- •3.Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы. Өзгергіштік және табиғи сұрыпталу –эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталудың формалары.
- •4.Табиғи сұрыпталудың әсерін тәжірибеде зерттеу.
- •5.Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
- •6.Эволюцияның синтездік теориясының (эст) негізгі ережелері (постулаттары)
- •9.Гендер дрейфі. «Негізін салушу» қағидаты. «Бөтелке мойын» қағидаты.
- •10.Қарапайым эволюциялық бірлік және қарапайым эволюциялық құбылыс туралы түсінік.
4.Табиғи сұрыпталудың әсерін тәжірибеде зерттеу.
Табиғи сұрыпталу пайдалы белгісі бар организмдер тірі қалып, ал зиянды белгісінің жойылуы немесе бейімделген организмнің тіршілік етуі. Табиғи сұрыпталуда дарабастардың тірі қалуы мен оның жойылу маңызды емес, оның дифференциалды көбею үрдісі маңызды. Табиғи сұрыпталу заңының маңызын білу, табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың мақсатқа сәйкес бейімділіктерінің себептерін зерттеуге мүмкіншілік береді. Дарвинге дейін органикалық табиғаттағы мақсатқа сәйкестілік проблемасы креационистік тұрғыдан шешіліп келді. ХІХ ғасырдың аяғында табиғи сұрыпталудың эксперименттік мүмкіндіктері бірнеше рет жасалды. Соның негізнде сұрыптаудың әрекеті бейімделген дарақтардың тірі қалуымен сипатталатындығын дәлелдеді. Тек ХХ ғасырдың ортасында ғана табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі дәлелденді. ХІХғ. мен ХХ ғасырда табиғи сұрыпталудағы қорғаныс бояуларының маңыздылығы туралы зерттеулер жүргізілді. Дәуіттер үшін бояудың ішкі популяциялық полиморфизмі тән: жасыл, сары және қоңыр түстері болады. Шөбі қураған аумақта осы дәуіттер тобына зерттеу жүргізгенде 12 күн ішінде 60% сары, ал жасыл дәуіттердің 55% және тек қоңыр дәуіттердің 20% ғана құстардың жнмтігіне айналған. Мұнда тірі қалу үшін орта түсіне сай болуға бейімделудің маңыздылығы айқындалды.
5.Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
Планетадағы ең алғашқы автотрофтар жасыл мен циан балдырлары болған. Олар 2600-2500 млн. жыл бұрын пайда болған. Протерозой дәуірінде жасыл және алтын түсті балдырлар өмір сүрген. Сонымен қатар, теңіз түбіне бекініп тіршілік ететін балдырларда пайда болған сияқты. Палеозой - Күрделі эволюциялық оқиға болды: өсімдіктер құрлыққа шығады. Алғашқы периодтарда өсімдіктер көбінде теңіз түбінде бекінген. Теңіз түбіне бекінген өсімдіктер: жасыл және қошқыл балдырлар, диатомды, алтын түсті, эвглена тәрізді балдырлар. Ордовик соңы – силур басы (550-440 млн. жыл бұрын)- - Жер бетіндегі алғашқы өсімдік – псилофит пайда болды. Олар теңіз жағалауын түгелдей жасыл түсті кілеммен төсеп жатқан. Псилофиттерде өткізгіш шоқтары ксилема мен флоэма, кутикула, устьица пайда болады. Олар субстратқа дихотомды бұтақтанған төменгі бөлігі арқылы бекінген: кейбіреулерінде жабайы жапырақтар табылған. Құрлықтағы өсімдіктердің алғашқы кезеңдері архегональды формалардың пайда болуымен байланысты: (мүк тәрізділер, папоротник тәрізділер, ашық тұқымдылар). Аналық жыныс органдары архегония. Девон - Плаун, қырықбуын, папоротник тәрізділер және ежелгі ашық тұқымдылардан тұратын қалың ну ормандар пайда болады. Олар карбон дәуірінде одан әрі тарала бастайды. Төрттік кезең ( 2-3 млн. жыл бұрын ) - Жауын-шашын мөлшері көбейіп, климат салқындай бастайды. Жердің біраз аумағын мұз баса бастап, жылу сүйгіш өсімдіктер өле бастайды; Суыққа төзімді өсімдіктер, бұталар өсе бастайды; Үлкен көлемді ормандар қырға айналады. Ксерофитті және эфемерлі өсімдіктер пайда болады; Қазіргі фитоценоз қалыптаса бастайды. Өсімдіктер патшалығының негізгі эволюциялық ерекшеліктері: 1. Гаплоидтыдан диплоидтыға өту. Көпшілік балдырларда клеткалары гаплоидты. Құрылысы күрделірек балдырларда клеткалары диплоидтылары да кездеседі. 2. Аталық жыныс гаметаларының қозғалысының шектелуі, гаметофиттің редукцияланып, спорофиттің дамуы. Сыртқы ұрықтанудан іштік ұрықтануға ауысуы. 3. Құрлыққа өтуге байланысты мүшелердің дифференциясы: тамыр, сабақ және жапыраққа бөлінуі, өткізгіш шоқтардың дамуы, механикалық және жабын ұлпаларының дамуы. 4. Жануар немесе насекомдар арқылы тозаңдану. Ұрықты сыртқы қоршаған ортадан қорғау: қорекпен қамтамасыз ету, жабын пайда болуы. Жануарлар дүниесінің дамуы барысында жануарлар организмдерінің органдары олардың атқаратын функцияларына байланысты дифференциацияла-нып, скелет, қозғалу, ас қорыту, тыныс алу, қан тамырлары, нерв системалары мен сезім органдары қалыптасты. Тыныс алу энергиясы организмдердің қозғалуы мен өсуі үшін қажетті энергияға айналды. Ал энергияның артық қоры жануарлардың қорек табу жолындағы қозғалыстарына жұмсалды. Қозғалу үшін олар денесін белгілі қалыпта ұстап, әртүрлі жағдайларда тез және дәл шешім қабылдауды қажет етті. Яғни, биологиялық эволюция процесі мидың пайда болуына әкеп соқты. Кембрий периодында хордалылар типінен басқа негізгі жануарлар типі пайда болған. Губкалар, кораллдар, инетерілілер, моллюскалар және т.б. Ордовик кезеңінде алғаш ішкі осьтік қаңқасы бар жануарлар қалдығы табылған – миногалар мен миксиндер. Сезім мүшелерімен қоректі таңдау, жақауыздылар жылан тәрізді қозғала бастаған. Силур кезеңінде ең алғаш ауамен тыныс алатын өрмекшітәрізділер құрлыққа шықты. Девон кезеңінде үш түрлі балықтар, кезеңнің соңында насекомдар пайда болды. Тас көмір периодында суда стегоцефалдар құрлыққа шыққан, бірақ көшіп қонып жүрмеген. Перьм периодында құрғақшылық және климаттын салқындауы байқалды. Амфибиялар, рептилиялар тіршілік үшін күресті. Жануарлар әлемінің негізгі эволюциялық ерекшеліктері: Көпжасушалықтың пайда болуы және ағза жүйелерінің дифференциациясы; Тығыз қаңқаның пайда болуы (сыртқы – буын аяқтылар, ішкі - омыртқалыларда); Орталық нерв жүйесінің дамуы; Екі әр түрлі эволюциялық “шешім”: омыртқалыларда бас миының дамуы; насекомдарда – нерв жүйесінің дамуы; Жануарлардың әлуметтік қатары. Биологиялық және әлеуметтік қозғалу формаларын бөлу.
