Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жерді тіркеу сурааак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.02 Кб
Скачать

6.Жерге құқықтарды мемлекеттік тәркеуді жүзеге асыру тәртібімен ерекшеліктері;

1)Мемлекетік тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2)Жылжымайтын мүлікке және оған қатысты жасалатын мәселелерге құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері;

Тіркеу кезінде тіркеуші инспектор ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізіледі.Олар мынадай негіздерде жүзеге асырылады

1.бір құқықты тіркеуге бірнеше өтініштің түсуі жағдайын қарауға шамамен арыздың басымдылығын анықтау;

2.Ұсынылған құжаттарды электронды бөлікпен мұрағат материалдарының деректермен салыстыру жүргізу жылжымайтын мүлік ретінде және құқық иеленуші жөніндегі деректердің сәйкестігі.

3.Ж.м ауыртпалықтарының бар жағын тексеруді жүзеге асыру құқықты қорғау,сот және басқа да уәкілетті органдармен қойылатын салулар,шектеулер

4.техникалық паспортта бар жылжымайтын мүліктің техникалық сәйкестік сипаттамаларының құқық орнатушы құжаттарға деректерге сәйкесболуын тексеру.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу тәртібі мынадай тәртіпті негізде жүргізіледі:

1.нотариус-мәмілені куәландырғаннан кейін расталған құқық белгілейтін құжатты наториаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпарат жүйесіне жіберіледі.

кадастр-Жер туралы мәліметтердің тізімі,тізім туралы кітап .

Жылжымайтын мүлікті сатып алушыны құқық бекітетін құжатқа наториаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы және ж.м құқықтарды тіркегені үшін ҚР салық заңнамаларына сәйкес төленуге тиіс алым сатысы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді.

2.Құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркелуіне алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірдей нөмірін міндетті түрде корсете отырып ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез-келген тәсілмен электрондық үкімет төлемі арқылы мем.тіркеуге алым төлейді.

3.Тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпарат жүйесінде ал қажет болған жағдайда электронды үкімет төлемінде жылжымайтын мүлікке қ-ды мем. тіркегені үшін алаым төленгенін растайтын электрондық мәліметті болуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мем.тіркеу үшін азамат немесе оның уәкілетті өкілі халыққа қызмет көрсету орталығына барып жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп мына құжаттарды тапсырады.

7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны

Жер мәмілелері дегеніміз - жер құқық қатынастарын туындатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың заңды және ерікті әрекеті. Жермен жасалатын мәмілелерге жер учаскісін сату-сатып алу, жерді жалдау, жерді сыйға тарту, жерді кепілге беру және де тағы басқа мәмілелер жатады. Қазіргі қалаптасқан нарық жағыдайында, жер учаскісінің азаматтық айналым объектісі ретінде танылған уақытта, жер нарық қатынастарына мемлекеттің араласуы орынды болып отыр. Жермен жасалатын мәмілелердің кең таралған келесі түрі - жерді жалдау.

Жалдаудың түсінігі ең алғашқы мәмілелер жасалуы басталған кезден әлі өзгермеген ол - бір тарап белгілі бір мүлікті жалға бергені үшін төлемақы алады, ал екінші тарап жалға алушы мүлікті пайдаланғанынан кіріс алады және ол мүлікті сатып алу үшін шығындалмайды. Әрине, нарық жағыдайында жалдау тек қана жайлы емес, сонымен бірге қоғам үшін объективтік қажеттілік болып табылады. Жалдаудың пайда болуы әрбір азаматтық дербес кәсіпкерлік құқығын жүзеге асырудың табиғи салдары болып табылады.

Жер учаскісін жылжымайтын мүлік ретінде және негізгі өндіріс құралы ретінде жалдау нысанына келесідей негізгі қағидалар тән;

1) Жер учаскісінде шаруашылық етуші субъектінің алмасуы, яғни, жер учаскісін жалға алушының иелігіне беруі. Бұл жағдайда жер учаскісінде еңбек етушіге жер учаскісін иелену, пайдалану және еңбек нәтижесіне билік ету құқығы беріледі;

2) Жалға алынған жер учаскісін меншік иесіне заттай түрде қайтаруы; Осыған сәйкес, жалға беруші мен жалға алушы тұлғаларының арасында жер айналымы туындайды;

3) Жер учаскісін жалға алудың ақылығы. Бұл жағыдайда салық салудың жүйесін белгілеу үшін объективтік негіз пайда болады;

4) Жер учаскісін жалға беруші мен жалға алушының жер учаскісін ұтымды және нысаналы пайдалануға байланысты өзара заңды жауапкершілігі;

5) Жер учаскісін жалға беруші мен жалға алушының арасында шарттық қатынастардың қалыптасуы және тараптардың теңдігі. Сонымен бірге, жалға алушының жер учаскісін ұтымды пайдаланумен қатар, толық шаруашылық дербестік беріледі.

Қазіргі таңда, жаңа жер заңдарына сәйкес, жалдау қатынастары екі деңгейде дамып отыр.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -қатынастың негізі болып отыр.

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді. Мынадай мәілелер:

- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;

- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;

- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.

мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.