Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам И жануарлар И осимдиктер физиологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

11) Асқорытудың ауыз қуысындағы және қабырғасындағы айырмашылықтарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты)қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бар), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Асқорыту мүшелері.  Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін. құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялықөзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген. Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Астың ағзаға сіңуіне ыңғайлы болу үшін физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап, қарапайым заттарға ыдырау процесінасқорыту деп атайды. Органикалық заттардың ыдырауы ферменттер арқылы іске асады. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орындайды. Астың қорытылуы асқорыту жүйесінде іске асады. Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар (он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы жатады. Асты қорыту «конвейер негізінде» жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Кейбір мәліметтерге қарағанда шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады. Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың уақытша (сүт тістер) тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Тұрақты тістердің саны – 32, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тіс 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін. Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, муцин, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Муцинастың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды. Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады. Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы баланың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды бірақ оларың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады.

12.Тыныс алудың тіршіліктегі маңызын сипаттаңыз, тыныс алу көлемі мен оны құрайтын факторларға әсер ету көрсеткіштерін түсіндіріңіз. Тыныс алудың жалпы көлемі мен өлі кеңістіктегі физиологиялық көрсеткішіне анықтама беріңіз. Тыныс алу жүйесі- ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді. Тыныс алу көлемі –бір рет тыныс алған кездегі (демді ішке тарту, дем шығару, үзіліс) өкпе арқылы өтетін ауаның мөлшері. Тыныштық күйінде тыныс алу көлемі ( бір рет демді ішке тартқан кездегі өкпеге келетін ауаның көлемі) шамамен 200-300 мл болады. Тыныс алу көлемінің мөлшері адамның күш жұмсалатын ауыр жұмыстарға қаншалықты төселгендігіне (адаптация деңгейіне) байланысты болады. Қарқынды күш жұмсалатын жұмыс барысында тыныс алу көлемі 500 мл немесе оданда көпке үлкеюі мүмкін. Тыныстың минуттық көлемі. Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстың минуттық көлемі (ТМК) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышықылы мөлшерінің арақатынасына, яғни зат алмасу қарқындылығына байланысты. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)– адам терең дем алғаннан кейінгі дем шығарғандағы ауаның ауқымды көлемі. Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген соң сыртқа шығып отырады. Өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың тереңдігіне байланысты. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін жән шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді, мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл – қордағы ауа деп есептеледі. Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады. ӨТС адамның жасына, дене салмағына, бойына жынысына, дененің шыныққандығына және басқа да факторларға байланысты болады. Денесі аса шынықпаған және аурушаң адамдарда аталған көрсеткіш деңгейі ортаңғы көрсеткіштен де төмен болады, керісінше шыныққан адамдарда бұл көрсеткіш деңгейі жоғары болса, спортшыларда , ер адамдарда 7000 мл –ден жоғарыласа, ал әйел адамдарда 5000 мл-ден асуы мүмкін. ӨТС –ны анықтаудың ең белгілі әдісі – спирометрия. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт та әсер етеді. Тыныс алу жиілігі: спортшыларда – 6-8 рет/мин, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет/мин.Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру , шынықтыру жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сонымен үш түрлі ауа – тыныс алу көлемі, дем алудың және дем шығарудың резервтік көлемі өкпенің тіршілік сиымдылығынан (ӨТС) құралады.

ӨТС = ТАК + ДАРК + ДШРК

ӨТС = 500 мл + 200 мл + 1500 мл = 4000 мл.

Өлі кеңістік. Ауа жолын дайындаған ауа, газ алмасу процесіне қатыспайды, сондықтан бұл жол өлі кеңістік деп, ал ондағы ауа өлі кеңістік ауасы деп аталады. Өлі кеңістік көлемін анықтау үшін өлген адамның ауа жолын сұйық гипске толтырады да гипс қатқан соң оны басқа ыдыстағы суға салады, сойтіп ығысқан су көлемі арқылы өлі кеңістік өлшенеді. Ол орта есеппен 140-150мл. Өлі кеңістік көлемі ауа жолы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты және тыныс ағаларынынң қызмет ету қабілетіне қарай ұдайы өзгеріп отырады. Сондықтан өлі кеңістік антомиялыө және физиологиялық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық кеңістіктің аумағы қан тамырларымен қамтамасызданбаған неммесе желденбейтін альвеолалардың санына байланысты. Физиологиялық өлі кеңістік альвеолалық желдену мөлшері ж/е өкпедегі қанның көлемдік жылдамдығына байланысты. Альвеолалық желдену (VA) деңгейімен қан айналысының кіші шеңбері арқылы өтетін өан көлемінің (Q) ұдайы өзгеріп отыруына байланысты физиологиялық өлі кеңістік бірде кеңейіп, бірде тарылып отырады. Бұл тәуелділікті альвеолалық желдену көрсеткішін қан айналу жылдамдығы көрсеткішіне бөлу арқылы анықтауға болады.Желдену мен қан ағысы (перфузия) өкпенің әр жерінде әртүрлі, кейбір альвеолаларда қан ағысы төмен не мүлде жоқ. Керісінше қан ағысы әдеттегідей болса да желденбейтін альвеолалар болады. Сонымен өлі кеңіс аумағының ұлғаюы газ алмасуының төмендігін көрсетеді. Оның кеңеюі альвеолалық желденумен, альвеола қабырғасындағы көлемдік қан айналу жылдамдығына байланысты, сондықтанда бұларға әсер ететін әр түрлі факторлар өлі кеңістік көлемін өзгерте алады. Мыс: бронх еттері жиырылса, альвеолалар қабынса ауаның өкпеге өтуіне кедергі туады, сөйтіп өлі кеңістік кеңейеді.

13. Жануарлардың температуралық классификациясын айтыңыз. Гомойотермді, пойкилотермді, гетеротермді арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Өсімдіктермен салыстырғанда жануарларда дене температурасын үнемі немесе уақытша бірқалыпты ұстап тұрудың әртүрлі мүмкіншіліктері бар. Жануардың денесі неғұрлым үлкен, бұлшық еттері жақсы дамыған болса, соғұрлым жылуды көп жұмсайды. Жануарларда негізгі температуралық бейімделудің жолдары мынадай:А) химиялық реттеу - ортаның температурасы төмендеген жағдайда жауап ретінде жылу бөлуді ұлғайту; Б) физикалық реттеу - жылу беру дәрежесінің өзгеруі, жылуды ұстап қалу немесе артығын ысырап ету. Температураны физикалық реттеу жануардың ерекше анатомиялық немесе морфологиялық ерекшеліктеріне: денедегі жүнді немесе қауырсынды қабаты, қан айналу жүйесінің орналасу ерекшеліктері, майлы қорлардың болуы және т.б. байланысты. В) организмдер мінез-құлқы. Кеңістікте бір жерден екінші жерге орын ауыстыру арқылы жануарлар өте суық жерлерден кете алады. Көптеген жануарлар үшін осы мінез-құлқы жылу балансын сақтауда ерекше роль атқарады. Дене температурасы бірдей жағдайдың өзінде пойкилотермді жануарлар гомойотермділергеқарағанда зат алмасу процесінің баяу жүретіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, шөлде тіршілік ететін игуана +37°С температурада өзінің дене мөлшеріне шамалас кемірушіге қарағанда оттегіні 7 рет аз пайдаланады. Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды). Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos - алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жок. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады. Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoios –бірдей) –зат алмасу денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде турақты болуын қамтамасыз етеді. Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі. Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады. Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қаурсындар (перья), жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді. Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері (представители) ретінде –сарышұнақ (грызуны), кіріп (ежик), жарғанат (летучая мышь), аю, үйректұмсық (утконос), кенгурулар мысал бола алады.

14.Келесідей қисық сызықты сипаттаңыз: жалғыз бұлшық еттің жиырылуы, жалғыз жиырылу кезеңдері, ірі тісті тетанус, ұсақ тісті тетанус, оптимум және пессимум. Нақты анықтамалар келтіріңіз.

Ет қозғыш тканьдердің бірі, демек басқа қозғыш тканьдерге тән қасиет бұғанда тән: қозғыштық және қозуды өткізу. Еттің ерекше қасиеті – жиырылу. Жиырылған сәтте ет қысқарып, оның тонусы күшейсе, мұны ауксотониялық жиырылу деп, қысқарған тонусы өзгермесе, оны изотониялық жиырылу деп, ал қысқармастан тек қатаятын болса (тонусы жоғарыласа) оны изометриялық жиырылу деп атайды. Белгілі бір тітікендіргіш жалғыз әсер етсе, оған ет бір рет жиырылып, жазылады. Мұны жеке жиырылу деп атайды. Ал етті жиі-жиі тітіркендірсе, сандағы жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады. Осыған орай ет жиырылуы жеке және сіресіп жиырылу болып бөлінеді. Тітіркендіруге ет бірден жауап қайтармайдығ біраз уақыт өткеннен кейін жауап қайтарады. Тітіркендіруден бастап жиырылуға дейінгі уақытты жасырын (латентті) кезең деп атайды. Латентті кезеңнен кейін жиырылу периоды босаңсу периодымен алмасады. Тітіркендіруден бастап жауап реакциясының ақырына дейінгі уақытты еттің жиырылу периоды деп атайды. Көлбақаның балтыр етінің жеке жиырылуы 0,11-1,12 секундқа созылады, ол латентті жиырылу 0,01 сек, анық жиырылу (қысқару) 0,05сек, босаңсу 0,05-0,06 сек. кезеңдерден тұрады. Латенттік кезең тітіркендіргіш әсерінен жиырылудың басталу арасындағы уақыт. Жиі тітіркендірген сәтте әрбір тітіркеніс етке жиырылған кезде тисе, ет босаңсымастан одан әрі қарай жиырылып, оның жиырылу дәрежесі күшейе түседі. Бұл толық жинақталу. Келесі тітіркендіргіш ет босаңси бастаған кезде тисе, ет солған жерінен бастап қайта жиырылып бұрынғыдан да күшті жиырылады. Мұны жиырылудың шала жинақталуы н/е тіс тәрізді жинақталу деп атайды. Демек жиі-жиі тітркендірсе, ет ұзақ және күштірек жиырылады, яғни сіреседі. Мұны тетанус деп атайды. Тітіркендіру жиілігіне қарай жайпақ тетанус (тегіс) және тісті тетанус болып бөлінеді. Тетанустың түрі тітркендіргіштің жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілігі секундына 20-дан асса, тегіс, ал 15-20 аралығында болса, тісті тетанус пайда болады. Қозғыш тканьдердің жауап реакциясы тітіркендіргіштердің күшіне және тітркендіру жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын белгілі бір шепке дейін еттің жиырылуы жинақталып жиырылу күші арта түседі, одан да жиі тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сәтте ол мүлде жиырылмай қояды. Еттің жиырылуын қатты күшейтетін максимальды тітіркендіргіш саны оптимум – ең жақсы жиілік, ал сіресу күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітркендіргіш пессимум – ең жаман жиілік деп аталады. Тітркендіргіш күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ондағы қозу процесі жиіленеді әрекет потенциалы көбейеді.