- •3.Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық айрмашылығын түсіндіріңіз.
- •9)Лейкоциттердің негізгі қызметін көрсетіңіз. Лейкоциттік формула мен оның диагностикалық маңызы жайлы сіздің көзқарасыңыз қандай? Патологиялық және физиологиялық лейкоциттерге мысал келтіріңіз.
- •11) Асқорытудың ауыз қуысындағы және қабырғасындағы айырмашылықтарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •15.Эритроциттер гемолизіне анықтама беріңіз. Гемолиз түрлеріне мысал келтіріңіз. Эритроциттердің осмостық резистенттілігін бағалаңыз.
- •«Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •4.Фотосинтездің қараңғы сатысы
- •Фотосинтез, өсімдіктің өсуі мен өнімділігі
- •6. Өсімдіктердің тыныс алу физиологиясы. Тыныс алу субстраттарының тотығу жолдары.
- •8.Тамыр қысымы (төменгі қозғаушы күш)
- •9.Транспирация (жоғарғы қозғаушы күш)
- •10.Өсімдіктің минералды қоректенуі
- •11.Минералды элементтердің радиалды және ксилемалық тасымалдану жолдары
- •12.Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық ерекшіліктері.
АДАМ ЖАНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
1.Қозу мен қоздыру тудыруға арналған анықтама беріңіз. Қоздырушы ұлпалардың жалпы сипаттамасын түсіндіріңіз. Қозғыш тканьдер физиологиясы Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион клеткалардың әрқайсысының құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелкі болмайды және клеткалардың өзара қарым-қатынасы, функционалдық жүйелердегі ағзалар мен тканьдердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты әсерлері де әр түрлі. Сондықтан белгілі бір қысқа мерзім м.секунд, минут арасында клеткалар мен тканьдерде, жүйелерде сансыз, түрлі-түрлі күрделі процестер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, тжалғасуы және керекті бағытта өтуі организмде ақпараттардың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат клеткалардың өзінде немесе сыртқы және ішкі ортаның әсерінен туады. Бұлардың көбі орталық жүйке жуйесіне жеткізіледі де қайта қаралады, өңделеді және жауап ретінде әрекет серпіністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы керә қарай клеткалармен ағзаларға жеткізіледі. Әр жүйенің элементтері мен клеткалары арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді. Ақпарат 3 түрлі жолмен таралады. 1. Бір клеткадан екінші клеткаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді.2. хабарларды қан мен лимфада және клеткааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді. 3. Ақпараттың ең тез таралу жолы – электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері арқылы керекті хабарларды бұлжытпай шеткі ағзалардан ОЖЖ одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу. Ақпараттың электрлік сигнал түрінде таралуының басқа да қатысу жолдарынан тағы да бір артықшылығы сигналды белгілеуге болатыны. Көп клеткалы организмде кодталған ақпараттарды қабылдау, талдау, сақтау, беру, еске түсіруді қамтамасыз ететін арнайы жүйе өріс алды. Ол жүйеге әсіресе адам баласының даму жолында ең жоғары сатыға жеткен жүйке жүйесі жатады.Қозғыш тканьдердің жалпы қасиеттеріТірі организмде тканьдерді өозғыш, қозбайтын деп бөледі. Қозғыш тканьдерге жуйке, қаңқа, жүрек, бірыңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер, ал қозбайтын тканьдер қатарына дәнекер ткань, шеміршек, тері эпителийлері жатады. Қозғыш ткань тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу проесі пайда болады, яғни ткань ьыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді.Оның белсенділігі жоғарлайды. Тканьнің тітіркендіргіш әсеріне жауап теру қабылеті, онық қозғыштық қасиеті болып саналады. Қозғыштық қозатын тканьдердің физиологиялық қасиетінің ең көрнектісі. Қозғыш тканьдердің екінші физиологиялықұ қасиеті қозу процесін өткізу. Ет тканьдері үшін үшінші қасиет - жиырылу, , қысқару, шарығу, қатаю , ал без тканьдері қозу салдарынан сөл бөледі.Қозу мен қозғыштық Тітіркендіру әсерінен қозғыш тканьде қозу процесі туады.. Ол көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Ткань қозғанда, оның физиологиялық қасиеті - қозғыштығы өзгереді, клеткалардың мембраналық потенциалы, әрекет потенциалына айналады. ӘП қозу процесінің ең көрнекті белгісі , яғни қозу процесінің туғанын ӘП пайда болуынан білуге болады. Ткань қозған сәтте заттар алмасуы әдеттегіден әлде қайда күшейеді. Осыған орай жылу шығару деңгейі артады, қимыл әрекеттері туады. Мысалы, ет ткані қозу салдарынан ширығып жиырылады. Сондай-ақ қозған клетканың протоплазмасы золь қалпынан гельге айналады, протоплазманың тұтқырлығы өседі, миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин протофибрилдерінің арасынан өтіп, ет талшықтары қысқарады, оның көлденең жолақтығы жоғалады. Қозған ткань өзіне тән қызметін атқара бастайды: ет тканьдері жиырылады, ширығыда, жүйке қозу процесін өткізеді, бездер сөл шығарады. Сонымен қозатын тканьнің тітіркендіруге жауап беру қабылеті - қозғыштық, ал оның жауабы қозу процесі.Қозатын тканьдердің қозғыштықы бірдей емес. Жүйке ткані басқа тканьдерге қарағанда, қозғыш келеді. Ет тканьдерінің қозғыштық қасиетін салыстырса, қаңқа етінің жүрек етіне қарағанда қозғыштығы жоғарырақ, ал бірыңғай салалы еттің қозғыштығы басқа еттерден төмен болады. Тканьнің қозғыштығы қозу процесі кезінде, қажығанда өзгереді. Тканьнің қозғыштық дәрежесі тітіркендіру арқылы анықталады.Физда қолданылатын тітіркендіргіштер адекватты және адеукватсыз деп бөлінеді. Адекватты тітіркендіргіштерді қабылдайтын организмде арнайы қабылдағыштар – рецепторлар болады. Адекватсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштары болмайды. Мысалы, көздің торлы қабығындағы көру қабылдағыштары сәулені сезу түйсігі пайда болады. Көру рецепторлары үшін сәуле адекватты тітіркендіргіш. Бұл рецепторлар адекватсыз тітіркендіргіштерге де қозады.Бірақ одан пайда болған қозу проесі тұұрпайы кееді, ал сезімнің сапасы төмен болады. Адекватты әсерлерге арнайы рецепторлар қозғыш болады. Тітіркендіргіштер өзінің табиғатына байланысты механикалық, химиялық, температуралық, электрлік болып та бөлінеді. Қозғыштықтың кезеңдері Тканьнің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Алдымен қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп әдеттегі қалпына келеді де, жоғарылап барып қайта төмендеп, қозу процесі аяқталарда бұрынғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді. Қозу проесі басталысымен тканьнің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды.Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең д/а. Абсолюттік рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2мс болса, ет талшықтарында 4-5мс, ал ет-жүйке байланысында (синапс) 8-10мс. Қозғыш құрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады. Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді. Былайша айтқанда ткань қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең д/а. Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері – қоозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жауап реакциясы туу үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс. Бұл кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінің осы күшею сәтін супернормальдық кезең д/а. Мұнда тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болса да ткань оған жауап бере алады. Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу процесі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша төмендейтін кезі субнормальдық кезең д/а. Сонымен әрбір қозу проесі мезгілінде қозғыштық қасиеттің аталған кезеңдері бірінен соң бірі қайталанып отырады. Қозғыштықтың өлшемдері.
Тканьдердің қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем қолданылады: қозу табалдырығы әсердің пайдалы уақыты, хронаксия, лабильдік, аккомадация жылдамдығы. Көбіне қолданылатыны – қозу табалдырығы. Қозу табалдырығы (реобаза)– қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз минималді мөлшерін айтады. Ткань неғұрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады.
Лабильдік лат.тұрақсыз. – белгілі тканьнің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі. Лабильдік деп тітіркендіру санына сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы санын айтады. Ол герц өлшемімен өлшенеді. Мәселен, жүйкенің лабильділігі 1000гц демек, онда жүйке секундына 1200 рет тітіркендірілсе де бұдан пайда болатын қозу саны 1000-нан аспайды.Ткань неғұрлым қозғыш болса, оның лабильдігі соғұрлым жоғары болады.. Жеке тканьнің өзіне ғана тән қозу қабілеті, рефрактерлік мерзімі болады. Демек, тканьдер лабильдігі де бірдей емес. Жүйке талшығының абсолюттік рефрактерлік кезеңі 1-2мс ал лабильдігі 500-1000гц, қаңқа еті талшығының қабілеті жүйкенікінен төмен,бірақ абсолюттік рефрактерлік мерзімі ұзақ 3-4мс, лабильдігі 250-330гц.ЖҮйке-ет байланыстық синапстын рефрактерлік мерзімі 8-10мс. Оған сәйкес лабильдігі 100-125гц,синапстың қозғыштығы ет талшығынікінен көп төмен. Лабильдік, оған сәйкес келетін қозғыштық қасиет айналадағы факторлардың әсерінен өзгеріп отыруы мүмкін. Қолайсыз әсер салдарынан лабильдік дәреже төмендейді. Жүйкеге мұз басып, тікелей салқындатылса, лның рефрактерлік кезеңі ұзарып, лабильдігі төмендейді. Лабильдік дәрежесі есерткі заттардың әсерінен оттегі жетіспеуінен де төмендейді. Белгілі бір тканьге ұзақ уақыт әсер етуші ткань ондай ырғақтарды игеріп алады. Мұның нәтижесінде лабильдіктің дәрежесі жоғарылайды, оны Ухтомский ырғақтарды игеру д/а. Мысалы, спортпен шұғылданушылар жаттығу жасаған кезде, жарысқа түсерде бой жазған сәтте олардың ткань лабильдігі жоғарылайды, соның арқасында олар көптеген жетістіктерге жетеді. Қысқасы, лабильдік дәрежесі біресе жоғарылап, біресе төмендеп отыруы мүмкін. Дмек, тканьнің қозғыштық қаситеі де тұрақты емес, өзгеріп отырады. Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қозу процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы, қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалы-химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Қозғыштық – клетканы тітіркендіргенде қоз арқылы жауар беру қасиеті. Қозғыш ұлпаларға нерв,ет,секрет бөлуші клеткалар жатады. Тірі клеткаларға тән тағы ең маңызды қасиет –электрлік қозғыштығы н/е электр тоғымен әсер еткенде қозу арқылы жауап беру қасиеті. Қозғыш ұлпалар осындай жоғары сезімталдығын ,әсіресе өте әлсіз электр тоғының әсерінің қлзу қабілеттілігінің болатынын л.Гальвани анықтады. Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде—физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді, Қозғыштык тірі құрылымдардың—ет және нерв ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет потенциалымен—тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй — қозу үрдісінің туындауына себепші болады.
2.Қоздыруды өткізетін синапстық кезеңдерге, синапстар қызметіне, құрылымына анықтама беріңіз. Синапс дегеніміз-безді жасушалар мен нейрондардың,нейрондар мен бқлшық еттердің,нейрондар мен жүйке жасушаларының арасындағы арнайы морфологиялық құрылымнан тұратын байланыстырушы.Синапстар арқылы ақпараттар бір жасушадан 2-ші жасушаға беріледі.Синапстар ұласқан клеткалардың түріне қарай нейронаралық,ет-жүйкелік болып,әсеріне байланысты қоздыратын,тежейтін,ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық және электрлік болып бөлінеді.Кейде аралас электрлік-химиялық синапстар да кездеседі.Денедегі барлық синапстардың құрылысы бірдей.Әрбір синапс 3 элементтен,атап айтқанда пресинапстық,постсинапстық мембраналардан және синапстық саңылаудан тұрады.Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат-медиатордың қатысуымен өтеді.Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетінарнайы белок-рецептор орналасқан.Аксонның аяқ жағы жуандау пиязшық тәрізді болып келкді.Бұл жүйкенің ұшы осы жері пресинапстық бөлігі.Осы бөлігі арқылы басқа жасушамен синапстық байланысқы түседі.Ал синапстық саңылаудың ені-20-40 нм.Арақашықтығы онша үлкен болмағанымен,жүйке импульстері жүйке ұшына жетіп,осы саңылау арқылы аса алмайды,себебі бір жасушадан 2-ші жасушаға қозуды өткізетін арнайы медиаторлар бар.Синапстың 3-ші компоненті-постсинапстық немесе синапс саңылауынан кейінгі бөлігі.Синапстың бұл аймағында синапстік көпіршіктер болмайды,мембранасы тығыз,вакуолы,цистернасы тығыз денешіктері болады.Эволциялық тұрғыдан қарағанда электрлік синапстар ерте пайда болған процесс,бұлар химиялық синапске қарағанда көбінесе,бас миында жиі кездеседі.Электрлік синапстердің арнайы құрылымы болмайды, мысалы химиялық синапске препостсинапстық бөлігі және синапстік саңылауы.химиялық синапске қарағанда электрлік синапстің ерекшелігі морфологиялық симметриялық жалғасуына байланысты импульс екі жаққа тура және кері бағытта өтуі мүмкін.Электрлік синапстің түйісу аймағының арасы 2 нм,олар араның ұясы сияқты бір-бірімен өте тығыз орналасқан.Электрлік синапстар жүрек етінде,салалы етте,бауырда кездеседі.Электрлік синапстерде серпіністер із қалдырмайды.Бұл синапстан тек қозу ғана өттеді және оның өтуіне температура әсер етпейді. Қозу синапс арқылы өту үшін пресинапстың мембранадан бөлініп шығатын медиатор мөлшері жеткілікті болуы қажет және медиатор уақытында ыдырап, одан босауы тиіс. Қозудың ет-жүйкелік сииапста» өту механизмі синапстардың қай-қайсысында болса да қозудыц өту механизмінің негізін құрады. Қозудың ет-жүйкелік синапс арқылы өтуі. Орталык жүйке жү-йесінен шығып эфференттік жүйке талшығының ұшына жеткен сер-пініс пресннапстық мембрапаның N3+, К+ иондарына деген өті.мді-лігін өзгертеді. Бұл иондар концентрациялық және электрлік гра-диентіне байланысты мембранадан өте бастайды. N3+ ионына мем-брананың өтімділігі жоғары болғандықтан оның жүйке ішіне карай өтуі персинапстық мембрананы деполяризациялайды. Мүнымен бірге кальций каналдары ашылып айналадағы синапс саңылауы-нан жүйкенің ішіне қарай Са2+ катионының өтуі шапшаңдайды. Са2+ ионының жүйке ұшына өтуі нәтижесінде іші ацетилхолинге толы везикулалар жылжып пресинапстык, мембранадан синапстық саңылауға өтеді, өтер алдында әдетте везикулалар жарылады да ацетилхолин босап шығады. Ол серпініс санына оның күшіне қа-рай будақ-будақ болып синапстық саңылауға өтеді.Синпастардың түрлері. Орналасуына, яғни қандай құрылым-дарды ұластыруына карай ет-жуйкелік және нейронаралық си-напстар болып екіге бөлінеді. Нейронаралық синапстар екі нейрон талшықтары арасында не нейрон денесі мен басқа нейрон талшық-тары арасында құралады. Екі аксонның ұласқан жерінде аксо-ак-соіідыіч,, аксон мек дендриттің арасында орналасқан аксо-дендрит-тік, ал дендриттер арасындағы синапс дендро-дендриттік деп ата-лад.ы. Сондай-ақ аксои мен нейрон денесіндегі аско-сомалық, ден-дрит пен нейрон денесіндегі дендро-сомалық, екі нейрон денелері-нің түйіскен жерінде сома-сомалық синапастар да болады.' Қозу не тежелу процестерінін, пайда болуына.қарай синапстар коздырушы және тежеуші синапстар болып бөлінеді. Тежеуші си-напстарда тежелу медиаторы бөлініп шығады. Ол көбінесе постси-напстық мембрананың К+ катионына өтімділігін күщейтеді. К+ ка-тконыиың синапс саңылауына шығуына байланысты постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады да, постсинапстық тежелу по-тснциалы (ПСТП) пайда болады. Постсинапстық мембранада ги-иерполяризация С1 анионьшын, синапс саңылауына Іпыруынан да пайда болады деген де пікір бар. Гиперполяризация мезгілінде мембрапанын, қозгыштық касиеті төмендейді. Сондықтан постси-иапстық мембрана жай тітіркендіргішке жауап бере алмайды.Синапстардың физиологиялық қасиеттері 1. Қозу синапс арқылы көбінесе медиатордың қатысуымеи өтеді. 2. Синапста қозу бір-ақ бағытта — персинапстық мембранаға қарай өтеді. Бұл синапстың құрылысы мен қозу процесінің өту ме-ханизміне байланысты. 3. Синапс әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады. Синапс тез қажиды. Қажу медиатор санының азаюына байланысты. 4. Қозу синапстан баяу өтеді, синапста 0,2—0,5 мс-тей қозу кі-діреді, мұны синапстық кідіру дейді. Бірыңғай салалы етте синапс-тық кідіру 5—10 мс. Синапстық кідіру де қозу процесініц өту меха-низміне байланысты. 5. Синапстың козғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп тө.мен, лабилдігі төмен (100—125 гц), рефрактерлік кезеңі ұзақ. 6. Синапста алғашқы қозу толқыны келесі қозудың өтуіи же-ңілдетеді — жол салады, із қалдырады. Синапста медиатордың кө-беюіне байланысты козу жинақталады.
3.Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Қаңқа және бірыңғай салалы бұлшық еттерінің физиологиялық айрмашылығын түсіндіріңіз.
Бұлшық еттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы).
Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етгі адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия).
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.Барлық ет массасының 40пайызын құрайды. Маңызы: кеңістікте қозғалу,дене бөліктерін қозғау,жылу түзеу,су мен тұздарды сақтау,ішкі мүшелерді қорғау. Ірбір ет талшығы жұлын н/е ми бағанасында орналасқан мотонейронның аксоны болып табылады. Бір мотонейрон бірнеше ет талшықтарын реттеп отырады. Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіні құрылымына қарай көлденең жолақты қаңқа еті,көлденең жолақты жүрек еті және бірыңғай салалы ет болып 3-ке бөлінеді.Көлденең жолақты еттер қатарына қаңқа еттері,тіл,көз,жұтқыншақ,көмей,өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады.Қаңқа еттерінің қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты,сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл-әрекеттерді қамтамасыз етеді.Бірыңғай салалы бұлшық еттер теріде,ішкі ағзалардың,сөл мен несеп түтіктерінің ,қан және лимфа тамырларының,өкпе,кеңірдек,жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан.Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп тарылтады да,бүкіл ішкі ағзалар қызметіне әсер етеді.Көлденең жолақты етке қарағанда бұл бұлшықеттің көлемі аз болады.Патология кезінде,мысалы асқазан мен он екі елі ішектің түйіскен жеріндегі пилорус ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады,бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді.Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі.Мұнымен бірге бұлшықеттің ерекше қасиеті-жиырылу.Ет тіні созылғыш келеді.Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті-жиырылып жазылу.Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап.Бұлшықеттің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты.Бұлшықеттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады.Бұл кезде ет талшықтарының бәрә қатысады,қатаяды.Етті ұзақ уақыт белгілі бір ырғақпен тітіркендіріп отырса ол қажиды,оның жиырылу қабілеті біртіндеп төмендеп,ақыры мүлде жауап бермей қояды.Бұл уақытша құбылыс.Қаңқа еті бірыңғай етке қарағанда тез қажиды.Кейбір бірыңғай салалы еттердің автоматиялық қасиеттері болады.Олар тітіркендіргіштің әсерінсіз-ақ өздігінен белгілі бір ырғақпен жиырылады Бұлшық еттің қызметі. Оның пішіндері: ұзын, қысқа, кең, ұршықты және шеңберлі бұлшық еттер. Күшті және епті бұлшық еттер. Бұлшық еттің атқаратын қызметі мен байланысы. Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттің дәнекер ұлпа шандыр қабығы (фасция), эндомизий және перемизиясы. Бұлшық еттің шектен тыс әрекеті. Бұлшық еттің қосымша аппараты және оның қызметтік мәні. Бұлшық еттің қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі. Одақ және қарама- қарсы бұлшық еттер. Бұлшық ет жұмысына сипаттама: бұлшық еттің күйі, қалпы. Бұлшық еттердің шексіз (басым), шартты және аудару, салу күштері. Бұлшық еттің тарту күшінің жолы. Бір, екі және көп буынды бұлшық еттер. Бұлшық еттердің шектен тыс әрекеті. Бұлшық ет жұмысына сипаттама. Бұлшық еттердің жеңу, беру, ұстап қалу және баллистикалық жұмыстары. Бұлшық ет топтары мен бұлшық ет күштерінін, тепе-теңдігі туралы түсінік. Бұлшық ет күштерінің сәті. Бұлшық еттердің күштерін қосу және алу. Күш паралеллограммасы. Екі күштің әрекеті. Бұлшық ет жұмысы мен бастырық (рычаг) заңы. Бұлшық еттердің бөліктері. Адамның қозғалыс аппаратындағы I, II, III түрі бастырықтардың сипаты.Дене мен мойынның бұлшық еттері. Дене бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Омыртқа жотаны қозғалтатын бұлшық еттер. Омыртқа бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне қатысатын бұлшық еттер. Омыртқа жотасын жазатын бұлшық еттер, олардың орналасуы, басталатын және бекитін орындары, адам денесінің жоғары қабатыңдағы жобалануы. Әртүрлі тірек қалпында арқа бұлшық еттердің қызметтері. Омыртқа жотасын мойын бөлігін бүгетін бұлшық еттер. Мойын бұлшық еттері: үстіңгі, күрмау сүйегіне бекитін бұлшық еттер. Бас қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек қалпында құрсақ бұлшық еттердің қызметтері, құрсақ қуысының сығымдалуы және оның спортшылар үшін атқаратын қызметі. Ұйқы және жақасты үшбүрыштары- мойынның топографиялық құрастырлары. Мойынның шандыр қабыктары. Омыртқа бағанының бел бөлігін бүгетін бұлшық еттер. Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабатын және кейде топталып қыспақ құрады.Бұл ет ішек-қарын,ас қорыту бездері түтіктерінің,қан мен лимфа тамырларының,несеп шығаратын мүшелердің,жатырдың,бронхының қабырғасында кездеседі.Көлденең жолақ етке қарағанда бұл бұлшықеттің организмдегң көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді. Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қлзғыштық,қозуды өткізу,жиырылу қасиеттері болады.Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық және автоматиялық қасеттерге де ие. Бірыңғай салалы еттің көлденең жолақ етке қарағанда қозғыштық қасиеті төмен,хронаксиясы,қозу табалдырығы жоғары,абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзақ,лабилдіні төмен болады.Бірыңғай салалы бұлшықеттің жекелеген жиырылуы өте ұзаққа созылады.Әсіресе латенттік және жазылу кезеңі қаңқа етінен көп ұзақ. Қозу үрдісі бірыңғай салалы ет арқылы өте баяу таралады.Мұның себебі бұл етте пайда ьолған ӘП-ның жылдамдығы тінге әсер еткен тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіргенде бірден қозатын ет талшығыгың санына байланысты. Бірыңғай салалы етті қатты созса,ол келесі тітіркендіруге дейін ширықпай сол ұзындығын сақтайды.Мұны дәлелдеу үшін бақа асқазанының бір ұшын миографтың үстіңгі жағына бекітіп,екінші ұшына белгілі бір салмақты іліп созса,гирді алып тастаған соң ет сол созылған күйінде келесі тітіркендіруге дейін қалады.Ал көлденең жолақ балтыр еті гирді ала сала қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Кейбір бірыңғай салалы еттердің (асқазанның,ішектің,несеп өткізгіш түтіктің) автоматиялық қасеті болады.олар тітіркендіргіштің әсерінсіз-ақ өздігінен белгілі бір ырғақпен жиырыылады және ол түрлі сырттан келген әсерлер арқылы жиілейді,кейде тежелуі де мүмкін.Бұл бұлшықеттің автоматиялық қасетінің туу себебінің бірі-оның МП-ның тұрақсыздығы. Бірыңғай салалы етке гуморалдық заттар-гормондар,медиаторлар,иондар әсер етіп қозғыштық қасиетін өзгертеді,қозу үрдісімен қатар тежелу де туғызады. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері бірыңғай салалы еттердің жиырылуын,тонусын қарама-қарсы өзгертеді.
4. ОЖЖ функционалды бірлігі ретінде нейронның құрылымын және нейрондардың аралық байланыстарын сипаттап беріңіз.Нейрон дегеніміз – жүйке жасушасы. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы жеке бөлік. Сол жүйенің морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғыларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 макроннан – 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмппешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті жоғары болады. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор болады. Қозу серпінін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы әкелетін (аференттік) деп , ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді. Нейроглиядеп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (глиондарды) айтады. Глия грек сөзі – желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрмайды.Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша денесінен күннің сәулесі тәрізді жан-жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.Нейроглия нәрлендіру қызметін атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, олардың маңайын тазартады.
Нейроглияның функциялық маңызы:
Трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді.
Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдй жасайды.Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын , медиаторлармен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды.Мысалы, К+ ионы көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады немесе бейтараптандырады.К+ ионыкөбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу процесі пайда болады, оның салдарынан депрессия болуы. Медиатор саны көбейсе қозу процесі күшейіп, тежеліп процесінен адамның жұмысына деген қабілеті төөмендейді.Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден сақтайды.
Олигодентриттер нейрондар аксонның миелин қабығын жасауға қатысады.
Нейроглия нейрондар арасындағы қарым қатынасты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болын жеңілдетеді.
Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көп тармақты, қостармақты, бір тармақты болып бөлінеді Нейрон түрлері: Тармақтарының санына қарай нейрондар көп тармақты бір тармақты, қос тармақты болып бөлінеді.Адамның жұлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар.Ал мультиполярлы клеткалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері. Атқаратын қызмтіне қарай сезімтал , қозғалтқыш, аралық нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон рецепторларда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, артқы мүйізінде, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі.Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір мүйіздерінде, ми қыртысының қозғалтқыш өңірлерінде ми бағанының ядроларында орналасқан.Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан мағлұматтарды қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.
Аталған клеткалармен қатар тежелу нейрондары да болады,Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған.Оларды Реншоу клеткалары дейді. Реншоу нейрондары көбінесе қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғи тоқтатып тастайды.
Қазіргі кезде тежелу нейрондары мидың басқада бөлімдерінде мысалы: мишықта, ми қыртысында, ретикулярлық құрылымда болатын,ы анықталды.
Ми бағанында, ми сыңарларында келіп түскен мағлұматтарды талдайтын, іріктейтін, сақтайтын арнайы нейрондар бар. Реттикулярлық құрылым нейрондарды қозу және тежелу процестерін реттейді, олардың сөнуіне, тууына қажет жағдайлар жасайды.
5. Ағзаны реттеу қызметінің рефлекторлық принципін түсіндіріңіз және сипаттаңыз. Рефлекске мысал келтіріңіз. Рефлекторлы доға туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.).Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторларға) жеткізетін жол.Ол бес бөлімнен 1) қабылдаушы құрылым –рецептордан,2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден, 3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан,4) қозуды орталықтан эффекторға апатарын эфференттік жүйкеден, 5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік, интероцептивтік, проприоцептивтік рефлекстер болып ажыратылады. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді.рефлекстер қатысатын ми бөлңмңне қарай жұлын, сопақша ми, алдыңғы ми рефлекстер болып бөлінеді. Қимыл әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады. Орталықта тувтын үрдістер түріне қарай қоздырушы , тежелуші рефлекстер болады. И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), және шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
6. Артқы мидың негізгі қызметіне анықтама беріңіз.Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі кіреді.Сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида сондай- ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: 1) жұлын қызметін күшейтіп не әлсңрететңн төмен қарай бағытталған әсер.2)ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат кқп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай құлдыраушы жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек- ми жүйкелерінің V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде деа алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан.
7)Сыртқы, ішкі және аралас бездердің секреция бөлудегі маңызы туралы айтып беріңіз. Гормондардың негізгі қызметі мен әсер ету механизмдерін түсіндіріңіз. Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді. Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз — ішкі, «крино»— бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездері айтады. Сыртқы секреция бездерінің өнімдерінің құрамы әр түрлі:зат алмасудың соңғы өнімдері ферменттер,су немесе тұздар.Без өнімдері тек белгілі мүшеге бөліп шығарады. мысалы: сілекей безі тікелей ауызға бөлінеді. Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелуАралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Ұйқыбездің құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Ұйқыбездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқыбездің жалпы салмағының 2-10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқыбездің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқыбезінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, олардың өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден 500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам ңантауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бү-зылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/ л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген коры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі на-шарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зөрдің құрамында глюкоза пайда болады.Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет.Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гор-монын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дөрілерді ішу қажет. Үйқыбезден бөлінетін екінші гормон - глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді. Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормондары әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қаңқа сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, дене өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді.Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа сыртқы секрециялық бездер де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т.б. бездер. Бұл бездердің жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б.).Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде - еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін.Ішкі секреция бездерінің біріне-бірінің әсері.Ішкі секреция бездерінен гормондардың бөлінуін орталық жүйке жүйесі реттейді. Өйткені, орталық жүйке жүйесінде бездердің жұмысымен байланысты орталықтар аралық мида орналасқан.
8)Гипоталамо-гипофиздік жүйеге анықтама беріңіз. Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары Эндокринология ішкі сөлініс, бездерінің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде 19ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зертеудердің негізін Г.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады. Кейін, әсіресе ғасырдың 50-90ж эндокриндік жүйенің физиологиясы мен патологиясы бойынша көптеген экспериментальдық және клиникалық мағлұматтар жиналады. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету механизмі ашылды. Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйкелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған. Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әр түрлі гормондарының әсері организмнің қызметін жүйкелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі – жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімнің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністернің жылдамдығы мен анық бағытталуы т.б. морфофункциялық ерекшеліктері бұған дәлел. Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ функциялық ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда ылғи да гипергликемия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурин – несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты.СОндықтан да бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды эмоция гормоны д/а. Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін гормондық реттеу қатысады. Оған қоса, көптеген эндокриндік патологиялық тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесіне психикалық немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны мәлім. Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы ОЖЖ бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секреторлық жүйке әсері толық дәлелдеген. Бүйрекүсті бездерінің милы заттарымен симпатикалық иннервациясы анқыталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек симпатикалық және параисмпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке талшықтарын да алады..У.Кеннон 1914 мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің шеткі мойын жақ ұшына жалғастырғанда 6 айдан кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді. Кезеген жүйке оны күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше тежейді.. Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін секреторлық жүйелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр. Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секреторлық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады. Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді., Гипоталамустың аталған ядролары нейросекреторлық қызмет атқарады., яғни олар әр түрлі нейросекреторлық гормон тәрізді заттар түзеді. Олар жүйке талшықтары арқылы өтіп нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды. Гипоталамус ядроларының нейросекреторлықт заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артықы бөлімі мен гипоталамус біртұтас морфологиялық және функциялық құрылым болып есептеледі. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморальдық жолмен байланысады. Виллизм шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекреторлық клеткалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық синапстар түзетін жүйкелік тор жасайды. Бұл синапстар арқылы қанға нейросекреторлық әсер етушілері шығады. Қан капиллярлары 10-20дан портальды вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр тобын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тканьдеріне тікелей әсер етуге мүмкіндк алады. Гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар өтеді. Олар соматотропин АКТГ, ГТГ,ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік рететуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады. Соңғы кездегі химиялық зертеулердің нәтижесінде гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар түзілетінні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдңығы және аралық бөлімінде белгілі бір горомнның түзілуі жылдамдығына әсер етеді. Либерин лат.бос деген сөз – босатушы, күшейтуші, ал статин – тоқтатушы, тежеуші факторлар. Қазіргі кезед 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады.Сәйкес 3 гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либериндер мен статиндердің сектециясы өздеріне сәйкес қандағы гормондарға байланысты және гормондар реттейтін процестердің сипаты мен түріне байланысты.ОЖЖ ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус-гипофиз жүйесі арқылы іске асады.Бұл функциялық жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу механизмі – жүйкелік және гуморальдық механизмдер бар екеніңн дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде кең көлемде өзін-өзі реттеу процесі жүреді, функциялардың өзін-өзі реттеуі осы екі реттеуші механизмдерінің қызметінің корреляциясына байланысты. Гормондардың түзіліп, қанға өтуінің маңызды факторы – реттелетін жүйелермен проестердің өзіндік қалпы болып келеді. Мысалы, қандағы кальцийдың өзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың мөлшері ұйқы безінің инсулинді және бірқатар инслинге қарсы гормондарды шығарға әсер етеді. Тироксин, глюкокортикоидтар мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гормондары тұзіледі.Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі арасында екі жақты – тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін процестерге әсер етіп қоймай, ондағы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының қабырғасында, тканьдерге және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамус баро-, термо-, хемо-, осмо- және глюко- рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар концентрациясының өзгерістерні сезгіш келеді. Тіпті гормондар концентрациясының өзгерісьтерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар да кездеседі. Түрлі рецептордлар мен секреторлық жүйкелердің гипоталамуспен байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, натрий+ концентрациясының артуы альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сойтіп артық натрий+ несеп құрамында сыртқа шығарады. Қандағы Са+ мөлшері артқанда калкансерік безінің паратгормон бөлінуі тежеледі, ал тирокальцитонин артады. Тироксин мөлшері көбейгенде гипофиздің тиреотропин шығаруын тежейді.Глюкокортикоидтар мөлшерінің көбеюі алдыңғы гипофиздің адренокортикотропинді шығаруын тежейді. Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық әсерлердің ішкі сөлініс бездерге әсері арқылы да орындалады. Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның – гомеостаздың сақтауында маңызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайыларына бейімдейді. Организмның бейімделу реакцияларында жағымсыз жағдайға, зиянды экстремалді әсерлерге қарсы тұру реакцияларында гипофиз – адренал жүйесінің маңызы зор. Организмнің бейімділі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді.Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді. Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша , барлық стрессор алғашқы кезде біркелкі жалпы реакция тудырады: ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің гиперфункциясы байқалады. Мұндай организмнің арнайы емес реакциясын жалпы адаптациялық синдром д/а. Бұл зиянкес әсерлерге организмнің қарсы тұру қабілетін күшейтеді. Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсеріне гиперсекрециямен жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс реакциясы яғни қобалжу реакциясы д/а.Бұл реакцмядан кейн стрестің келесі кезеңі резистенттігі яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының сөлінісі қалпына келеді. Сонымен бүйрекүсті безінің мұндай реакциялары арқылы организмнің компенсаторлық механизмдері іске қосылады да, ол өзгерген жағдайға бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол әсері бейімдеу процестерін қалыптастырады..Адаптациялық синдромның негізі – бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қаңқа шығатын мөлшеріне байланысты. Гипофизэктомиядан кейн жануарларда адаптациялық синдром дамымайды. Ал гипофизі сақталған бірақ бүйрекүсті безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға қондырған жануарларда қобалжу реакциясы байқалады. Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары организмнің резистенттілігін қалай күшейтетіні әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің адренокортикоидты гормоны клеткада энергияның жиналуы мен босауына әсер теіп, клеткалар мен ағзаларджың жұмыс қабілетін және энергия тепе-теңдігіне ықпалын тигізетін шығар. Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе, стрестің 3-і кезеңі әлсіреу кезеңі басталады да, бүйрекүсті бездері қажетті мөлшерде глюкокортикоидтарды өндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді. Организмнің бейімделу реакцияларын белсендіруге басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады. Бұл бездердің қызметінде өзара байланыс айтарлықтай оырн алады. Жалпы алғанда ағзаға оның қандай да болмасын қызметіне тек қана бір без әсер етіп қоймайды. Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі өзара байланысына қарай бірнеше без қатысады Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар эндофин, энцефалин, нейротензин, Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер.
