Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.72 Кб
Скачать

12.Рептилиялар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.

Алантоис – дамып келе жатқан ұрықтың газалмасуын қамтамасыз ететін ұрықтық қабықша.

Амнион – дамып келе жатқан ұрықтың айналасын қоршап тұратын іші сүйықтыққа толы қуыс.

Амниоттар – ұрықтық дамулары жер бетінде жүретін омыртқалы жануарлар

Анамниялар – ұрықтық дамулары сулы ортада жүретін омыртқалы жануарлар.

Метонефрос – жамбас бүйрегі.

Атлант – ортасынан сүйекті бөлмемен бөлінген бірінші мойын омыртқасы.

Карапакс – тасбақаның тұлғасын жауып тұрған сүйекті сауыттың үстіңгі бөлігі.

Негізгі сана тәрізді сүйек – ми сауытының түбін қалыптастыруға қатынасатын сүйек.

Пластрон – тасбақаның тұлғасын жауып тұрған сүйекті сауыттың астыңғы бөлігі.

Үзеңгі – ортаңғы құлақ сүйегі.

Үшінші қабық – көздің алдын жауып тұратын жарғақ.

Эпистофия – алға қарай бағытталған тіс сияқты өсіндісі бар екінші мойын омыртқасы.

Бауырымен жорғалаушылар – кейбір өкілдері суда тіршілік еткенмен де негізінен құрлықты мекендейтін омыртқалы жануарлар. өкілдерінің басым көпшілігі ауа райы жылы қоңыржай ендіктерде көбірек таралған. Құрлықта тіршілік ететіндіктен, аяқтары мен иық және жамбас белдеулері өте күшті және мығым орналасқан. Кеуде қуысын қимылдату арқылы өкпесімен тыныс алады. Крокодилдер, теңіз тасбақалары мен теңіз жыландары суға тіршілік етуге екінші рет көшкен. Дене температурасы тұрақсыз, салқынқанды жануарлар, бірақ денедегі зат алмасуы қосмекенділермен салыстырғанда әлдеқайда белсенді түрде жүреді. Ұрықтанулары іштей.Бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер – омыртқалы жануарлардың жоғары сатылы тобына жатады.

Олардың көбеюі құрлықта жүреді, өйткені дамып келе жатқан ұрықтың айналасында қосымша үш ұрықтық қабықшалар түзіліп, дамуға қолайлы жағдай жасалады. Олар: амнион қабықшасы, аллантоис, серозды қабықша. Амнион қабықшасы іші сұйыққа толы ұрықты сыртынан қаптаған қапшық тәрізді; келесі қабықша аллантоис ұрықтың тыныс алу, зәр шығаруын қамтамасыз етеді; үшінші серозды қабықша қорғаныш қызметін атқарады. Осы аталған үш қабықшаның біреуінің атымен құрлықта көбейетін омыртқалы жануарлар – амниоттар деп аталады.

Бауырымен жорғалаушылардың терісі құрғақ, терінің сыртын мүйізденген қабыршақ немесе қалқанша қаптайды. Дене сыртын қаптаған мүйізденген қабыршақ олардың денесін құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері жоқ. Кесірткелердің санының ішкі жағында бірқатар орналасқан ұсақ тесіктер арқылы көбею кезінде қоймалжың зат бөлініп шығады. Аздаған тері бездері крокодилдердің арқасында, төменгі жақтары мен клоакасында орналасқан.

Бауырымен жорғалаушылар сумен байланысын толық үзген, бірақ жоғары сатылы омыртқалылардың ішіндегі қарапайым тобы болып табылады. Өкпе арқылы тыныс алады, жүрегі үш бөліктен: екі құлақшадан, бір қарыншадан тұрады. Қарыншада толық емес перде бар (крокодилдің жүрегі төрт бөліктен тұрады). Қолқаның екі системалы доғаларының бар болуына байланысты, олардың тұлғасымен салатамырлар арқылы аралас қан ағады (бірақ, оның құрамында салатамыр қаны көбірек. Тіршілік әрекеті қосмекенділерден едәуір дәрежеде жоғары болады.

Бұл класс шамамен 6500 түрді біріктіріп 4 отрядқа жіктеледі; тұмсықбастылар, тасбақалар, қабыршақтылар, крокодилдер.

Бауырымен жорғалаушылар класының қабыршақтылар отряды екі отряд тармақтарын біріктіреді: кесірткелер, жыландар.

Қаңқасы. Қосмекенділермен салыстырғанда бауырымен жорғалаушылардың омыртқа жотасы қозғалмалы. Омыртқа жотасы төрт бөлікке жіктеледі: мойын, арқа-бел, сегізкөз, құйрық омыртқалары. Кесірткелерде мойын омыртқалар саны сегіз, олардың алдыңғы екеуі ми сауытымен қозғалмалы болып байланысқан. Бірінші мойын омыртқасы атлант деп аталады. Ол дөңгелек пішінді ортасынан сіңірмен екіге бөлінген. Жоғарғы бөлік арқылы бас миы жұлынмен байланысады, төменгі бөлігіне екінші мойын омыртқасы эпистрофеяның тіс сияқты өсіндісі еніп тұрады. кесірткелердің мойын бөлімінің қозғалмалы болуы, сезім мүшелерін толық пайдалануға мүмкіндік жасайды.Арқа-бел бөлігі 22 омыртқадан тұрады, оларға қабырғалар бекінген, алдыңғы бес жұп қабырғаның екінші ұштары төс сүйегіне бекіп нағыз кеуде қуысы пайда болады (кеуде қуысы жыландарда жоқ).Сегізкөз бөлігі екі омыртқадан тұрады, олардың көлденең өсінділеріне жамбас белдеуінің мықын сүйектері жалғасады.Құйрық бөлігі бірнеше ондаған омыртқалардан құралған, құйрықтың ұшына қарай олар бірте-бірте жіңішкере береді. Құйрық омыртқалары ортасынан шеміршекпен екіге бөлінген, олар қауіп төнгенде құйрыған өздігінен үзе алады. Кесірткелерге тән бұл құбылысты автотомия немесе өзін-өзін жарақаттандыру деп атайды. Жоғалған бөлік қайтадан қалпына келеді.Жыландардың омыртқа жотасы екі бөліктен ғана тұрады, тұлға, құйрық; төс сүйегі, аяқ қаңқалары және олардың белдеулері жоқ, омыртқа жотасын жасайтын омыртқалар саны 140-435-ке дейін. Оларға қабырғалардың жоғарғы ұштары бекінеді де, ал төменгі ұштары төссүйегі болмағандықтан құрсақтағы бұлшықеттерге тіреледі. Жыландардың қаңқасының мұндай ерекшелігі қорегін тұтас жұтуына мүмкіндік береді.Ішкі мүшелер жүйесі. Асқорыту мүшелер жүйесі ауыз қуысынан басталып, жұтқыншақтан - өңештен –қарыннан – аш ішектен – тоқ ішектен тұрады. Тік ішек аналь тесігімен клоакаға ашылады. Ауыз қуысында біркелкі құрылысты тістер мен тіл орналасқан. Сілекей бездерінің сөлінде ферменттер бар, ал кейбір кесірткелер мен жыландардарда ол сөл – улы. Аш ішек пен тоқ ішектің арасында толық қалыптаспаған соқыр ішек өсіндісі бар. Ас қорыту бездері бауыр және ұйқы безі. Олар түтікшелер арқылы аш ішектің басталған жері онекі елі ішекке ашылады.Тыныс алу мүшесі - өкпесі. Кесіртке кеуде қуысын кеңейтіп тарылту арқылы тыныс алады. Ауыз қуысында орналасқан көмей саңылауы – көмейге барып ашылады. Көмейдің қабырғасында шеміршектер тобы орналасқан. Көмейден қабырғасы шеміршекті сақиналардан тұратын кеңірдек басталады да, диаметрі тарлау екі ауатамырға тармақталады. Ауа тамырлары іші қатпарланған қапшық тәрізді өкпеге ашылады.Қанайналым жүйесі тұйық, екі қанайналым шеңбері бар. Жүрегі 3 бөліктен, екі құлақшадан – бір қарыншадан тұрады. Қарыншаның ортасында толық емес перде бар. Қарыншадан бір-біріне байланыссыз үш сала тамыр шығады. Қарыншаның оң жағынан өкпе сала тамыры шығып, ол көктамыр қанын өкпеге апарып, онда газ алмасып, өкпеден салатамыр қаны өкпе көктамыры арқылы жүректің сол жақ құлақшасына құйылады. Бұл кіші қанайналым шеңбері. Қарыншаның сол жағынан басталған қолқаның оң жақ доғасына салатамыр қаны өтеді, ал қарыншаның ортасынан басталған қолқаның сол жақ доғасына аралас қан өтеді. Бұл екі доғалар жүректі иіп, оның артқы жағында бірімен-бірі бірігіп арқа қолқасына айналады. Қолқаның оң жақ доғасынан өзінің басын ұйқы және бұғана асты артериялары алып, дененің бас бөлімдерін салатамыр қанымен қамтамасыз етеді. Арқа қолқасынан кететін қан тамырлары барлық мүшелер мен ұлпаларға оттегі мен қорытылған қоректі беріп, олардан көмірқышқыл газы мен зат алмасудың сұйық өнімдерін алып көк тамыр қаны түрінде жүректің оң жақ құлақшасына құяды. Бұл үлкен қан айналым шеңбері. Зәр шығару мүшесі – жамбас бүйректері. Бүйректен несепағар шығады да қуыққа жалғасады, қуық клоакаға ашылады. Жыландарда қуық болмайды.Жүйке жүйесі. Бас миы қосмекенділерге ұқсас болғанымен, алдыңғы ми сыңарларында сұр заттан тұратын қыртыстың пайда болуы және мишығының үлкендігімен едәуір ерекшеленеді. Мишық қозғалысты басқарады, бауырымен жорғалаушылардың қозғалысы әртүрлі, әрі күрделі. Алдыңғы мидың жақсы жетілуі, олардың күрделі мінез-құлықтарын қамтамасыз етеді, (шартты рефлекстер тезірек қалыптасады). Бас миынан 12 жұп бассүйек нервтері таралады.Сезім мүшелері: көздері, ішкі және ортаңғы құлақ, иіс және дәм сезу мүшелері. Кесірткеде көзді ылғалдап, ластанудан қорғайтын жарғақ – үшінші қабақ, кейбір бауырымен жорғалаушыларда – инфрақызыл сәулелерді қабылдайтын төбе көзі болады.Бауырымен жорғалаушылар – дара жыныстылар. Аналық және аталық бездері жұп. Ұрықтану іштей. Жұмыртқа жолдары мен тұқым жолдары жыныс өнімдерін клоакаға шығарады. Басым көпшілігі жұмыртқа салу арқылы көбейеді, кейбіреулері балаларын тірі туады. Жұмыртқа жасушасында қоректік заттар қоры мол, дамуы тура. Тұмсықбастылар отряды. Бұл отрядтың өкілі Жаңа Зеландия аралдарында ғана сақталған өте қарапайым ертедегі түр гаттерия. Сыртқы пішіні кесірткеге ұқсас, бірақ арқасында үшбұрышты мүйізді тақташалардан тұратын жал бар. Дене тұрқы 75 сантиметрге жетеді. Қорегі құрттар, бунақденелілер, былқылдақденелілер. Баяу қозғалатын түнгі жануарлар, күндіз індерде жасырынады. Жыныстық жағынан 20 жылда пісіп жетіледі. Жұмыртқа салу арқылы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]