Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Цитология и гистология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.78 Кб
Скачать

6.Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.

Дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған : қан тамырларының сыртында орнласады , терінің негізін жасайды , ішкі мүшелердің құрамына кіреді , организмінің қаңқасын жасайды . Дәнекер ұлпалар трофикалық , қорғаныс , тірек - механикалық , пластикалық ( регенерация процесінде ) қызметтер атқарады . қалыптаспаған қалыптасқан . Бұл ұлпа организмде кеңінен таралған. Қантамырлардың қасында кездеседі, мүшелердің ішінде қабат түзеді. Борпылдақ дәнекер ұлпанық құрамына құрылысы әр түрлі клеткалар кіреді. Клеткааралық затында аморфты зат жақсы дамыған және араларында әр түрлі бағытта орналасқан талшықтары бар. Аморфты зат протеогликан және құрылымдық гликопротеиндерден тұрады. Протоегликан белок пен гликозоаминогликанның қосылысынан тұрады. Протеогликанның қызметтері: 1- коллаген молекуласымен байланысқа түсу және коллаген талшықтарының құрылуына әсер етеді. 2- клетканың сыртқы бетімен клеткааралық заттың байланысын қамтамасыз етеді. 3- су мен электролиттердің тасымалдануына қатысады. 4- өсу факторларымен байланысып, оларды жинайды және бөледі. Талшықтардың 3 түрін ажыратады:1- коллаген 3 альфа спиральдан тұрады. 2- ретикулярлы талшық. 3- эластикалық талшық. Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары: 1- резидентті клеткалар- яғни осы ұлпада пайда болған және тұрақты мекендейтін клеткалар. Адвентициялық, фибробласттар, фиброциттер және май клеткалары. 2- Имигрантты клеткалар- көшпелі клеткалар дәнекер ұлпаға қаннан келеді. Макрофагтар, плазматикалық және семіз клеткалар. Фибробласт дәнекер ұлпаның кең тараған клетка типі. Ірі, ұзарған клеткалар, амебоидты қозғалады. Негізгі қызметі клеткааралық затты жасау. Фиброцит тыныштық күйдегі клетка. Қызметі гомеостазды сақтау. Фиброкласттың қызметі коллаген талшықтарын еріту. Макрофагтардың қызметі зақымданған, ісік, өлі клеткаларды, клеткааралық затты және әр түрлі экзогенді құрылымдарды, микроағзаларды тану, сіңіру және қорыту. Имундық реакцияға қатысу(антигеннің презентациясын жасайды). Дендритті клеткалардың шығу тегі моноцит. Лимфа мүшелерінде жақсы дамыған. Фагацитозға қабілетті. Басты қызметі антигендерді презентациялау. Семіз клеткалардың ішінде гранулалар көп. Қызметі:1-гомеостаз. 2-қорғаныштық және реттегіш. 3- аллергиялық реакцияға қатысу. Плазматикалық клетка В-лимфоциттен пайда болады. Басты қызметі антиденелерді синтездеу.

Бордпылдақ дәнекер ұлпасы қантамырларды сыртынан қаптайды , мүшелердің ішкі қабаттарын түзеді , терінің емізікше қабатын жасайды . Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамында көптеген клеткалар кездеседі . Клеткааралық зат аморфты заттан тұрады . Клеткалар мен талшықтар ретсіз және бос орналасады . Сондықтан бұл ұлпаны борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер ұлпасы деп атайды .

Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары . Борпылдақ дәнекер ұлпалардың құрамында өз клеткаларымен қатар қанның да клеткалары кездеседі .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]