Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сол жақ иық сүйегінің төменгі 13 бөлігінің жабы...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.47 Кб
Скачать

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті.

Кафедра: Травматология және ортопедия.

Кафедра меңгерушісі: профессор Өтегенов Б.А.

Ауру тарихы

Науастың аты - жөні: Бекжанов Жанибек Қадірбекулы

Жасы: 1988жыл. 24 жаста

Диагнозы: Сол жақ иық сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінің жабық, ығысқан сынығы .

Тексерген: _________________

Студент: Гапаров Ж.

414 «б» топ.

Ақтөбе -2013жыл

Паспорттық бөлім

Аты - жөні: Айымбетов Қайрат Саматович

Туған жылы: 1988жыл 24жаста

Жынысы: ер

Палатасы: №1

Мекен - жайы: Ақтөбе қаласы, 11 мкрн 111-123

Мамандығы: АҚ «Ақбұлақ» Эксковаторшы

Түскен күні: 04.04.013 ж.

Жолдама берген мекеменің диагнозы: Сол жақ иық сүйегінің сынығы.

Клиникалық диагноз: Сол жақ иық сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінің жабық, ығысқан сынығы.

Түскен кездегі шағымдары.

Сол жақ иық аймағының ауруына, иық сүйегінің төменгі бөлігінің ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, бетіндегі сызаттарға.

Anamnesis morbi.

Науқастың айтуы бойынша 04.04.09 күні сағат кешкі 9:00-де жол көлік апатына ұшыраған. Оқиға болған жерден жедел-жәрдем көлігімен Медициналық Жедел Жәрдем Ауруханасына қабылдау бөліміне әкелінді. Клиника – рентгендік зерттеуден, хирург, травматолог қарауынан кейін, травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Anamnesis vitae.

Науқас жасына және жынысына сай дамып - жетілген. Ана сүтімен қоректенген. 11 кластық мектепті бітірген.

Дене бітімі мен сана-сезімі, ойлау қабілеті бойынша өз жасына сәйкес. Үйленген. Тамақтану тәртібі, әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Зиянды әдеттері жоқ.

Бала кезінде боткин ауруымен ауырған, туберкулез, тері - венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз.

Status praesens communis.

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы ашық, сұрақтарға толық жауап береді. Дене бітімі - нормостеникалық. Тері жамылғысы таза, ылғалды. Пигментация, жаралар, қасыған іздер, бөртпелер байқалмайды. Тері асты шел - май қабаты орташа дамыған. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Status localis.

Сол жақ иық сүйегінің төменгі 1/3 бөлігі ісінген, деформацияланған. Пальпацияда ауырсынады, сүйек сықыры байқалады. Сол қолының иық қызметі жойылған. Маңдай аймағында сызаттар көрінеді. Нейроциркуляторлы өзгерістер жоқ.

Тыныс алу жүйесі.

Қарағанда: кеуде сарайы цилиндр пішінді. Тыныс алуы еркін, минутына 18 рет, мұрын арқылы. Тыныс алуға қосымша тыныс бұлшықеттері қатыспайды.

Пальпацияда: Кеуде сарайы дем алған уақытта ауырсынбайды. Дауыс дірілі өкпенің екі жақ бөлігінде бірдей. Перкуссияда:

Салыстырмалы перкуссияда кеуде клеткасының екі бөлігінде өкпелік дыбыс.

Топографиялық перкуссияда өкпенің жоғарғы шегі алдыңғы жағынан бүғанадан оң жақ өкпе - 3 см, сол жақ өкпе - 4 см жоғары, артқы жағынан VII мойын омыртқа деңгейінде анықталады.

Аускультацияда: өкпеде везикулалық тынысы, сырыл жоқ. Крипитация және плевралық үйкеліс шуы естілмейді. Бронхофониясы өзгермеген, екі жақты бірдей.

Жүрек-қан тамыр жүйесі.

Қарағанда: Жүрек аймағында көзге көрінетін

патологиялық өзгерістер байқалмайды. Мойын веналарының

ісіп - кебуі, вена пульсациясы, жүрек томпағы, «Каротидтер»

биі, ісіктер, асцит, цианоз, веналардың варикозды кеңеюі байқалмайды.

Пальпацияда: Жүректің шектері үлғаймаған. Жүректік соғыс, эпигастральды пульсация және магистральды тамырлар пульсациясы анықталмайды. Пульс екі қолында да симметриялы, толық, қатаң, ырғақты. PS -75 рет минутына.

Ауcкультацияда: жүрек тондары тынықталған, ырғақты. АҚҚ - 120/80 мм с.б.б. ЖСЖ - 76 рет минутына.

Асқорыту жүйесі.

Қарағанда: көзге көрінетін патологиялық өзгерістер байқалмайды. Жұту актісі сақталған. Тілі ылғалды, таза. Жұтқыншақтың және көмей бездері қалыпты, үлкеймеген. Іші қалыпты формалы, симметриялы, тері асты веналары кеңеймеген, тыртық, стриялар, іштің тік сызығы мен кіндік жарығы, асцит байқалмайды.

Пальпацияда: іші жұмсақ, ауырсынусыз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс мәнді. Бауыры мен талақ пальпацияланбайды.

Аускультацияд ішекті периодты түрде перистальтикасы естіледі.

Нәжісі қалыпты, уақтылы.

Зәр шығару жүйесі.

Қарағанда: бел аймағында көзге көрінетін өзгерістер жоқ.

Пальпацияда: бүйрек және қуық пальпацияланбайды.

Перкуссияда: «Қағу» симптомы екі жағында да теріс мәнді. Зәр шығаруы қалыпты, ауырсынусыз.

Жүйке жүйесі.

Санасы ашық. Сұрақтарға толық жауап береді. Ұйқысы бұзылмаған. Салдану, парез, сезімталдықтың бұзылуы байқалмайды.

Есту, көру, иіс сезу және дәм сезу қабілеті бұзылмаған. Сіңірлік рефлекстер өзгеріссіз.

Науқас қолдарының ұзындығын өлшеу:

Оң жақ Сол жақ

Иық 29 27

Білек 31 31

Бүкіл қол ұзындығы 70 70

Буындардағы қозғалыс амплитудасын өлшеу:

Иық буыны: алға бүгу 100

Әкету 110

Жазу 15

Айналу 90

Шынтақ буыны: жазу 180

Бүгу 40

Білек қолбасы буыны: жазу 70

Бүгу 80

Жамбас сан буыны: бүгу 20

Жазу 20

Әкету 30

Жамбас сан буынында бүгілген аяқты айналдыру 80

Тізе буыны: жазу 180

Бүгу 50

Балтыр табан буыны: бүгу 90

Жазу 40

Супинация 30

Пронация 30

Диагноз: Жамбас сүйектерінің жабық жарақаты. Алдыңғы жамбас сақинасының үздіксіздігінің бұзылуымен симфиз ажырауы.

Байлап-таңу жағдайында, Sol. Novocaini 2% -10мл ертіндісімен сынық орнына блокада жасалды.

Науқас Волкович қалпында қалқанға жатқызылды.