- •3.Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық айрмашылығын түсіндіріңіз.
- •9)Лейкоциттердің негізгі қызметін көрсетіңіз. Лейкоциттік формула мен оның диагностикалық маңызы жайлы сіздің көзқарасыңыз қандай? Патологиялық және физиологиялық лейкоциттерге мысал келтіріңіз.
- •11) Асқорытудың ауыз қуысындағы және қабырғасындағы айырмашылықтарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •15.Эритроциттер гемолизіне анықтама беріңіз. Гемолиз түрлеріне мысал келтіріңіз. Эритроциттердің осмостық резистенттілігін бағалаңыз.
- •«Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •4.Фотосинтездің қараңғы сатысы
- •Фотосинтез, өсімдіктің өсуі мен өнімділігі
- •6. Өсімдіктердің тыныс алу физиологиясы. Тыныс алу субстраттарының тотығу жолдары.
- •8.Тамыр қысымы (төменгі қозғаушы күш)
- •9.Транспирация (жоғарғы қозғаушы күш)
- •10.Өсімдіктің минералды қоректенуі
- •11.Минералды элементтердің радиалды және ксилемалық тасымалдану жолдары
- •12.Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық ерекшіліктері.
9)Лейкоциттердің негізгі қызметін көрсетіңіз. Лейкоциттік формула мен оның диагностикалық маңызы жайлы сіздің көзқарасыңыз қандай? Патологиялық және физиологиялық лейкоциттерге мысал келтіріңіз.
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Лейкоцит адам ағзасын әр түрлі микробтан, вирустардан қорғап отырады. Былайша айтқанда, иммундық жүйені қамтамасыз етеді. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп аталады, оның саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Ең басты қызметі оның фагоцитоздық қабілеті. Түрлері: Гранулоцит және Агронулоцит. Гранулоцитке жататын Нейтрофилдер ақ қан клеткасының ішіндегі ең көп тобы. Ең басты қызметі; ағзаға енген микробтармен улы заттардан қорғау. Бұлар зақымданған жерге бірінші жетіп ,өзінің қорғаныштық қызметін атқара бастайды. Эозинофилдер белоктық токсиндерді усыздандырып ,оларды бұзу, бөгде белоктарды жою болып табылады. Базофилдер гранулоциттердің ең аз тобы. Қызметі:оның құрамындағы биологиялық активті заттардың болуына байланысты. Олар да дәнекер тініндегі майлы клетка секілді гепарин мен гистаминді бөледі. Моноциттер Агронулоциттерге жатады, олар амеба сияқты қозғалып, фагоцитарлық, бактериоциттік қызмет атқарады. Лимфоциттер басқа лейкоцитерден айырмашылығы, олар қан тамырынан шығып, тканьге кіріп қана қоймай, қайтадан қанға келіп түседі. Арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жағдайын қадағалайды. Олар Т(тимуске байланысты) және В(бурсаға байланысты), О лтмфоциттер болып бөлінеді. Тромбоциттерқан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек келеді. Орта есеппен 8-11тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі. Лейкоциттер. Адам организмін әр түрлі микробтардан, вирустардан, ауру жұқтырушы қарапайымдардан, бөгде заттардан қорғап отырады. Былайша айтқанда, иммундық жүйені қамтамасыз етеді.
Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агронулоциттер (түйіршіксіз). Гранулоциттерге жататындар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Агронулоциттерге: лимфоциттер және моноциттер жатады. Клиникада ең басты шешуші рөлді атқарушы жағына баға бергенде олардың өзара қарым-қатынасындағы өзгеруімен қатар сандық өзгерісіне ұшырауына көп көңіл бөлінеді. Жекеленген лейкоцит түрлерінің пайыздық қатынасын лейкоцитарлы формула немесе лейкограмма деп атайды Нейтрофилдер - ақ қан клеткасының ішіндегі ең көп тобы, ол лейкоциттің 50-75%-ын құрайды. Өзінің аты, ол бейтарап бояумен боялатын қабілеттілігі бар екендігінен шыққан. Нейтрофил ядросының формасына байланысты, жас (метамиелоциттер) таяқша тәрізді ядро, сегмент ядролы болып үш түрге бөлінеді. Жас немесе метамиелоциттер лейкоформулада 1%, таяқшалы ядролары 1-5%, сегмент ядролылары 45-70 % құрайды. Көптеген аурулар қозған кезде жас нейтрофилдердің саны жоғарылайды. Жас нейтрофилдер мен ересек нейтрофилдердің ара-қатынасына қарай нейтрофилдердің солға жылжуы немесе "қалпына келу көрсеткіш" деп атайды. Бұлай деп атауының басты себебі лейкограммада нейрофилдердің орналасуы, олардың ересек күйге жету деңгейіне қарай солдан оңға қарай орналасқан. Бұл "ауытқуды" есептегенде миелоциттердің жас нейтрофилдердің және таяқша тәрізді ядролар формаларының сегмент ядроларының санының қатынасына қарай есептеп шығарады. Қалыпты жағдайларда бұл көрсеткіштің деңгейі 0,05-0,1 тең. Ауыр жұқпалы аурулармен ауырғанда, кейбір асқынған ауру кездерінде оның деңгейі 1-2-ге жетеді. «Ауытқу» деңгейіне қарай аурудың жағдайын анықтайды. Қанның құрамында 1%-ға жақын нейтрофил қозғалыста, айналымда болады. Ал қалғандары тканьдерде жинақталады. Сонымен қатар сүйектің қызыл кемігінде, айналыста қозғалып жүрген нейтрофилден 50 есе көп мөлшері жинақталған. Нейтрофилдердің ең басты қызметі - организмге енген микробтармен улы заттардан қорғау. Бұлар зақымдалған жерге бірінші жетіп өзінің қорғаныштық қызметін атқара бастайды. Олардың жалған аяқтары бар. Қозғалу жылдамдығы 40 мкм/минутына. Лейкоциттердің шығуына «миграция» көмекке келеді. 1 нейтрофил 20-30 бактерияларды жойып отырады. Бірақ өздері де өліп қалады. Фагацитоздық қызметтен басқа да нейтрофилдер микробтарға қарсы да күрес жүргізеді. Қоршаған ортаға лизосомдық белок катионын және гистондарын бөліп, шығарып отырады. Вирустарға қарсы күрескенде нейтрофилдер интерфаза өнімін бөліп әсер етеді. Кейбір биологиялық активті заттар адреналин, ацетилхолин, гормондар, нейтрофилдер қызметін күшейтеді, кейде төмендетеді. Олардың белсенділігі микробтан бөлінген токсиндердің тіршілік өнімдеріне байланысты . Эозинофил-барлық лейкоциттердің 1-5%-ті құрайды. Цитоплазмада түсіп, қышқыл бояу (эозин) арқылы боялады. Сондықтан да оның аты осыған байланысты. Эозинофилдің ең басты қызметі белоктық токсиндерді усыздандырып, оларды бұзу, бөгде белоктарды, антиген-антидене комплексін жою. Эозинофилдер базофил және майлы клеткалардағы гистаминдерді жойып отырады. Гистаминаза деген ферменттерді бөліп, сіңген гистаминдерді бұзып отырады. Гистаминдерді сіңіріп немесе нейтралдау арқылы зақымдалған жердегі асқыну процесін тоқтатады. Аллергия кезінде, глистердің көбеюінен пайда болған жұқпалы ауру кезінде, бактерияға қарсы ем жасағанда эозинофилдердің саны көбейеді. Себебі, осы жағдайда май клеткалар және базофилдер бұзылып, олардан көп мөлшерде гистаминдер бөлініп, эозинофилдердің көмегімен бейтараптанады. Тағы да бір атқаратын қызметі плазмогендерді шығарудың нәтижесінде фибринолиз процесіне қатысады.Базофилл - гранулоциттердің ішіндегі ең аз мөлшерде (0-1% барлық лейкоциттің) болатын түрі. Олардың түйіршіктері негізгі бояумен боялады. Соған байланысты оның атына сай базофилдің қызметі оның құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты. Олар да дәнекер тканіндегі майлы клеткалар сияқты гепарин және гистамин бөледі. Бұл клеткалар гепароцит тобына біріктіріледі. Базофилдің саны ауру қатты асқынған кезде немесе ұзаққа созылған ауру жағдайында көбейеді. Базофилдегі гепарин аурудың асқынған жерінде қан ұюға қатысады. Ал гистамин капиллярлардың қабырғасын кеңейтеді. Бұл жағдай ісіктің жиырылып жазылуына мүмкіндік туғызады. Әр түрлі аллергиялық ауру кезінде де базофилден және майлы клеткалардан антиген-антидене комплексінен бөлінген гистамин демікпеге (крапивница) айналу базофилдің мөлшерінің көбеюінен деп айтуға болады. Моноцит - барлық лейкоцит құрамының 2-10%-ті алады. Амеба сияқты қозғала отырып фагоцитарлық, бактериоциттік қызмет атқарады. Бір моноцит 100 дейін микробты жеп қояды. Мұның белсенділігі қышқыл ортада жүреді, ал нейтрофил болса мұндай ортада белсенділік көрсете алмайды. Моноциттердің көмегімен ауру пайда болған жердегі микробтарды, өлген лейкоциттерді, тканьдегі асқынған клеткаларды тазалап, жараның қалпына келуіне (регенерация) мүмкіндік жасайды. Сондықтан да оларды «организмдегіны тазалаушылар» деп те атайды. Моноциттер - мононуклеарлы фагоцитарлы жүйенің (МФЖ) басты тізбегі. Бұл элементтер жүйесінің айрықша белгілерінің бірі фагоциттік және пиноцитоздік қабілеттілігі. Себебі, комплементке және антиделерді қармап сезуге арналған рецепторларының болуынан және олардың шығу тегімен морфологиялық құрылысындағы ұқсастық. Моноциттер тканьге өткеннен кейін олар макрофагқа айналады. Фагоцитоздың қасиетімен қоса макрофагалар арнаулы иммундық қасиетін құрайды. Бөгде заттарды сіңіріп, оларды ерекше қосылыс иммуногенге айналдырады. Сөйтіп, лимфоциттермен бірігіп иммундық жауап береді. Макрофагалар асқынған жердегі клеткаларды орнына келтіруге, липаза және темір алмасуына, ісікке және вирусқа қарсы күреседі. Осылардың басты себебі, олар лизосим, комплемент (қанның сұйық заты) интерферон, эластаз, коллагенез фибриногендік факторларды бөлуі болып табылады. Лимфоциттер. лейкоциттердің 20-40%-ын құрайды. Лимфоциттердің басқа лейкоциттерден айырмашылығы олар қан тамырынан шығып тканьдерге кіріп қана қоймай, қайтадан қанға келіп түседі. Олар басқаларына қарағанда ұзақ уақыт 20 жылдан аса (кейбіреулер өмір бойы) тіршілік етеді . Организмдегі ең басты иммундық жүйе болып есептеледі. Сонымен қатар өзіне тән иммундық «бақылау» жасауға жауап беруші клетка болып табылады. Бөгде заттардан қорғау мен ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Тағы да бір таңқаларлық қасиет өздеріндегі ерекше рецепторларының көмегімен "өзінікін" және басқа "бөгделерді" ажырата алады. Қорғаушы антиденелер түзеді, бөгде клеткаларды жояды. Трансплантаттың күшімен тартылу реакциясын қамтамасыз етеді.
10) Жүрек бұлшықеттерінің физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз және бағалаңыз. Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары. Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында актин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибриллалар болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплазмаға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек етінде қаңқа етімен салыстырғанда аэробты процестер басымырақ болады және ол шабандау жиырылады. Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме табақша - нексус арқылы қосылады да, біртутас тор, немесе синцитий, құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір жасушада пайда болған қозу көрші жатқан жасушаға оңай беріледі. Осының арқасында миокард әрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады. Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерекшелктері болады. Олардың көлденең жолақтары сиректеу, гликогені мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтарынан дөнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элементтері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар құрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені Кис-Фляк (синус, жүрекше), Ашофф-Тавар (жүрекше - қарынша) түйіндері, Гисшоғыры, Гис сабақтары жөне Пуркинье талшықтары құрайды. Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді. Жүрек етінің үшінші құрылымдық ерекшелігі онда қабырғалық (интрамуральдық) нерв түйіндерінің болуында. Бұл түйіндер алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг (1848), Бид-дер (1852), Догель (1895) зерттеулерінде суреттелген. Олар жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде және қарынша ертерінің табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бұл түйіндер кезеген нервпен тығыз байланысты және қозғағыш не сезімталдық қызмет атқарады. Жүрек етіне физиологиялық қасиеттері. Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән. Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс). Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасьшен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік. Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады. Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозутолқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызмеііне байланысты. Рефрактерлік - қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды. Жүрек – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300г ағза) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қантамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзынбілігіоңнансолға, жоғарыдантөмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшык өкірек қуысында солжақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеуперде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуіжүрекше, екеуіқарынша. Жүрекше мен қарыншаның арасында атриовентрикулярлық қақпақшалар болады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі-эндокард, ортаңғы-миокард, сыртқы-эпикард. Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады, әр қақпақша эндокардтың екі жапырақшасынан тұрады. Миокард –жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақты ет талшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Эпикард-жүректі сыртынан қаптайды, перикард-жүрекқабы. Эпикард пен перикард арасында жіңішке саңылау, онда серозды сұйықтық болады, қажалудан сақтайды. Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзара жарыса орналасқан етталшықтарынан тұрады. Етталшықтары түйіскен жерлерде қатар жатқан екі талшықты жалғастыратын дискілер (мембрананыңжуандаужері) болады. Талшықтардың дискілер арқылы беттескен жерін нексус деп атайды. Нексустер арқылы миокардтақ озу өте тез жайылады, өйткені қозу бір талшықтан екінші талшыққа медиатордың қатысуынсыз-ақ әрекет потенциалы күйінде өтеді, сондықтан әрет талшығы жеке қозып, жеке жиырылмайды, топтасып жиырылады, яғни жүрекеті функциялық синцитий ретінде қызмет атқарады. Биологияда құрылымдық синцитий деген ұғым бар. Жүректің жиырылып, босауы миокардтың қызметі..
