Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жерді тіркеу сурааак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.02 Кб
Скачать

15.Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою тәртібі мен негіздері

Жерді алып қою — жер учаскелерін меншік иесінен немесе жерді пайдаланушылардан жергілікті атқарушы органдардың сот шешімі арқылы заң жүзінде мемлекет меншігіне кері қайтаруы. Меншік иелері мен жерді пайдаланушылардан Жерді алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңының (30.І 2001.) “Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды тоқтату” туралы 9-тарауында көрсетілген. Жерді алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін. Оларға: қорғаныс мұқтажына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға жер беру; учаскенің астынан пайдалы қазба кеніштерінің табылуы; жол салу, электр, байланыс желілері мен құбыр жолдарын тарту, сондай-ақ ҚР Үкіметі белгілейтін мемл. маңызы бар басқа да нысандар салу жатады. Мемлекеттік қажеттіліктерге Жерді алып қою, егерде меншік иелері жер пайдалану құқығын сатып алған болса, азаматтық заңдарға сәйкес сатып алу тәртібімен жүзеге асырылады және оны атқаратын органның бір жақты шешімі негізінде жүргізіледі; 2) төтенше жағдайлар кезінде. Оларға зілзала, індетті аурулар, т.б. апатты жағдайлар жатады. Мұндай жағдайда меншік иесінен жер оның шеккен залалын өтей отырып, қоғам мүдделері үшін уақытша алынады. Төтенше жағдайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесі меншік иесіне қайтарылады, қайтарылу мүмкін болмаған жағдайда оның құны немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледі; 3) жерді алушы алған жерді бір жыл ішінде тиісті мақсатқа пайдаланбаған болса. Жерді игеруге мүмкіндік бермейтін әр түрлі апатты жағдайлар бұл кезеңге кірмейді. Сонымен қатар учаске жерді ұтымды пайдалану ережелерінің өрескел бұзылуы нәтижесінде жарамсыз жерге айналып, оның салдары экологиялық зардаптарға әкеліп соғатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көрсетілген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен алынады. Меншік иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы сот қаулысы шыққан жағдайда да жер мүлік есебінде алынуы мүмкін. Жерді алып қою процесі аяқталған соң жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жария саудада сатылады.

1 ден, Жер учаскесіне Жеке меншік құқығымен жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері,

2 ден,Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту негіздері;

3 ден,Жер учаскесін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттіліктіктер үшін алып қою тәртібі;

4 ден,Жер учаскесіне алып қойылған жағдайда оларды өндіріп алу тәртібі

9-шы тарау бойынша негізделген болатын.

16. Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығы,зардап белгіленген тәртіппен иелену,пайдалану және билік ету құқығынан көрініс табады.Ауыл ш-ғы мақсатындағы жерлерге меншік қ-ғы мынадай жағдайларда туындайды:

1 ден Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін тікелей мемлекеттен мемлекеттік органдардың актілер негізінде алу;

2 ден Азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде;

3 денЖер учаскесін әмбебап-мирасқорлық тәртібімен алу;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер кімдерге жер құқығымен беріледі:

- мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдарың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға,уақытша,өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға,сондай-ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы мынадай мақсаттар үшін беріледі;

-шалғайдағы мал ш-ғы немесе маусымдық жайылымдар үшін беріледі;

-тұрғын халықтық мал жоюы мен шөп шабуы үшін;

-бақша өсіру үшін;

-ортақ пайдаланудағы жолдары салу кезінде;

-тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде;

-қызметтік жер телімі үшін беріледі;

Ауыл ш-ғы мақсатындағы жерлерге жеке-меншік құқығын және жер пайдалану құқығын рәсімдеу тәртібі;

Егер жер учаскесі жер пайдалануда болатын болса оны мемлекеттен жеке меншікке қалай сатып алуға болады;

бұл жағдайда жергілікті атқарушы органға өтіні беріледі,өтінішке қоса мына мәліметтер беріледі;1.Жер пайдалану құқығына актісі немесе наториат куәландырылған көшірмесі;

2.Салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі;

3.мемлекет алдында қарызы бар немесе жоқ екендігін салық органы анықтайды.

4.Жер учаскесімен мәмле жасауға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігін туралы халық қызмет көрсету орталығынан анықтама;

5.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;