Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам И жануарлар И осимдиктер физиологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

8.Тамыр қысымы (төменгі қозғаушы күш)

Ксилема түтіктеріне судың енуі, сіңірудің бастапқы кезеңдеріндегідей, осмостық механизмге байланысты. Судың ксилемаға дейін тасымалдануы осы күшке байланыстылығын былайша дәлелдеуге болады. Егер сыртқы ортадағы осмостық қысым клетка ішіндегіге тең болса, онда клеткаға су енбейді, егер сыртқы ортадағы концентрация жоғары болса, онда су клеткадан сыртқа бөлінеді де, төмен болса сырттан клеткаға енеді. Ксилема түтіктеріндегі және клеткалар қабығындағы осмостық ырықты заттарға минералдық заттар және метоболиттер жатады. Олар түтіктерді қоршаған паренхималық клеткалардың плазмалеммасында болатын ырықты иондық насостардың әсерінен бөлінеді. Осы заттардың түтіктерді жиналуынан ксилемаға судың осмостық тасымалдануын қамтамасыз ететін сорғыштық күш пайда болады. Түтіктердегі сорғыштық күш қоршаған тірі клеткаларға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Бұған ксилема сөлінің концентрациясы ғана емес, түтіктердегі лигнинденбеген, демек серпімділігі нашар клетка қабықтарының қарсы қысымының жоқтығы да ықпалын тигізеді. Сонымен, тамырдағы иондық насостардың ырықтылығының және ксилема түтіктеріне судың осмостық енуінің нәтижесінде түтіктерде тамыр қысымы деп аталатын гидростатикалық қысым пайда болады. Ол ксилема ерітіндісін түтіктер арқылы тамырдан жерүсті бөліктеріне көтерілуін қамтамасыз етеді. Суық және аэрациясы нашар топырақтарда өсетін өсімдіктерде тамыр қысымы төмен болатындығы анықталды. Судың өсімдік бойымен тамыр қысымының ықпалымен көтерілу механизмін төменгі шеттік қозғаушы күш деп атайды. Төменгі шеткі қозғаушы күшті, немесе тамыр қысымын өсімдіктің «шырындық» құбылысынан байқауға болады. Көктемде жапырақтары әлі жайылып үлгермеген ағаштардың қабық жапырақтарынан, кесілген, сынған бұтақтарынан төменнен жоғары қарай сұйықтың ксилема ағынымен қарқынды көтеріліп жатқандығын байқауға болады. Бұл шырындық құбылысы осы кезде ағаш діңінің түп жағында 1,013МПа-дан (10 атм) кем емес тамыр қысымының бар екендігін дәлелдейді. Өсіп тұрған өсімдіктің сабағын кесіп алса, оның қалған түбірінен біраз уақытқа дейін ксилема сөлінің бөлінетіндігін байқаймыз. Түбірге манометр орнатып тамыр қысымын өлшеуге де болады. Төменгі қозғаушы күштің екінші мысалына гуттация құбылысы жатады. Бұл құбылысты табиғи және жасанды жағдайларда оңай байқауға болады.Мысалы; күзде жән көктемде, ауа-райы бұлыңғыр күндері ауаның ылғалдығы мол, булану процесі нашар, тамыр арқылы судың келуі жеткілікті жағдайда бидайдың, арпаның жапырақ ұштарында су тамшыларын байқауға болады. Ол клеткаларында судың жоғары бағытта жылжып, оның жапырақ ұштарындағы ерекше клеткалар-гидатодтар арқылы бөлінуінің нәтижесі. Шырындық және гуттация механизмін Д.А.Сабинин былай түсіндіреді. Мысалы; клетка протопластының бір бөлігінде А-үздіксіз синтездік реакциялар жүріп жаңа заттар пайда болып, осмостық қысым жоғары күйде делік, басқа В –бөлігінде осы заттар өзгерістерге ұшырап осмостық ырықсыз заттарға, мысалы, қанттар крахмалға айналып, осмостық қысым төмендейді. Пайда болған су ағынының қозғаушы күші клетканың қарама қарсы жақтарындағы сорғыштық күштің айырмашылықтары болуы мүмкін. Клетканың бөліктерінде осмостық ырықты заттардың концентрациясы біркелкі емес. Осындай клетка сумен жанасты делік.Клетканың осмостық ырықты заттар көп бөлігінде су клеткаға қарқындылау енеді. Тургорлық қысымның осмостық қысымнан басымдау болғанынан су клеткадан бөлініп, оларды теңестіреді. Тамыр қысымына-шырындық және гуттация құбылыстарына түрлі ішкі және сыртқы жағдайлар-клеткалардың физиологиялық, биохимиялық ерекшеліктері, өткізгіштігі, аэрация, жарық, температура, топырақтың ылғалдылығы, оның сорғыштық күші және т.б. әсер етеді. Шырындықтың –көктемгі және жазғы түрлері болады. Біріншісі жапырақтар жайылғанша, екіншісі олар жайылғасын байқалады. Көктемгісі жазғыға қарағанда өте басым болады. Бұлардың химиялық құрамдары да бірдей болмайды. Көктемгі ксилема сөлінің құрамында қанттар, әсіресе глюкоза және фруктоза көбірек, аз мөлшерде кейбір органикалық қышөылдар, белоктар және кейбір ферменттер-амилаза, каталаза, пероксидаза және т.б. Гуттация сөлінде минералдық және органикалық заттар, шырындық сөліне қарағанда аздау болады.Бұл бөлінетін сөлдің гидатодтардың түбіндегі эпитема деп аталатын майда паренхима клеткалары арқылы сүзіліп шығатындығына байланысты.