- •Зоология
- •6. Шаянтәрізділердің құрылысы мен биологиясының ерекшеліктері.
- •7. Насекомдардың сипаттамасы, негізгі отрядтары.
- •8. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен биологиясы
- •10.Сәулеқанатты балықтар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •11.Қосмекенділер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •12.Рептилиялар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •13. Құстар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •14.Сүтқоректілер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
13. Құстар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
Құстар- құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада ұшып тіршілік етуге бейімделеген. Анатомиялық құрылысы жағынан өздерінің тікелей тегі – бауырмен жорғалаушыларға жақын, олар кесіркетәрізділер тобына бірегеді. Құстардың бауырмен жорғалаушылардан бөлініп шығуы, шамамен 190-170 млн. Жыл бұрын триастың аяғында –юраның басында жүзеге асуы мүмкін.Құстар мезозой эрасында басым болған диапсидты бауырыме жорғалаушылар – архозаврлардан бөлінген. Құстардың тікелей арғы тегі біршама ежелгі авхозаврлар – Текоданттар, мүмкін орнитозухиялар прогрессивті бұтағы ретінде қарастырады, олардың дене температурасы тұрақты және ұшуға бейімделген. Қазіргі құстардың тері жамылғысында тері бездері (құйымшақ терісінен басқа) мүлдем болмайды және эпидермистің мүйізді туындылары (мүйізді қалқаншалар, қабыршақ сияқты қауырсындар, қауырсын) болады. Аяқтарында интеркарпальды (алдыңғы аяқ) және интертарзальды (артқы аяқ) байланыс жетілген, иық белдеуінде кораидтар күшті дамыған, жамбасы ашық мойын қабырғалары бос,қабырғаларында ілмектірізді өсінділері болады. Қан тасымалдау жүйесінде тек оң жақ аорта доғасы сақталады, бұл қолтырауындарда да сол жағына қарағанда күштірек дамыған. Зәр жыныс жүйесі ұқсас, ол уренотеликалық, клоака болады, жұмыртқасы сарыуызға бай, ұрығының дамуы ұрықтық қабықшалардың (сероза, амнион, аллаитоис) пайда болуымен жүреді. Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанымен құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшырағын, ол барлық органдар жүйесіне қатысты. Құстар жабындысының ерекше белгісі сол –олардың эпидермисі әлсіз, дермасы жұқа бірақ теріасты клечатка (шел) өте күшті дамыған. Бұл ерекшеліктер эпидермис туындылары қауырсындардың күшті жетілуімен және субкутисте май қабаттарының жиналуымен тығыз байланысты. Бұлшық ет жүйесінде алдыңғы аяқты қозғалысқа келтіретін төс бұлшықеттері, мойын бұлшіқеттері,артқы аяқтар бұлшықеттері біршама дамыған. Құстардығ үлкен энергия жұмсауды қажет ететін бұлшық ет тканьдарының ерекшеліктері олардың миоглобинге бай болуы, оның тығыз талшықты құрылымы және сіңірдің әсіресе аяқтарында, сүйектенуі болып табылады. Құстардың қаңқасы мықты әрі жеңіл – өйткені сүйектерде известь тұздары жиналады және ауа болады, сонымен қатар бас қаңқа, омыртқа жотасы (арқа сүйек, күрделі сегізкөз), аяқтарының сүйегі бірігіп кеткен. Жалпақ әрі жайдақ төссүйегінде төс бұлшықеттері бекитін күшті қыр сүйегі болады, қабырғаның кеуде және арқа бөлімдері бір-бірімен қозғалмалы байланысқан, сол сияқты төспен және сәйкес омыртқа өсінділерімен де байланысқан. Құстар үшін зат алмасудың болуы тән, осыған орай ішкі мүшелер жүйесінің құрылысында да ерекшеліктер бар. Құстар үшін екі көмекейдің (жоғарғы және төменгі) болуы тән, ал созылатын кеуекті өкпесінде ауа қапшықтары жүйесі болады, олар тыныс алудың қарқынды болуына жағдайжасайды. Қазіргі кездегі құстардың жақтарында тіс болмайды, мүйізді тұмсық дамыған, оның формасы қорегіне және ұстау тәсіліне байланысты, сол сияқты пайдаланатын қорек сіңірілуін жақсартты: кейбір құстардың өңеші жемсау түзейді, қарны екі бөлімге (етті және безді) жіктелген, артқы ішекте екі тұйық өсінді болады, оларды клетчатканың қосымша ыдырауы жүзеге асады. Кейбір құстардың метанефрикалық бүйрегінің нефрондарында Генле тұзағы дамиды. Жүрегі төрткамералы, тек оң жақ аорта доғасы сақталған. Үлкен және кіші қанайналу шеңберлерінің толықтай бөлінуі тканьдарда оттегі және қоректік заттармен жақсы жабдықтауға көмектеседі. Алдыңғы мидың сыңарлары жолақ денелердің бірігуі және күрделенуі есебінен өте күшті ұлғайған, бұл күрделі жүйке қызметі инстинкті типінде өзінің көрінісін тапқан. Иіс сезудің және иіс сезу бөліктерінің әлсіреуіне сәйкес орта мидың көру бөлігі біршама дамыған. Мишықтың күшті жетілуі ұшу кезінде мықты басқаруды қажет ететін күрделі қозғалыстың болуына байланысты. Жыныс жағынан жетілген құстарда оң жағына қарағанда сол жақ тұқым безі мен жұмыртқа біршама дамыған. Іштей ұрықтанады. Сонымен тыныс алу, қанайналу мен асқорытудың қарқындылығы сол сияқты ми бөлімдерінің біршама жетілуі зат алмасу деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді, осылармен қатар жылу өткізбейтін жыбынның дамуы гомойотермиялыққа алып келді. Жұмыртқаны шайқау және балапандарын ересектерінің қоректендіруі эмбриональдық және постэмбриональдық өлім- жетімге ұшырауын төмендетті. Осылардың бәрі құстардың кең таралуына және барлық құрлық биотоптарында мекендеуіне көмектеседі.
Құстар класы-Aves
Кесірткеқұйрықты немесе Ежелгі құстар кластармағы-Archaeornithes
Желпуіш құйрықты немесе Нағыз құстар кластармағы- Neornithes
Тісті құстар отрядүсті -Odontognathae
Ихтиорнистер отрядүсті- Ichthyornithes
Жүзгіш құстар отрядүсті- Impennes
Пингвинтәрізділер отряды - Sphenisciformes,
Кәдімгі немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті- Neognathae
Африка түйеқұстар отряды - Struthioniformes
Нандутәрізділер отряды- Rheiformes
Қазуартәрізділер отряды- Casuariiformes
Эпиорнистәрізділер отряды- Aepyornithiformes
Моатәрізділер отряды - Dinornithiformes
Кивитәрізділер отряды- Apterygiformes
Тинамутәрізділер отряды- Tinamiformes
Маймаққаздар не Гагаратәрізділер отряды- Gaviiformes
Сұқсыртәрізділер отряды- Podicipediformes
Түтіктұмсықтылар немесе Дауылпаздар отряды - Procellariiformes
Бірқазантәрізділер немесе Ескекаяқтылар отряды- Pelecaniformes
Ләйлектәрізділер (дегелектәрізділер), немесе Сирақтылар отряды-Ciconiiformes
Қазтәрізділер отряды- Anseriformes
Сұңғақтәрізділер немесе Күндізгі жыртқыштар отряды- Falconiformes
Тауықтәрізділер отряды-Galliformes
Тырнатәрізділер отряды-Gruiformes
Диатримотәрізділер отряды-Diatrymiformes
Татрентәрізділер отряды - Gharadriiformes
Кептертәрізділер отряды- Columdiformes
Тотытәрізділер отряды- Psittaciformes
Көкектәрізділер отряды- Cuculiformes
Жапалақтәрізділер отряды- Strigiformes
Тентекқұстар отряды-Caprimulgiformus
Ұзынқанаттылар отряды-Apodiformes
Көкқарғатәрізділер отряды- Caraciiformes
Тоқылдақтар отряды- Piciformes
Торғайтәрізділер отряды- Passeriformes
