Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.72 Кб
Скачать

6. Шаянтәрізділердің құрылысы мен биологиясының ерекшеліктері.

Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 30000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар.

Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары - антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады.

Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады.

Шаянтәрізділердің денесі, негізіен, бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференциаланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.

Дене құрамына кіретін сегмент саны басқа буынаяқтылармен салыстырғанда 5-8-ден 50-ге дейін алуан түрлі болып келеді.

Бас бөліміндегі сегменттер сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған.

Шаянтәрізділердің әртүрлі формаларында кеуде және құрсақ сегменттерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда ( класс тармағы – Malacostra) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде – 8, құрсақ бөлімінде – 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны – 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны бар.

Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары, негізінде, қозғалыс мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу процесіне де қатысады.Аяқтарының атқаратын қызметіне байланысты олар түрліше құралған.

7. Насекомдардың сипаттамасы, негізгі отрядтары.

Насекомдардың басы мойын бунағы арқылы кеeдесінен анық бөлектенген. Басы акроннан (асron) және бірігіп кеткен төрт сегменттен құралған. Бірінші — интеркалярлы (латынша inter — аралык) сегменті редукцияға ұшыраған, аяқтары жоқ. Екінші — мандибулярлы сегменттің жұп аяғы бір буыңды жоғарғы жақ аппаратына немесе мандибулаларға айналған, үшінші — максиллярлы сегменттің жұп аяғы буынды төменгі жақ немесе максилла-І, ал төртінші — лабиальды сегменттің жұп аяғы буынды төменгі ерін (labellum) немесе максилла-II ауыз аппаратына айналған. Басының алдыңғы жағында /мандайында/ екі мұртшасы (antennae), екі күрделі фасеттік көздері, қарапайsv көзшелері орналасқан. Насекомдардың екі мұртшасы немесе антеннасы акронның өсіндісі, бірнеше буыннан негізінде дәм және иіс сезу мүшесіне айналған. Мұртшалардың түрі әр қилы: жіп тәрізді, қыл, тақта, ара, тарақ, ұршық, түйреуіш, қауырсын, таспиқ тәріздес. Акронға жалғасқан: төрт сегменттерінің аяқтары түрі өзгеріп, ауыз аппарытына айналған. Қоректік заттардың түрлеріне және қоректену тәсіддеріне байланысты ауыз аппараты кеміргіш, кеміргіш― жалағыш, кеміргіш — сорғыш, шанышқыш — сорғыш, сорғыш, жалағыш тағы басқа типтес болып келеді. Қанатты ж/ә қанатсыз насекомдар Қанатты нас.Класс тармағына 30-дан аса отрядтар жатады. Қанаттары жақсы жетілген, ал биттер, бүргелер, мамықжегіштер отр.ның эктопаразиттік тіршілік етуіне бай. Қанаттары екінші реттік түрде жойылып кеткен. Ауыз бөлшектері бастың жоғарғы жағындағы ауыз тесігінің айналасында орн.,сырттай жақсы көрінеді. Күрделі фасеттелген көздері бар. Трахея арқ. тыныс алады. Қанатсыз нас. Үш отрядқа бөл.:мұртсыздар(Protura), қосқұйрықтылар(Dirlura),аяққұйрықтылар(Collembola). Қанаттары жоқ, тіпті арғы-тектерінің де қанаттары болмаған болуы керек деп болжайды. Ауыз аппараты бастың жоғарғы жағындағы ерекше капсуланың ішінде орн., сыртқа тек шеттері ғана шығып тұр. Денесі бас, кеуде, құрсақ бөл.ге бөлінген. Кеудесінің сегменттеріндегі 3 жұп аяқтарынан басқа, құрсағында да рудиментті аяқтары болады, бұлар түрі өзгерген секіру айыршасы, сырғақшалары түрінде дамып локомоторлық мүшелер есебінде қыз. атқ. Күрделі көздері жоқ. Дамуы ароморфоз жолымен өтеді. Көбінесе топырақ арасында, шөп-шаламдар, ағаш түбірінің қабықтарының астында тіршілік ететін ұсақ нас. Саңырауқұлақтарды,балдырларды, қыналарды,ауыл шар. өсім. жеп, көп зиян келтеріді,топырақтың қалыптасуында үлкен орны бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]