- •3.Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы. Өзгергіштік және табиғи сұрыпталу –эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталудың формалары.
- •4.Табиғи сұрыпталудың әсерін тәжірибеде зерттеу.
- •5.Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
- •6.Эволюцияның синтездік теориясының (эст) негізгі ережелері (постулаттары)
- •9.Гендер дрейфі. «Негізін салушу» қағидаты. «Бөтелке мойын» қағидаты.
- •10.Қарапайым эволюциялық бірлік және қарапайым эволюциялық құбылыс туралы түсінік.
Эволюциялық теория – тірі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштері туралы ғылым.
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді. Биологияда ашылған заңдар, тірі организмдер мен тікелей байланысты шаруашылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді. Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратулардың конструкциясын жасау үшін биологиялық стуртуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерлер көңіл бөле бастады. Осыған байланысты ерекше ғылым-бионика шықты, сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады. Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процестерде пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.
Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
Планетадағы ең алғашқы автотрофтар жасыл мен циан балдырлары болған. Олар 2600-2500 млн. жыл бұрын пайда болған. Протерозой дәуірінде жасыл және алтын түсті балдырлар өмір сүрген. Сонымен қатар, теңіз түбіне бекініп тіршілік ететін балдырларда пайда болған сияқты. Палеозой - Күрделі эволюциялық оқиға болды: өсімдіктер құрлыққа шығады. Алғашқы периодтарда өсімдіктер көбінде теңіз түбінде бекінген. Теңіз түбіне бекінген өсімдіктер: жасыл және қошқыл балдырлар, диатомды, алтын түсті, эвглена тәрізді балдырлар. Ордовик соңы – силур басы (550-440 млн. жыл бұрын)- - Жер бетіндегі алғашқы өсімдік – псилофит пайда болды. Олар теңіз жағалауын түгелдей жасыл түсті кілеммен төсеп жатқан. Псилофиттерде өткізгіш шоқтары ксилема мен флоэма, кутикула, устьица пайда болады. Олар субстратқа дихотомды бұтақтанған төменгі бөлігі арқылы бекінген: кейбіреулерінде жабайы жапырақтар табылған. Құрлықтағы өсімдіктердің алғашқы кезеңдері архегональды формалардың пайда болуымен байланысты: (мүк тәрізділер, папоротник тәрізділер, ашық тұқымдылар). Аналық жыныс органдары архегония. Девон - Плаун, қырықбуын, папоротник тәрізділер және ежелгі ашық тұқымдылардан тұратын қалың ну ормандар пайда болады. Олар карбон дәуірінде одан әрі тарала бастайды. Төрттік кезең ( 2-3 млн. жыл бұрын ) - Жауын-шашын мөлшері көбейіп, климат салқындай бастайды. Жердің біраз аумағын мұз баса бастап, жылу сүйгіш өсімдіктер өле бастайды; Суыққа төзімді өсімдіктер, бұталар өсе бастайды; Үлкен көлемді ормандар қырға айналады. Ксерофитті және эфемерлі өсімдіктер пайда болады; Қазіргі фитоценоз қалыптаса бастайды. Өсімдіктер патшалығының негізгі эволюциялық ерекшеліктері: 1. Гаплоидтыдан диплоидтыға өту. Көпшілік балдырларда клеткалары гаплоидты. Құрылысы күрделірек балдырларда клеткалары диплоидтылары да кездеседі. 2. Аталық жыныс гаметаларының қозғалысының шектелуі, гаметофиттің редукцияланып, спорофиттің дамуы. Сыртқы ұрықтанудан іштік ұрықтануға ауысуы. 3. Құрлыққа өтуге байланысты мүшелердің дифференциясы: тамыр, сабақ және жапыраққа бөлінуі, өткізгіш шоқтардың дамуы, механикалық және жабын ұлпаларының дамуы. 4. Жануар немесе насекомдар арқылы тозаңдану. Ұрықты сыртқы қоршаған ортадан қорғау: қорекпен қамтамасыз ету, жабын пайда болуы. Жануарлар дүниесінің дамуы барысында жануарлар организмдерінің органдары олардың атқаратын функцияларына байланысты дифференциацияла-нып, скелет, қозғалу, ас қорыту, тыныс алу, қан тамырлары, нерв системалары мен сезім органдары қалыптасты. Тыныс алу энергиясы организмдердің қозғалуы мен өсуі үшін қажетті энергияға айналды. Ал энергияның артық қоры жануарлардың қорек табу жолындағы қозғалыстарына жұмсалды. Қозғалу үшін олар денесін белгілі қалыпта ұстап, әртүрлі жағдайларда тез және дәл шешім қабылдауды қажет етті. Яғни, биологиялық эволюция процесі мидың пайда болуына әкеп соқты. Кембрий периодында хордалылар типінен басқа негізгі жануарлар типі пайда болған. Губкалар, кораллдар, инетерілілер, моллюскалар және т.б. Ордовик кезеңінде алғаш ішкі осьтік қаңқасы бар жануарлар қалдығы табылған – миногалар мен миксиндер. Сезім мүшелерімен қоректі таңдау, жақауыздылар жылан тәрізді қозғала бастаған. Силур кезеңінде ең алғаш ауамен тыныс алатын өрмекшітәрізділер құрлыққа шықты. Девон кезеңінде үш түрлі балықтар, кезеңнің соңында насекомдар пайда болды. Тас көмір периодында суда стегоцефалдар құрлыққа шыққан, бірақ көшіп қонып жүрмеген. Перьм периодында құрғақшылық және климаттын салқындауы байқалды. Амфибиялар, рептилиялар тіршілік үшін күресті. Жануарлар әлемінің негізгі эволюциялық ерекшеліктері: Көпжасушалықтың пайда болуы және ағза жүйелерінің дифференциациясы; Тығыз қаңқаның пайда болуы (сыртқы – буын аяқтылар, ішкі - омыртқалыларда); Орталық нерв жүйесінің дамуы; Екі әр түрлі эволюциялық “шешім”: омыртқалыларда бас миының дамуы; насекомдарда – нерв жүйесінің дамуы; Жануарлардың әлуметтік қатары. Биологиялық және әлеуметтік қозғалу формаларын бөлу.
3.Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы. Өзгергіштік және табиғи сұрыпталу –эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталудың формалары.
1859 жылы дүние жүзіне әйгілі болған «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» деген еңбегін жарыққа шығарды. Дарвин бұлеңбегінде органыкалық дүниенің негізгі даму заңдылықтарын, ғылыми және диалектикалық материалистік тұрғыда түсіндірген эволюциялық теорияны жариялады. Ч.Дарвин «тіршілік үшін күресті» өте терең ауқымда және метафорлық ойда түсінді. «Тіршілік үшін күресте» - дейді Ч.Дарвин – бір ағза мен екіншісінің арасындағы тәуелділікпен қатар бір ғана дараның тіршілік етіп қалуы емес, сондай–ақ оның ұрпақ қалдыруға мүмкіндігі де негізгі роль атқарады. Тіршілік үшін күрес далалардың айналада орта жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы болып табылады. Тіршілік үшін күрес даралардың активті формаларын қоршап алады, олардың өмір сүруіне және көбеюіне әсер етеді. Даралар басқа организмдер мен қарым –қатынасқа кіреді, олар тамақ табуға және жаулардан қорғануға жарысады. Мысалы, қоян қасқырдан және басқа жыртқыштардан қорғанады, біраққоян қыс мезгіліне көк терек бұтағын алуға, басқа қояндармен күреседі. Бұл мысал тіке тіршілік үшін күрес түрлер арасында (қоян –қасқыр) және түр ішілік (қоян-қоян) білдіреді. Дервиннің айтуы бойынша ең баяу ұрпақ беретін жануар пілдер, олардың бір пары 740-750 жыл ішінде өсіп-өнсе, особьтарының саны он тоғыз миллионға жетер еді. Бірақ, еш уақытта табиғатта геометриялық прогресті көбею болмайды. Шынында әрқашан да организмдер шексіз көп ұрпақ береді, ал олардың тірі қалатыны аз болады. Бұлардың шексіз көбеюлеріне «тіршілік үшін күрес» бөгеу болады. Бұл терминді Дарвин кең, метафоралы түрде қолданады: тіршілік үшін күрес- ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі, сондай-ақ особьтардың «өзіне ұрпақ қалдырып» отыру қабілеті. Осы жайында шөлді жерде өсетін өсімдіктерді қуаңшылықпен күреседі деп айтуымызға болар еді, «бұдан гөрі олар ылғалдыққа тәуелді деген дұрысырақ». Бұл тәуелділіктер өте күрделі бірі- бірімен тығыз байланысып, шырмалып жатыр. Олардың бірі организмге қолайлы, оның дұрыс тіршілік етуіне себеп болады, екіншілері, керісінше түрдің дамып келе жатқан особьтарына теріс әсер етеді, олардың санының кобеюіне бөгет болады. Тіршілік үшін күрестің формалары. Тіршілік үшін күрес даралардың айналадағы орта жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы болып табылады. Дарвин тіршілік үшін күрестің үш формасын атап көрсеткен, олар: түр ішілік, түраралық және бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін түр ішілік күре. Тіршілік үшін түр ішілік күрес бір популациядағы даралар арасында жүреді. Оларға біркелкі қорек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, қорек, жылу) қажет болғандықтан, популяция даралары бір-бірімен жарысып қана қоймай шиеленісе күреске түседі. Мысалы, әр түрлі жастағы қарағай арасындағы жарық үшін күрес; бір түрге жататын құстар арасындағы ұя салатын жер үшін бәсеке: жыртқыштардың бір-бірімен жемтігі үшін қақтығысы, т. б.
