- •1.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеудің түсінігі,пәні
- •2.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеукдің қайнар көздері;түсінігі түрлері:
- •3.Жерге құқықытардың мемлекеттік тіркеудің жүйесі;мазмұны түрлері:
- •4)Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қағидалары;жалпы және арнайы қағидалары.
- •5.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар;түрлері,құқықтармен міндеттері.
- •6.Жерге құқықтарды мемлекеттік тәркеуді жүзеге асыру тәртібімен ерекшеліктері;
- •7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны
- •8)Жермен жасалатын мәмлелердің түрлері мақсаттары
- •9.Жер учаскесіне құқықтардың шектері мен беру нормалары
- •10.Жер учаскесіне құқықты табыстау:мазмұны,тәртібі
- •11.Жер учаскесіне құқықты беру:түсінігі мен тәртібі
- •12.Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа фермер қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу және тіркеу кезіндегі ерекшеліктері.
- •13.Сервитут ауыртпалығын құқықтық рәсімдеу ерекшеліктері.
- •14..Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою түсінігі мен мазмұны
- •15.Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою тәртібі мен негіздері
- •16. Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •17.Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •18.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге құқықтарды рәсімдеу тәртібі;
- •19.Заңды тұлға үшін жер учаскесіне құқықты қайта рәсімдеу тәртібі.
- •20.Жерге құқықтарды тіркеуді мемлекеттік реттеу;мазмұны қайнар көздері
- •1)Жалпы бөлім
- •2)Ерекше бөлім
- •21. Жер үшiн төленетiн төлемдер
- •22.Жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салу тәртiбi
- •23.Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
- •25.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
- •26.Тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
- •27 Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
- •28.Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің түсінігі мен тәртібі.
- •29.Мемлекеттік емес мекемелердің құқықтарын тіркеу ерекшеліктері
- •30) Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу:мазмұны мен тәртібі
- •31.Мұраға қалдыру және азаматты хабар-ошарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп тану кезінде мемлекеттік тіркеу
- •48.Ауыл шаруашылығы ұйымының қызметкері Карипбаев?Жаауабы;:
- •51. Сартаев өзінің жерін мемлекеттен сатып алды.Жауабы:
- •52. Жшс «Әсемнің» қаладағы жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып
- •53. 1994 Жылы Қарағанды облысының Ағадыр ауданының «Қызыл ту» совхозының
25.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
1. Меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскесiн осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органының талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 2. Осы Кодекстiң 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын жер учаскесiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы осындай учаскенi нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. 3. Осы Кодекстiң 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн. Егер меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскенi нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз бергенге дейiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органы жер учаскесiнiң меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өтiнiшi бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе бойынша осындай учаске орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсыныстар жiберуге мiндеттi. Бұл жағдайда осындай учаскенiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешiлмеген кезде ғана талап-арыз берiлуi мүмкiн. 4. Осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша сот шешiмiмен жер учаскесiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған жер учаскесiне жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.Өтеусiз негiзде берiлген жер учаскесiн осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген негiздер бойынша сот шешiмiмен меншiк иесiнен мәжбүрлеп алып қойған жағдайда, осы жер учаскесi жер учаскесiнiң меншiк иесiне жер учаскесiнiң құнын өтеместен одан әрi қайта бөлу үшiн арнаулы жер қорының есебiне жатқызылады. Бұл ретте мұндай меншiк иесiнiң (алып қойылған жер учаскесi осы Кодекстiң 9-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде берiлген жағдайда) осы мақсаттар үшiн жер учаскесiн қайтадан өтеусiз негiзде алу құқығы сақталады. Сатудан түскен сома жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiле отырып, жер учаскесiнiң бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргiзiлгеннен кейiн ондай жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнаулы жер қорының есебiне жатқызылады.
