Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.72 Кб
Скачать

8. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен биологиясы

Жануарлар дүниесіндегі кең таралғаны және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буыаяқтылар типі. Буынақтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі – аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан. Олар екі жақты симметриалы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді.

Буынаяқтылардың арғы-тегі ежелгі полимерлі көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta) екендігі бізге мәлім. Бұлардың соншалықты ұқсастық белгілеріне сүйене отырып (ас қорыту, қан айналу, нерв жүйесінің, нефрийдилерінің орналасуы, дене метамериясының, эмбриональді дамуы т.б.) 1817 жылы француз ғалымы Ж.Кювье буынаяқтылар мен көпкылтанды буылтық құрттарды ортақ Articulata (латынша articulus — буынды) типіне жатқызған болатын.

Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе менкеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, кейбір түрлері жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді. Эмбрионалдық дамуы көп жағдайда түрленіп өтеді, сондықтан дернәсілдер мен ересек түрлерінің арасында айырмашылық көп. Буынаяқтылардың өсуі мен дамуы түлеуге байланысты, яғни олар түлеп, бұрынғы қатты қабығын (кутикуланы) тастаған сәтте ғана өседі. Буынаяқтылардың маңызы өте зор. Мысалы, кейбір шаянтәрізділер тағам ретінде пайдаланылады, жібек құртынан өнеркәсіп шикізаты алынады. Олармен балықтар, сүтқоректілер қоректенеді. Кейбір түрлері улы келеді (қарақұрт, бүйі, шаян, т.б.). Бұлардың ішінде масылдық тіршілік ететіндері немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын адамға және жануарларға жұқтыратындары да бар (мыс., қан сорғыш кенелер, т.б.). Қазақстанда Буынаяқтылардың барлық кластарына жататын түрлер кездеседі. Олардың зиянды және масылдық түрлері, сондай-ақ, бау-бақша, егін зиянкестері зерттеліп, биол. және экол. ерекшеліктері анықталуда.

9.Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes): жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) — омыртқалылар класы . Қазба қалдықтары девонның  орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы:тақтажелбезектер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері  құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға , ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.

Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы - эпидермес, көп қабатты эпителий, ал ішкі - нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан түзелген. Эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың қабыршақты ұсақ бүртікті. Плокоидты (грекше "плакс" - тақташа, "ейдос" - пішінді) қабыршақтармен қапталған. Тақтажелбезектілерге - акулалар мен скаттаржатады. Акулалардың 350-ге жуық түрі бар. Олар мұхиттарда, теңіздерде таралған. Дене пішіндері алуан түрлі. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі - сұр акулалар. Олардың кеңінен таралған түрі - жолақ акула. Ол мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерде кездеседі. Скаттардың да 350-дей түрі бар. Денесі жалпақ әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан. Олардың көпшілігі су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Ең ірі түрі - манта, оның денесі көлденеңінен 6 метрге жетеді.Кейбір скаттардың денесінде электр қуатын шығаратын мүшесі болады. Тұтасбастыларға 30-дай түрлері жатады. Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтары болмайды. Сырты қалың қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. Баренц теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропа тұтасбасы кездеседі. Олардың көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ. Базалий – көкірек және құрсақ қанаттарының түбінде орналасқан шеміршек тақташалары.

Гетероцеркальды – тең қалақшалы емес құйрық қанаты.

Гиомандибуляра – тіласты доғасының үстіңгі элементі.

Мезонефрос – тұлға бүйрегі.

Меккелев шеміршегі – жақ доғасының төменгі жақ функциясын атқаратын бөлімі.

Плакоидты қабыршақ – остеодентин затынан тұратын, үстіңгі бетінде тісше орналасқан қабыршақ.

Радиалии - базалийден кейін орналасқан таяқпішіндес шеміршектер, жұпқанаттардың құрамына кіретін.

Рострум – алға қарай бағытталған тұмсық өсіндісі.

Таңдайдың шаршы шеміршегі – жоғары жақ қызметін атқаратын жақ доғасының жоғарғы шеміршегі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]