Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам И жануарлар И осимдиктер физиологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

15.Эритроциттер гемолизіне анықтама беріңіз. Гемолиз түрлеріне мысал келтіріңіз. Эритроциттердің осмостық резистенттілігін бағалаңыз.

Эритроцит-қанның қызл түйіршіктері. Ядросы жоқ екі жағы ойыс келген дөңгелек клетка. Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте құрғақ зат 32%. Денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз клетка-эритроцит. Ол икемді, созылғыш, үлкен болғанымен жіңішке капиллярлар арқылы өте алады. Гемолиз (грек. haima- қан, lysis-еру)-эритроциттің қабығы жарылып н/е еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Түсі қызыл лак түсіндей, сондықтан лак тәрізді қан деп атайды. Әер ететін факторларына қарай гемолизді бірнеше түрге бөледі. 1) Физиологиялық гемолиз –сау адамда болады. Денедегі ескірген эритроциттер жарылып, олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. Эритроцит 120-130 күн жасайды. Ескірген эритроциттердің біразы бауырда, көпшілігі көкбауырда гемолизденеді. Сондықтан көкбауырды эритроциттер «моласы» деп те атайды. 2) Осмостық гемолиз-эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан туады. Қанға осмостық қысымы аз ерітінді құйса, эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды. Бір эритроциттің көлемін 100% - ке баласақ, қысымы аз ерітіндіде оның көлемі 146%-ке жетісімен эритроцит жарылады.

Қанға ас тұзының сұйықтау ерітінділерін қосса, олардың сұйықтығы изотониялық ерітіндіге жақын болса қан гемолизденбейбі, бірақ эритроцит ісініп, көлемі ұлғаяды. Бұл эритроциттің гипотониялық ерітінділерге төзімділігін (резистенттілігін) көрсетеді. Жас эритроцит ескі эритроцитке қарағанда беріктеу келеді, сондықтан оның төзімділігі де жоғарылау. Осыған орай эритроциттердің резистенттігінің жоғары және ең төмен резистенттігі деген ұғымдар бар. Олар гипотониялық ерітінді концентрациясымен белгіленеді. Төзімділігі нашар эритроциттің гемолизі басталған NaCl ерітіндісінің концентрациясын ең төмен резистенттік деп атайды. Адам қанында ол 0,48-0,46%NaCl ерітіндісі. Эритроциттердің толық гемолизі басталған NaCl ерітіндісінің концентрациясы ең жоғары резистенттілік деп аталады (0,32-0,34%NaCl ерітіндісі). 3) Химиялық гемолиз-эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады. 4) Биологиялық гемолиз-ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсмдіктерден алынатын улы заттар-гемолизиндердің әсерінен болады. Мәселен, жылан, қарақұрт, шаян улары, адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері, қан құйғанда сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын жібітіп, бұзады. 5) Термиялық гемолиз –қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткен кезде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 42 градустан асса да қан гемолизденеді. Ұзақ уақыт дене қызуы қалыпты болғанымен, кешке қарай 38-39 градус дейін көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді. 6) Механикалық гемолиз – қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады. 7) Электрлік гемолиз – электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультрадыбыс та электр күші сияқты эритроцит қабығын, тканьін бұзып жарады (строматолиз).