Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.72 Кб
Скачать

Зоология

1.Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы, негізгі типтерҚарапайымдылар – бір клеткалы , өте ұсақ , микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер . Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар , ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм , тірі организмге тән зат алмасу , қозғалу , тітіркену ,ортаға бейімделу , ас қорыту , зәр шығару , тыныс алу , даму т.б. қызметтерін атқарады . Қарапайымдылардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады . Құрылысы:цитоплазмадан ,ядродан және оргоноид бөлшектерінен тұрады . Цитоплазма 2 қабат түзейді , ашық түсті сыртқы – эктоплазма және қоңырқай , түйіршікті ішкі – эндоплазма . Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады , олар асорыту ферменттерін шығарып , қорек заттарды қорытады . Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді . Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы сыртқа шығарылады . Судың құрамындағы ерілген оттегі цитоплазмада қалып , сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады , осылайша тыныс алу процесі жүреді . Қарапайымдыларда қозғалыс оргоноидтары жақсы жетілген . Олар , жалған аяқтары ғ яғни псевдоподиялары және талшықтар мен кірпікшелері арқылы қозғалады . Көбеюі жынысты және жыныссыз жомен көбейеді . Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі тәсілі –митоз . Жынысты көбеюі аталық және аналық гаметаларынң қосылуы арқылы , яғни копуляция арқлы . Нәтижесінде п.б. зигота диплоидты болады . Қарапайымдылар коньюгация , ұрпақ алмасуы , шизогония гаметогония , спорогония жолымен де көбейеді . Қарапайымдылардың ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда ( су кеуіп қалса , мұзға айналса , қорек жетіспесе , т.б.) клетка сыртына қалың қабық шығарып цистаға айналады . Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді . Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілік етеді. Қоретену тәсіліне қарай қарапайымдылар 2 топқа бөлінеді : автотрофты және гетеротрофты . Автотрофты қарапайымдылар ( жасыл эвглена , вольвокс , т.б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемімен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез арқылы алады . Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді . Қарапайымдылардың 70000 нан астам түрлері белгілі .Бұлар 5 типке бөлінеді :Саркомастигофоралар типі Саркодиналар класы Тамыраяқтылар класс тармағы

Амебалар отряды

Қабыршақты амебалар отряды

Фораминифералар отряды

Сәулетәрізділер класс тармағы

Күнтәрізділер класс тармағы

Талшықтылар класы

Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы

Хризомонадалар отряды

Сауыттылар отряды

Эвгленалар отряды

Фитомонадалар

  • Жанауртектес талшықтылар класс тармағы

  • Жағалы талшықтылар отряды

  • Тамыраяқты талшықтылар отряды

  • Кинетопластидалар отряды

  • Көпталшықтылар отряды

  • Гипермастигиналар отряды

  • Опалинина отряды

Споралылыр типі :

  • Грегариналар класы

  • Нағыз грегариналар отряды

  • Кокцидия тәрізділер класы

  • Кокцидиялар отряды

  • Қан споралылыр отряды

Книдоспоридиялар типі

  • Миксоспоридиялар класы

Микроспоридиялар отряды

Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі

  • Кірпікшелі инфузориялар класы

  • Кинетогфрагминофора отряд үсті

  • Гимностомата отряды

  • Гипостомата отряды

  • Энтодиниоморфа отряды

  • Олигохименефора отряд үсті

  • Хименостомата отряды

  • Дөңгелек кірпікшелілер отряды

  • Полихименефора отряд үсті

  • Әр түрлі кірпікшелілер отряды

  • Бауыр кірпікшелілер отряды

  • Аз кірпікшелілер отряды

  • Сорғыш инфузориялар класы

Саркомастигофоралар типі еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар . жалған аяқтары немесе талшықтарының көмегімен қозғалады . Қозғалуы оргоноидтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі 2 классқа бөлінеді .саркодиналар және талшықтылар.

Споралылар типі буылтық құрттардың , моллюскалардың , буынаяқтылардың , омыртқалы жауарлардың және адамдардың ішегінде , дене қуысында қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер . Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту , жиырығыш вакуольдері жойылған , қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп , еш қозғалыс оргоноидтары болмайды , тек жыныс клеткаларында – микрогаметаларында – талшығы болады . Споралылар жынысты, жыныссыз , спорогония жолымен көбейеді . Споралылар типі 2 классқа бөлінеді : грегариналар және кокцидитәріздлер .

Книдоспориялар типі барлығы дерлік паразиттер . Книдоспориялардың тіршілік циклы әрқашанда 2 ядролы амеба тәрізді ұрықтан басталады . Түзілген споралары көп клеткалы . Книдоспорияларға 2класс жатады : шырышты споралылар немесе микроспоридиялар және актиномиксидиялар .

Микроспоридиялар типі - 300 ге жуық түрі бар , клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер , микросподиялар типіне бір отряд жатады – микросподия отряды . Мөлшері 4-6 мкм , сирек 10 мкм тері де кездеседі . Микроспоридиялардың миксоспоридиялардан айырмашылығы : спораларының құрылысы онша күрделі емес, атқыш капсуласы болмайды , споралары бір клеткалы , бұлар клетка ішінде болаын паразиттер.

Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады , 7000 нан астам түрлері белгілі . Бұлардың ерекшелігі - денесінде 2 түрлі ядросының болуы – үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті – микронуклеус. Инфузориялар типі 2 классқа бөлінеді . кірпікшелі инфузориялар және сорғыш инфузориялар. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезеңдерінде болады , ал сорғыш инфузориялардың даму циклының барлық кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады да , содан кейін жойылады .

2. Буылттық құрттардың құрылысы мен биологиясының ерекшеліктері. Аннелидтер( лат. Аннелид- сақина ) немесе буылтық құрттар типі – жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан морфологиялық жағынан да , биологиялық жағынан да ерекше . Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метаметрлерден құралған . Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады. Әрі ішкі мүшелері де сегменттелмеген ,яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сай. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар . Ол бірінші қуысты ығыстырып , өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады . Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы . Целомның қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған . Ас қорыту жүйесі алдыңғы , ортаңғы , аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанифридиялы. Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан , жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған . Жынысы көпшілігінде гермафоридті, кейбіреулерінде жынысты. Жұмыртқалары спиральді және детерминативті жолымен бөлінеді .Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді . Личинкасы трохофор . буылтық құрттардың деесі арқа құрсақ бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейн . буылтық құрттар теңіздерде , тұщы суларда , топырақтарда кездеседі , паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000 ға жуық түрлері де бар. Буылтық құрттар тип тармағы 2 тип тармағына бөлінеді : белдеусіздер және белдеулілер .

3.Моллюскалардың жалпы сипаттамасы,биологиясы, алуантүрлілігі.Моллюскалар (Mollusca, латын molluscus – жұмсақ), жұмсақ денелілер – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы Моллюскалардің тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған. Тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі қапшық деп атайды. Онда ішкі мүшелері орналасады. Денесінің сырты кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек Моллюскаларға тән мантия (тері қатпаршағы) жауып тұрады. Мантия мен денесінің аралығындағы мантия қуысында желбезектері (тыныс алу органдары), кейбір сезім мүшелері орналасады, онда жыныс және зәр шығару органдарының сыртқы тесіктері, аналь тесіктері ашылады. Мантияның сыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы (органик. заттан), ортаңғы (қалың ізбестен), және ішкі (жұқа, жылтыр) қабаттардан тұрады. Моллюскалардың тіршілік етуіне және атқаратын қызметіне қарай аяғының құрылысы да әр түрлі. Қозғалмай тіршілік ететіндерде (мыс., устрица), кейбір паразит бауыраяқтыларда аяқ мүлдем болмайды. Моллюскалардың басқа омырт-қасыздардан ерекшелігі – ас қорыту жүйесіндегі жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат радуланың (үккіштің) болуы. Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Тыныс алу жүйесі алғы желбезектер, бірақ кейбір түрінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты – өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесі, көбінесе қос бүйректен тұрады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Төм. сатыдағы Моллюскалардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады. Ал жоғары сатыдағыларда жүйке клеткалары шоғырланып, дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларын) құрайды. Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, араларында гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Басаяқтылардың, бауыраяқтылардың көпшілік түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады. Даму жұмыртқалары спиральді бөлшектеніп, детерминативті жолымен жүреді. Төм. сатыдағыларында жұмыртқасынан трохофора дернәсілі, ал көпшілігінде трохофоралық дернәсіл-велигер (желкен) шығады. Моллюскалар балық, құс, сүтқоректілердің қорегі болып саналады. Кейбір Моллюскалар адам мен мал гельминтоздарын тудыратын паразиттер, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері

4.Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы,биологиясы, алуантүрлілігі. Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметриялы жазықтығын жүргізуге болатын жақты симметриялы жануарлар жатады . Жалпақ құрттар 3 қабатты . Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес ,3 ұрық жапырақшалары дамиды . Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы мезодерма дамиды . Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы / жапырақ , тақта, таспа тәріздес . Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері –бұлшықет – қапшығының болуы . Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген . бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып / сақина тәріздес , ұзына бойы , дорзо- вентральды , қиғаш / эпителий астында жануардың денесін қаптайды . Жалпақ құрттардың барлығы қуыссыз ,паренхималы жануарлар : ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті паренхима толтырып тұрады . Осыған байланысты паренхиматозды құрттар деп атайды . паренхима тірек қызметн атқарады .Асқорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы іщектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады . Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ .Кейбір паразиттік түрлерінде асқорыту жүйесі толығымен жойылған .Протонефридия деп аталаатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады .Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады . сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы / саңылаулармен байланысады . Қанайналу және тыныс алу жүйесі жоқ . нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін , өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады .Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар .жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі .Іштей ұрықтануды қамтамассыз ететін мүшелер пайда болады . Жлпақ құрттар типіне 5 класс жатады :кірпікшелі құрттар, дигенетикалық сорғыштар немес трематодтар , моногенетикалық сорғыштар ,таспа құрттар және цестодатәрізділер . Соңғы 4класс өкілдері нағыз паразиттер .5. 5.

5.Жұмырқұрттардың жалпы сипаттамасы,биологиясы, алуантүрлілігі.Жұмыр құрттардың көптеген теңіздер мен мұхиттарда , тұщы суларда , топырақта қозғалп өз бетінше тіршілік етсе , біразы өсімдіктер мен жануарлардың , адамның паразиттері . бұлардың планета биосферасында кездеспейтін орны жоқ . Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады . Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардың басты айырмашылығы , ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы . Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды . сондықн кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды . Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оны ң дене жұмырлығын тұрақты етеді .Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай .Типтің негізгі сипаты :денесі бөлшектенбеген ; зәр шығару жүйесі дамымаған , зәрді денеден тері бездері шығарады ,немесе протонефридальды , қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған ; асқорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған , нерв жүйесі ортогонды ,сезім мүшелері нашар дамыған , дара жыныстылар , жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайм.

Жұмыр құрттар 5 классқа бөлінеді .Нағыз жұмыр құрттарАденофореа класс тармағы

  • Сецернеттер класс тармағы

  • Құрсақ кірпікшеліліер класы

  • Киноринхалар класы

  • Түкті құрттар класы

  • Коловраткалар класы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]