Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері |
|
1 |
Шағымдар мен анамнез жинау |
Тәртіппен және жүйелі жүргізілген |
2 |
Аурудың симптомдарын детализациялау |
Ауру сезімінің сипатын, жүрек жұмысының ырғағының бұзылысын, шағымдарының, синкопальді эпизодтардың пайда болу жағдайларын, дәрілерді қабылдауын анықтайтын сұрақтар қойылған. |
3 |
Физикалық тексеру |
Дене салмағының жоғарлағаны анықталынған, перифериялық ісінуге зерттеу жүргізілген |
4. |
Қан тамыр жүйесін зерттеп қарау |
ЖСЖ, пульс, АҚ-ды ережелер сақтай отырып өлшенген. Жүректің салыстырмалы шекаралары анықталды, жүрек аускультациясы жасалынды |
5 |
МЭС бойынша салыстырмалы диагноз жүргізу |
Есінен талу эпизодтарда тырысулар, аузынан көпіріктің бөлінуі немесе ықтиярсіз зәр жіберуі бірге болған жоқ. «Д» есепте невропатологта тұрмаған, бақылаусыз түрде антиаритмиялық дәрілерді қабылдамайды. Анамнезінде жүректің ауруы бар Есінен талу эпизодтары жүрек аурымен байланысты мүмкін, ЭКГ жасарту қажет. |
6 |
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу |
Науқастың есінен талу эпизодтары ырғағының бұзылысымен жалпы әлсіздіктің күшеюімен жүреді. Науқастың 150 м ара-қашықтықта жүргенде пайда болатын жүрек тұсындағы ауру сезімі, тексеріп қарауда: брадикардия 46 рет мин, ерте жиырылулармен үзілетің жүрек ырғағы – мәліметтерін ескере отырып алдын алу диагнозы: МЭС эпизодтарымен болатын өткізгіштіктің бұзылысы. Оның негізгі себебі ЖИА. Кернеу стенокардиясы III ФК. Ырғақтың бұзылысы (экстрасистолия). |
7 |
Аспапты зерттеу жоспарын тағайындау |
ЭКГ, ЭХОКГ, Холтер бойынша ЭКГ-ң тәуіліктік мониторингісі, КАГ |
8 |
Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау |
|
9 |
ЭКГ-ң нәтижесін интерпретациялау |
2 дәрежелі Мобитц II АВ бөгемесі. ЖЭО солға ығысуы. ГШСА толық бөгемесі. |
10 |
ЭКГ-ң тәуіліктік мониторингісінің нәтижесін интерпретациялау |
Анықталынған: - ырғақтың бұзылысы: қарыншалық политопты және қарыншаүсті экстрасистолия; - өткізгіштіктің бұзылысы: максимальді паузасы 3,2 с болған II дәрежелі (2:1 и 3:1) АВ бөгеменің эпизодтары; коронарлы қан айналымның бұзылысы: сол кеуде тармақтарында ST сегментінің 0.2 мВ депрессиясы |
11 |
ЭхоКГ –ң нәтижесін интерпретациялау |
Аорта склероздалған. Оң және сол қарыншалардың өлшемі ұлғаймаған. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Гипокинезия аймақтары анықталынбаған. Миокардтың жиырылу қабілеті аздап төмендеген. |
12 |
Жалпы қан мен зәр анализдерін интерпретациялау |
Көрсеткіштері қалыпты |
13 |
Биохимиялық анализдерді интерпретациялау |
Дислипидемия (холестерин, триглицеридтер, ТТЛП деңгейі жоғарлаған, ЖТЛП - төмендеген) |
14 |
Клиникалық диагнозды негіздеу мен тұжырымдау |
ЖИА. Кернеу стенокардиясы III ФК. Өткізгіштіктің бұзылысы: II дәрежелі АВ бөгеме ( 2:1 және 3:1 эпизодтарымен), Морганьи-Эдамс-Стокс синдромы. Ырғақтың бұзылысы: қарыншалық және қарыншаүсті экстрасистолия. ЖЖ 1, (NYHA бойынша) 2ФК |
15 |
Емдеу тактикасын анықтау |
Симптомды, 3 с-тан ұзақ паузасы бар 2 дәрежелі АВ бөгеме (МЭС эпизодтарымен) - тұрақты түрде ырғақ жүргізуші инплантациясына көрсеткіш болып табылады (ұсыныстардың 1 классы). |
16 |
Қазіргі нақты жағдайдағы науқастың дәрілік терапиясын анықтау |
ЭКС имплантациясына дейінгі уақытқа антиангинальді терапияны тағайындау қажет (ұзақ әсерлі нитраттар, аспирин). |
17 |
Емнің эффективтілігінің критерийлері |
ЭКС имплантациясы есінен талудың жойылуына, жалпы әлсіздіктің, бас айналудың азаюына немесе жойылуына, стенокардия ұстамаларының пайда болу табалдырығының жоғарлауына әкелу керек. Экстрасистолалар саны азаюы мүмкін, себебі олардың бір бөлігі алмастырушы сипатта болуы мүмкін. |
18 |
Науқасқа қосымша зерттеу әдісін тағайындау |
Әрі қарай емдеу тактикасын анықтау үшін науқасқа коронароангиография; ЭКС имплантациясынан кейін қайта ЭКГ-ң холтерлік мониторингісі, тамырлардың УДЗ жасау қажет |
19 |
Науқаспен оптимальді қарым-қатынас құру және үрей –қорқу сезімін басу |
Өзін өзі ұстауы, дағдыларды сенімді орындауы |
Қайта өндеуші: м.ғ.к., доцент Аймаханова Г.Т.
Рецензент: м.ғ.к., доцент Қарибаев Қ.Р., ҚР Президентінің Істерін Басқарудағы Медицина Орталығының Орталық клиникалық ауруханасының кардиоорталығының басқарушы
№1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген (27 қантар 2015, хаттама №7)
Ішкі аурулар бойынша оқу бағдарламары комитетінің мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қантар 2015, хаттама №5)
