Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жерді тіркеу сурааак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.02 Кб
Скачать

11.Жер учаскесіне құқықты беру:түсінігі мен тәртібі

Жер учаскелеріне құқығын беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен белгіленген. Жергілікті атқарушы органға жеке және заңды тұлғалардан өтініштердің түсуіне қарай жер учаскелеріне құқыты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:

1. Жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау.

Жер учаскесін алуға мүделлі тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi жергілікті атқарушы органына өтiнiш бередi.Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін табысталған кезде басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.Өтiнiмге жеке басын растайтын құжаттың және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшiрмесi қоса берiледi.Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.Aталған мерзімге жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.

2. Өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау – жер учаскесiн алдын ала таңдау.

Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

3. Жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту.

Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.олжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жерге орналастыру жобасын әзірлейді.

4. Жер учаскесiне құқық табыстау немесе бас тарту туралы жергілікті атқарушы органының шешiм қабылдауы.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жерге орналастыру жобасы негiзiнде жергілікті атқарушы органның жер учаскелерiне тиiстi құқықтар табыстау туралы шешiмiн дайындайды.Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жiбередi.Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмiмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен ресiмделедi, оның дәлелді себептерi көрсетiлуге, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.

5. Белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу.

Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу жерге орналастыру жобасын әзірлеушілермен жасалынып, көршілес жер пайдаланушылар және уәкілетті органдармен келісіледі.

Егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттарды берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.Құқық белгілейтін құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

6. Жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатты мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындайды.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары береді.

7. Жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.

Жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу әділет органдарында жасалады.Жер учаскелерін беру нормалары

-ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін-суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

жеке тұрғын үй құрылысы үшін -0,10 гектар;

бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін-0,12гектар.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді (50-б).