігі яғни оның генетикалық құрылымы әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Олар эволюцшиық факторлар деп аталады. Эволюциялық факторлардың негізгі төрт түрі белгілі: мутациялық процесс, миграция, сұрыптау және гендер дрейфі.
Қайсыбір популяцияның генефонды негізінен А1 аллелімең құралған да, А2 аллелінің жиілігі шамалы ғана делік. Осы бастапқы гендер жиілігі жоғарыда аталған төрт эволюциялық факторлардың әсерінен былайша өзгеруі мүмкін. Ең алдымен А1 аллелі А2 аллеліне бір немесе бірнеше рет мутациялануы мүмкің, нәтижесінде соңғы аллельдің жиілігі арта түседі. Бүдан басқа жағдайда А2 аллелі бар дарақтар басқа популяциядан қоныс аударуы мүмкін. Мұндай миграция немесе гендер ағыны да қабылдаушы популяцияның гендер жиілігін күрт өзгертуі мүмкін. Популяциядағы А} жөне А2 дарақгар өздерінің тіршілік қабілеттілігімен бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Егер А2 аллелі бар дарақтардың өміршеңдігі А, аллелі бар дарақгардан артық болса, онда осы геннің жиілігі келесі ұрпақта арта түседі, ал А, аллелінің жиілігі болса кемиді. Бүл арада біз табиғи сүрыпталудың әсерін көреміз. Ол - табиғи популяцияның гендер жиілігін рет-тейтін ең басты фактор.
8. Популяциялық толқындар - қарапайым эволюциялық фактор. Олардың жіктелуі. Табиғи жағдайда әртүрлі организмдер санының оқтын-оқтын ауытқып отыруы өте кең тараған құбылыс. Популяцияны құрайтын дарабастар санының ауытқуы популяциялық толқын деп аталады. табылады.Популяциялық толқындар эволюцияның ең басты факторларының бірі.Периодикалық немесе бипериодикалық қозғалыстар барлық тірі организмдерге тән.Осындай флуктуациялардың маңызды себептері шексіз және әртүрлі болуы мүмкін.Популяцияның классификациясы:1. Мезгілдік; 2. Мезгілсіз; 3.жаңа аймақтардағы табиғи жаулары жоқ ортадағы дарабастар санының лезде көбеюі; 4.табиғи апаттардың әсеріне байланысты популяциядағы дарабастар санының мезгілсіз теңселуі;
1.Қысқа өмір сүретін организмдердің санының периодты өзгерісі. Көптеген буынаяқтыларға, өсімдіктерге, саңырауқұлықтар мен микроорганизмдерге тән. Бұл қарапайым түрде санның маусымдық өзгерісі.
2.Санның периодтық емес өзгерісі, әртүрлі факторлардың күрделі тіркесуіне байланысты. Бірінші кезекте ол берілген түрдің қоректік тізбектегі қарым қатынастың қолайлылығына тәуелді, ол көптеген жануарларменен өсімдіктерге қатысты,және де биогеоценоздың түп тамырының қайта құрылуына әкеп соғады.
3.Жаңа аудандардағы түрлердің санының тұтануы, ол жерде олардың табиғи жыртқыштары болмайды. Санның өзгерісінің мысалы 19-20 ғғ. Австралиядағы қояндар, Солт Америкадағы торғайлар, Евразияның ондатрасы, канадалық элодея, америкалық норка және т.б. болады. 16-17 ғғ. теңіз саяхатшыларымен таралған егеуқұйрықтың саны артты.
4.Табиғи «апаттармен» байланысты санның периодты емес өзгерістері. Бірнеше қуаң жылдар үлкен шекаралардың маңызды өзгерістеріне алып келуі мүмкін. Даралары қозғалғыш болатын жануарлар немесе топырақтың терең қабаттарында өмір сүретіндер қозғалмайтын және аз қозғалатын формалардан аз зиян көреді. Басқа формалары көптеген сан болып өледі.
Популяциялық толқындардың эволюциялық маңызы. Егер, қандай бір популяцияның саны азайып бара жатса, онда саны көп популяциядан аз ғана даралар қалуы мүмкін. Мысалы, орман өрті азғантай ауданды қамтымады, ал онда қабық құртының популяциясы сақталған. Санды апатты жоғалтқан популяциялардағы гендердің жиілігі санының өзгерісіне дейінгі жағдайдан басқаша болады. Егер сандардың қысқаруының артынан олардың қайтадын санының өсуі болса, онда санның жаңадан көбеюіне қалған аздаған топтар ат салысады. Осы топтың генотиптік құрамы тұтас популяцияның жаңа генетикалық құрылымын қалыптастырады. 1905 ж С. С. Четвериков популяциядағы дарабастар санының теңселуін тіршілік толқындары деп атады. Жекелеген генотиптер мен аллельдер жиынтығын шұғыл өзгертеді. Маңызы - әр түрлі мутациялар мен генотиптердің концентрациясының кездейсоқ өзгеруі. Табиғи сұрыпталу факторымен бақыланады.
